017 жылдың жартыжылдығында Бородулиха ауданында этноаралық келесемді нығайту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат «Бородулиха ауданының Достық үйі»



жүктеу 48.28 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі48.28 Kb.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында

Бородулиха ауданында этноаралық келесемді нығайту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат
«Бородулиха ауданының Достық үйі» КМҚК Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 934 қаулысымен құрылған.

Достық үйінде 8 этномәдени бірлестік: «Ляйсан» татар, «Верасы» белорус, «Родник», «Славянка», «Сударушка» орыс, «Смерічка» украин, «Ахмат» шешен, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілеттілігі мен «Ажар» мәдени бірлестігі жұмыс істейді. Сонымен қатар Достық үйінде «Кумушки-голубушки» орыс әндерінің шығармашылық ұжымы, «Ақнұр» балалар вокалдық студиясы, «Звездочки» балалар би студиясы, «Чудеса своими руками» декоративтік – қолданбалы шығармашылық студиясы жұмыс істейді. Белорус ЭМБ балалар ұжымы, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Өзіңе сен» атты музыкалық үйірме жұмыс атқаруда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Ассамблеясын дамыту Концепциясына сәйкес Достық үйі жұмыстарының жаңа бағыттары анықталды. 2016 жылы Достық үйінің жанында жастар лигасы, аналар кеңесі, қоғамдық келесім кеңесі құрылды, медиация кабинеті ашылды.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында Достық үйі этномәдени және қоғамдық бірлестіктермен бірге 39 іс – шара өткізіп, 6800 адамды қамтыды. Салт – дәстүр саласындағы ой - өрісті кеңейту мақсатында: «Светлый праздник Рождества», правослан мерекесі «Крещение Господне», «Мы за чаем и блином речь о Масленице ведём» халықтық серуен, «Ескілік туралы сөз қозғайық» атты әдеби – тарихи сағат, «Наурыз мейрамы» мерекелік іс – шара, «Пасхальный звон» танымдық іс-шара, правослан мерекесі «День святой троицы» және Семей қаласындағы «Возрождение» облыстық неміс қоғамдық бірлестігі шақыртылған неміс католик Пасхасының мерекесі сияқты танымдық іс – шаралар өткізілді.



Рухани және адамгершілік құндылықты, ұлтаралық келісімді сақтау мақсатында: «Ескі жаңа жыл», «Шебер қол» шығармашылық жұмысының көрмесі, «Когда семья вместе и душа на месте» отбасылық музыкалық конкурс, «Өмір энергиясы» жастар этно – форумы, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» аудандық фестиваль – конкурс,




ЭКСПО – 2017 ашылуы аясында Новошульба ауылдық округінде «Біз мәңгілікке біргеміз» атты достық фестивалі сияқты іс – шаралар өткізілді. Маусым айында «Ардагерлер ауласы - 2017» ІІІ аудандық конкурс басталды.



Достық үйі қызметінің бір бағыты қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. 15 ақпанда Бақы ауылдық округінде ауған соғысында қайтыс болған жауынгердің анасы Р.Ф. Морозкинамен кездесу өткізіліп, Достық үйімен азық-түлікпен бағалы сыйлық берілді. Новопокровка ауылдық округінде әлемдік жазушылар күніне арналған «Қазақстанның жазушылары» атты әдеби сағат өткізілді. Батырлар күні қарсаңында «Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ бірге мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Батырлар кезеңі» атты мерекелік іс – шара өткізілді. «Қайырымдылық керуені» шеңберінде Жеңіс күні қарсаңында «Сіздердің жеңістеріңіз – біздің өміріміз» атты қайырымдылық акциясы өтті. Достық үйінде «ХХІ ғасырдағы Қазақстан: жетістік стратегиясы», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Өткеннен естелік» атты дөңгелек үстелдер, «Болашаққа көзқарас. Конституциялық реформа – жаңа тарихи ғасыр» атты ақпараттық сағат, «Ә. Бөкейханов Алаш партиясының көшбасшысы» атты тарихи сағат өткізілді.

Қаңтар, наурыз айларында аналар кеңесінің және қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырыстары, ақпан айында жастар лигасы кеңесінің отырысы өткізілді.

Жезкент кенттік, Жерновка, Новопокровка, Құнарлы ауылдық округтерінде ЭМБ қатысушылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

1 наурызда алғыс айту күні шеңберінде Достық үйі мен этномәдени бірлестіктер «Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» атты іс - шара өткізді. Алғыс айту күнінде Достық үйі «Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық түстігін өткізді. Ауылдық округтерде ауданның этномәдени бірлестіктері тыл ардагерлерімен, мүгедектермен, жалғыз басты зейнеткерлермен, және Бородулиха ауданының көп балалы аналарымен қайырымдылық кездесулерін өткізді.

Қоғамдық келісім кеңесі, аналар кеңесі ауданның мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен отырыстар өткізді. 3 наурызда Новопокровка, Степной, Құнарлы ауылдық округтерінде «Ауылдық округ күні» атты қоғамдық келісім кеңесінің сапарлық отырыстары, ауылдық округ мамандарымен және учаскелік инспекторлардың қатысуымен «Медиация туралы Заң мен оны қолдану» атты медиация бойынша 2 семинар, сәуір, мамыр айларында Достық үйінде Бородулиха ауданы сотының төрайымы С.Д. Байбосыновамен кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізілді.



Азаматтық және ұлттық құндылықты қалыптасыру мақсатында маусым айында Жезкент кенттік округінде ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Біздің ту! Біздің елтаңба! Біздің әнұран!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

«Қайырымдылыө керуені» аясында азқамтамасыз етілген, жағдайы нашар, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек ретінде 1 маусымнан 8 маусым аралығында «Мейірімділік сыйла» атты аудандық қайырымдылық акциясы ұйымдастырып, өткізілді.

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – конституциялық реформа - жаңа тарихи ғасыр» жолдауын, Ұлт көшбасшысы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау мақсатында Бородулиха, Новопокровка, Құнарлы, Жерновка ауылдық округтерінде Достық үйінің ақпарттық тобы спарларға шығып отырады.



Этнос өкілдері мен конфессия арасындағы өзара сыйластық біздің еліміздегі ұлтаралық және конфессия аралық келесемнің үлгілі моделін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Бородулиха ауданының Достық үйі қазақтар мен орыстарды, украиндар мен белорустарды, немістер мен татарларды бір шаңырақ астына біріктірген мекеме. Ұлт өкілдерінің білімі, наным – сенімдері әртүрлі болғанымен олардың басты мақсаты мемлекетіміздің басты байлығы бейбітшілікті сақтау болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет