"West Oil Software" ЖШС басшылығы кәсіпорынның шығынға ұшырағанын айтып, жұмысқа келмеген ереуілшілерді 12 қаңтардан бастап жұмыстан шығаратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rus.azathabar.com

Айтуларынша, олардың орнын еңбек биржасында кезекте тұрғандар алады. 

"Наразылық 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бері жалғасып келеді. Қазіргі таңда ереуілге қатысушылардың заңсыз әрекеттерінен келген жалпы шығын көлемі шамамен 499 миллион теңгені құрап отыр. Бұдан компанияның қаржылық жағдайы ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджеті де зардап шегеді", — делінген хабарламада.

Қойылған үш талаптың біреуі ғана заңды және орындалатын болып шықты. Сонымен бірге сот ереуілді заңсыз деп таныды. Бұл туралы ереуілшілерге наразылық кезінде бірнеше рет айтылды.

"Компанияның ереуілге шыққан жұмысшыларды келіссөз үстеліне тарту әрекеті сәтсіз аяқталды. Кейбір белсенділер мұндай бастамаларға тосқауыл қоюда. Ереуілді тоқтатқысы келетіндер оларды барлық талаптардың жақын арада орындалатынын айтып, тотамауды сұрап алдаусыратуда. Алайда, қанша тырысқанымен, кейбір жұмысшылар заңсыз әрекеттің бекер екенін түсініп, одан бас тартып отыр. Қазірдің өзінде 50-ден астам адам жұмысқа оралды. Жақын арада адал еңбеккерлердің едәуір бөлігі жұмысқа қайта оралады деп күтілуде. Бізге жекелеген ереуіл жетекшілерінің мақсат-мүдделері мен жеке мүдделері, осыған байланысты әрекеттері белгілі. Бұған дейін жұмыстан шығарылған 7 белсенді үшінші тұлғалардың мүддесін көздеп, "West Oil Software" ЖШС-нің жұмысын жүйесіз етіп, орнына басқа компанияны әкелмек болып отыр", — деп хабарлады компания.

"West Oil Software" ЖШС басшылығы 2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған жұмысшыларды қызметінен босатпақ. Сонымен қатар бос лауазымдарға Қарақиян ауданының Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды қабылдау жоспарлануда.

"Егер мұндай әрекеттер тоқтатылмаса, компания тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды беруге мәжбүр болатынын ескертеміз. Біз жұмысшыларды "ат басындай алтын береміз" деп уәде етіп, өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарын көздейтін арандатушылар жетегіне ермеуге шақырамыз. Біз парасатты болуымыз керек, отбасымызды асырап, балаларымызды адал еңбекпен өсіруге мүмкіндік беретін компаниядағы тұрақтылықты бағалауымыз керек", — деді "West Oil Software" ЖШС басшылығы.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы "West Oil Software" ЖШС жұмысшыларының ереуілі заңсыз деп танылған еді. Маңғыстау облысының мұнайшылары мен теміржолшылары "West Oil Software" компаниясының материалдық-техникалық базасын жаңарту, "West Oil Software" компаниясының жұмысшыларын "ҚазМұнайГаз" АҚ құрамына қосу, жалақыны бірыңғай еңбекақы жүйесіне сәйкестендіру талаптарымен айтып, жаппай ереуілге шыққан. 17 желтоқсанда ереуілдің жетінші күні ереуілге шыққан мұнайшылардың саны 500-ден асқаны айтылды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.