Шымкентте патрульдік полиция командирі бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі өз қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Тұрғындар бопсалау фактілері туралы арыз түсірген.

“Шымкент қалалық патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты бопсалау және делдалдар арқылы пара алу фактісі бойынша қала тұрғындарының арызы негізінде Шымкент қалалық ІІБ Ішкі қауіпсіздік бөлімі қылмыстық іс қозғады. Жиналған материалдардың қорытындысы бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Полиция департамент басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көріністеріне жауап беретінін атап өтті.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.