№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



жүктеу 4.63 Mb.
бет18/24
Дата09.09.2017
өлшемі4.63 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Байланыс

Телекоммуникация желілерінің жалпы құрылған сыйымдылығы 345 510 нөмір (оның ішінде ауылдық 131 799 нөмір), желіні цифрлау 99,9 % жетті. (2012 жылы - 99,6 %, 2013 жылы - 99,7 %, 2014 жылы - 99,8%);

- облыс бойынша 100 тұрғынға шаққандағы негізгі телефон аппаратының тығыздығы 55 телефонға жетті, оның ішінде: ҚТС бойынша – 69, АТС бойынша – 41.

2014 жылы телефон үшін төлем, айына - 1006 тг. құрады.



Даму көрсеткіштері

2013 жылдың қорытындысымен тіркелген желі саны 316 714, 2014 жылы - 292912 құрады, өсім – 14 048 ТЖ, 2014 жылы -11135 ТЖ.

Қалалық жерлерде тіркелген желілер - 192 184, 2014 жылы - 175927 бірлікті, ауылды жерлерде тіркелген желілер - 124 530, 2014 жылы - 116985 құрады.

2013 жылы Кең жолақты қатынау орындарының саны 70 483, 2014 жылы - 82065 абонент/порттарын құрады, оның ішінде ID Net  қызметінің  абоненттері – 8 887, 2014 жылы - 15391 бірлік.



Қызмет көлемінің көрсеткіштері

2013 жылы қалааралық, халықаралық шығыс трафигі 40 708 мың, 2014 жылы 33515 мың минутты құрады немесе жоспарлы тапсырмаларға қатысты 121,5 %, өткен жылға байланысты трафик көлемі 20,8 %, 2014 жылы - 18 % төмендеген.

Байланыс қызметтерінің көлемі 2015 жылы қаңтар-мамырда 4439,0 млн.тг, сәйкесінше 2014 жылмен салыстырғанда 107,1 % құрады.

Инфокоммуникациялар

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс қызметін «Қазақстелеком» АҚ «Транстелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ монополист-кәсіпорындар, және басқа да лицензия алған компаниялар ұсынады. Одан басқа, жедел-пошта қызметін көрсететін бірнеше компаниялар және 4 ұялы операторлар жұмыс жасайды.

Телекоммуникация жүйесінде 2012 жылы - 456, 2013 жылы - 516, 2014 жылы - 489 телефон станциясы пайдаланылады, оның ішінде 401, 2013 жылы - 509, 2014 жылы - 480 данасы сандық станциясы. Барлық станциялардың жалпы сыйымдылығы 316 793 номер, оның ішінде ауылдық жерлерде 115 268 номер.

ОҚО статистика департаментінің деректері бойынша негізгі телефон аппараттарының белгіленген телефон байланысы 303,3 мың дана құрайды, оның ішінде 274,2 мың данасы халықта, Интернет абоненттерінің саны 40 мың дана, Интернет абоненттерінің саны 10000 адамға 166 дана құрайды.

Облыстың барлық елді мекендері телефондандырылған. Телефон тығыздылығы 100 тұрғынға 12,1 дана.

Интернетті коммутациялы мүмкіндігі арқылы жалпы пайдаланушылардың саны 4500 дана, 2013 жылы 1052 дана, 2014 жылы 4800 дана. Жалпы Интернет пайдаланушылардың санынан 34 500 пайдаланушы кеңжолақты ADSL (Megaline) технологиясы арқылы қосылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде «Востоктелеком» АҚ-ның сыйымдылығы 32982 нөмірлік 38 базалық станция, 2013 жылы 48240 нөмірлік 67 базалық станция, 2014 жылы 51244 нөмірлік 77 базалық станция және қалаларда «Алтел» АҚ-ның сыйымдылығы 33481 номерлік 20 станциясы бар.

Жалпы саны 876 елді мекендердің 864 елді мекені, 2013 жылы 838 елді мекендердің 830 елді мекені, 2014 жылы 823 елді мекендердің 754 елді мекені телефондандырылған, яғни 99,3 %, 2013 жылы 99 %, 2014 жылы 91,8% құрайды.

Облыс бойынша 287 пошта бөлімшелері, 2013 жылы 314 пошта байланыс кәсіпорындар орналастырылған, оның ішінде 233 ауылдық, 48 қалалық және 6 көшпелі, 2013 жылы 219 ауылдық, 59 қалалық, 7 көшпелі, 13 почта байланыс пунктері, 13 аудандық почта байланыс торабы, 1 ауылдық байланыс торабы және 2 қалалық.

2014 жылы 389 пошта байланыс кәсіпорындар орналастырылған, оның ішінде 297 ауылдық, 44 қалалық, 9 көшпелі, 16 почта байланыс пунктері, 17 аудандық почта байланыс торабы, 2 ауылдық байланыс торабы және 4 қалалық.

Пошта қызметінен басқа, зейнетақы төлеу, жәрдемақы, жалақы, салық төлемдері, коммуналдық қызметтерге төлемақы және банк қызметтерін кеңінен ұсынады.

2015 жылы қаңтар-мамырда пошталық және курьерлік қызметтер көлемі 278,5 млн.тг, сәйкесінше 2014 жылмен салыстырғанда 139,9 % құрады.

2015 жылдың мамыр айында Ақпарат және байланыс бойынша өндірілген өніммен көрсетілген қызметтердің көлемі 408,9 млн.тг., өнімдерді өткізуден және қызметтер көрсетуден түскен табыс 371,3 млн.тг. құрайды.

Ақпараттандыру

Жергілікті жүйелер құрылып, облыс әкімдігі, облыстық басқармаларда жүйеде 1000 астам қызметкер жұмыс жасайды.

Байланыс, оптоталшықты арнасы арқылы 10-100 Мб/с дейін жылдамдық мүмкіндігі бар. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірыңғай көліктік ортаның және әртүрлі ақпараттық жүйелердің жұмыс жасауы үшін 39 сервер, телекоммуникациялық жабдықтар және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған.

Облыс бойынша 107 дана қоғамдық қол жетімділік пункттері орнатылған.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың интранет-порталы

Есептілік және құжат айналымын түбегейлі қысқарту туралы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы тапсырмаларын орындау үшін берілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 7 мамырдағы №01-27.83-25 тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.10 тармағын орындау аясында 2013 жылы облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат қарастырылып, жоспар кестесіне сәйкес облыстық басқармаларға «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» жүйесіне енгізілді.



Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі

Аталған іс-шараның 2.9 тармағына сәйкес аудан көлемінде «Бірыңғай электронды құжат айналым» жүйесі енгізіліп, аталған жүйе ағымдағы жылы Бас прокуратураның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау үрдісін бақылау бойынша құрылған «Айқын» жобасымен ықпалдастырылды.

«Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі» (ЭҚБЖ) АЖ ОҚО әкімі аппараты мен 21 облыстық басқармаларға 2007 жылдың желтоқсан айында енгізілген болатын. 2008 жылдың маусым айында ОҚО әкімі аппараты ЭҚБЖ-сі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ведомствоаралық электронды құжат айналымға (ЭҚ) қосылды.

Алайда 2012 жылға дейін ЭҚБЖ-нің жеңілдетілген түрі пайдаланылған, яғни облыстық басқармалар ведомстоаралық ЭҚ-ға қол жеткізе алмайтын болатын. 2010 жылы аталған ЭҚБЖ-нің жеңілдетілген түріне 15 аудандық және қалалық әкімдіктер қосылды.

2014 жылдың 1 қаңтарынан “Айқын” бағдарламасының 2-ші кезеңін іске асыру барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 4 қалалық әкімдіктеріне ЭҚ интеграцияланды. (Шымкент қаласы әкімі аппараты, Түркістан қаласы әкімі аппараты, Кентау қаласы әкімі аппараты, Арыс қаласы әкімі аппараты). Сонымен қатар 15 аудандық және қалалық әкімдіктерде жұмыс атқарылды яғни интеграцияланды.

2014 жылдың 2 жарты жылдығында жергілікті атқарушы органдарға аудандық деңгейде ЭҚБЖ енгізілді. Сонымен қатар Мақтаарал, Шардара аудандарының мәслихат аппараттары да ЭҚБЖ-не қосылды.

2015 жылдың 1 қаңтар айынан “Айқын” бағдарламасының кезекті кезеңін іске асыру аясында 11 аудан әкімі аппараттары, 167 аудандық бөлімдер, сонымен қатар 4 қалалық және аудандық мәслихаттар ЭҚБЖ –не қосылды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап “пилоттық” жоба ретінде, Шымкент қаласы әкімінің аппараты, 14 қалалық бөлім және 3 Шымкент қаласының аудан әкімдіктері жаңа жеңілдетілген ЭҚБЖ-не көшірілді, нәтижесінде мемлекеттік орган жұмысы айтарлықтай жеңілдеді.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының 225 жергілікті атқарушы органдарында және 134 аумақтық мемлекеттік органдарда ЭҚБЖ-сі жұмыс жасайды.
Ақпараттық жүйелер

Әкімдікте сараптама жасау үшін қолдау көрсетуге «Бюджеттік өтінімдерді жоспарлау», «Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының деректер қоры», «Оңтүстік Қазақстан облысының электронды карта негізінде өңірдің келешегін дамыту мастер жоспары», «Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық дамуына мониторинг», «Рұқсат беретін құжаттардың есебі саласындағы автоматтандырылған жүйе» ақпараттық жүйелері құрылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz веб-порталы құрылып, оның ішінде «Әкімнің блогы», «Басқармаларға сұрақ», «Бизнесті қорғау» бөлімдері орналастырылған. Веб-порталда Үкімет Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестрінен 8 қызмет тек өтінім беру бөлігі автоматтандырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың функциясын автоматтандыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 01-38.121 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың 2010 жылғы нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарының» аталған іс-шараның 56 тармағына сәйкес автоматтандырылуы тиіс мемлекеттік органдар үдерістерінің тізбесі бекітілді. 2011 жылы 179 функцияның 80 автоматтандырылса (44 %), 2012 ведомствалық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді құру және енгізу есебінен 129 (72 %) автоматтандырылды. 2013 жылы 188 функцияның 166 (88,2%) автоматтандырылса, 2014 жылы 102 функцияның 96 автоматтандырылды немесе 94,1 % құрап отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру аясында ағымдағы жылы қосымша 14 автоматтандырылуда.



Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 % және лицензиялардың барлық түрін электронды түрде ұсыну

2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 % электронды түрде беру аясында «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі «Электронды үкімет» порталымен ықпалдастырылып, автоматтандырылған қызметтер аудан бөлімдері көлемінде электронды түрде көрсетілуде. Сонымен қатар, Е-лицензия ақпараттық жүйесі енгізіліп, облыстың лицензия беруге құзіретті басқармалары 2012 жылдың 1 сәуірінен лицензияларды тек электронды түрде ұсынуда.



2013 жылы S1 қызметі арқылы "Мектеп жасына (7 жасқа) дейінгі балаларды балабақша мекемесіне тіркеу" әкімдіктің ескертулер мен ұсыныстарын ескере отырып, 2011 жылы пилоттық аймаққа келесідей өзгерістер енгізілді:

- өтініш үлгісіне жәрдемақы бойынша толтыру жолағы қосылды;

- жасаралық топтарды және толтыру күнін өзгерту мүмкіндігі енгізілді.

2013 ведомствалық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді құру және енгізу есебінен 166 (88,2%) автоматтандырылды

2014 жылы ««Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы ЖАО көрсететін 28 рұқсат беру құжаттары мен хабарламалар электронды түрге ауыстырылды.

2014 ведомствалық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді құру және енгізу есебінен 96 (94,1 %) автоматтандырылды



Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасының дамыту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 және 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулыларымен анықталған «Kazsatnet» ҰК» АҚ бірге бірыңғай транспорттық ортасын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Шымкен қала әкімдігінің дербес бөлімдері электронды құжатайналым жүйесіне қосу аясында меморгандардың транспорттық желісіне қосылды.


Оңтүстік Қазақстан облысының «е-әкімдігінің» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Облыс әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық ортасының қауіпсіз және тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында, вирустық шабуылды, бұзу әрекеттерін алдын алу үшін серверлік жабдықтарға бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған. Ақпараттық қауіпсіздікті талап ететін параметрлерге сәйкес және жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін 39 сервер және 58 маршрутизаторлар мен коммутаторлар орнатылған.

2013 жылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында серверлік құрылғылардың жай-күін қатаң бақылауға алу үшін арнайы бағдарлама енгізілді, сонымен қатар «Электрондық құжат айналым жүйесінің» қолданушыларын және серверлерін вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілді.

Қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру үшін, Е-әкімдік АЖ 15 сыртқы ақпараттық жүйелермен шоғырландырылған.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы тұтынушыларға барлығы 10 мемлекеттік қызмет қол жетімді болды:


  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою.

  2. Мұрағат анықтамаларын беру.

  3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі.

  4. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу.

  5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру.

  6. Қорғаншы және қамқоршы жөнінде анықтама беру.

  7. Тұрғын үй көмегін тағайындау.

  8. Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру.

  9. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу.

  10. Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды рәсімдеу.

  11. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру.

Е-әкімдік АЖ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 68 мемлекеттік органдарында ендірілді:

  1. ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы.

  2. 5 аудандар және қалаларда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері.

  3. 10 аудандар және қалаларда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері.

  4. 15 аудандар және қалалар білім бөлімдері.

  5. 15 аудандар және қалалар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

  6. 22 аудандар және қалалардың мұрағат мекемелері.


Қызмет көрсету саласының негізгі проблемалары:

- облыстың ауылдық елді мекендерінің және шағын қалаларының қызмет саласы дамуының төмен деңгейі;

- қызмет саласы дамуының перспективаларына және проблемаларына мемлекет тарапының назардан тыс қалуы;

- ақпарат қызметі саласында «Қазақтелеком» АҚ монополиясы, бұл өз кезегіде халықтың және фирмалардың Интернет, IР-телефонмен пайдалану қызметін қымбаттады;

- қызмет саласының инновациялық төмен басқа салаларының жоғары үлесі;

- ақпараттық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызмет көрсететін қызметтің, мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын, мемлекеттік құпия және ақпараттық қауіпсіздікті қамтитын басқа салалардың төмен деңгейі;

- цифрлық сертификаттайтын және мемлекеттік қызметшілердің электрондық қол қою қызметінің төмен деңгейі.
2.2.4 Аймақтық (кеңістік) орналасуы

01.01.2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-территориялық бөлінуде былай көрінеді: 8 қалалар мен қалалық елді мекендер, олардың 4 облыстық елді мекендер статусы болса, 4 аудандық;



- 11 аудандар;

- 3 елді мекен;

- 840 ауылдар.

ОҚО урбанизация процесі Қазақстанның өзге аймақтарындағы осындай процестермен жалпы ұқсастығы бар, олардың негізгі төртеуі жоспарлы шаруашылық және индустриалдық принциптегі кеңістіктік даму уақытында құрылған. Бірнеше мыңжылдықтармен есептелінетін, ОҚО территориясының мекенденуінің бай тарихына орай, оның әлеуметтік-экономикалық дамуында есепке алу міндетті болып табылады, ОҚО урбанизациясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Шымкент қаласы ОҚО әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл қала экономиканың алуан түрлі қызметімен, жан-жақты потенциалымен, тиімді экономика-географиялық орналасуымен ерекшеленеді. Осы сапалардың үйлесі Шымкент қаласын Оңтүстік Қазақстан облысының инновациялық генераторы және даму локомотиві етеді.ОҚО өзге қалалары ірі қала тұрғындылығына жетпеген, ал урбанистикалық концентрация бұл қалаларда өзіндік көрініс тапқан.

Тар маманданған қалалар, әдетте, бір ғана салаға ие (Арыс және Түркістан қалалары - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, Кентау – электроқұралдар). Тар мамандану қалалардың өзге қызметтерді дамыту мүмкіндіктерінің болмағандығын, оларға салынған потенциалдарды жүзеге асырмағандығын білдіреді. Бұл қалаларда мәдениет және демалыс объектілері әлсіз дамыған.

Кіші қалалардың көп қызметті құрылымына қарапайым жоспарлаушылық құрылым сәйкес келеді: бір өнеркәсіптік немесе агроөнеркәсіптік аумақ.

Қала сырттай және мәні бойынша кәсіпорынға қосымша ретінде көрінеді. Қалалық инфрақұрылым әлсіз дамыған, осыған байланысты оның ауылдық белгілері көрініс тапқан. Ауылдық белгілер құрылыс объектілерін жоспарлауда, архитектурада және тұрғындардың өмір образында көрінеді. ОҚО 4 осындай қала бар, олардағы тұрғындар саны 50-ден 10 мың адамға дейін.

ОҚО дәстүрлі Қазақстанның өзге аймақтарынан ерекшеленеді, ондағы тұрғындардың үлкен бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Облыста 840 ауыл бар, онда облыстың барлық тұрғындарының 55% немесе 1300 мың адам тұрады.


Кесте 1 – Оңтүстік Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының нәтижелі кешенді бағалау


Облыс қалалары мен аудандары

Экономикалық әлеуеті бойынша қала мен ауданың алатын орны

Әлеуметтік сала бойынша қала мен ауданың алатын орны

Инфрақұрылым бойынша қала мен ауданың алатын орны

Аумақ дамуы бойынша қала мен ауданың алатын орны

Қорытынды орны

Шымкент қ.

1

1

1

1

1

Арыс қ.

5

6

6

3

6

Кентау қ.

5

3

4

3

4

Түркістан қ.

3

3

6

2

3

Бәйдібек

5

6

5

6

8

Қазығұрт

3

4

6

4

5

Мақтарал

2

3

2

3

2

Ордабасы

3

6

7

4

6

Отырар

5

5

6

6

8

Сайрам

4

3

4

3

3

Сарыағаш

3

3

5

3

3

Созақ

3

2

3

6

3

Төлеби

3

5

7

5

6

Түлкібас

5

5

7

4

7

Шардара

3

6

7

5

7

Оңтүстік Қазақстан облысының территориялық бірліктері бойынша тұрғындарды қайта қоныстандыру типтерін идентификациялау төмендегідей бағалау әдістері негізінде жүргізілді:

1) урбанизациялаудың аймақтық типтерінің негізгі сандық сипаттамалары бойынша; 2) аймақ территориясының тепе-тендік даму дәрежесі бойынша (кесте 2).


Кесте 2 - Оңтүстік Қазақстан облысының территориялық бірліктер типологиясы


Аймақ

Балл сома-сы

Орташа балл

Орналастыру типі

Демографиялық

потенциал



Геоэкономикалық жағдайының ерекшелігі

Шымкент

1

1

Агломерациялық

Шымкентте жоғары, табиғи өсім оңтайлы және орта шамамен жылына 2%-2,5%, Шымкентке тұрғындар тығыздығы – 1890

Түркістанда ортадан жоғары, өйткені табиғи өсім оңтайлы және орта шамамен жылына 2%-2,5%, бірақ Түркістанда тұрғындар тығыздығы - 27 адам/км2



Агломерация ядросы, облыстың негізгі қалалары, орналастыру құрылымының тірек-каркасты түйіні. Түркістанның жоғары тарихи құндылығы бар. Шымкент қалалық агломерациясына жататын урбанизацияланған аймақ.


Түркістан

2

Арыс және Кентау қалалары

4

6


5

Теңдей кіші қалалы тармақ және қалалық типтегі мекен жайлар тармағы


Кентауда орташа, Арыста ортадан төмен. Екі қалада да тұрғындардың орташа жылдық өсу қарқыны 0,8%-0,88% құрайды. Арыс қаласында тұрғындар тығыздығы небары 10,3 адам/км2.


Арыс қаласында теміржол тармақтарының түйіні орналасқан.

Мақтарал

2

3

Кеңістікті-бірдей, орналастырудың ауылдық типі


Жоғары. Тұрғындар кеңеюде және табиғи өсім арту тенденциясына ие. Аудандар тұрғындардың жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді 150 адам/км2

Сайрам ауданның территориясында ШҚА орналасқан,

Мақтарал және Сарыағаш аудандары Өзбекстанмен шекаралас



Сарыағаш

3

Сайрам

3

Созақ

3

6

Кеңістікті-бірдей емес ауылдық тип басым келетін орналастыру

Орташадан төмен. Тұрғындардың төменгі тығыздығындағы аудандар

1,3 - 7,7 адам/км2. табиғи өсім оңтайлы болғанымен, тұрғындардың өсімі динамикасының артуы байқалмайды.



Созақ және Отырар аудандарының ШҚА өте алшақ орналасуы

Отырар

8

Бәйдібек

8

Төлеби

6

7

Нүктелі-орталық типі, бірдей емес.

Төлеби ауданының шығыс бөлігінде, Шардара ауданының батыс бөлігінде шаруашылықты игерілмеген территориялар пайызы үлкен




Табиғи өсім оңтайлы және тұрғындар санының өсу динамикасының тенденциясы айқын көрінеді.

Төлеби ауданы ШҚА тығыз шектесіп жатыр. Шардара Өзбекстанмен шекаралас

Шардара

7

Ордабасы

6

6

Шаруашылықты-игерілмеген территорияның басым-дылығымен қала айналасына шоғырланған орталық ұйымдастыру типі

Ортадан жоғары. Табиғи өсім оңтайлы, тұрғындардың орташа тығыздығы 25-42 адам/км2


Ордабасы, Қазығұрт, Түлкібас аудандары ШҚА шектеседі

Қазығұрт

5

Түлкібас

7

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет