016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Архивтік анықтамалар беру»



жүктеу 20.12 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі20.12 Kb.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы» КММ



2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Архивтік анықтамалар беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру».

2016 жылы 2 мәдени құндылықты уақытша әкету құқығына куәлік берілді. Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі қорларының жәдігерлері Омбы және Өскемен қалаларындағы көрмелерге қойылды.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде үш ғылыми-реставрациялау жұмысын жүргізуге келісім берілді.

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивтерімен 24076 архивтік анықтама берілді. Соның ішінде альтернативтік негізде «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде 2260 қызмет көрсетілді.

Барлығы 2016 жылы 24 081 қызмет көрсетілді. Былтырғы 2015 жылмен салыстырғанда, өтініштер саны жалпы 8,3%-ға, «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 1,8 есеге, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы 3,2 есеге көбейді.

Архивтік анықтамалар беру туралы түскен сұраулардың көбі еңбек өтілі мен жалақы мөлшерін растау, мүліктік құқықты растау, білім алу фактісін растау, азаматтық күй актілерін растау мәселелеріне қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті арқылы ГФР және Ресейден жұмыс істеу уақыты мен жалақыны растау жайында 26 консулдық сауал түсті.

2016 жылы «Архивтік анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметінің стандарты және регламенті әзірленді және бекітілді.

Жыл бойы «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету сапасын бақылау жоспарына сәйкес облыстың 14 архиві тексерілді. «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының, «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік қызметінің стандарты мен регламентінің бұзылуы анықталған жоқ. Тексеріс қорытындылары бойынша актілер құрылды, жауапты тұлғаларға нұсқаулар берілді.

Мемлекеттік архивтермен бірігіп, жыл бойы қызмет көрсету туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіліп отырды. Жыл ішінде облыстық газеттерде 8 ақпараттық мақала жарияланды, 4 дөңгелек үстел ұйымдастырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті орындау бойынша өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандарымен 17 семинар өткізілді.



Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат СҚО әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының сайтында, басқарманың және архивтер ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған.

Басқарманың отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату мәселелері қаралды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет