018 жылдың жартыжылдығы облыстық бюджеттің атқарылуы



жүктеу 78.78 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі78.78 Kb.
түріКодекс


2018 жылдың 1 жартыжылдығы

облыстық бюджеттің атқарылуы

(Азаматтық бюджет)
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес республикалық бюджет және жергілікті бюджеттерге жатқызылатын облыстық бюджет, аудан бюджеті, облыстық маңызы бар қала бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.

Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

2018 жылға облыстық бюджеттің атқарылуы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №15-2 шешімінің шеңберінде және оған қоса 2018 жылғы 16 наурыздағы №16-3 шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қамтамасыз етілді.
Түсімдер

2018 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджеттің түсімдері 68,1 млрд.теңгені құрады (жыл басындағы бюджет қаражаттарының бос қалдықтарын қоса есептегенде), соның ішінде кірістер – 58,1 млрд.теңге.

Облыстық бюджеттің базалық кіріс көздері болып республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер (51,3%), төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер (3,8%) және салықтық түсімдер (29,0%) болып табылды.

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен жалпы сомасы 34,9 млрд.теңге трансферттер алынған, соның ішінде субвенциялар (өтеусіз түсімдер) – 27,7 млрд.теңге. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 7,2 млрд.теңгені құрады, соның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 3,4 млрд.теңге, нысаналы даму трансферттері – 3,8 млрд.теңге.

Салықтық түсімдердің құрылымында барлық салықтық түсімдердің жалпы көлемінен 91,0% жеке табыс және әлеуметтік салықтары (18,0 млрд. теңге) құрады және облыстық бюджеттің өз кірістерінің негізгі көздері болып табылды.

Жеке табыс және әлеуметтік салықтары облыстық бюджет пен облыстық бюджеттің «донорлары» болып табылатын Орал қаласы мен Бөрлі ауданы бюджеттерінің арасындағы бөлу нормативіне сәйкес есептелді.


Шығыстар

2018 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджеттің шығыстар бөлігі жоспарға шаққанда 99,6% немесе 64,4 млрд. теңгеге орындалды.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар жоспарға шаққанда 99,6% (55,7 млрд.теңге) орындалды, ал даму бюджеттік бағдарламалары бойынша – 100% (8,7 млрд.теңге).

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес облыстық бюджеттің орындалуы келесідей түрде қалыптасты.



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер бойынша шығыстар 1 003,9 млн.теңгені немесе облыстық бюджеттің жалпы шығыс көлемінің 1,6% құрады, қорғаныс – 62,7 млн.теңге (0,1%), қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке шығысталғаны 2 344,3 млн.теңге (3,6%).

2018 жылдың 1 шілдесіне бойынша білім беру саласындағы шығыстар 7 594,3 млн.теңгені немесе облыстық бюджеттің жұмсалған шығыстарының 11,8% құрады.

Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге 623,0 млн.теңге, мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беруге 515,0 млн. теңге бағытталды.

Есепті кезеңде балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру бойынша қосымша білім беру шығыстары – 449,7 млн.теңге, мамандандырылған білім беру ұйымдарында дене шынықтыру бойынша дарынды балаларға жалпы білім беру – 185,4 млн. теңгені құрады.



Денсаулық сақтау шығыстары 1 933,8 млн.теңге сомасында немесе облыстық бюджеттің жалпы 3,0% орындалды.

Есепті кезеңде әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамсыздандыруға 1 941,9 млн. теңге немесе облыстық бюджеттің жүргізген шығыстарының 3,0 % бағытталды.

Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша шығыстар 385,5 млн. теңге сомасында орындалды.

Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық ауруларға шалдыққан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға 292,7 млн.теңге, балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) психоневрологиялық ауруларға шалдыққан мүгедек балаларға – 150,7 млн.теңге жұмсалды.

Жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға 132,1 млн. теңге, соның ішінде балалар үйлеріне – 65,5 млн. теңге, отбасылық үлгідегі балалар қалашықтарына – 66,6 млн. теңге бағытталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шығыстар 2018 жылдың 1 шілдесіне 7 262,9 млн. теңге немесе жалпы облыстық бюджет шығыстарының 11,3% құрады.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiкке 2 446,2 млн. теңге жұмсалып, жалпы облыстық бюджет шығыстарының игерілу үлесінің 3,8% құрады.

2018 жылдың есепті кезеніне әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау, республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу үшін 1 072,9 млн. теңге бағытталды.

Театр және музыка өнерін қолдауға шығыстар 318,6 млн. теңгені құрады, тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге – 187,4 млн. теңге, облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 101,9 млн. теңге.

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалануға функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары 0,3% немесе 203,4 млн.теңгеге орындалды.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау бойынша өткен кезең ішінде қаражаттардың игерілуі 8 037,6 млн. теңге деңгейінде, бұл жұмсалған шығыстардың 12,5% құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан жалпы сомасы 4 014,5 млн. теңге бюджеттік кредиттер бөлінді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 1 611,0 млн.теңге бағытталды.

Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу 460,8 млн. теңге жұмсалды.

«Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру» бағдарламасы шеңберінде 260,1 млн. теңге игерілді.

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде аудан бюджеттеріне 815,3 млн. тенге сомасында бюджеттік кредиттер аударылды.



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары 0,3% немесе 171,9 млн.теңгеге орындалды.

Көлiк және коммуникация шығыстары 3 166,7 млн.теңге сомасында орындалды немесе жалпы облыстық бюджет 4,9% құрады.

Көлік инфрақұрылымдарын дамытуға 728,6 млн.теңге. Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету 184,1 млн.теңге. Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын 105,6 млн. теңгеге субсидияланды.



Өзге шығыстары бойынша барлығы 1 848,2 млн.теңгені немесе бюджеттің шығыстарының 2,9% құрады.

2018 жылдың 6 айында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша шығыстар 1 359,7 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша шығыстар 47,0 млн. теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша шығыстар 93,7 млн. теңге, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын несиемен ішінара кепілдендіру 28,3 млн.теңгені құрады.



Борышқа қызмет көрсету функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстары 5,7 млн. теңгеге орындалды.

Трансферттер 23 870,2 млн.теңге немесе облыстық бюджет шығыстарының 37,0% құрады.

Қарыздарды өтеу бойынша барлығы 2 527,4 млн.теңгені немесе бюджеттің шығыстарының 3,9% құрады.

Қосымша
2018 жылдың 1 жартыжылдығы облыстық бюджеттің атқарылуы


млн. теңге

Түрі

Атқарылуы

Түсімдер

68 065,1

Кірістер

  1. 75,3

1. Салық түсімдер

19 765,9

Табыс салығы

6 869,4

Әлеметтік салық

11 110,3

2.Салықтан тыс түсімдер

827,8

3.Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

0,4

4.Трансферттердің түсімдері, соның ішіде

37 481,2

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің түсімдері

34 884,8

Бюджеттік кредиттерді өтеу

1 996,5

Мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

1,7

Қарыздардың түсімі

7 424,0

Республикалық бюджеттен берілетін қарыздары

5 908,6

Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк бағалы қағаздардың шығаруы

1 515,4

Бюджет қаражаты қалдықтары

569,2

Шығыстары, функционалдық топ бойынша

64 421,1

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1 003,9

Қорғаныс

62,7

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

2 344,3

Білім беру

7 594,3

Денсаулық сақтау

1 933,8

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

1 941,9

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

7 262,9

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

2 446,2

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

203,4

Ауыл, су, орман, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

8 037,7

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

171,9

Көлiк және коммуникация

3 166,7

Басқалар

1 848,3

Борышқа қызмет көрсету

5,7

Трансферттер

23 870,2

Қарыздарды өтеу, соның шінде

2 527,447

Республикалық бюджет алдындағы қарызды өтеу

891,6

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша

1 635,8







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет