014 жылдың айында сыбайлас жемқорлықпен күрес тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы



жүктеу 38.97 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі38.97 Kb.
түріБағдарламасы

2014 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықпен

күрес тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ
«Қазақстан Республикасының ІІМ-нің органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрінің бұйрығын, Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 28.05.2011 жылғы «ҚР-сы ІІО-ры қызметкерлерінің ар-намыс кодексін бекіту туралы» №248 бұйрығының талаптарына сай, орындау мақсатында Қызылорда облысы бойынша ІІО-ның полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу, ұдайы бақылауға алып, болдырмау үшін және осы сипаттағы қылмыстарды анықтап, жолын кесу мақсатында ОІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жоспарлар жасалып, аталған жоспарлар бойынша кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралар жасалуда.

2014 жылдың 9 айында Қызылорда облысы бойынша ІІО-ның полиция қызметкерлеріне қатысты 50-қылмыстық іс (2013 жылдың 9 айында -30 іс) қозғалса, бұл қылмыстардың 44-і сыбайлас жемқорлық сипатында орын алған.

Оның ішінде өз күшімізбен -13, қаржы полициясымен -30, прокуратурамен -7 қылмыстық іс қозғалған.

Атап айтқанда:



  • Департамент аппараты бойынша – 6 қылмыстық іс қозғалды, 5-уі сыбайлас.

  • Қызылорда ҚІІБ бойынша 10 қылмыс, 7-уі сыбайлас.

  • Шиелі АІІб бойынша 3 қылмыстық іс, 2-і сыбайлас.

  • Жалағаш АІІб бойынша 9 қылмыс, оның ішінде 9-ы да сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс.

  • Қармақшы АІІб бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған, 3-уі сыбайлас.

  • Қазалы АІІб бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған, 6-уы сыбайлас.

  • Арал АІІб бойынша 2 қылмыстық іс қозғалған, 2-уі сыбайлас.

  • Жаңақорған АІІб бойынша 10 қылмыстық іс қозғалған, барлығы да сыбайлас.

Орын алған қылмыстар бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеулер жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер және олардың тікелей басшыларына қызметінен босату мен ішкі істер органдарынан шығаруға дейін қатаң тәртіптік шаралар көрілді. ОІІД тәртіптік кеңестерінде сыбайлас жемқорлық жағдайы, заңдылық пен тәртіптің жай-күйі туралы мәселелер - 81 мәрте қаралып, нәтижесінде 203 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, оның ішінде -54 қызметкер ІІО-нан теріс қылықпен шығарылып, 33 қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған.

Есепті мерзімде ОІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына ІІО-ның полиция қызметкерлеріне қатысты барлығы -895 арыз-шағымдар келіп түсіп, жүргізілген тергеу алды тексеру нәтижесі бойынша -563 арыз-шағымдар бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімдер қабылданған, ал -61 арыз қарау реттілігі бойынша басқа органдарға жолданған.

Сонымен қатар, есепті мерзімде полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бағытында Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен барлығы -100 рейдтік шаралар жүргізілді. Нәтижесі бойынша -95 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша-90 қызметкер түрлі әкімшілік жауапкершілікке, 5-қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасап ІІО-нан шығарылған (Р.Жолманов,Тоғызбаев, Ғ.Мақсумов, Алмашев, Каракулов). (жалпы ОІІД-і бойынша 23 қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасаған).

Есепті мерзімде полиция қызметкерлерінің қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы орын алса, оның 8 дерегі полиция қызметкерлерінің кінәсінен болып, 3 дерек полиция қызметкерлерінің мас күйінде автокөлік басқару салдарынан орын алып отыр. (ҚІІБ ИДН - Д.Кенжеғараев; ОІІД ТҚБ-Н.Райымбеков; ҚІІБ батальон кинологы – Мамен).

Сондай-ақ, есепті мерзімде полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданудың 14 дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалған. (ҚІІБ-9, Сырдария және Шиелі АІІб-де -2 деректен, Арал АІІб-де -1 дерек орын алған.) (2013 жылы да 14 дерек бойынша қылмыстық істер қозғалған).

Департамент басшылығы тарапынан АІІб-деріне, ҚІІБ-на қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы, автокөлік басқаруға барлық құжаттарының толық болуы жөнінде бірнеше рет нұсқаулар жолданып, жеке құрамға әскери дайындық сабағында ескертілгенімен, автокөлікті қауіпсіздік белдіктерін тақпай, құжатсыз басқару деректері әлі де жалғасуда.

Қазіргі күні қызметкерлердің автокөлік басқару, жұмысқа кел және кету, сыртқы қызмет салаларының қызмет атқаруы сырттай бақыланып бейнекамераға түсірілуде.

Сондай-ақ, қызметкерлердің тәртіп пен заңдылықты сақтамағандары үшін жауапкершіліктерін ішкі істер органдарының ардагерлер мен тәлімгерлік кеңестері, офицерлер және полицейлер жиналыстары сияқты қоғамдық құрылымдарда қарап, тиімді пайдаланып келеміз.

Осы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, болдырмау, жолын кесу масқатында ІІД-нің әскери-қызметті дайындық сабақтарында дәрістер оқылып, онда облыс көлемінде сонымен қатар басқа облыстардағы полиция қызметкерлерінің тарапынан орын алып жатқан қылмыстар мен басқа да заңсыз әрекеттер туралы бейне роликтер (YouTube желісіндегі көріністер бойынша) дайындалып көрсетілуде.

Ішкі істер органдарындағы, оның ішінде жол-патрульдік, көші-қон полиция бөліністеріндегі, әкімшілік полиция қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу мақсатында ОІІД-нің кадр жұмысы басқармасының жеке құрам инспекциямен бірлесіп жоғарыда аталған қызмет салаларының күнделікті жұмыстарына тексеру жүргізу жұмыстары қазіргі күні өз жалғасын табуда.



ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет