018 жылғы 23, 26 қаңтарда өткізілген Курчатов қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесулері барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды орындау бойынша тоқсанға ақпарат



жүктеу 221.35 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі221.35 Kb.

2018 жылғы 23, 26 қаңтарда өткізілген Курчатов қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы

есептік кездесулері барысында айтылған сын-ескертпелер

мен ұсыныстарды орындау бойынша 1 тоқсанға ақпарат


п/п

Сын айтушының Т.А.Ә.

Сын-ескертпелер

мен ұсыныстардың мазмұны

Сын-ескертпелер мен сұрақтарға жауаптар

Жауаптылар

Орындауды бақылау әкім орынбасарларында

Статус

1

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Абаттандырылған қалалық жағажайдың болмауы туралы.


2016 жылы «Балапан» МКК № 2 мектепке қарама қарсы жағажайға абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жағажай аумағына иесіз малдардың еркін кіруіне және көктемгі кезенде су денгейінің жоғарлауына байланысты, жүргізілген жұмыстардың тиімділігі өте төмен екендігі байқалады.

Осы жағдайды шешу үшін «ШҚО Курчатов қаласының ТҮКШ, КТ және АЖ бөлімі» ММ жағажайды қалпына келтіру бойынша қоршауды ескере отырып, сметалық құжаттамаларды әзірлеу және оларды әрі қарай ақшалай қаражатты бөлуге бюджеттік өтінішті беру үшін іс-шараларды жүргізеді.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов

әкім орынбасары



Есептік кездесуде түсіндірілді

2

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Отбасымен демалуға арналған жақсы саябақтардың болмауы, сондай-ақ «Буратино» саябағын қайта құру мүмкіндігі және оны әрқарай күзету туралы.


Қала аумағын абаттандыру және қала тұрғындарының өмір сүру ортасын жағымды және қолайлы жасау мақсатында, 2017 жылы «Абай» атындағы саябақты және орталық аланды қайта құру, сондай-ақ, «Қылқан саябағы» құру жұмыстары басталды.

«Буратино» саябағына қатысты осы саябақты бір неше рет қалпына кетірдік. Алайда, бірнеше рет тіркелген вандализм фактілері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін нөлге тенестіреді.

Осыған байланысты, жергілікті бюджет қаражатынан қала аумағына, сондай-ақ, қоғамдық жерлерге бейне бақылау камераларын орнау жұмыстары қарастырылған.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары.


Есептік кездесуде түсіндірілді

3

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Қалада жасыл көшеттердің жетіспеушілігі, сондай-ақ, қалада жасыл өсімдіктерді тұрақты сапалы суарудың болмауы туралы.


Жасыл өсімдіктерді суару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін 2017 жылы ЖАО қалада суару жүйесін қайта құру бойынша жұмыстарды жүргізуге қаражат бөлу үшін жоғары бюджетке бюджеттік өтінім берілді, алайда, бюджетін аздығына байланысты, бас тартылды.

2018 жылы ЖАО нақылауына қайтадан бюджеттік өтінім берілді. Осы өтінім қаралуда.

Қалада жасыл өсімдіктерді суаруға 2018 жылға 6 млн. 607 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов

әкім орынбасары



Есептік кездесуде түсіндірілді

4

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

«Ашық аспан астындағы мұражай» жобасының логикалық аяқталуына жеткізу қажеттілігі туралы.

Саябақтарды, гүлшоғырларын, абаттандыру элементтерін орналастыру қаланы жобалаудың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов

әкім орынбасары



Есептік кездесуде түсіндірілді

5

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Үйішілік аумақтарда жарықтың болмауы туралы.



ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, үйішілік аумақтар тұрғындардың жалпы үлестік меншігі болып табылады.

Сондай-ақ, қаланы егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес, көшелерді жарықтандыру қайта құрылмайтын аумақтарды жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуі 2019 жылға жоспарланып отыр.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

6

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Көшені жарықтандыратын шамдарды уақытылы ауыстыру қажеттілігі туралы.

Қазіргі таңда «Көшені жарықандыруды қайта құру» бойынша жұмысардың кепілді мерзімі өтіп кетті. Қала уамағында орнатылған шамдарды жөндеуге келмейді бір шамның құны 85,0 теңгені құрайды. Осыған байланысты, көшені жарықтандыру шеңберінде шамдарды ауыстыру жүргізілмейді. 2018 жылы «Курчатов қаласының ТҮКШ, КТ және АЖ бөлімі» ММ 170 шамға бюджеттік өтінім берді. Бюджеттін мүмкіндігі шектеулі болуына байланысты, өтінім жартылай қолдау алды.

2018 жылғв 70 дана шамды ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарланған.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

7

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Қала аумағынан қоқысты уақыты және сапасыз шығарылуы туралы.


Қала аумағында қоқысты шығару күнделікті жүзеге асырылады. Барлық қоқыс жәшіктері жел бағытын, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып орнатылды.

Қоқысты шығару мәселерінің негізгі себебі арнайы техниканың паркінің ескіруі, сондай-ақ тұрғындардың қоқыс жәшіктерін дұрыс пайдаланбауы.

Сонымен қатар, қаланың сауда нүктелерінде санкцияланбаған қоқыстың, осы мәселе бойынша ЖАО бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгінді. Осы мәселе бойынша 29 құқық бұзушылық тіркелді.осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

8

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Жыл сайын көктем кезеңінде жүргіншілер тротуарларын батбақтан және құмнан тазаланбауына байланысты, олардың қанағаттандырмайтын жағдайы туралы.

2018 жылы тиісті мемлекеттік органдармен жүргіншілер тротуарларын тазалау бойынша жұмыстарды бақылау күшейтілетін болады.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

9

АЭИ

Үшінші қазандықтың қатты түтін шығаруына, құрымы үйлердің терезелеріне, аулаларына және 3 мектептің аумағына балалар дене шынықтырумен айналысатын жерлерге баруына байланысты, қазандықты ауыстыру немесе қосымша сүзуді құру мүмкіндігі туралы.

Қазіргі танда «Курчатов қаласының кіреберісіндегі темір жолдардың құрылысымен жылу жүйелерін қайта құрумен қатты отынды № 1 қазандықтың құрылысы» жобасы бойынша ЖСҚ бар, сондай-ақ, орталық қазандық құрылысы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

10

АЭИ

Аула аумағындағы қоқыс жәшіктерін абаттандыру туралы (жаңа құрылымдардың қауіпті және қолайсыз болуы).

2016 жылы Курчатов қаласында 25 қоқыс жәшіктерін орналастыру жұмыстары жүргізілді. Барлық қоқыс жәшіктері жел бағытын, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып орнатылды. Қазіргі танда ЖАО қоқыс жәшіктерін сенімді басқаруға шарт жасасты.

Жоғарыда айтылған барлық кемшіліктер жасалған шартқа сәйкес, мүдделі ұйыммен 2018 жылдың 31 наурызына дейін жойылатын болады.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

11

АЭИ

Қала көшелерін жарықтандыру кестесін дұрыс белгілеу туралы (мысалы: 07:30 бастап 08:00 аралығында балалардың мектепке бару уақытында жарықтар мүлдем жоқ).

Көше жарықтарын қосу уақыты апта сайын күн шығатын кестеге сәйкес түзетіледі.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

12

АЭИ

«Байкал-1» КИР автобусының «Дегелен» станциясының т/ж жолы арқылы екі жаққада тосқауылсыз өтуі мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі туралы, себебі күнделікті жұмыс және жеке уақытының шамамен бір сағат уақытын алады.


Қазіргі танда т/ж жолы арқылы автобустын тұрақты өтуі тек қана көпір немесе жер асты жолын салу арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта қаржы тапшылығы және қаржыны мақсатсыз пайдалануға байланысты бұл мүмкін емес болып табылады.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

13

АЭИ

3 қазандық манында үлкен жүк автокөліктерінің санкцияларысыз тұрағы туралы.

Қалалық полицияның мекенжайына ҚР заңнамасына сәйкес, шаралар қабылдау туралы хат жолданды.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

14

АЭИ

Көк тайғақ кезінде жаяу жүргіншілер жолдарына, автокөлік жолдарына құм себілу жайлы.

«Курчатов қаласының ТҮКШ, КТ және АЖ бөлімі» ММ «Балапан» МКК қызмет көрсететін ұйыммен бірлесіп, Курчатов қаласының автокөлік жолдарының жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Апаттық жағдайларға жол бермеу, сондай-ақ, тұрғындардың жаяу жүргіншілер жолындағы және тротуардағы қозғалысында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, көк тайғаққа қарсы материалдармен (құм) жолдарды себу шаралары уақытылы жасалады.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі


А.Т. Қасқабаев

Курчатов қаласының полиция бөлімі



(келісім бойынша)

Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

15

АЭИ

«Октябрь» сауда орталығының манындағы фонтанның жөнделу мүмкіндігі туралы.

Саябақтарды, гүлшоғырларын, абаттандыру элементтерін орналастыру қаланы жобалаудың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес, жүргізілетін болады.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

16

АЭИ және қала тұрғыны

Абай және Олимпийская көшелерінің аулаларында жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар Победа көшесі бойнша автотұрақ ұйымдастыру жайлы.

2018-2019 жылдары қала аумағында келесі жобаларды іске асыру жоспарланған, нақтырақ атап өтсек:

1. «ШҚО Курчатов қаласында магистрал коллекторымен тоғандарды және су көтергіш станцияларды қайта құру».

2. «Курчатов қаласында сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру».

3. Магистрал коллекторларымен кәріз жүйесін қайта құру», жалпы ауданы 7,6901 га.

Осы жобаларды жүзеге асыру жер жұмыстарының белгілі бір көлемін қарастыруда, осыған байланысты қала аумағын абаттандыру жұмыстарының мақсаты мұқият қаралатын болады.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

17

П.П. Каличко

ККСЭК пәтердегі жылуға жауап беруі туралы.

«ККЭСК» МКК Жарғысына сәйкес, кәсіпорынның жұмысы өндіріс және жылу энергиясын бөлуболып табылады. Қазіргі таңда, қала аумағындағы барлық жылу желілері «ККЭСК» МКК балансында. Алайда, көп пәтерлі тұрғын үйлердегі (КПТҮ) үйішілік инженерлік желілер тұрғындардың жалпы меншігінде тұр.

Осыған байланысты, инженерлік жүйелердің сақтығына және дұрыс жұмыс істеуіне тұрғандар жауапты.КПТҮ тұрғындары өздері жалпы меншікті басқару үлгісін өздері таңдайды. Қазіргі таңда, Курчатов қаласында КПТҮ басқару жеке кәсіпкерлерге беру тәжірибеде. Осы қазметтерді қалада «Қизат Серік» ЖК және «Тямуков» ЖК ұсынады.

«ККЭСК» МКК жылу энергиясын беру «ККЭСК» МКК және басқару компаниялары арасындағы баланстық шекара актісіне сәйкес жауапты.

Балансытық шекара актісіне сәйкес, сондай-ақ ҚР Заңнамасына сәйкес, үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсетуші ұйым жауапты.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

18

АЭИ

Тұрғын үй айналасындағы жасыл зонаға автокөліктердің тұрақтануына бақылаудың жүзеге асырылуы туралы.

Саябақтарды, гүл шоғырларын, абаттандыру элементтерін орналастыру қаланы жобалаудың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес, жүргізілетін болады.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, үйішілік аумақтар тұрғындардың жалпы үлестік жеке меншігі болып табылады.

Жасыл зонаға автокөлік тұрақтануына қатысты, осындай жағдайлар анықталған болса құқық қорғау органдарына жүгінулеріңізді сұраймын.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі


А.Т. Қасқабаев

Курчатов қаласының полиция бөлімі



(келісім бойынша)

Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

19

П.П. Каличко

Жаңа мектепке коммуникация тарту бойынша жер жұмыстары аяқталғаннан кейін Тәуелсіздік 51 және Абай 46 көшесі бойындағы үйлердің аумағында тәртіп орнату туралы.


Осы жұмыстар № 4 мектептің құрылысы бойынша жұмысты жеткізушінің келісімшарттық міндеттері. Қазірі таңда, келісімшарт талаптарының орындалмауына қатысты мүдделі органмен сот талқылауы жүргізіліп жатыр.

Айтылғандарды ескере отырып, сондай-ақ, қала аумағын абаттандыру мақсатында, 2017 жылы «Балапан» МКК № 4 мектептің сумен қамтамасыз ету желілерін орналастыру бойынша жүргізілген жұмыстарын аумақты жоспарлау жұмыстары жүргізілді.

Қосымша жұмыстарды жасау қажеттілігі ағымдағы жылдың жаз кезеңінде қаралатын болады.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

20

П.П. Каличко

Олимпийская көшесі бойынша және Күншуақ балабақшасы маңында РҚЭИ, АЭИ, Байкал институтарының қызметкерлеріне арналған түсіру тұрағын ұйымдастырылу мүмкіндігі туралы.

Қазіргі таңда Олимпийская көшесі бойынша № 20 үйдің манында автобекет бар, қосымша автобекеттерді орналастыру жұмыстары қаланың егжей-тегжейлі жобалау жоспарына (ЕТЖЖ) сәйкес жүргізілетін болады.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р. М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

21

П.П. Каличко

Олимпийская 27 көшесі бойынша «Успех» дүкенінің автобус бекетін немесе жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру мүмкіндігі туралы.


Абаттандыру элементтерін, сондай-ақ, автобус бекеттерін орналастыру жұмыстары қаланың әзірленген егжей-тегжейлі жоюалау жоспарына (ЕТЖЖ) сәйкес жүзеге асырылуда.

Жол белгілерін орналастыру мемлекеттік автоинспекцияның жазбасына сәйкес орнатылады.

Сонымен қатар, «Жаяу жүргіншілер» 5.19.1. жол белгілерін ауыстыру мақсаттылығы тмісті құзыретті органмен қаралатын болады.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары

Есептік кездесуде түсіндірілді.

22

П.П. Каличко

Олимпийская көшесі бойынша және Фильтровальной бекетінен бастап ЯТП дейінгі жүргіншілер тротуарлары қашан қалпына келтіріледі

Қолданыстағы тратуарлар бұзылған және оларды қалпына келтіруге келмейді.

Абаттандыру элементтерін, сондай-ақ, автобус бекеттерін орналастыру жұмыстары қаланың әзірленген егжей-тегжейлі жоюалау жоспарына (ЕТЖЖ) сәйкес жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, 2018-2019 жылдары қала аумағында келесі жобаларды іске асыру жоспарланған, нақтырақ атап өтсек:

1. «ШҚО Курчатов қаласында магистрал коллекторымен тоғандарды және су көтергіш станцияларды қайта құру».

2. «Курчатов қаласында сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру».

3. Магистрал коллекторларымен кәріз жүйесін қайта құру», жалпы ауданы 7,6901 га.

Осы жобаларды жүзеге асыру жер жұмыстарының белгілі бір көлемін қарастыруда, осыған байланысты қала аумағын абаттандыру жұмыстарының мақсаты мұқият қаралатын болады.


А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді.

23

А.А. Ахметова

Қалада жұмыс істеу үшін логопед-дефектолог дәрігерін тарту қажеттілігі туралы.


2017 жылдың 04 желтоқсанынан бастап мектепке дейінгі мекеме базасындағы «Журавушка» балабақшасында 1 ставкада дефектолог маманы жұмыс жасайды.

ҚР ДСМ 2010 жылғы 07 сәуірдегі № 238 бұйрығына, «Денсаулық сақтау ұйымдарында үлгілік штатты және штаттық нормативті бекіту туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 20 мың балалар қауымына 1 логопед лауазымы қарастырылған, немесе осы қызмет кеңесші-диагоностикалық орталықтарына енгізіледі. Курчатов қаласы бойынша қалалық аурухананың штатына осы лауазымды енгізу мүмкін емес, себебі, балалар саны 2680 (0 жастан бастап 18 жасқа дейін) құрайды.



Ә.Ж. Ұлұқпанова

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі


Б.А. Мадрахимов

Қалалық аурухана



(келісім бойынша)

А.Ю. Глазинский әкім орынбасары

Есептік кездесуде түсіндірілді



24

АЭИ

№ 3 қазандықтын аумағындағы қалдықтарды шығару мәселесі туралы.

№ 3 қазандықтын аумағындағы қалдықтарды шығару 2017-2018 жж. жылу мауысымы аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

25

АЭИ

ТЖ вокзалында жүру платформалары жасалу мүмкіндігі туралы.

ТЖ вокзалында мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін перронға шығу үшін және жолаушылар платформасының перронын қайта құру жұмыстарына жәрдемдесу туралы хат «Жолаушылар көліктері және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолданды.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

26

В.К. Батутина

Қалалық аураханада босандыру бөлімінің жоқтығы туралы.

Барлық акушерлік-гинекологиялық қызметтер негізгі мақсаты ана мен баланың өлуіне жол бермеу болып табылатын «Ана қауіпсіздігі», «Абортпен күрес», «Медициналық-генетикалық кеңесші», «Ана мен бала денсаулығын сақтау» республикалық, облыстық бағдарламаларына сәйкес жасалған.

Қала тұрғындарына акушерлік-гинекологиялық көмекті екі білікті дәрігер және 4 акушер көрсетеді.

«ҚР регионализациялық перинатальды көмекті жүзеге асыру бойынша нұсқаулығы» ҚР ДСМ 2010 жылғы 07 мамырдағы № 325 бұйрығына сәйкес, стационарлық көмек 2 бала туу төсегінде және 5 гинекологиялық төсекте жүзеге асырылады. Курчатов қаласының қалалық ауруханасы бірінші деңгейге жатады, демек, күрделі емес босану және жедел физиологиялық босануды жүзеге асырады.


Б.А. Мадрахимов

Қалалық аурухана



(келісім бойынша)

А.Ю. Глазинский әкім орынбасары

Есептік кездесуде түсіндірілді

27

В.К. Батутина

Қала жастарын жұмыспен қамтамасыздандыру туралы.

Қазақстан Республикасының «Қазақсатн Республикасындағы зейнеткерді қамтамасыз ету туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, егер де зейнетке шыққан қызметкердің кәсібилігі және біліктілік деңгейі және жұмысқа қабілеттілігі жоғары болса, онда жұмыспен қамтамасыз етуіші онымен жыл сайын шектеусіз келісімшартты ұзартуына болады.

Жастар үшін келесі шаралар ұсынылады:



  • -Жас мамандар үшін (жоғары және орта-кәсіби білімі бар) мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін және кәсіби қабілеттілік алу мақсатында, жастар тәжірибесі ( алты ай көлемінде еңбек ақысы 50 000 теңгеден астам) ұйымдастырылған.

  • Уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылған ( 4-6 ай көлемінде еңбек ақысы 30 000 теңгеден астам);

кәсіби оқыту- қысқа мерзімді курстар (степендия және жол ақысы төленеді)

-өз кәсібін ашу үшіншағын несиелер беріледі.



М.А. Әбдәкәрімов

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



А.Ю. Глазинский әкім орынбасары

Есептік кездесуде түсіндірілді

28

А. Зареченский

Семей –Павлодар жолдарын жөндеу үшін үлкен жүк көліктері Семей-Курчатов тас жолы арқылы өтуде, бұл жолдын бұзылуына әкелуде. Осы мәселені шешуге қатысты шаралар туралы.

«ШҚО Көлікті бақылау инспекциясы» РМБ бірлесіп, үлкен жүк көлігінің иелеріне қатысты шаралар қабылдадық.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Семей-Павлодар автокөлік жолдарын қалпына келтіру үшін материалдарды тасымалдау жүзеге асырылмайды.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

29

А. Зареченский

Пайдаланылмайтын, бос үйлердің иелеріне қатысты шаралар туралы.

Пайдаланылмайтын, бос үйлердің иелеріне қатысты шаралар тек қана бос үй қоқыс т.б. болған жағдайда ғана қолданылады. Негізінде 2017 жылы ҚР ӘҚК 505-бабы бойынша қаланы абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Л.С. Базылханова

құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі


А.Т. Қасқабаев

Курчатов қаласының полиция бөлімі



(келісім бойынша)

Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Бақылауда тұр

30

А. Зареченский

Үйішілік электр сымдарын ауыстыру бойынша қызмет көрсететін ұймдар мәселесі туралы.

Үйішілік электр сымдарын ауыстыру «Қизат Серік» ЖК және «Тямуков» ЖК, қызмет көрсететін ұйымдармен жүзеге асырылады, осыған байланысты, электр сымды ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін қызмет көрсететін ұйымға жүгіну қажет.

Қосымша хабарлаймыз, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-бабының 4 – тармағына сәйкес, пәтер иелері осындай қызмет түрін ұсынатын ұйымдармен тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет туралы жеке шарт жасаса алады.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

31

А. Зареченский

Қаланың сауда нүктелерінде бағаларға бақылау жүргізу туралы.

Курчатов қаласында 2015 жылы 20 тамызда азық-түлік, тариф және қызмет бағаларының негізсіз өсуін мониторингілеу және бақылау құнсыздану үрдісін алдын алу алықтың әлеуметтік осал тобынын қолдау бойынша шараларды қабылдау бойынша қалалық штаб құрылды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 01 наурыздағы № 145 қаулысымен Курчатов қаласында кәсіпкерлік бөлімімен және қаланың 25 дүкендердің иелері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша бағаларды тұрақтандыру мәселелерін шешу және сатылымдағы тауарларға 10 % үстемеақы қолдану бойынша өз ара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Жасасқан меморандумға сәйкес, бағаларды мониторингілеу апта сайын жүргізіледі.

2017 жылдың қыркүйек айында Курчатов қаласының әкімдігі және ШҚО «Агрофирма «Приречное» ЖШС тұрақтандыру фондының операторымен жоғарыда аталған фондтан Курчатов қаласына келесі азық түліктерді: орамжапырақ - 40 тонна, сәбіз - 20 тонна; қызылша - 4 тонна, картоп - 100 тонна, сарымсақ - 30 тонна сақтау және жеткізу туралы меморандумға қол қойылды.



Б.С. Төкенов

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

32

А. Зареченский

Жүргізушілердің аула аумағында жылдамдықтарын арттыруға қатысты шаралар қабылдануы туралы.

Жылдамдықты арттырған жүргізушілерге қатысты жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен әкімшілік әрекет шаралары қабылданады. ЖЖЕ бұзған тұлғаларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту шаралары жалғасуда, жол-потрульдік қызметкерлері «Жылдамдық» және бақада ОПМ ЖЖЕ бағыты бойынша бұзушылықтарға жол бермеу үшін жедел – профилактикалық шаралар жүргізілді және жүргізіле береді.

А.Т. Қасқабаев

Қалалық полиция бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

33

П.П. Каличко

Олимпийская көшесі бойынша тротуарларды жөндеу мүмкіндігі туралы.

Қолданыстағы тротуарлар бұзылған және оларды қалпына келтіруге келмейді.

Абаттандыру элементтерін, сондай-ақ, автобус бекеттерін орналастыру жұмыстары қаланың әзірленген егжей-тегжейлі жобалау жоспарына (ЕТЖЖ) сәйкес жүзеге асырылуда.



А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары


Есептік кездесуде түсіндірілді

34

«ҚР ҰЯО» РМК Байкал филиалы

Совхозная көшесі бойынша қашан су құбыры жүргізіледі (Молдар кенті).

Ағымдағы жылға 6462,5 мың теңге қаражат қарастырылған. Осы жоба «ашық конкурс» әдісімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілетін болады. Конкурс қорытындысы бойынша жұмыстар басталатын болады. Жұмыстарды 2018 жылдың 01 қарашасына дейін аяқтау жоспарлануда.

А.К. Тоқпақов

ТҮКШ, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі



Р.М. Абдрахманов әкім орынбасары



Орындалуда


Келісілді:
Әкім орынбасары Р. Абдрахманов
Әкім орынбасары А. Глазинский


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет