013 жылғы ақпандағы №101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына



жүктеу 31.88 Kb.
Дата20.04.2018
өлшемі31.88 Kb.
түріБағдарламасы


«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары
Б. Сағынтаевтың 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 17-43/ 01-17 (2.2-т.), 02-41 (2.2-т.) тапсырмасының 1-тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарын өзектендіру

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етеді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған өзектендірілген іс-шаралар жоспарын бекіту. Ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба заңнаманы кейіннен оған сәйкес келтіруді болжамайды

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қажеті жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған



Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат агенттігінің

Төрағасы А.Жұмағалиев

2014 жылғы «_____» ___________



(күні)



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет