016 жылдың тоқсанының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп



жүктеу 88.97 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі88.97 Kb.
түріБағдарламасы

2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың аз қамтылған тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламаларының аясында іске асырылады.



  1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және жәрдемақыларды төлеу.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (2227 теңге). Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайды (1 тоқсандағы мөлшер-13792 теңге). Жылдың басынан бастап балалар жәрдемақысы 6,5 млн. теңге сомасында 609 отбасына (1671 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (1 тоқсандағы мөлшері 9194 теңге).

2016 жылдың 1 сәуіріне атаулы әлеуметтік көмек 2,3 млн. теңгеге 66 отбасына (240 адамға) төленді. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 4729 теңгені құрады.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 25 млн.теңге сомасында 2122 адамға төленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысын және Алматы қаласы мәслихатының осы мәселе бойынша шешімдерін орындау мақсатында, келесі әлеуметтік көмектің түрлері көрсетіледі:

1) алты айлық есептік көрсеткіш мөлшері (АЕКМ) көлемінде (12726 теңге) жарты жылда бір рет әлеуметтік көмек. Аталған әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға тағайындалады:



  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

  • бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауыруы бар 1 топтағы мүгедектерге;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

1 сәуір жағдайы бойынша әлеуметтік көмек 88,2 млн. теңге сомасында 6935 адамға төленді.

  1. өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік әлеуметтік көмек. Ағымдағы жылдың басынан бастап әлеуметтік көмек 2,3 млн. теңге сомасында 11 адамға көрсетілді;

  2. жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек. Жыл басынан әлеуметтік көмек 10,5 млн. теңге сомасында 710 адамға көрсетілді;

  3. ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде орташа табысы жан басына шаққанда күн көріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын келесі азаматтарға көрсетіледі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға);

бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

Жыл басынан бастап әлеуметтік көмек 1,3 млн. теңге сомаға 154 адамға көрсетілді.

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек. 1 сәуірге бұл көмек түрі 11,4 млн. теңге сомасында 541 адамға көрсетілді.

6) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті азаматтары бар отбасына олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.Отбасының әрбір мүшесіне арналған аталған көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Әлеуметтік көмек 11 отбасына (53 адам) 993,7 мың теңге сомада төленді.

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға жергілікті бюджет есебінен бір тоқсанда мөлшері 6,5 айлық есептік көрсеткішті немесе 13786 теңгені құрайтын жәрдемақы төленеді. 2016 жылдың басынан жәрдемақы 15 балаға 184 мың теңге көлемінде төленді.




  1. Мұқтаж азаматтарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін санаториялық-курорттық ем беріледі. Көрсетілген көмектің түрі осы қызметті мемлекеттік сатып алу конкурсы өткеннен кейін көрсетіледі

Қалада қоғамдық көлікте жүру үшін жеңілдетілген электрондық жүру картасы еңгізілген. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 117550 көліктік карталар берілді. Бұдан басқа, 1 наурыздан бастап зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге жеңілдетілген жүру билеттері еңгізілген.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, 75 жасқа жеткен және одан асқан қарттар, 1 және 2-ші топтағы мүгедектер және 18 жасқа толмаған мүгедек балалар қалалық қоғамдық көлікте тегін жүрумен қамтамасыз етіледі. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге, 18 жасқа толғанға дейін 4 және одан көп балалы аналарға жол ақысының 50 пайызын төлеу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Алматы қаласының әкімдігіне жыл басынан бастап 42 көп балалы аналардың құжаттары жіберілген, оның ішінде жеті және одан да астам бала туып өсірген 16 адам - «Алтын алқа» алқасымен, алты және одан да астам бала туып өсірген 26 адам - «Күміс алқа» алқасымен марапаттау үшін.

Мүгедектерге оның ішінде мүгедек балаларға, қартайғандарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Есептік кезеңде Ардагерлер үйінде 288 адам, психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде -623 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде -144 адам, күндізгі уақытта болу орталығында 50 адам, Әлеуметтік тұрғын үйінде 39 адам тұрады.

Бұдан басқа, қаланың аудан әкімдерінің аппараты жанындағы үй жағдайында әлеуметтік көмек беру 29 бөлімшелерінде жеке басты 2367 жалғыз тұратын мүгедектерге және зейнеткерлерге қызмет көрсетіледі.

Тұрақты орны жоқ адамдарға арналған Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы 280 койко-орынға арналған. Жыл басынан бастап оның қызметімен 512 адам пайдаланды.




  1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік сектор арқылы АӘҚ жартылай стационар жағдайында Алмалы және Әуезов мүгедектерді оңалту орталықтарында көрсетіледі, онда психоневрологиялық ауруы бар 18 жасқа толмаған және 18 ден асқан 124 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі.

Арнайы әлеуметтік қызмет үй жағдайында 6 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшелерінде және 2 оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) 1072 мүгедек балаларға, оның ішінде 137 адам – 18-ден асқандарға көрсетіледі.

Мемлекеттік емес сектор арқылы жартылай стационар жағдайында АӘҚ 207 мүгедек балаларға және 18 асқан тұлғаларға, оның ішінде АРДИ арқылы 104 балаларға, «Мархабат» ҚҚ арқылы 43 балаларға, «Рух» ҚҚ арқылы 60 балаларға көрсетіледі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесiне» және мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер сурдо-тифлотехникалық және арнайы гигиеналық құралдарымен, кресло-арбамен, протездік-ортопедиялық көмекпен, санаториялық-курорттық еммен, жеке көмекші қызметімен, ым тілі қызметін маманымен тегін қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жеткізушілермен жасалған келісім-шартқа сәйкес жеке көмекші қызметімен 1790 адам 162,3 мың теңгеге, «инватакси» қызметімен 286 адам 21836 мың теңгеге пайдаланды. Қалған қызметтерді сатып алу конкурстары кесте бойынша өтеді.


  1. Халықты жұмыспен қамту.

Статистиканың мәліметі бойынша 2015 жылы еңбек нарығында экономикалық белсенді халықтың саны 885,1 мың адамды құрады, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 75,9 мың адамға көп (өсу 74 мың адам). Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 66,6 мың адамды құрайды, жұмыспен қамтылған халықтың ішінде олардың үлесі 2014 жылдың деңгейінде қалып 7,9% құрады. Жұмыссыздықтың деңгейі 5,5пайыздан 5,3 пайызға азайды.

Жұмыссыздықты өсіруге тиым салу және еңбек нарығында тұрақтылықты сақтау үшін 2016 жылға арналған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспары жасалған, оның аясында 30 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған.

2016 жылдың 1 сәуірінде жұмыспен қамту үшін өтініш білдіргендердің саны – 4255 адам, оның 2367-сі жұмыссыздар. Есептік кезеңнің соңында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 3624 адам, оның ішінде 2320 жұмыссыздар.

Наурыз айының соңында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 3571 адам қамтылған, олардың ішінде 830 алам әлеуметтік жұмыс орындарына, 489 адам жастар тәжірибесіне, 346 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған, мемлекеттік қолдау шараларынсыз 1881 адам жұмысқа орналасқан, кәсіптік дайындықты 25 адам өтуде.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасының 1-ші бағыты бойынша 940 жұмыс орындары құрылатын, оның ішінде 473-сі Бағдарламаның қатысушыларына арналған 5 әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейтіп қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қалада Даму Бағдарламасы аясында 20000 жұмыс орындарын құру жоспарланған, 1 сәуірге 4959 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде ең үлкен меншікті салмақ 43,5% -сату саласына.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмыспен қамту көмегін алу үшін өтініш білдіргендердің саны 1739 адам, оның ішінен жұмыспен қамтылғандардың саны 18 адамды құрады.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 111,6 мың адам жұмыс істейтін 93 ірі, 119 орташа, 255 кіші- құрылымды мекемеге сұрау салынды. Сұрау салынған мекемелерде жалпы жұмыстан босатылғандардың саны 6520 адамды немесе жұмыскерлердің санынан 5,8 пайызды құрады, штат санының қысқартылуына немесе мекеменің жойылуына байланысты 625 адам жұмыстан босатылды.

Еңбек ақысы сақталмайтын мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 674 адам, олардың 364-і жұмысы жартылай тоқтағандықтан, 310 адам өндіріс көлемінің қысқартылуы. Толық емес жұмыс уақытында істейтіндер 620 адам, жуырда 144 адам қысқартылуы мүмкін.

Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша әкімдік, бизнес субъектілері, кәсіподақтар арасында қабылданған меморандумның мониторині жүргізіледі. 2016 жылдың 1 сәуіріне қала мекемелерімен 25604 меморандум қабылданды.



ТМД елдерінен түскен жұмыскерлердің жұмыс орындарын және орташа жалақысын дәлелдеу үшін 4 сұраныс қаралды, жұмыспен қамту сұрақтары бойынша азаматтардың 32 арызы қаралды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет