Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту студенттерінің компьютерлік тестілеу өтуінің ережелері



жүктеу 52.91 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі52.91 Kb.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттерінің компьютерлік тестілеу өтуінің ережелері.


  1. Компьютерлік тестілеуді өткізудің жалпы ережелері.




    1. Компьютерлік тестілеу, алдын ала құрылған емтихан кестесі бойынша, арнайы белгіленген дәрісханаларда (компьютерлік кластарда) кезекшілердің бақылауымен өтеді.

    2. Семестрлік баллы жеткілікті студенттерге ғана емтиханды тапсыруға рұқсат етіледі.

    3. Компьютерлік тестілеуді өтуге студентке 1 сағат (60 минут) уақыт беріледі.

    4. Тестілеу нәтижелері емтихан аяқталысымен бірден белгілі болады. Тестілеу нәтижелері автоматты түрде студенттің Дербес оқу жоспарында сақталып отырады.

    5. Емтихан тапсыру барысында студенттер қате құрастырылған сұрақтар бойынша апелляция бере алады. Егер студент апелляция берген болса, тестілеу нәтижелері студенттің ДОЖ-да тек берілген апелляциялрды қарастырғаннан кейін ғана көрінеді.




    1. Емтихан барысында студенттің келесі хұқылары бар:




  • есептеулер жүргізу үшін таза қағаз беттерін қолдану;

  • тестілеуді бөлінген уақыттан бұрын аяқтау;

  • қажет болған жағдайда кезекшіден тестілеу ережелері туралы толығырақ ақпаратты талап ету;

  • егер тестілік тапсырмаларда қателіктер орын алған болса апелляция беру.




    1. Емтихан барысында студент келесі шарттарды орындауға міндетті:







    1. Емтихан барысында студентке келесі әрекеттер жасауға тыйым салынады:




Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда студент емтихан тапсырудан шеттетіледі және оның емтихан нәтижелері «тәртіп бұзушылқ туралы протокол» толтыру арқылы жойылады.


  1. Бағдарламаның интерфейсі

Негізгі терезе үш бөліктен тұрады.









Бірінші бөлік экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан және көк түске боялған. Бұл бөлікте студенттің аты-жөні, пәннің аты және емтихан аяқталуына дейінгі қалған уақыт жайлы ақпарат көрсетіледі.

Екінші бөлік экранның сол жағында орналасқан және сары түске боялған. Бұл бөлікте сұрақтар тізімі орналасқан.

Үшінші бөлік экранның ортасында орналасқан, түсі ақ және экранның негізгі бөлігін алып отыр. Бұл бөлікте тестілік тапсырманың мазмұны, ал дәлірек айтқанда сұрақ және бес жауап варианттары көрсетіледі.

Тестілік тапсырмаларды көру үшін экранның сол жақ сары бөлігінде сәйкес сұрақ номерін басу керек (меңзерді дәлдеу, тышқанның сол жақ пернесін басу).




Нәтижесінде орталық бөлікте тестілік тапсырманың мәтіні және жауап варианттары көрсетіледі. Өзіңіз дұрыс деп шешкен жауап вариантын белгілеу үшін, таңдап алынған жауап вариантын меңзермен дәлдеп басу керек.

Егер сізде тестілік тапсырма бойынша апелляция бергіңіз келсе, сізге экранның оң жақ жоғары бөлігіндегі, тест мәтінінің үстінде орналасқан «Апелляция беру» бастырмасын басу керек. Бұл бастырманы басқан кезде апелляция түрлері берілген диалогтық терезе пайда болады.


Сіз осының ішінен өзіңізге қажетті біреуін таңдап алып «Оk» бастырмасын басуыңыз қажет. Егер сіз апелляцияны беруден бас тартып, пайда болған диалогтық терезені жапқыңыз келсе «Cancel» бастырмасын басыңыз. Егер сіз берілген апелляцияны өшіріп тастағыңыз келсе «Апелляция беру» бастырмасын қайта басып соңғы «апелляцияны жою» пунктін таңдап алыңыз.

Тестілеу тапсырмаларына толық жауап берген соң тестілеуді аяқтау процессін орындау қажет. Ол үшін сол жақ сары бөлікте сұрақтар тізімінің астында орналасқан «Тестілеуді аяқтау» бастырмасын басыңыз.

Бұл батырманы басқан кезде сіздің мақсатыңызды растау диалогтық терезесі көрсетіледі. «Иә» бастырмасын басып тестілеуді аяқтайсыз. Егер сіз тестілеуді аяқтау бастырмасын байқаусызда кездейсоқ басқан болсаңыз «Жоқ» бастырмасын басып тестілеуді жалғастыра берсеңіз болады.








1 сағат (60 минут) өткеннен кейін тестілеу автоматты түрде аяқталады.


Тестілеу аяқталған соң экранда сіздің емтихан бағаңыз көрсетіледі.




Назар аударыңыз. Осыған дейін өткізілген тестілеулерде жинақталған тәжірибе барысында студенттер емтиханда 100% сұрақтарға жауап берсе де апелляция бергені анықталды. Бұл жағдайда апелляцияны қарастырудың ешбір қажеттілігі жоқ. Өйткені апелляцияны қарастыру мұғалімнің жұмыс уақытын алады және де тестілеу нәтижелері студенттің Дербес оқу жоспарына тек берілген апелляциялар қарастырылғаннан кейін ғана сақталады.

Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында, егер студент емтиханда максималды балл ала отырып апелляция берген болса, тестілеу аяқталғаннан кейін студентке осы апелляцияларды өшіріп тастау туралы ұсыныс беріледі.


Мен компьютерлік тестілеу ережелерімен толық таныстым және жоғарыда берілген шарттарды орындауға өз келсімімді беремін.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет