018 жылғы шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»



жүктеу 93.24 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі93.24 Kb.



2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4 ) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясына, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуді;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі Т. Дүйсенова



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі___________ Д. Абаев

2017 жылғы _______________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

___________ Ж. Асанов

2017 жылғы _____________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

__________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы _____________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

___________ С. Жасұзақов

2017 жылғы _______________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

__________ А. Күреңбеков

2017 жылғы _______________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры ____________ Ғ. Байжанов

2017 жылғы _____________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы

___________ К. Мәсімов

2017 жылғы _____________



КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

___________ Қ. Қасымов

2017 жылғы _____________


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2017 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін

қайта есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің қайта есептеу тәртібін көздейді.

2. Қайта есептеуге 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жатады.

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты қайта есептеледі.
2-тарау. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу тәртібі

4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін әрбір алушы үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады.

5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есепке алынады.

6. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі қосымша құжаттарды талап етусіз мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушының зейнетақы ісіндегі құжаттар бойынша есепке алынады.

7. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған дерекқорындағы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.

8. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударылған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған айдың алдындағы ай есепке алынады.

9. Егер жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын бір айда бірнеше рет аудару жүзеге асырылса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі бір айды құрайды.

10. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болмаған адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдері есепке алынады.

11. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған күнге дейін есепке алынады.

Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына және 64-бабына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 63 жасқа (ерлер) және 58 жас 6 айға (әйелдер) толғанға дейін есепке алынады.


3-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу тәртібі

12. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің толық жылдар саны назарға алынады.

13. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті (бұдан әрі – ҚӨК) зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 немесе одан аз жыл болған кезде 0,54-ке тең болады.

ҚӨК зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асатын әрбір толық жылы үшін 0,02-ге ұлғайтылады және 1,0-ден аспайды.

14. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу үшін ҚӨК 2018 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне көбейтіледі.

4-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
15. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу жөніндегі жұмысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыдан өтініш талап етпестен, оны тағайындаған уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу туралы шешім 2018 жылғы 1 шілдеден бастап осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.

17. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу 2018 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

18. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес 1-BС-арттыру нысаны бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына бір данада әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы ісінен үзінді көшірме береді.


_________________________

2018 жылғы 1 шілдеге дейін

тағайындалған

мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемін қайта есептеу қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Коды _______________



Облысы ____________
2018 жылғы 1 шілдеден бастап тағайындалған

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

____________ облысы бойынша департаментінің

20__ жылғы «__» _______ № ___ шешімі
Азамат(ша)_______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Іс № __________

Жынысы _________ Туған күні 19__ жылғы «__» ________

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн

оның ішінде:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн

МЗЖ жүзеге асырылған кезең ___ жыл ___ ай

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті ________________

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеден бастап __________________________ теңгені

____________________________________________________ теңгені құрайды

          (сомасы жазбаша)

Департамент басшысы _________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Басқарма (бөлім) басшысы ____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Маман _______________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Шешімнің жобасын дайындаған:

«ӘТВЕО» департамент директоры __________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«ӘТВЕО» департамент маманы ____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«ӘТВЕО» бөлімше бастығы _______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«ӘТВЕО» бөлімше маманы ________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2018 жылғы 1 шілдеге дейін

тағайындалған

мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемін қайта есептеу қағидаларына

2-қосымша

Нысан
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап



мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемін қайта есептеу туралы

шешім

(еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін)


____________________________________________________________________

(әскери, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Зейнетақы ісінің № __________

Туған күні 19___ жылғы «___»__________

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ____ жыл___ай____күн,

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті _________________

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеден бастап __________________________ теңгені

____________________________________________________ теңгені құрайды

(сомасы жазбаша)

М.О.


Бөлімше басшысы ___________ _____________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Бөлімше маманы ___________ _____________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет