№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



жүктеу 4.63 Mb.
бет3/24
Дата09.09.2017
өлшемі4.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

Сала кәсіпорындары 2009 жылы 12870,0 млн. теңгенің өнеркәсіп өндірісі өнімін шығарған, 2008 жылы өнімнің нақты көлем индексі 92,6 % құрады. 2010 жылы өндіріс көлемі 17819,1 млн.теңге немесе 2009 жылдың деңгейінде 114,1 % құраған.

Мұнай өнімдері өндірісінің үлесі 2009 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 7,6 % құрады.

2010 жылы өнеркәсіп өндірісі 13903,5 млн. теңгені немесе 2009 жылмен салыстырғанда 121,6 % құрады.

Сала кәсіпорындарымен 2012 жылы 24279,9 млн. теңгенің мұнай өнімдері шығарған, 2008 жылға (11975,7 млн.тг.) қарағанда өндіріс көлемі 2 есеге ұлғайды. Мұнай өнімдерінің өндіріс көлемінің жалпы өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі үлесі 7,8 % құрады.

2013 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 24676,0 млн. теңгені немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен 111,9% құрайды.

2014 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 589,3 млрд. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 107,3% құрады. Даму бағдарламасының (2011-2014 жж.) жүзеге асырылуы барысында 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 113,6% (2008 жылға - 120,1%) құрады.

Мұнай өңдеу өнімінің үлесі 2009 жылы жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 7,6 %, 2013 жылы – 8,7 % құрады. Саладағы еңбек өнімділігі 2008 жылы 300,1 мың. АҚШ долларын жылына адам басына шаққанда, 2013 жылы 685,2 мың. АҚШ долларын жылына адам басына шаққанда немесе нақты көлем индексі 2008 жылы 168,6 % құрайды.

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПКОП) - мұнай өңдейтін мекеме, негізінде давальды мұнай өңдеуімен айналысады. 2009 жылы 12 4222,3 млн.теңгеге өнім шығарған, физикалық көлем индексі 103,8 құрады. Мотор жанар майы - 810,6 мың тонна, керосин, соның ішінде керосин типті реактивті жанар май – 240,1 мың тонна, газойлдер (дизель жанар майы) - 1276,3 мың тонна, отын мазуты – 785,6 мың тонна, сұйытылған газ – 136,6 мың тонна, вакуумды газойлдер – 627,7 мың тонна.

2013 жылы 4679,8 мың.тонна мұнай немесе 25132,5 млн.теңге сомасында өнім өндірген, нақты көлем индексі 102,5 % құрады. Мотор жанар майы – 1038,2 мың тонна, керосин, соның ішінде керосин типті реактивті жанар май – 231,3 мың тонна, газойлдер (дизель жанар майы) – 1375,6 мың тонна, отын мазуты – 1053,0 мың тонна, вакуумды газойлдер – 826,5мың тонна. Компанияның жұмысшылар саны 2010 жылдың 1 қаңтарына 1 344 адамды құрады.

2014 жылы 5027,5 мың тонна шикі мұнай өңделіп немесе 58926,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 107,3% құрады. Мотор отыны – 1126,1 мың тонна, газойлдер (дизельді отын) – 1346,2 мың тонна, отындық мазут – 1100,7 мың тонна.

Зауыттың қайта өңдеу қуаты жылына шамамен 5250 мың тоннаға жетеді. 2009 жылы зауытта 4 004 мың тонна мұнай өңделген. 2010 жылы зауыт 4 300,0 мың тонна, 2011 жылы - 4 459,7 мың тонна, 2012 жылы - 4 615,8 мың тонна, 2013 жылы - 4730,3 мың тонна, 2014 жылы - 5027,5 мың тонна мұнай өңделген.

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясының акцияларын CNPC (Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы) қытайлық компаниясымен (50 %) және «ҚазМұнайГаз» (50 %) ұлттық компаниясымен сатып алынуы мұнай саласындағы ең ірі келісімдер болып танылды, бұл жағдай мұнай өңдеу өнеркәсібі дамуының позитивті болжамдарын жасауға мүмкіндік береді.

Компания кәсіпорынның жаңғыртылуы мен қайта құрылуына жоба әзірлеген. Жобаның іске асырылу барысында 163,7 млрд.теңге инвестиция тарту көзделген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаның қаржыландыру мәселесін қарастыруда. Жобаның іске асырылу мерзімі 2011-2016 жылдарға жоспарлануда.

Жобаның мақсаты өндіріс қуаттылығын жылына 6,0 млн.тонна мұнай өңдеу, ашық мұнай өнімдерін 90% ұлғайту, мұнай өнімдерінің сапасын Евро-4 стандартына сәйкестендіру.

Жоба дизель отынын депарафиндеу қондырғысын жаңғыртуды, мазут крекингінің флюид-каталитикалық қондырғысын қайта құруды, каткрекинг жанармайын тазарту қондырғысын жөндеуді, сұйық газды тазартуды және бөліп алуды, полипропилен мен күкірт өндіріруді қарастырады.

Кәсіпорынның алдағы дамуы келесі бағыттағы мәселелерді шешумен жүзеге асырылады:


  • мұнай өңдеу көлемін арттыру;

  • мұнай өңдеу тереңдігін арттыру;

  • өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту;

  • өндірілетін өнім сапасын жақсарту (бәсекеге қабілетті, соның ішінде сыртқы нарықта жанармай маркаларын, авиациялық және дизель отынының және т.б)

Өңдеу тереңдігінің бұдан әрі артуы жанармай өңдеу кешенін енгізуге зауыттың технологиялық дамуын сапасы жағынан жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Бұл мұнай шикізатын квалификациялық өңдеу мен экологиялық таза мотор майын өндіруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерге тауар өндіруші ретінде экспорттау рөлін күшейтеді.

2009 жылы компания 2 908,2 млн. теңге инвестицияларды игерген. Іске бірқатар өндірістік қуаттар ендірілген, орын алып отырған қондырғылар мен кешендер жабдықтарын ауыстыру және модернизациясын жүргізу шаралары өткзілді. ЛК-6у (үрдістің ағынды талдағыштары) қондырғысының аналитикалық жабдықтардың кешені пайдалануға берілді. Мекеменің өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздігі бойынша жобалар енгізілді, резервуар саябақтарында өнімді автоматты жүйесі бойынша өлшеу жұмыстары жалғастырылды, ЛЗ қоймаларында ауадағы газдың жарылысқа жеткізетін концентрациясын хабалайтын (дабыл беретін) құрылғылар орнатылды, мұнайөнімдерін аудару және құю эстакадаларының электржарығының қайта құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді, жаңа РУ және контейнерлік орындалуындағы ТП-27 басқару механизмі монтажы орындалды.



Құрамына бензол төмен дәрежеде енген жоғары сапалы бензин өндірісі. Әлемдік нарық талаптарына сәйкес және бәсекеге қабілетті бензинді шығару үшін міндеттердің толық кешенін шешу қажет. Осы проблеманы шешу жолындағы негізгі қадамдардың бірі бензолтүзгіш көмірсутегілердің изомеризациясы үрдісін ендіру болады.

Құрамына күкірт төмен дәрежеде енген бензинді және дизель отынын өндіру. Түтін газының негізгі зиянды құрамдастары күкірт тотықтары болып табылады. Қысқа және орта мерзімді перспективада мотор жанармайларының қасиеттерін жақсарту аясындағы маңызды технологиялық мақсаты – олардың құрамындағы күкірт мөлшерін күрт төмендету болады.

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС Орталық Азияда жетекші мұнай өндіруші компания болуды көздейді, бұл әлемдік санаттағы қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштермен, озық технологиялармен, өндіріс сенімділігімен және өнім сапасымен, қоршаған ортаға деген жауаптылықпен анықталатын болады.

Бұрыңғы фосфор зауыты аумағында қуаты жылына 100 мың тонна машина жабдықтарына арналған майларды өндіретін «HILL Corporation» ЖШС жобасы пайдалануға ендірілген. Бұл жерде 226 жаңа жұмыс орындары құрылды. Зауыт нақты саланың көшбасы – Inc Exxonmobil, Shell, ChevronTexaco 76 және т.б. секілді мұнай өнімдерінің ірі өндірушілерінің зауыттарының басым санын құрып берген FMC Tehnologies американдық фирмасының технологиясымен және құралдармен жабықталған. Ең заманауи деген жағар майлардың сан-алуан түрлерінің өндірісіне қажетті присадкалары мен рецептурасын еуропалық химиялық өнеркәсіп көшбасы – Лубризол компаниясы жеткізіп тұрады.

Зауыттың қосымша жабдықтары да Испанияның, Италияның, Чехияның, Швецияның, Ресейдің және Тайландтың әлемдік өндірушілерімен жеткізілген.

Жоба әлемдік деңгейдегі жағар майлардың толық спектрін өндіруді қарастырған. Өндіріс осындай өнімнің Қазақстанда үлестіру құнын түсіруге, импортты алмастыруға және жағармайлардың экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

Дайын өнімді үлестіру Қазақстан аумағында іске асып, шет елдерге экспортталады. Мекеме республика аумағында жоғары санатты жағармайларды шығаратын бірегей болады. Жоба 2010 жылы маусымда өңірлік индустриялизация Карта шеңберінде іске асырылады. Мекеме Республика аумағында жоғары санатты жағармайларды шығаратын бірегей кәсіпорын болып табылады. 2012 жылы 2039,5 млн.теңге сомасында 3483 тонна немесе 2011 жылға қатысты 3 есе көп өнім өндірілген. 2013 жылы 4112,5 млн.теңге сомасында немесе 2012 жылмен салыстырғанда 201,6 % өнім өндірген. 2014 жылы 8659,8 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2013 жылға қарағанда 210,6% құрады.



Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп

Соңғы 5 жылда облыстың химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2005 жылы өндіріс көлемі 4603,6 млн. теңгені құраған, 2006 жылы – 5955,9 млн. теңге, 2007 жылы - 6720,8 млн. теңге және 2008 жылы 6459,8 млн. теңге болды. 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,98 есе өскен.

Химиялық сала облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінде 5,4 % құрайды. 2010 жылға өнім өндірісінің көлемі 12,4 млн.теңге немесе 2009 жылдың көрсеткішіне қатысты 136,3 %.

Бағдарламамен сала өнімін өндіру көлемі (химиялық және фармацевтикалық) 2015 жылға 2009 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіру көзделеді.

Іс жүзінде облыстың барлық негізгі химиялық мекемелері минералды бейорганикалық шикізаттан базалық химиялық өнімнің шектеулі спектрін өндіруге бағытталған. Облыста фармацевтикалық препараттар, фосфор мен оның қосылыстары, тұрмыстық сабын өндіріледі.

Соңғы 5 жылда облыстың химиялық өнеркәсібінде табиғи және қаржылай мәнінде өнімді өндіру көлемдерінің өсу тенденциясы байқалады. 2008 жылы өндіріс көлемі 1145,8 млн. теңгені құраған, 2009 жылы – 1544,3 млн. теңге, 2010 жылы – 2041,9 млн. теңге, 2011 жылы – 2851,1 млн. теңге және 2012 жылы – 3860,8 млн. теңге болды. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 3,4 есе өскен.


Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі

Фармацевтикалық сала бойынша облыста шығарған көлемі 2009 жылы 7576,33 млн.теңге, физикалық көлем индексі 2008 жылы 144,2 % құрайды. 2010 жылы өткізілген өнім көлемі 11171,8 млн. теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 147,9 % құрайды. 2014 жылы бұл сала бойынша өңдеу өнеркәсібі облыс көлемінде 4,2 % құрайды.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдар) жүзеге асырылу барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы - 10325,3 млн.теңге (НКИ-108,7 %), 2012 жылы 14802,4 млн.теңге (НКИ-73,0 %), 2013 жылы - 15110,6 млн.теңге (НКИ-73,7 %) өнім өндірілді, 2010 жылы нақты көлем индексі 58,5 % (2008ж.-124,7%) құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 15495,8 млн. теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 89,2% құрады. Даму бағдарламасының (2011-2014 жж.) жүзеге асырылуы барысында 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 52,2% (2008 жылға – 111,3%) құрады.

Фармацевтика саласы облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінде 2010 жылдың қорытындысы бойынша 5,3% құраса, 2013 жылы – 4,2%, 2014 жылы – 3,7% құрады.

Облыстың фармацевтикалық саласы келесі кәсіпорындардан құрылған: олардың ішінде ірісі – «Химфарм» АҚ, орталары – «Зерде-Фито» ЖШС, «Рауан» ҒӨО (ғылыми өндіріс орталығы) ЖШС және басқа да шағын мекемелер.

«Химфарм» АҚ - 1882 жылы Иванов пен Савинков көпестерімен негізі қаланған әлемдегі көне фармацевтикалық мекемелердің бірі. Зауыт 200 астам дженерикті және ерекше дәрілік препарттарды капсула, таблетка формасында, ампуладағы егу ерітінділерін, шырындар, тұнбалар, майлар, жұмсақ дәрілік формаларды (жаққыш майлар, линименттер, суппеозитрийлер), 24 фармакологиялық топтағы сулы және спиртті тұнбаларды өндіреді.

Ұзақ уақыт зауыт фармацевтикалық субстанцияларды шығару барысында нақтылай маманданды. Болашақтағы дәрілік өнімдер үшін шикізаттар Ресей, Белорусия, Украина, Прибалтика республикаларына және дайын препараттар өндірілетін алыс шет елдерге жеткізілетін.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында «Химфарм» АҚ фармацевтикалық препарттарды 8 091,0 млн. теңгеге шығарған немесе оның физикалық көлемінің индексі 2009 жылдың кезеңіне қатысты 105,8 % құрады. 2012 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 14802,4 млн. теңгені, 2011 жылға қарағанда НКИ 73,0 % құрады. 2008 жылмен (5433,7 млн. тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 2,7 есеге ұлғайды. Мекемеде тұрақты түрде өндірістің модернизациясы және жетілдіру, өндірілетін өнім көлемдерін өсіру, тиімділігі жоғары сұрынсқа ие медициналық препартаттардағы ассрртиментін жаңарту шаралары жүргізіліп отырады, өнім сапасына аса көп назар аударылып отырады – осының барлығы мекеменің ТМД елдері арасындағы нарық кеңістігінде өсуге бейім және сенімді позицияларын анықтайтын негізқалаушы принциптер. Зауытта дәрілік заттарды сашеге үйлестіріп салу өндірісі игерілген. Желі қазіргі уақытта туберклезге қарсы препарат – парааминосалицил қышқылын шығаруда қолданылады. 2009 жылы 6,792 млрд. теңге сомасында 114 млн. бірлік үлестірілген, бұл, 2008 жылмен салыстырғанда, қаржылай мәнінде 45,4 % артық, және табиғи мәнінде 5,2 % төмен. Осы жағдай үстеме бағасы жоғары препараттардың сапалық өсімін білдіреді. Сонымен қатар, сатылымдадың жартысын дерлік (47 %) тендерлік жеткізулер қамтамасыз еткенін айта кеткен жөн, олар өз кезегінде 2008 жылмен салыстырғанда 15 % өскен. Жаңа перспективалық позицияларды игеру, ендіру және белсенді жалғастыру есебінен брендтерді үлестіру 34 % өскен. Жалпы жүк шығаруда брендтер үлесі 30 % құрайды. Брендетрдің сатылымының едәуір өсімі меншікті брендетрді дамыту бойынша стратегияны іске асыруда табысты білдіре отырып, «SANTO» сауда маркасының тұрақты жағдайын қамтамасыз етеді.

2010 жылы «Химфарм» АҚ ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың өндірісіндегі үлесі (табиғи мәнінде) 7 % құрады. 2011 жылы 8 % және 2015 жылы Бағдарлама бойынша бұл көрсеткіш 11 % жетеді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң елде меншікті фармацевтикалық индустрияның дауының қажеттілігі туындады. Бұл айырықша дайын дәрілік формаларын өндіруге қатысты. Осыған байланысты компанияның басшылығымен «Химфарм» АҚ (1993 жылы зауыт атауы осылай өзгертілді) базасында ірі заманауи өндірістік дайын дәрілік өнімдер шығаруға бағдарлама әзірленіп нақты жүзеге асырылды. 2003 жылдан бастап компанияның акциялары қазақстандық биржалық фондқа қолданысқа шықты және 2007 жылы олар «А» дәрежесіне енгізілді.

2012 жылы «Химфарм» АҚ сату көлемі 95 млн. АҚШ доллорды құрап елдегі фармацевтикалық нарығындағы 8 % жауып ірі отандық медикамент өндірісінің және фармацевтикалық өнімнің ішкі өнірісінің 50 % қамтамасыз етті. 2011 жылы тамыз айынанан бастап кәсіпорынның мажоритарлы акционері болып «Polpharmagroup» компанияның еуропалық тобы келді.

Бүгінгі таңда зауытта 1200 жоғары квалификациялы жұмысшылар істейтін ISO 9001:2008 сапа менеджмент жүйесі, ERP жүйесі, SARR3 BusinessSuite және GMP 2 өндіріс стандарттары бар 4 өндірістік және 6 көмекші цех құрылған.

Зауыт 200 астам әр түрлі фармацевтикалық топтағы медициналық өнімдерді өндіреді: 1,2 млрд. таблетка, капсула, драже; 246 млн.ампула; 24 млн. флакон; 20 млн. шырындар, 24 тонна фармацевтикалық субстанциялар; 5 млн. жаққыш май, гельдер және 20 млн. суппеозитрийлер.

Өндірістің орташа жүктелу қуаттылығы 85 % құрайды.

2010 жылы «Химфарм» АҚ 11655,2 млн.теңге сомада, 2011 жылы - 10426,2 млн.теңге, 2012 жылы – 14908,3 млн.теңге, 2013 жылы – 12589,2 млн.теңге немесе облыстағы жалпы фармацевтикалық өндіріс өнім көлемінің 99 % астам фармацевтикалық препараттары өндірілді. 2014 жылы – 15584,3 млн.теңге көлемінде өнім өндірген.

Кәсіпорын басшылығы өндірістің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Индустрияландыру картасының аясында «Химфарм» АҚ іске қосылуда - «Химфарм» АҚ құны 9,7 млрд. теңге көлемінде өндірістік қуатын кеңейтілуде.

Жобада жаңа өндірістік ампулалық форма, GMP инфузиялық ерітінділер, антибиотик ұнтақтар өндірісін жаңарту (жаңа GMP өндіріс сызықтарын құру), жаңа қатты дәрілік формаларын және қойма мен зертхана құру қарастырылып жатыр.

Жобаны іске қосу 350 млн. инъекционды ерітінді ампулалары және 4 млн. пакет инфузионды ерітінділер, 40 млн. антибиотик флакондарын, 1,2 млрд. таблеткалар өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның 1 кезеңі 2013 жылы желтоқсан айында енгізілді. Бүгінгі таңда валидация процесі болып жатыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнеркәсіптің 2010-2014 ж.ж Даму бағдарламасы аясында жүзеге асады.


Фармацевтикалық өнеркәсіп

Ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесі (табиғи мәнінде)





Облыс


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ОҚО (%)

7,0

7,0

8,0

9,0

10,0

11,0

13,0

«Рауан» ҒӨО ЖШС 2009 жылы дәрілік заттар 84,5 млн. теңге сомасында шығарылған. 2010 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 10,6 млрд.теңгені құрады немесе 39,5 % өсті. 2012 жылы дәрілік заттар 84,5 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша негізгі фармацевтикалық өнім өндірісінің жыл сайын 9,3-13,6 % өсуі күтіледі.

ҮИИДМБ индустрияландыру картасының аясында фармацевтикалық өндірістің жалпы құны 25,9 млрд.теңге, 1515 жұмыс орны бар 10 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 5 жоба іске қосылды. Бұл жобаның құны 12,7 млрд. теңге, зауытта 1026 жұмысшы істейді



Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі.

2009 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдері 1544,3 млн.теңге сомасында өндірілген, 2008 жылға қатысты нақты көлем индексі 85,7% құрады. Төмендеу сабын, сабын есебінде қолдануға арналған сырттай белсенді заттегілер мен препараттарды өндірісінің 24,4 % төмендеуі есебінен орын алды. 2010 жылы сала кәсіпорындары 2041,9 млн. теңге сомасында өнім шығарылды немесе 158,3% өсті. 2010 жылы өнеркәсіп өнімі 1800 млн. теңге көлемінде өндірілді және 20,0 % өсті.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдар) жүзеге асырылу барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы- 2851,1 млн.теңге (НКИ-109,0 %), 2012 жылы 3860,8 млн.теңге (НКИ-130,4 %, 2013 жылы- 3332,6 млн.теңге (НКИ-74,8 %) өнім өндірілді, 2010 жылы нақты көлем индексі 106,3 % (2008ж.-144,2 %) құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 3609,8 млн. теңгені немесе 2013 жылмен салыстырғанда 89,1% құрады. Даму бағдарламасының (2011-2014 жж.) жүзеге асырылуы барысында 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 94,7% (2008 жылға – 128,5%) құрады.



Химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 89,1%. Ауытқуы(-10,9) п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 3609,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (3332,6млн.тг.) қарағанда 277,2 млн. теңгеге өнім артық өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 0,6%-ды құрайды.

Химиялық өнеркәсіптің төмендеуінің себебі «Реактивные фосфорные соединение» ЖШС (фосфор өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 522 тоннадан 255 тоннаға дейін төмендеген (48,9%); «Шымкентмай» АҚ, «Шымкент сабын» ЖШС-ның шаруашылық сабын(хоз.мыло) өндірісі 4212 тоннадан 3724 тоннаға төмендеді (99,8%)және«КиТ и Со» ЖШС (этил спиртінің өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1296,5мың литрден 950,1мың литрге дейін төмендеді (73,3%).

Саладағы өндіріс көлемінің төмендеуі көршілес Ресей экономикасымен тығыз байланыста болуда. Фосфорды негізінен ресейлік компаниялар сатып алатын. Сондай-ақ дағдарысқа байланысты ресей рублінің арзандауына және нарықтағы ресейлік тауарлардың көптеп болуы, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімдердің баға бойынша ресейлік тауарларға (шаруашылық сабын, шампунь, химиялық жуу және тазартқыш заттар, тазартылған алкогольді сусындар және т.б.) қарағанда нарықтағы бәсекелестік қабілетінің төмендігінен орын алды.

2015 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша химия өнеркәсібі өнімінің НКИ 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 2 есені құрады.

Фармацевтика өнеркәсібіндегі өнім шығарудың НКИ 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 89,2%. Ауытқуы(-10,8)п.п. құрады.

2014 жылы саладағы кәсіпорындарымен 15495,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген, 2013 жылға (15110,6 млн.тг.) қарағанда 385,2 млн. теңгеге өнім артық өндірілген. Жалпы өнеркәсіп өніміндегі саланың үлесі 2,4%-ды құрайды.

Облыстағы жалпы өндірілген фармацевтикалық препараттардың 99%-нан астамы «Химфарм» АҚ-ында өндірілетіндіктен, кәсіпорын жүргізіп жатқан саясатымен тікелей байланысты. ОҚО Статистика департаменті фармацевтика өнеркәсібіндегі шығарылған өнімді килограммен өлшенеді.Қазіргі кезде кәсіпорын өндіретін өнімдер портфелін қайта қарап, шығаратын өнімнің экономикалық тиімділігіне және сапасына басымдық беруде. Кәсіпорынның өнеркәсіпті дамытуда жоғары қосылған құнды өнімдер өндірісін кеңейтуде. Бұл өз кезегінде өндіріс үшін экономикалық жағынан тиімді болғанымен, салмақ жағынан аз болып, НКИ есептеуде кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, кәсіпорын шығаратын өнімінің басым бөлігі СК «Фармация» мем. сатып алу үшін өндірілетін. Оның көлемі жылдан жылға төмендеуде. 2012 жылы – 6,8 млрд.тг. құраса, 2013 жылы – 5,5 млрд.тг. құрады, ал 2014 жылы 4,9 млрд.тг. көлемінде болды.



Фармацевтика өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылдың жоспары 100%, 2014 жылдың орындалуы 69,4%. Ауытқуы(-30,6)п.п. құрады.

Еңбек өнімділігі өндіріс көлемінің орындалуымен тікелей байланыста болғандықтан, 2014 жылы сала көлемінің орындалмауы, еңбек өнімділігі бойынша көрсеткіштің орындалмауына алып келді.

Химиялық өнеркәсіп өндіріс көлемі облысымызда 0,9 % алады. Бағдарлама бойынша көрсетілген химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісін шығару 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 2 есеге өседі.

Облыстың негізгі химиялық кәсіпорындарының базалық химиялық өнімдері бейорганикалық минералды шикізатқа бағытталған. Облыста фармацевтикалық препараттар, фосфор және оның қосылыстары, шаруашылық сабын өндіріледі.



Фосфор және оның қосылыстары. Бұрынғы фосфор зауытының қалдықтарымен «РФС-РФҚ» АҚ және «Қайнар» ЖШС жұмыс жүргізеді. «Реактивті фосфорлық қалдықтар» АҚ (РФҚ) «Шымкентфосфор» АҚ базасында 2002 жылдың қарашасында құрылған (банкроттығы жарияланғаннан кейін 2005 жылы жойылған). Өнімнің негізгі түлерінің бірі – сары фосфор және оның негізінде алынған термикалық ортофосфорлық қышқыл, «ч» және «чда» біліктілігіндегі реактивті ортофосфорлық қышқыл, сонымен қатар фосфорлы қышқыл тұздар. 2007 жылдың бірінші жартысында сары фосфорды өндіру бойынша қуаты 600 тонна жылына болатын жаңа өндіріс енгізілді, жаңадан 30 жұмыс орны құрылды. 2009 жылы өнімді шығару көлемі 63,0 млн.теңге самасында 200 тоннаға жетті. 2012 жылы өнім көлемі 237,6 млн теңгені құрайтын 480 тонна фосфор және 890 тонна ортофосфор қышқылын өндірген. 2013 жылы өнім көлемі 88,4 млн теңгені құрайтын 772 тонна фосфор және ортофосфор қышқылын өндірген.

«Қайнар» ЖШС бұрыңғы «Фосфор» ШӨБ-ның (Шымкент өнеркәсіп бірлестігі) сары фосфор қоймасы базасында 1998 жылы құрылған. Жұмыс жүргізген мерзімі бойында сары фосфор қоймасында және бұрыңғы «Фосфор» ШӨБ-ның басқа да цехтарында жинақталған құрамы жағынан тапшы сары фосфордың, фосфор құрамдас шламдардың 50 мың тоннасынан астамын қайта өңдеген.

«Қайнар» ЖШС Ресейдің бірқатар мекемелерімен сары фосфорды жеткізу туралы ұзақмерзімді келісім бекіткен. Сары фосфорды жеткізу туралы жыл сайынғы келісім-шарт шамамен 1000 тоннаны құрайды. 2008 жылы мекеменің экспорттық көлемі 393,5 млн.теңгені құраған, 2009 жылы 401,3 млн.теңге, 2010 жылы 530,0 млн.теңге.

Мекеме шламжинақтаушыларды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясының жобасын әзірлеген. Мекеменің өндірістік базасы мен дамыған инфрақұрылымы фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарының кешенді утилизациясын (жоюды) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсатты тағайындалуы – құрғақ фосфорқұрамдас шламдардан пролонгирленген әсері бар фосфорқұрамдас құрама тыңайтқыштарды алу. Мекеме жобалық қуатына шыққанда, тыңайтқыштар өндірісін жылына 80,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Фосфорқұрамдас шламдарды қайта өңдеу технологиясы Қазақстан Республикасының алдын ала патенттерімен қорғалатын техникалық шешімдерге негізделген, және технологиялық көрсеткіштеріне қарай осындай шетелдік үлгілерден кем емес. 2009 жылы мекеме 466,2 млн.теңге сомасында 1504,4 тонна өнім шығарған.

Мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясының жобасын әзірлеген. Мекеменің өндірістік базасы мен дамыған инфрақұрылымы фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарының кешенді утилизациясын (жоюды) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсатты тағайындалуы – құрғақ фосфорқұрамдас шламдардан пролонгирленген әсері бар фосфорқұрамдас құрама тыңайтқыштарды алу. Фосфорқұрамдас шламдарды қайта өңдеу технологиясы Қазақстан Республикасының алдын ала патентетрімен қорғалатын техникалық шешімдерге негізделген, және технологиялық көрсеткіштеріне қарай осындай шетелдік үлгілерден кем емес. Кәсіпорын 2012 жылы 203,0 млн.теңге сомасында 4969 тонна, 2013 жылы 372,0 млн.теңге сомасында 8600 тонна фосфорлы минералды тығайтқыштар өндірген.

«Шымкентмай» АҚ 2008 жылы - 857,2 млн.теңгеге, 2009 жылы – 648,3 млн.теңгеге сабын шығарылған. Ал, 2012 жылы 11221 тонна сабын шығарылды, 1607,0 млн.теңгені немесе 2011 жылмен салыстырғанда 158,4 % құрады.

«Оңтүстікполиметалл» ӨК» АҚ майлы бояуды 2009 жылы – 100 тн, қорғасын суригін – 179,7 тонна және сұйық шыныны – 260 тонна өндірген, барлығы 59,6 млн.теңгені құрады.

«Рауан» ҒӨО ЖШС өндірісті кеңейту мақсатында «Тұрмыстық химия тауарларын, сонымен қатар авторлық пластик ыдыстың өндірісі бойынша цехты іске қосу» атты инвестициялық жобасын іске асыруда. «Рауан» ҒӨО ЖШС тұрмыстық химия өнімдерін өндіру қолға алынған. Осы мақсаттар үшін 150 млн.теңгеге инвестицияланды (2008-2012 жылдары).

«СТД Гроуп» ЖШС көмірқышқыл газды (CO2) шығарып, өз өнімін «ЮНИКС» ЖШС («Тассай» минералды суы), «Алекс» ЖШС, «Визит» АҚ, «Арай» ЖШС, «VITA Industry» ЖШС, «Аква Идеал» секілді ЖШС облыс және республика көлеміндегі минералды және газдалған суды өндірумен және құйып үлестірумен айналысатын тамақ өнеркәсібі мекемелеріне жеткізіп тұрады. Мекеменің өнім шығару қуаты – айына 600 тонна көмірқышқыл газ. Салада келесідей мекемелер қызмет көрсетеді: филиалы Сайрам ауданында орналасқан «Шымкенткөміргаз» ЖШС, «Шымкентсыра» ЖШС, «КиТ и Со» ЖШС, «Южполиметалл» ӨК» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Нурибал база» ЖШС, сонымен қатар шағын мекемелер.

2012 жылы кәсіпорын 4103,2 млн.теңге, 2013 жылы 363,7 млн.теңге өнім өндірген.

ҮИИДМБ индустияландыру картасы аясында химия өндірісінде жалпы сомасы 174,5 млрд.теңге және 2644 жұмыс орынның ашылуымен 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жалпы сомасы 7,9 млрл.теңге және 380 жұмыс орынның ашылуымен 3 жоба іске қосылды.
Резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі.

2009 жылы 4050,6 млн.теңгеге өнім шығарылған, оның физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 100,3 % құрады. 2010 жылы 5001,3 млн.теңге немесе 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 108,3 % құрайды.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуында (2011-2013 жылдар) сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы -5871,1 млн.теңге (НКИ-142,7 %), 2012 жылы-8469,4 млн.теңге (НКИ-115,9 %), 2013 жылы- 7545,2 млн.теңге (НКИ-77,0 %) өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 2010 жылы 127,3 % (2008 ж.-139,0 %) құрады. 2014 жылы өндіріс көлемі 8370,1 млн. теңгені немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,3% құрады.

Резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі облыстағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 2,0 % құрайды.

Облыс бойынша осы салада «СТД Гроуп» ЖШС («STD Group»), «Шымкентпласт» ЖШС, «Эластополимет» ЖШС, «Дина-Н» ЖШС, сонымен қатар өнімді шығару өндірісінің негізгі салмағы түсетін шағын мекемелер: «Шымкент пластик құбыр» ЖШС, «Шымкент Профиль» ЖШС, «Вок Хаус» ЖШС, «Семсер ЛТД» ЖШС, «Бейне» ЖШС, «Полистирол» ЖШС, «РИН және К» ЖШС, «Каз Тел» ЖШС (Сайрам ауданы) және басқа да мекемелер.

2012 жылы 8469,4 млн. теңгеге өнім шығарылған, оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 115,9% құрады. 2008 жылмен (4425,9 млн.тг.) салыстырғанда саладағы өндіріс көлемі 1,9 есеге ұлғайды.

2014 жылы 8451,6 млн.теңгеге өнім шығарылған, оның физикалық индекс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 115,2% құрайды. 2013 жылы шығарылған өнім көлемі 7545,2 млн. теңгені немесе 2012 жылмен салыстырғанда 77,0% құрап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет