Қазақстанға жұмыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылады. Бұл өзгеріс, нақтырақ айтсақ, автомобиль тасымалына қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Елдегі құс фабрикалары ішкі нарықтың 98 пайызын жұмыртқамен қамтып отыр дейді ауыл шаруашылық министрлігі. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, басқа мемлекеттерден де бұл өнімді тасымалдауға қажеттілік туындап отырған жоқ. Тауық санының 56 млн-ға бірден көбеюі де жұмыртқадан бөлек импорттық құс етіне сұранысты азайтқан. Ал сыртқа шығатын жұмыртқаға еш шектеу жоқ. 

Біздің өнім Ауғанстан, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспортталады. 1 мамырдан бастап күшіне енетін бастама дүкен сөрелеріндегі тауық өнімінің құнына қалай әсер ететінін жауапты министрлік дөп басып айта алмай отыр.

"Қазақстан өз өзін жұмыртқамен қамтып отыр. Қазіргі таңда мынау жұмыртқамен айналысатын құс фабрикаларының саны 34 деп есептеледі. 1 мамырдан бастап елімізге келетін импорттық жұмыртқаны тек авторанспортпен, автокөлікпен кіргізуге болмайтыны туралы осындай шектеу енгізіп отырмыз. Неге? Ең алдымен елімізге келетін өнімді сұр импорттан сақтау”, – дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз-хатшысы Дамир Егізбаев.

Бұған дейін Ресей Қазақстаннан жұмыртқа мәселесін шешу үшін көмек сұрағанын жазған едік. 

Ресей тарапы Қазақстанға Ресейдің сауда желілеріне тауық жұмыртқаларын жеткізуді арттыру туралы өтініш жасады. Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған мәселені қысқа мерзімде қарауды және қазақстандық өнімді Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына жеткізуді арттыру мүмкіндігін іздеуді тапсырды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде шешім қабылдауда икемділік қажет екенін атап өтті.

Ал оралдықтар тұрақтандыру қорынан келетін жұмыртқаларды сатып алуға қойылған шектеулерге наразы. Жаңа ереже бойынша бір адам тек 10 жұмыртқа ғана сатып алаалады. Жұрт мұны жұмыртқаны басқа елдерге, соның ішінде Ресейге экспорттаумен байланысты деп есептейді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.