1- бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 0.97 Mb.
бет1/5
Дата02.12.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы 14 маусымдағы



№ 233-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)




1- бөлім. Жалпы ережелер

  1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы(53-шығарылым) (бұдан әрі-БТБА) «Ұшатын аппараттарды (әуе құрылғыларын) пайдалану және ұшу сынақтары» бөлімінен тұрады.


  2. Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігін жоғарылату сұраныстарын қоспағанда).

  3. Әр мамандықтың тарифтік - біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде маман орындауға тиісті жұмыстардың сипаттамасы берілген. «Білуі тиіс» бөлімі оның арнайы біліміне,ол қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа да басшылыққа алатын материалдарды және әдістер мен құралдарды білуіне қатысты маманнан талап етілетін арнайы талаптардан тұрады.

  4. «Білуі тиіс» деген бөлімдегі теориялық және практикалық білімге қойылатын талаптарға қоса, маман еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау, өндірістік санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, жұмысты орындау сапасына қойылатын талаптарды, ақау түрлері және оның алдын алу мен оны жою, өндірістік сигнализация, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыру бойынша талаптарды білуге тиіс. Анықтамалықтың бұл тарауы «Ұшатын аппараттарды (әуе құрылғыларын) пайдалану және ұшу сынақтары» өндірісіне тән тарифтік-біліктілік сипаттаманы қамтиды, олар ведомстволық бағынушылыққа қарамастан аталған өндіріс (жұмыстар) бар барлық ұйымдардағы мамандардың мамандықтарын тарификациялауда қолданылады.

  5. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген міндеттерімен қоса, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға және осы мамандықтағы біліктілігі төмен жұмысшыларды басқара алуға тиіс. Осыған байланысты разряды анағұрлым төмен кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көрсетілген жұмыстар анағұрлым жоғары разрядтарда көрсетілмейді.

  6. Тарифтік-біліктілік сипаттамада авиациялық механик және авиациялық техник мамандықтарының «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде әуе құрылғыларының сыныптары көрсетілген, оны біліктілігі жоғары немесе төмен білікті маман орындай алуы керек. Әр түрлі сыныпқа жататын әуе құрылғыларына техникалық қызмет көрсету авиациялық техниканың жөндеу ісі мен техникалық пайдалану күші бар нұсқауға сәйкес бекітіледі.

  7. Соңғы жылдары ұшатын аппараттардың құрылысы мен және олардың құрылғылары айтарлықтай күрделенді, оларға күтім жасау және сынаққа дайындау жоғары біліктілікті талап етеді. «Авиациялық парашют және авариялық құтқару құрылғылары технигі» мамандығы бойынша алтыншы разряд парашюттің эксперименттік (сынақ) үлгілері мен авариялық құтқару құрылғыларына техникалық қызмет көрсетумен, авиациялық өндіріс ұйымдарының мамандарына беріледі. Кабиналық (борттағы оператор, борттағы серік) және ұшатын (борттағы радист) экипаж мүшелерінің функционалдық міндеттерін орындауы және әуе кемесінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізуі Мемлекеттік азаматтық авиация қызметінің нормативтік құжаттарына, жазда пайдалану нұсқаулығына, азаматтық авиация ұшуларын жүргізу ережелеріне, жазғы жұмысты ұйымдастыру нұсқаулығына, Халықаралық тасымалды ұйымдастыру бойынша қолданыстағы ережесіне және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында техникалық планердің және двигательдің түзеу жұмыстарына, құрылғылар мен электр құрылғылар, радиоқұрылғылар, жанғыш-жұққыш материалдармен жұмыс істеу барысында әуе құрылғыларына өзіндік техникалық қызмет көрсетуге мамандардан өзінің мамандығы бойынша рұқсат қағазы талап етіледі. Кабиналық және ұшқыштық экипаждың мүшелер өздерінің функционалды міндеттерін рұқсатына сәйкес орындайды.

  8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

  9. Жұмысшының еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

  10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да қолданылған қабылданған қысқартулар БТБА-ға 1-қосымшаға және алфавиттік көрсеткіш БТБА-ға 2-қосымшаға сәйкес қарастырылған.

  11. «Ұшатын аппараттарды (әуе құрылғыларын) пайдалану және ұшу сынақтары» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2002 жылғы редакциясында берілген.



2. Ұшатын аппараттарды (әуе құрылғыларын) пайдалану

және ұшу сынақтары


  1. Планер мен двигательдің авиациялық механик

Параграф 1. Планер мен двигательдің авиациялық механик, 2- разряд


12. Жұмыс сипаттамасы:

Ұшатын аппараттарға техникалық қызмет көрсету барысында дайындау-аяқтау жұмыстарын жасау және оларда орнатылған двигательдерді техникалық регламентпен техникалық қызмет көрсету және планер мен двигательдің ӘК ІІІ және ІV класстар авиациялық технарьдың бастауы бойынша жүзеге асады;

ӘК планер мен двигательдерге техникалық қызмет көрсету барысындағы дайындау - аяқтау жұмыстарының орындалуы баспалдақтың орның ауыстыру мен жинау, арнайы жасақты орнату;

Нысандарды техникалық қызмет көрсетуге дайындау, бұқтырманы, чехолдарды, бекітпелерді, науаны шешу, буксировка кезінде водиланы бекіту және ағыту, гидро және газ жабдықтар негізін қосу және ағыту, агрегатты тазарту, ашық түрдегі топса қосылысын жуу мен майлау және ӘК бекіту.

13. Білуі тиіс:

ӘК және қызмет көрсетілетін ұшатын аппараттар түрлеріне жалпы мәлімдеме, олардың двигательдері және оларға сай элементтері;

қызмет көрсететін АТ сипаттары мен схемаларын пайдалану ережелері, пайдалану-техникалық құжатнама;

техникалық эксплуатация, қызмет көрсететін АТ сақтау және консервация ережесі, техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын майлар, сұйықтықтар және материалдар оларды белгілеу;

аэродром құрылғыларының, құралдарының, әрекет етуге және белгіленуі, оларды маркалау;

жұмыс орның дайындау тәртібі техникалық қызмет көрсету регламенттерінің барлық түріне арналған.

Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша дайындық қажет.

14. Жұмыс үлгілері.



  1. Демонтаж-монтаж:

есік, люктардың пилонының экплуатациялық төбесі және двигатель гондолы, аққыштарды және орағыту ілікті ағыту, қақпақтың, двигатель капотының ашылуы мен жабылуы;

  1. Жалпы түрдегі жұмыс:

ӘК - ны, двигательдің және остекленияның кіріс каналын қардан, қыраудан, мұздан тазарту, дөңгелектерді салқындату;

  1. Профилактикалық жұмыстар:

турботоңазытқыш құрылғыны, АБЖ ауа-әуе радиаторын, штурвалдың колонкасын, ұшақты басқару педалін, жанаржағар май құйылатын бакты, жол жармасын басқару механизмін, фонарь каркасын ластанудан сақтау;

  1. Түзеу жұмыстары:

кіші-гірім ақауды, қаптамадағы сызылған іздерді жою, қанаттардың және артқы қаптамасына жөндеу жұмыстары.

Параграф. 2. Планер мен двигатель бойынша

авиациалық механик, 3-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:

Техникалық қызмет көрсету ұшатын жеңіл аппараттардың планері мен двигателіне және оларға орнатылған двигательдердің ӘК ІІІ және IV класстар бойынша орташа және әртүрлі қиындықтағы двигательдердің жұмысы авиациялық технарьдың басшылығымен іске асырылады.

Құрылғы жөнделіп жатқан аймақтағы жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету үшін монтажды жұмыстар жасау. ӘК агрегаттарын механизация құралдарын қолданбай тазарту және шаю,сыртқы майлау немесе пресс-майлау арқылы шприцовкалау (қосындыны ажыратпай), үгітілетін нәрселерді, түйіндерді, бөлшектерін (қосылыстарды ажыратпай) сұйық маймен майлау, бөлшектердегі тетіктер арқылы майлау, консервация мақсатында жоғарғы жақтарын майлау, конденсатты немесе жиналған сұйықтықты төгу. Планерға, двигательге және оның жүйесіне сыртқы тексеріс. Тұрған қалыптың дұрыстығын люктың, есіктің, дұрыс жабылғаның, бөгде нәрселердің жоқтығын, сорғы тетіктерінің бітеліп қалмағаның және басқада нәрселердің болмауын қадағалау, түсті дефектоскопия. Жүргізіліп жатқан жөндеуге байланысты тексеріс.

16. Білуі тиіс:

негізгі құрастырылатын және ұшатын аппараттар мен ӘК және олардың двигательдерінің түрлеріне қызмет көрсетілетін техникалық мәлімет, АТ қызмет көрсететін түйіндер мен агрегаттар негізгі жұмыс бағдары мен міндеті;

эксплуатациялы-техникалық құжатнама, техникалық эксплуатация ережесі, регламенттер және техникалық қызмет көрсету технологиясы, қызмет көрсететін АТ сақтау және консервациялау;

марка, сорт, ӘК техникалық қызмет көрсеткенде материалдың шығатын мөлшерін белгілеу, коррозияның түрлері және олардың алдын - алу шаралары.

Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша дайындық қажет, планер және двигательдің 2–разряды бойынша авиациялық механиктің 2 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы керек.

17. Жұмыс үлгілері:


  1. Демонтаж-монтаж:

АБЖ жылудыбысизоляциясы, есіктерді, люктарды, есіктердің, фюзеляждың үстіңгі және астыңғы қаптамасын нығыздау, қақпақ, эксплуатациялы плуон люгінің және гондол двигателінің тік және көлденен тұруы , шамның кептіретін патроны, терезелерге.

  1. Жалпы түрдегі жұмыстар (техникалық қызмет көрсету):

АБЖ турбротоңазытқышындағы майды ауыстыру.

  1. Профилактикалық жұмыстар:

шығатын клапанды, КРАЖ фильтрін, басқару жүйесінің бағыттау ролигін және тросты, гидробактың әуе фильтрын, сумен қамтамасыз ету жүйесінің агрегатын және қоқыстарды жою, тот басқан есіктің, люктың, есіктің тұтқаларын, креслолардың бекітілген түйіндерін, руль, киля, стабилизаторларды ластанудан тазалау, тығыздалған ауамен әуе жанармай мен май фильтрларын двигатель жиклерін тазарту, үрлеу, ТЖА двигателінің термокорпусындағы майды бактан және гидрожүйенің қалдықтарының конденсатын, сумен жабдықтау жүйесіндегі бактағы суды, май айналым жүйесіндегі барлық майды ағызу, дезинфекция, антистатикпен өндеу, нысанды кептіру;

  1. Техникалық деңгейді бақылау:

АБЖ жылудыбысизоляциясының қатайуы, байланатын ременьдерді және олардың бекітілуін, авариялық құтқаратын құралдар, күштеп бекіту турбоқұбырлар, жүк кабинасының шварттық сеткасының барын тексеру, байланатын ременьдер және тұрмыстық құралданған жеке үстелдер, фюзеляждың тот басқан клапандарының конденсаты;

  1. Түзету жұмыстары:

Конструкция элементтеріне демонтажсыз кіші-гірім жөндеу жұмыстары(ақауларды бұрғылау, жапсырма жасау және тағы басқа).



  1. Құралдар мен электр құралдар бойынша авиациялы механик

Парагаф 1. Құралдар мен электр құралдар бойынша

авиациялы механик, 2-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:

Дайындау-бекіту жұмыстарын орындау ұшатын аппараттардың құрылғылары мен электр құралдарына техникалық қызмет көрсету және ӘК ІІІ пен IV класстағы құрылғыларға және электр құралдарына техникалық қызмет жасау барысы авиациялық технарьдың басшылығымен орындалады;

Дайындау-бекіту жұмыстары барысында ӘК құрылғыларына және электр құралдарына техникалық қызмет көрсету және олардың ақауларын жою, орнату, баспалдақтың орның ауыстыру және жинау, арнайы құралдар;

Техникалық қызмет көрсетілген нысандарды пайдалануға дайындау, бұқтырманы толық статистикалық қысым қабылдағышынан ағыту және орнату, ӘК электр құрылғы көздерін қосу және ажырату, қарауға арналған люктарды ашу, жабу және құрылғылар блогы мен электр құралдар демонтажы. Құрылғылар мен электр құралдарды сыртқы тексеру және оларды тазарту.

19. Білуі тиіс:

Ұшатын аппараттар мен ӘК түрлеріне қызмет көрсететін құрылғылар мен электр құралдарды құрастыру элементі жайлы мәлімет, олардың техникалық сипаттамасы мен схемасын пайдалану ережесі, эксплуатациялық-техникалық құжатнама;

ӘК түрлерінің құрылғылары мен электр құралдары техникалық экплуатациялау мен техникалық қызмет көрсету ережесі;

БТА және ОҚ бекіту және оларды күту ережелері, құрылғылар мен құралдарға техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын негізгі материалдар, қосалқы бөлектер, құрал –саймандар, олардың маркировкасы, А және РЭҚ барлық түріне техникалық қызмет көрсету үшін жұмыс орындарын дайындау тәртібі.

Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша дайындық қажет.

20. Жұмыс үлгілері:



  1. Демонтаж-монтаж:

өрт түтіндабылқағу сәуле лампаларына, өртсөндіргіш, дюриттік шланг, құрылғылардағы сәуле түсіруші лампа, қабылдағыш термометр, жылжымалы оттегі құрылғылары, компенсациялы сымдарды оқшаулау, техникалық бөліктердегі сәуле түсіруші лампалар, электр қайнатқыш, экипаж мүшелерінің жеке желдеткіштері;

  1. Тексеру мен дефектация:

РИМАТ және ШББТ тектес тетіктерді, статистикалық және динамикалық қысым қабылдағышының платы, Авариялық жарық беретін шамдар;

  1. Профилактикалық жұмыстар:

ластанудан тазарту, коррозия іздерін жою, жабдықталған тақтаны тазалау, басқару пультын және басқада құрылғыларды шаңнан тазарту, ОБҚ оттек құрылғысы бекітілген орынан және двигательді бақылау және жанармай жүйесін ластанудан тазалау, БАНО тектес фарды тазалау, лампа импульсті маяктың лампасын кірден тазалау;

  1. Техникалық жағдай бақылауы:

өрт сөндіргіштің басындағы тетіктің сау болуын және онда пломбаның бар екендігін тексеру, сыртқы ауа термометрінің дұрыстығын, СҮФТ-250 тектес түрлендіргіштің бекітілуін, АКСБ -2 блогы, оттекті құрылғы, двигательді бақылау және жанармай жүйесі құрылғылары, ОБҚ, УКС және сауле беру арматуралары.

Параграф 2. Құралдар мен электр құралдар бойынша

авиациялы механик, 3-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:

ӘК ІІІ және IV класс орташа ауырлық регламенті бойынша ұшатын аппараттардың өрке қарсы, оттекті, электр техникалық, электр жабдық құрылғылары мен жалпы құрылғылар бойынша техникалық қызмет көрсету авиациялық технардың басшылығымен өтеді;

Негізгі істелетін жұмыс: демонтажды-монтажды А және РЭҚ жөндеуден өтетін аймақты қамтамасыз ету, құрылғылар мен электр құралдарға сыртқы шолу жасау люкты, пердені ашпай олардың тазалығын, бөгде заттардың жоқтығын, айтарлықтай зардап жоқтығын тексеру, ақырғы ағытқыштарды сырттай майлау және генератордың тығыздау-майлауы арқылы зашприцовкалау, құрылғылар мен құралдарды тазартуға, бояуға, майлауға, оларды құрауға арналған жеңіл жөндеуге және А және РЭҚ зертханасындағы жеңіл жөндеу жұмыстарын дайындау.

22. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін ӘК және ұшатын аппараттар жайлы жалпы мәліметтерді, эксплуатациялы-жөңдеу жұмыстарының құжатнамасы, техникалық эксплуатацияның ережесін, сақтау, қызмет көрсететін А және РЭҚ құралдарын консервациялау, демонтаж және монтаж технологиясын, орындалып жатқан жұмыстың көлеміндегі авиациялық құрылғылар мен электр құралдардың функционалды және фидерлі сызбасын, авиациялық құрылғылар мен электр құралдардың жұмыс талаптарын, белгіленуін, БҚА және ОҚ жеңіл түрлерін белгілеу, пайдалану ережелері, сақтау және консервация, құрылғылар мен электр құралдардың ақауларын табу және оларды жою, техникалық қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын материалдар, қосалқы бөлшектер, құралдар олардың белгіленуі және маркировка, электр техника, механиканың негізгі қағидаларын.

Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша дайындық қажет, құрылғылар мен электр құралдар бойынша 2 разрядтағы авиациялы механик бір жылдан кем емес жұмыс өтілімі болу керек.

23. Жұмыс үлгілері.


  1. Демонтаж-монтаж:

курстық жүйенің блогына, коррекциялы механизмға, ГИК-1 компас түріне, лентасозғыш механизмге, ажыратқыш және қосқышқа, электр жгуттың күш түсіру құрылғыларына, шығару двигателі мен ҚКҚ автоматика қорабына;

  1. Тексеру мен дефектация:

өртке қарсы құрылғылар және олардың орналасу орны, дабылқаққыштардың тетіктерін, ажыратқыш және қосқыштарды, құрал-сайман тақтасын, қалқанша, тетік, оттегі жүйесінің лампасы мен двигательді бақылау және жанармай жүйесі, ОБҚ электрлі ажырағышы;

  1. Профилактикалы жұмыстар:

жуу, тазарту, турбинаның артындағы газдың температурасын өлшейтін кіретін тесікті майлау, шассидің ақырғы ажыратқыштарын лайдан тазалау және оларды майлау;

  1. Техникалық жағдайды тексеру:

өрт сөндіргіштің қысымын тексеру, орнатылған түтіндабылқақаш пен өрт дабылқаққышының жүйесін бақылау, ау қысымы қабылдағышы жүйесінің қызып кетуін, АҚСБ фарлары, маяктар, құралдар мен пульттарға жарық беретін тақта, АҚК түрлерінің қысым дабылқаққыштары, вариометров мен дымқылсақтағыштың бекіткіші,жапқыш жүйесіндегі тетік, стабилизатор, шасси, шабуылдың бағытын белгілейтін тетік, астрокомпастың дегидаторы, өңдеудің нақтылығына көз жеткізу және изоляцияда бұзылудың жоқтығын, термобу науа ажырамасы сымдарының қосылыстары, МБЖ регистрына арналған перфаленттың бар екенін;

  1. Түзету жұмыстары:

жұмсақ дәнекермен термобудың жиектерін және электр құрылғылардың проводнигін дәнекерлеу, ӘК тіреуіштеріне төсеу, нығайту және дәнекерлеу, алдыңғы бөлікшесіндегі жгуттың және кабельдің ілігін, қызмет көрсетіліп жатқан ӘК құралдары және электр жабдықтарындағы қарапайым ақаулықтарды табу және жою.



  1. Радио жабдық бойынша авиациялы механик

Параграф 1. Радио жабдық бойынша авиациялы механик, 2-разряд


24. Жұмыс сипаттамасы:

III және IV класстарының ӘК радио жабдық бойынша әуе технигінің басшылығымен ұшатын аппараттардың радиожабдығында техникалы қызмет көрсету барысында және техникалы қызмет көрсету барысында дайындау - аяқтау жұмыстарын орындау;

Радио жабдықта техникалы қызмет көрсету барысында дайындау-аяқтау жұмыстарын және ақауларды жою жұмысын орындау:

орнату, басқышты, жолдарды, арнайы жабдықтың орнын ауыстыру және жинау;

Техникалы қызмет көрсететін нысандарды қолдануға дайындау:

АА бітеуішін және УҚС радиостанцияларды, ұзындық өлшеуішті, ұшақ жүргізгіш жауаптыларын және радио жабдықтың басқада жүйешелерін түсіру және орнату, радио жабдықтың блоктарын алу үшін және қарау үшін люктарды ашу және жабу. Антенналарды және олардың орағытуларын, жүйешелерді және электр жабдықтың блогын сыртынан қарау және оларды тазарту.

25. Білуі тиіс:

ұшатын аппараттардың түрлерін және ӘК қызмет көрсететін радиожабдығының элементтері жайлы жалпы мағлұмат, олардың техникалы сызба және үлгілерді пайдалану ережесі, эксплуатациалы-техникалы құжатнаманы, техникалы эксплуатацияның ережесі және ӘК тектес қызмет көрсетілетін радио жабдықта техникалы қызмет көрсету, ӘК бақылау-тексеру аппаратурасының және өлшеу құралдарының белгіленуі, оларды күту ережелері, радиожабдыты техникалы қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын негізгі материалдар, қосалқы бөлшектер және құралдар, оларды таңбалау, техникалы қызмет көрсету регламентінің барлық түріне жұмыс орның дайындау тізімі.

Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша дайындық қажет.

26. Жұмыс үлгілері.



  1. Демонтаж-монтаж:

радиоаппаратураның ақаулы метализациясын, «АРФА» тектес магнитофондағы кассеталар, ұзындық өлшегіштің антеннасына бітеуіштер, ұшақтың жауапбергіші;

  1. Тексеру және ақаулыққа жатқызу:

авиагарнитуралар, антенналар, олардың сырты және орағытуларын, радиобиіктікөлшегіштер, ұзындықөлшегіштер, қатіқандар, пульттар, радиобиіктікөлшегіштер, қашықтықөлшегіштер, щит, пульт, кнопкалар, тану жауапбергіштерінің және ұшақжүргізгіштің шамдарын;

  1. Профилактикалық жұмыстар:

антенналардың, олардың панельдерін, сыртын және радио жабдықтың амортизациялы тіреулерінің кірін тазарту;

  1. Техникалы жағдайды бақылау:

ША электр жгуттарын созу және бақылау, ұшақтың жауап бергіштерін және ҚҚДЖ бекітілуінің нақтылығын тексеру;

  1. Жаңарту жұмыстары:

авиагарнитуралардың шнурларына ұсақ жөндеу жұмыстары.

Параграф 2. Радио жабдық бойынша авиациялы механик, 3-разряд


27. Жұмыс сипаттамасы:

Орташа күрделі әртүрлі регламент бойынша ұшатын аппараттардың радиожабдығына және III және IV класстардағы ӘК радио жабдық бойынша авиациялы техниктің басшылығымен техникалы қызмет көрсету;

Негізгі жұмыстарды орындау: А және РЭҚ өнім монтаждалып жатқан аймақта жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету үшін демонтаж-монтаж, люктарды, панельдерді ашпай сыртқы тексеру және болуы мүмкін ақаулардың лас нәрселердің жоқтығын тексеру, радио жабдықты тазарту, бояу және майлау, оны құрау, бөлшектеу бойынша қарапайым операцияларды орындау.

28. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан ұшатын және ӘК жайлы жалпы мәліметтер, радио жабдықта техникалы қызмет көрсетудің регламенты, эксплуатациялы - жөндеу құжатнамасы және техникалы эксплуатациялау ережесі, радио жабдықты сақтау және консервациялау, қызмет көрсетіліп жатқан құрылғылардың белгіленуі, құрылымы және жұмыс мақсаты, қызмет көрсетіліп жатқан радио жабдықтың ақауларын табу тәсілдері және оларды жою, қарапайым БТА және ӨҚ белгіленуі және жұмыс мақсаты, радио жабдыққа қызмет көрсету барысында пайдаланылатын материалдар, олардың белгіленуі және таңбалау, радиотехниканың, электрониканың және радиолокацияның негізгі заңдары.

Арнайы бекітілген бағдарлама бойынша дайындық қажет, радио жабдық бойынша 2- разрядты авиациялы механик ретінде жұмыс стажы екі жылдан кем болмауы тиіс.

29. Жұмыс үлгілері.


  1. Демонтаж-монтаж:

ҰСҚ, магнитофондардың, авиагарнитуралардың, микрофондардың, нажағайшеберлерінің, радиобиіктік өлшегіштердің блогының, радиокомпастың қабылдағыштарының бөлек тораптарын.

  1. Тексеру және ақаулыққа жатқызу:

жоғары жиілікті кабельдер, электрсымдар, штепсельді және жоғары жиілікті ажырамдарды, тангент, дабылқаққыштар, қосқыш және ажыратқыштар, радиолокатордың және радиобиіктік өлшегіштердің жағдайын жәнеблоктарының бегітілуін және тағы басқа.

  1. Техникалы жағдайды бақылау:

РЭҚ блоктарындағы сақтандырғыштарды және қосалқыларды, иілгіш шнурлар және олардың ША, пассажирларды хабарландыру жүйесі, радио жабдықты металлдау, АРК радиодевиациясын, 021, 081 өнімдерін пломбалау, антенналарды бекіту және антенналы кабельдерді.

  1. Жаңарту жұмыстары:

мегафондардың батареясын ауыстыру, фидерлі сызбаға сәйкес штепсельді ажыратқыштарды дәнекерлеу, нажағай - шеберлерінің ақаулықтарын жою.



  1. Жанар-жағармай материалдары бойынша авиациалық техник

Параграф 1. Жанар-жағармай материалдары бойынша

авиациалық техник, 4-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:

Құбырларды, бекіткіш арматураларды, үлестіретін крандарды, резервуарлардың тыныстық және сақтандырғыш клапандарын, гидроамортизаторлардың астыңғы ағызу құрылғысын, авиациялы жылумен қамтамасыз ету нысандарына техникалы қызмет көрсету және эксплуатациялау, стационарлы және ӘК авиожанаржағармаймен толтыру қозғалмалы құралдарын, гидрантты реттегіштерді және ӘК орталықтандырылған жартылай автоматтандырылған жүйесінің қосылу колонкаларын және авиа ЖЖМ нысандарды қамтамасыз ету;

Жұмыс құжатнамасын жүргізу және авиациялы жанармаймен қамтамасыз ету нысандарын арнайы жабдықтандыру және технологиялы жұмыстарды өткізудің регламентті кестесін жасау.

31. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың және авиациялы жанармаймен қамтамасыз ету нысандарының құрылымын, ӘК орталықтандырылған жартылай автоматты жүйесінің құрылымы, қағидалы және монтажды сызбасы, техникалы қызмет көрсету бойынша регламентті жұмыстарды өткізу түрлері және технологиясы, фильтрлардың, сорғыш құрылғылардың, бекіту аппаратураларының ақаулықтарын жою тәсілдері, сынамаларды алу үлгілері және авиациялы жанармайдың, майлардың және арнайы сұйықтықтың негізгі маркалары, судың бар екенің анықтау тәсілдері, механикалы қоспалар және авиа ЖЖМ қалыңдығын, жапсырмалардың өлшемі, есептеудің ережесі, авиа ЖЖМ сапсын өлшейтін құралдармен тексеру әдістемесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет