1 – тарау Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі



жүктеу 1.08 Mb.
бет1/6
Дата25.09.2017
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 – 5


1 – тарау
Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6 – 38


    1. Шетелдік қазақтардың тілі жайында . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 – 9

    2. Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы қазақтардың

тілінің зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9 – 13

    1. Тәжікстан қазақтары тілінің зерттелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14 – 17

    2. Өзбекстан қазақтары тілінің зеттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17– 23

    3. Түрікменстан қазақтарының тілдік зерттелуі жайы . . . . . . . . . . . . . . . 24 – 34

    4. Қарақалпақ қазақтарының тілдік зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .35 – 40



Алыс шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі. . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . 39 – 58
2.1 Ауған – Иран қазақтары тілінің зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .41 – 51

2.2 Қытай қазақтары тілінің зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52 – 56

2.3 Моңғолиядағы қазақтардың тілінің зерттелуі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 56- 61

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .62 – 65

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66 - 67

К і р і с п е
Жұмыстың жалпы сипаты. Дүние жүзінің өркениетті елдерінің бәрінде этиникалық ортасынан сырт жерлерде өз қандастарымен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасап, оларға әр қырынан үнемі қолдау көрсетіп отыру, сонымен қатар олардың ата жұртына оралуына мүмкіндіктер жасап, көмектесу ежелден бар дәстүр. Қазақ диаспорасының тағдыр-талайына өркениетке иек артқан Қазақстан Республикасы бей-жай қарай алмайтындығының басты себебі – Қазақстан шетелдегі қазақ ұлты өкілдерінің бірден-бір тарихи Отаны. Сондықтан да, Қазақстан олардың қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде қай елде жүрмесін, қай қоғамда өмір сүрмесін ұлттық құндылықтары ана тілін, мәдени-рухани байлығын сақтап, дамуына әрқашан да қамқорлық жасайды. Президент Жарлығымен бекітілген «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы», осының айқын дәлелі болады. Қандай да бір ұлттың ұлттық қасиетін, ұлттық құндылықтарын қалыптасуы, кемелденіп өркендеп дамуы, әлемге әйгілі болуы, не болмаса уақыт ағымымен басқа ұлтқа сіңісіп жоқ болып кетуі, бір сөзбен айтқанда, ұлт тағдырын тіл тағдырына сай шешеді. Демек, тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың өміршеңдігінің бірегей белгісі. Этникалық ортасынан тыс жерлерде өмір сүріп отырған қазақ ұлтының өкілдері қай мемлекетте болмасын ұлттың аз санды құрамына жатады. Қазақ диаспорасын ғылыми түрде зерттеу соңғы кезеңдерде көтеріліп жүрген мәселелерге жатады. Бірақ, Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз егемен ел болып жеке құрылғаннан кейін, елімізде қалыптасқан тілдік жағдаятқа байланысты өзіндік тілдік ұстанымын жасады.

Әлеуметтік тұрғыдан тілді зерттеуші белгілі ғалым Б.Хасанов шетелдерде шоғырланған қазақтардың тілін, өмірін зерттеу қазақ тіл білімі үшін ғана емес, дүниежүзі әлеуметтік лингвистикасы үшін мәні зор екенін атай келе, былай дейді: «Жер жаһанның 40 елінде қоныс тепкен қазақтың «қазақ» болып қалуының бірден-бір куәсі – оның сақталған тілі. Бұған дәлел сол – оның ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің төрт негізгі саласында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығармашылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы» (1,8б)

Белгілі бір тарихи себептерге байланысты елден бөлініп, жырақтап қалған осы бір саны бүгінгі күнде миллионнан асқан қандастарымыздың тілі қандай дәрежеде, қандай сипатта екенін зерттеу, оны жалпы халықтық мемлекеттік қазақ тілі деңгейінің аясында қарастыру – тіл білімінің бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі екені даусыз.

«Совершенно не исследованы диалектные особенности казахов, проживающих за пределами Казахстана. …Казахи живут в северных округах Синьцзян Китайской народной Республики, а также в юго-западных аймахах Монгольской Республики. Все эти районы пока остаются не изученными» /1,9/. Одан беріде Қазақстан территориясынан тыс аймақтардың ішінде Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей қазақтарының тілі зерттеліп, монографиялық еңбектер жарық көрді. Ал шетелде тұратын диаспораның тілін зерттеуде тек Монғолиядағы қазақтардың тілі мен Ауған, Иран қазақтарының тілі ғана зерттеліп, ғылыми нысанаға айналды.

КСРО кезінде диаспора туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізбек былай тұрсын, олар туралы мәселе қозғаудың өзі қажеттілік болып саналмаған. Соған қарамастан қазақ диаспорасы, деген айдармен шықпағанмен, шеттегі қазақтар жайында жарық көрген саусақпен санарлық зерттеулер мен еңбектер кездеседі. Олардың қатарында У.Х.Шамкеновтың, А.Н.Коноваловтың, И.Қабышұлының, Ингвар Сванбергдің, К.С.Абдикадырова, Ғ.О.Басаров, А.Министің зерттеулері мен Б.Кәмилашұлының, Ғ.Мендикулованың кандидаттық диссертациялары және 1983-1984 ж.ж. А.Төлеубаевтың басшылығымен Орынбор, Астрахань облыстарына жүргізілген этнографиялық экспедицияның нәтижелері қазақ диаспорасын зерттеу жұмысындағы ғылыми жаңалықтарға қосатын үлес болып табылады.

Осы орайда біздің дипломдық жұмысымыз бұрын-соңды арнайы қарастырылып, ғылыми тұрғыдан екі-үшеуі зерттелген болса, ал кейбіреуі тек аталып қана қойған шет елдерде тұратын әр түрлі тілдің ортасында көптен бері жасап келе жатқан қазақ қандастарымыздың тіл ерекшеліктеріне бағышталып отыр.



Зерттеудің өзектілігі. Шетелдегі қазақтар негізінен екі түрлі жолмен пайда болды. Бірі, орыс пен қытай империялары қазақ жерін түгелдей отарлағаннан кейін оны бөліске салған кезде елімен, жерімен басқа елдің боданында қалған қазақ ирриденттері (Қытай, Ресей, Өзбекстандағы қазақтар), екіншісі, Қытай мен Ресейде жүргізілген революциялық төңкерістер, саяси қуғын-сүргін, таптық күрес, геноцид, тәркілеу т.б. толып жатқан зұлматтар кесірінен тарихи Отанынан бас сауғалап басқа елді паналағандар, яғни диаспора соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда 1,5 млн., Өзбекстанда 1,5 млн., Ресейде 1 миллионға жуық, ал Қырғызстанда 70 мың, Түркіменстанда 100 мың, Моңғолияда 100 мың қазақ бар деп есепетейді. Сондай-ақ, Еуропа, Америка, Азияның жиырмадай елінде шамамен 25 мыңдай қазақ жүрген көрінеді.

Мәселенің өзектілігі бұл тақырыптың қазақ диалектологиясында да алғаш зерттелуінде ғана емес, сонымен қатар оның көлемінің ауқымдылығы мен күрделігіне байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген екен:

«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тілінде сөйлесе тіпті жақсы. Бірақ ол шетел тілінде орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса – ол кешірілмес күнә, Сол себепті де мемлекеттік тіл – біздің мемлекетімізді құлатпай ұстап тұратын мықты діңгек екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге тиіс» (2,19-20 б.)

Ал жоғарыда айтқандай , әлемнің көптеген елінде өмір сүріп отырған қазақ диаспоралары мен ирриденттерінің сүйенген жалғыз тірегі – ана тілі. Алайда, ұлттық тілінің жайы әр елде әр түрлі жағдайда. Біреуінде қалыпты жағдайда өмір сүрсе, енді біреуінде тіпті мүшкіл.

Шетелдегі қазақтардың ана тілінің тағдыры сол елдердегі ұсталынып отырған тіл саясатына тәуелді болады екен. Осыған байланысты шетелдегі қазақтардың өз туған ана тілінде оқып, білім алу мәселесі Қазақстан Республикасы Парламентінің де үнемі назарында болуға тиіс.

Көп мәдениеттердің тоғысқан ортасында алыс шетелдердегі қазақтардың ана тілін қандай күйде болса да сақтап қалуының өзі игі іс деп ойлаймыз, дегенмен

жасы үлкендерге қарағанда жастар мен төменгі сынып жасындағы балалар шетел тілдеріне бет бұра бастаған. Тұтастану кең өріс алып отырған қазірдің өзінде, дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде шашыраған 5 миллионға жуық біртұтас қазақ халқының құрамдас бөліктері ғана емес, жалпы исі қазақ халқы бірін-бірі түсіне алмайтын кезеңге келу қаупі туындап отыр. Өйткені біртұтас қазақ халқының бірі кириллица, бірі араб, бірі латын жазуын қолданса, алыс шет елдегі қазақтар әрқайсысы өздері өмір сүріп тіршілік етіп отырған дамыған елдерде үстем этностардың жазуын қолданады. Шетелдегі қазақтар әрқайсысы өздері тұратын этнолингвистік ортаның тіліне, мәдениетіне жақын болса, тарихи отандағы қазақтар тіліне жақын. Мәселен, «Қазақстанда, Қытайда, Моңғолияда, Түркияда тұратын 1 отбасынан тараған етжақын туыс адамдар өзара жазысқан хаттарын оқи алмай өзі тұрған ауыл-аймақтан сол жазуға сауатты бір жан таппай, айлап тіпті жылдап зарыққанына мен өзім куә болдым», - дейді Қ.Ғабитхан. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының «Ана тілім алтын бесігім» атты ғылыми-практикалық конференциясында.

Шетелдегі қазақтардың ана тілін сақтап қалуына қол ұшын беру бүгінгі өркениетке қадам басқан Қазақстан мемлекетінің шешуге тиісті аса маңызды мәселелерінің бірі болғаны даусыз. Бұл мәселе мемлекеттік тілді қалыптастырып, Өйткені, қазақ диаспорасындағы ана тілі елімізде мемлекеттік тілдің сөздік қорын байытуда, оның түрлі салалардағы қызмет аясын ұлғайтуда ықпалды күш болатындығы сөзсіз.

«Біз әлемдік мәдениеттің құндылықтарымен үндесіп жатқан жаңа заманға қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Ұлтты күшейтудің бір тетігі – тіл. Өйткені, толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болу мүмкін емес», - деген Елбасы сөзі осыны айғақтайды.

Бізге белгілі болған жайт, ол шетелдегі қазақтар өздері тұратын елдердің тілін меңгерген «қай жердің» қазағы қалай сөйлейтінін, әдеби тіл нормасы тұрғысынан сипаттап беру, сол арқылы шетел қазақтары тілдік өмірін жақсартуға өз үлесімізді қоса отырып, қазақ әдеби тілінің тұтастығы мен бірыңғай нормасының жер-жерде мұқият сақталуын қамтамасыз етуге ат салысу, қазақ шоғыры мұқтажын өтеу жолындағы республика үкіметі жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ғылыми-практикалық ұсыныстары жасау арқылы себепші болу, «қазақ тілінің дүние жүзінде таралу картасын жасау керек», - деп ойлаймын дейді лингвист ғалым Б.Хасанұлы (3,74 б.)

Өзін, өзінің ұлтын, дәстүрлі мәдениетін құрметтейтін адам қаншама көп мәдениеттердің тоғысқан ортасында болғанымен өз ана тілін ұмытпай ұлтының тілін, салт-дәстүрін, мәдени-рухани болмысын сақтауға қызмет етеді деп ойлаймын.

Зерттеу нысаны. Шетелдік қазақтар тіл ерекшеліктерінің зерттелуі.

Зерттеудің мақсаты.

- Қазақ диалектологиясы саласында шетелдік қазақтардың тілі азды-көпті зерттелгенімен, олар бір жүйеге түсірілмеген. Сондықтан да олардың басын қосып, біртұтас құбылыс ретінде зерттелу бағытын жүйелеу – біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі мақсаты болды.

- Осылайша жүйелі қарастыру нәтижесінде біз жалпы шетелдік қазақтардың тілдік жағдайын жалпы тіл білімі тұрғысынан, қазақ әдеби тілі тұрғысынан анықтауды көздедік.

- Шетелдік қазақтар ұғымына анықтама беріліп, олардың тілдік ерекшеліктеріне қатысты зерттеулер бізге түсіру мақсат еттік.

- Осыған қатысты біз өз зерттеуімізді «әдеби тіл» ұғымын шетелдік қазақтар, әсіресе «Қытай қазақтары» тұрғысынан қайта қарау қажеттігін көтереміз.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.

Жүйелеу, сипаттау әдістері.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

• Шетелдегі қазақтардың зерттелу жайын, біртұтас жүйелі құбылыс ретінде қарастыру, зерттелу жайына баға беру.

• Қазақ әдеби тілінің келешегін шетелдік қазақтар тұрғысынан бағалау.

• Қазақтар көп орналасқан Қытай, Моңғол қазақтарының тілдік жағдайын қазақ әдеби тілі тұрғысынан бүгінгі орнын анықтау.

• Шетелдік қазақтардың тілінің зерттелу қажетті проблемаларын анықтау.

Зерттелу жұмысының теориялық-практикалық маңызы.

• Зерттеудің нәтижелері қазақ тілінің диалектілеріне проблемалар теориялық жаңа тұжырымдар қосуы мүмкін.

• Зерттеудің нәтижелері қазақ диалектологиясы саласы бойынша жоғарғы оқу орындарында арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізуге көмегі тиуі мүмкін.

• Зерттеу нәтижелерінде жалпы шетелдік қазақтардың зерттелуіне қатысты библиографиялық көрсеткіштер, сөздіктер, жасауға көмегі тиуі мүмкін.

• Ж.О.О.-ғы қазақ диалектологиясына қосымша материал ретінде енгізілуі мүмкін.

Жұмыстың құрылымы.

Диплом жұмысы 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.



І-Тарау. ЖАҚЫН ШЕТЕЛДІК ҚАЗАҚТАР ТІЛІНІҢ

ЗЕРТТЕЛУІ
1.1. Шетелдік қазақтардың тілі жайында
Қазақ диаспорасының кешенді мәселелерін зерттеу барысында назар аударатын ерекше мәселе – алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының түрлі деңгейдегі көріністері және этникалық дүниетанымындағы күрделі өзгерістерді зерделеу.

Алыс және жақын шет елдегі тегі қазақтың жалпы саны 6 млн. 500 мың (метис пен маргиналдарымызбен бірге). Салыстыру үшін айталық, бұл моңғол (6 млн.) санымен теу, манчужурлардан (4 млн.) көп.

Өзбекстандағы бұл таза қазақтар. Ал маргиналдары мен метистерді қосып есептесек қазақ-өзбек болып жүргендермен бірге, ондағы исі қазақтар бүгінде 3,0 млн-ға жетіп жығылады. (Ондағы құрама, қоңырат, қыпшақ, наймандармен бірге).

Ресейде ғана емес, Украина мен Белоруссия, Балтық пен Молдова әбден орыстанған дүбара-метис, не мәңгүрт қазақтар тағы баршылық (шамасы 250 мың болады).

Қырғызстанда да ашаршылық кезінде сіңіп кеткен қазақ-қырғыздар баршылық. Шамамен 200 мыңға жетіп қалады.

Қытай мемлекетінің ресми статистикалық көрсеткіші бойынша, жобамен метистерді қосқанда 2,0 миллионнан астам қазақ бар.

Осының 800-900 мыңы алыс диаспоралар болса, ал (12-13 %-і) енді 5,5, (87-88 %-і) жақын жердегі, өз атамекеніндегі ирриденттеріміз.

Қазіргі жаһандану заманында этнодиаспоралық кеңістік қазақтар үшін әр елде, тіптен ТМД-ның ішкі жағдайында да әр түрлі ерекшеліктерге толы. Мәселен, Ресейдегі этнодиаспоралық кеңістік қазақтың этникалық тобы «орыс тілінде сөйлейтін тұрғындар» категориясы шеңберінде қалу қаупі бар. Бұл өткен тоталитарлық кезеңнің қазіргі заманға жеткізген «өзіндік сыйы» деуге болады. Өкінішке орай осыған ұқсас жағдай басқа алыс-жақын елдерде (Өзбекстанда, Моңғолияда, Қытайда, Түркияда, Еуропа елдерінде) орын алып отыр.

Әрине, қазақ диаспорасы өкілдерінде бұл үрдістердің неге апарып соғатынын түсіну жоғары деңгейде дей аламыз. Сондықтан да болар үнемі қазіргі кезеңде ұлттық тілдің мән-мағынасын арттырудың жолдарын іздестіру әрекеттері жасалуда. Бұл ұлттық өзіндік саланың бірте өзін-өзі барынша тұтастанған күйде анық күйде анықтауға ұмтылуы.

ТМД-ның ішінде тараған қазақ диаспорасына қандай жағдайда да және алыстағы елдердегі қазақ топтарының өзіндік сапасын сақтау, дамыту үрдістері қалай жүріп отырған деген заңды сұрақ туындайды.

Ресей республикасында тұратын 700 мыңға жуық қазақтардың жартысына жуығы өздерінің өмір сүріп жатқан жерлерін ежелгі мекеніміз деп есептейді. Ресейде халқының саны жағынан қазақ диаспорасы 11 орында деп есептелінеді. Шынымен де қазіргі Ресей мен Қазақстанның шекарасы кезінде Кеңес үкіметінің орашолақ жүргізе салған сызығымен анықталған. Сөйтіп, ежелден келе жатқан қазақ ауылдары өздерінің тілінде, дінінде ұлттық бедерін жоғалтпай дамып келе жатқан кезеңін 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Ресейдің (Қазақстанның өзінде де) қазақ мектептерін жабу, қазақ шоғырларын ыдыратып, өзіндік санасының біртұтастығы күштірек халықтардың (орыс, неміс, деревнялары) шылауында кетуіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп тоталитарлық мемлекет тарапынан саналы түрде «этникалық бәсекелесу» саясаты жүргізіледі. Үлкендер жағы болмаса, жастар түгелімен еуропо-орталық негізде тәрбиеленіп, ойлау мен түйсіну орыс тілінде жүріп отырды. Соған қарамастан Ресейдің қазақтары (Орынбор, Омбы, Астрахань, Саратов, Волгоград облыстары) өздерінің тілін, дінін, халықтың салт-дәстүрін жоғалтқан жоқ деуге болады. Ресейдегі қазақ диаспорасының саналы азаматтары соңғы кезеңде өздерінің жас ұрпақтарына ана тілінде де білім беріп, тәрбиелеу мақсатында көптеген талпыныстар жасауда, бірақ қазіргі кезеңнің экономикалық қиындығы, тапшылық пен қымбатшылық оған қол байлау болып отыр. Осы деректің өзінен Ресейдегі қазақ қауымы бір үлкен этникалық күш және Қазақстан үшін саяси әлеуметтік одақтас екенін байқауға болады.

Ал енді Орталық Азиядағы өзіндік ерекшелігімен көзге түсті. Өзбекстанда өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының өзіндік санасына келетін болсақ, онда бұл республикадағы қазақтар өздерінің ұлттық келбетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін (мұсылмандық діни сананың да ықпалы зор) және бұл рухани құрылымдарды қоғамда негізінен жақсы сақтай білген. Әрине елдегі этникалық үлкен және түпкілікті халық - өзбектердің өмір салты, мәдениеті мен салт-дәстүрі өзінің ықпалын этникалық топтарға тигізуі заңды құбылыс. Бірақ кезінде тарихи тұрғылықты қазақтармен қоса аштық заманда көшіп барған қазақ жұртының өз тілінде мектептерден сауат ашуға мүмкіндіктері аз жерлерде өзбекше білім алу тіпті өзбек ұлтының өкілімін деп жаздыру деректері айтылуда. Жақын аймақтарда болсын, алыс аймақта болсын өмір сүріп жатқан қандастарымыздың, көрген-білгеніміз бен зерттеулерімізден жасайтын басты қорытынды – шетелдегі қазақтардың ұлттық өсіп-өркендеуі бұрын-соңды болмаған қиын жағдайға душар болып отыр.

Бұған дәлел ретінде өткен ғасырдың басында қазақтың тұңғыш тіл ғалымы әрі рухани көсемі А.Байтұрсынұлы: «Әр ұлтқа төрт нәрсе керек. Олар: тіл, діл, дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық өзінше халық Егер бұлардан айырылса, ол ел халық болудан қалады. Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген еді. (Тіл және қоғам, 44-45 б.)

Әлемдік тәжірибеге қарағанда да бірлікке келген кемелді тілі, жазуы мен әліпбиі бар халықтар өркениетке қарай бет алса, тіл мен жазуы қолданыстан шығып қалған, бірлікке келген тіл мен жазуы, әліпбиі жоқ халықтар бет-бетімен ыдырап жоқ болуда.

«Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрын бір елдің ықпалында болған қазақ халқының үлкен бір тобы қазір өзге шетел болып сонда тұрып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, олардың жалпы саны 2,5-3 миллионға жуық. Яғни Өзбекстанда – 1,5-2 миллион, Ресейде – 1 миллион, Түрікменстанда – 100 мың, Қырғызстанда 45 мың, өзгелерінде жиыны – 50 мыңға жуық», - дейді Қайрат Ғабитханұлы. Бұл, яғни жақын (шетелдегі) аймақтағы қазақтар тобына жатқыздым. Бұлардың іщінде Өзбекстанда аз болса да қазақ мектептері бар. Кей баспалардан қазақ тілінде кітаптар, бірді-екілі газет-журнал жарық көрген. Алайда 2 миллионға жуық қазақтар үшін бұл аздық етеді.

«Кешелі бері Өзбекстан қазақтарының саны мен тіл сапасын сөзге шыққан ағайындар біршама таразылап, салмағын да анықтап беріп жатыр. Әрине, сырттай қарап, баға беру оңай. Бірақ бір нәрсені ұмытпау керек. Ол - Өзбекстан қазақтарының диаспораға қосылмайтындығы. Өзбекстан қазақтары өз елінде, өз жерінде жасап жатқан біртұтас халық. Ол жақта қазақтың тарихы тұнып тұр.

Рас, соңғы кездері Өзбекстан қазақтарының тілі шұбарланып барады. Себебі, олар дәл қазір рухани аштықта. Қазақстаннан барып тұратын қазақша газет-журналдар, көркем әдебиет қазір Өзбекстанда жоқтың қасы. Ал Қазақстанның радио-теледидар хабарларын Өзбекстандағы барша қазақ көріп, тыңдай алмайды. Қазақстаннан бұрын барып тұратын әдебиет, мәдениет майталмандары ат ізін салмай қойғаны қашан», - дейді Гүлнәр Байжанова (3, 113-114 б.)

Түркменстандағы жағдай да осыған жақын. Қазақ мектептерінің саны аз, қазақ тілінде басылымдар жоқ. Бұл Түркменстанның ерекше жағдайы, ондағы кейбір тұрғындарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер қазақ диаспорасы өкілдерінің біршама бөлігінің қоныс аудару талпынысын шектейді. Бұл бір жағынан әлеуметтік деңгейі төмен азаматтар үшін өзіндік реттеуші фактор. Ал Қырғызстан, Тәжікстан, Украина т.б. жақын шет елдерде қазақтардың жан саны аз болғандықтан оларда ондай мүмкіндіктер қазірше жоқ.

Ал енді ең үлкен көршіміз Ресейге келсем, онда миллиондай қазақтар тұрады. Оның үстіне Қазақстанға көрші үш облысқа шоғырлы қоныстанған. Осылай бола тұра қазақ мектептері мен басылымдарының болмауына адамның іші ашиды. Кейбір ұлтым деген ер азаматтар онда бірді-екілі басылым әзірлегенімен ондағы қазақтардың басым көпшілігінің өз ана тілін білмеуі салдарынан таралмай жататын сияқты. Салыстыра қарағанда Ресейдегі бір миллиондай қазақтардың ана тілінің жағдайы ең төмен дәрежеде және мүшкіл халде деуге болады. Салыстырып қарасақ, Қазақстандағы және Ресейдегі кейбір басылымдарда айтылғандай, Қазақстанда орыс тілі қуғынға ұшырап құрып бара ма, әлде Ресейдегі қазақтардың ана тілі құрып бара ма? Солай бола тұра Ресейдің билік тұтқасын ұстаған адамдар мен Ресей думасы әр кездері шетелдегі қандастарының тілін қызғыштай қорып, демеу көрсетеді. Олар үшін бұлай істеу бір есептен дұрыс шығар. Ана тілдері қазақтың тіліндей мүшкіл халде болмаса да орыс болсын, қытай болсын, неміс болсын өз тілдерін мемлекеттік деңгейде қолданудың сыртында оның шетелдерде тұратын қандастарында дұрыс қолданыс табуына мемлекеттік дәрежеде қолдап, жәрдем көрсетіп отыр. Әрине шетелде тұратын ағайындар өзін де, ұлтының болашағын да ойлайды.

«Қазақ халқының тіл жазуының бүгінгі хал-күйіне қарасаң, шала-жансар туып қызығына тоймаған бала сияқты, өте қиын күйінде қалып отыр», - дей келе Қайрат Ғабитханұлы, (Тіл және қоғам, 48-49 б.) төмендегідей топтастырады:

1. Қолданылып отырған жазу-графикасы бірдей емес. Біреуі кириллица, бірі араб, тағы біреуі латын жазуын қолданады. Әріптердің саны да әр түрлі, бірінде 42, бірінде 33, тағы бірінде және басқаша. А.Байтұрсынұлы «Қазақ сөзін жазу үшін 28 әріп жетеді», - деп осы негізде кезінде қазақтың ортақ әліпбиінің негізін салумен бірге фонология теориясындағы айырым белгісі әдісін қолдану арқылы қазақ тілі дыбыс жүйесін тұңғыш рет 9 дауысты, 19 дауыссыз деп анықтап берген болатын (4, 28-29 б.) Ал қазір ең болмағанда қолдануға тиісті тіл дыбыстарының орны ғылыми жағынан дұрыс анықталып, оған лайықты әріп тұрақтанып, бір ғана жазу үлгісімен әліпбиді қолданып отырған жоқ. Бас-басына әр түрлі жазу мен әліпби қолданып отыр.

1.2. Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы

қазақтардың тілінің зерттелуі
Тіл – ұлттық сананың киелі де мәйегі. Тіл – тірлік пен бірліктің де, ынтымақ пен ырыстың да, тіршілік пен бейбітшіліктің де негізгі басы. Мойындау мен табынудың да, мойындату мен табынудың да басталуы, таңдану мен таңғалудың да, таңдандыру мен таңғалдырудың да басы осы тілден басталады. әлемдегі таңдау мен дамудың басы, ұлттық рухани байлықтың да, рухани баюдың да негізгі бастауы да осы тіл арқылы көркейіп, даралана дамиды.

«Ұлттық қадір-қасиетті жою ұрпақты түбегейлі надандыққа, мәңгүрттікке, кещелікке құлатып, күйрете өшірудің де, рухани жұтатудың да, сатқындық жолға түсірудің де, қастандықтың да басы осы тіл арқылы іс-жүзіне асырылып, зұлымдықтың сан қилы нақты айла-амалдары, әдіс-тәсілдері ширайды. Саясаттағы небір әрекеттер атаулының бәрі тіл мен діл арқылы жоспарланып, оны жүзеге асыру құпиясы аса терең әрі нәзік келеді. Ол ұрпақтың бойындағы ұлттық нәзік қабілеттің, намысқойлық пен адалдықтың рухында жатыр. Ұлтына деген қамқорлық жасаудағы рухты тіоілту кемеңгерлік пен көрегенділіктің ірілігінде, кісілігінде, тұлғалылығында жатыр»- дейді Молдағали Матқанұлы (3, 123-124).

Ал, қазақ мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді үйрету бөлімінің бастығы Ғалым Тыныбай былай дейді:

«Бұл күнде өзінің қазақ екенін ұмытып, тілден, діннен қол үзген замандастарымыз бен жастарымыз кең-байтақ еліміздің қай жерінде болмасын баршылық. Ана тілінде жөн сұрасаң көктен түскендей бетіңе бажырая қарап, екі иығын кезек қомдап жылыстай беретін жастар көп. Бойымызға анамыздың ақ сүтімен сіңген ана тіліміз сөйлеуден қалып, көңілден көше бастағанын, жастар мінезінің басқа халық мінезіне ауысқанын көргенде жаның ауырады.

Осыған орай, Ресей қазақтары жайлы сөз қозғасам. Бүгінгі Ресейде әр түрлі деректер бойынша 800 мыңнан 1 млн.-ға жуық этностық қазақтар тұрады. ТМД-елдерінде 1 млн. 815 мыңдай қазақ болса, соның 40 пайызы ресейліктер деген дерек бар. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтарында, атап айтқанда Алтай Республикасында, Астрахань, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Тюмень және басқа облыстарында тұрады. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында 10 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр.

«Ресей қазақтарының 70 пайызына дейіні ауылдық жерлерде тұрады. Мысалы, Орынбор облысында 197474 қазақ бар. Облыстың Адамов ауданы тұрғындарының – 31,2, Ақбұлақтың 24,4, Белясевтің – 23, Домбаровтың – 41,5, Первомай ауданының – 22,3, Соль-Илецкінің 22,5, Ясный ауданының – 52,2 пайызын қазақтар құрайды». (Егемен Қазақстан, 10 б.) Ресейдің тегін сапалы білімі, зейнетке шығу жасының төмендігі, басқа да жағдайлар негізінен Ресеймен шекаралас тоғыз облыстағы қазақтарды қоныс аударуға итермелейді. Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1994-1997 жылдары қазақтар сегіз-он мыңдап Ресейге көшіп отырған. 1998 жылдан қоныс аудару толастай бастаған. 2001 жылы 4613 қазақ Ресейге көшіп кеткен. Сонымен қазақ диаспорасының саны 13778 адамға өсіп, бүгін шамамен 700 000 құрайды деуге болады.

«Қазақтар - Ресейдегі ірі диаспоралардың бірі». Олар сан жағынан мари, аварлармен тең, ұлттық республика статусы бар еврей, бурят, осетин, кабардин, якуттардан басым. Ресей ғалымдарының салыстырмалы зерттеулері бойынша, қазақтар орыс, тува, қалмақ және Сібірдің ұсақ халықтарымен қатар өлім-жітімі көп, адамдары аз өмір сүретін этностар тобына жатады.

Ресейде қарқынды ассимиляциялық процестердің негізінде, диаспоралардың бір бөлігі орысқа сіңісіп бара жатыр, сондықтан ұсақ халықтардың нақты саны, ал олардың ішінде қазақтардың да, ресми көрсеткіштерден азырақ деген пікір жиі айтылады. Орыстану процесі ресей қазақтары түгілі өз еліміздегі қазақтардың арасында әлі жүріп жатқан тұста, қазақ диаспорасы ол індеттен аман деп айту қиын. Дегенмен, Ресей қазақтары жарым-жартылай, әсіресе ана тілін білмейтіндердің көп екенін ескерсек, ассимиляцияға ұшырағанымен, ұлттық санасы жағынан әзірше қазақ болып келеді» (5, 78-79 б.)

«Диаспора – мәдени ғана этноэкономикалық, этноәлеуметтік, этносаяси да қауымдастық», - дейді А.Айталы. Әрине, ана тілін, әдебиетін, мәдениетін, өнерін, дінін насихаттау, олардың дамуына жағдай жасап, ұлттық сананы тереңдету, әрине, көпшілік арасына кеңінен қолдау табатын іс.

Кеңес Одағының ыдырауы ресейлік қазақтарға жаңа саяси және әлеуметтік жағдай туғызып, жаңа мәртебе берді. Одақ тұсында РСФСР да тұратын қазақтар өздерін диаспора ретінде сезінген жоқ. Себебі КСРО барлық ұлттардың ортақ отаны болды. Ал әлемдік кеңестікте тәуелсіз Қазақ мемлекетінің пайда болуы, басқа республикалардағы қазақтарды диаспораға айналдырды. Сонымен бірге Қазақстанның дербестікке қол жеткізуі қазақ диаспорасының ұлттық санасын оятып, ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін білуге, бүгіні мен ертеңін тануға ынталандырды. Қазақтар, басқа да диаспора өкілдеріне орыстардың да көзқарасы өзгерді.

Қай елде де диаспора ұстараның жүзіндей шиеленісті жағдайда өмір кешеді. Ол мекендеген мемлекет ең алдымен байырғы, мемлекет құрушы ұлттың экономикалық, саяси, демографиялық, тіл және мәдени мүддесін нығайтуға барынша күш салады. Ал тарихи отаны болса, «қожа» елдің ішкі ісіне араласпай, диаспораның этникалық қауымдастық ретінде сақталып қалғанын қолдайды. Кейде осы екі тенденция бір біріне қайшы келіп, дау жанжалдар да туып жатады. Ресей қазақтары да осындай түйінді қолдарына ұстап отыр. Бір жағынан «қожа» елдің заңын силап, тілін, мәдениетін бойына сіңіріп, ешкімге есесін жібермей өмір сүру екінші жағынан, ассисмиляцияға қарсы тұрып, ұлттық құндылықтарды сақтау.

Бірақ қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне шешуші әсер ететін Ресейдің ұлттық саясаты, ұлттық мәселелер төңірегіндегі саяси ахуал социалистік қоғамдық жүйенің күйреуі, тоталитаризм қалдырған бюрократиялық мұраның іздері, Ресейдегі демократиялық процестердің қайшылықты дамуы қазақ диаспорасының жағдайына тікелей әсер етіп отыр. Байырғы ұсақ ұлттар мен ұлыстардың, диаспоралардың заңды талаптары аяқ асты болып отырғаны да шындық. Ең басты қиындық ресейлік орыстардың дисапоралардың ұлттық сана-сезімі, тілі, мәдениетіне деген сұранысының өсуіне, жалпы жанданып жаңаруына немқұрайлы, астамшылықпен қарауы болып отыр (Жизнь национальностей, 2000. - № 2, 3 б.) Бұл көптеген ұлттардың өкпе назын тудырады. Бір кездегі Ресей Премьер-министрі С.Кириенконың мына бір сөзі сол астамшылық саясаттың көрінісін айқын білдіреді.

«Все национальные проблемы оттого, что мы ими занимаемся. Не будем заниматься – не будет и проблем» («Полис», 1999, № 2. – 35 б.)

Осы орайда Ресей қазақтарының Астрахань, Волгоград экспедициясының материалдарынан О.Нақысбеков, А.Иманбаев 1987 ж. Европа тілдері лингвистикалық атласының жұмысына байланысты Жайық өзенінің батыс жағында тұратын қазақтар тілінің ерекшелігін жиюға барып қайтады. Ол сапарларында Европаға кіретін Қазақстанның батыс өңірлеріндегі Орал, Гурьев және Астрахань, Волгоград облыстарының кейбір аудандарын аралап, аталған атласқа арналған сұраулықты толтырып, материал жинайды. Бірақ, бір ескертетін жәйт, жоғарыдағы аталған ғалым-зерттеушілер Астрахань, Волгоград қазақтарының тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктеріне тоқталады.(23,134-148б)



Аталған облыстардағы қазақтар осындағы орыс халқымен ерте кезден жиі араласып, қарым-қатынас жасайды. Газет-журналдар да орыс тілінде, қазақ оқушылары да орыс мектептерінде оқуда. Әрине, сөз жоқ осының бәрі жергілікті қазақтар тіліне орыс тілінің әсерін мол тигізеді. Оған Қазақстанда және басқа жерлерде тұратын қазақтарда күнделікті айтылып жүрген нағыз қазақ сөздерінің орнына бұл өңірде орыс сөздерінің қолданылатынына мына төмендегі сөздерді мысал ретінде дәлелдейді зеттеушілер. Олар мыналар: күтір (хутор), ток (қырман), рандан арба (қалқанды арба), горшок (құмыра), турба (моржа, түтіндік), дышел (жетек), кнут (қамшы), мастит (желін сау), екинокок (төсекпе ауруы), сап (сақау ауруы), сыпь (бөртпе), брюшный тип (кезік), оспа (шешек), мелкопородный (жабы), ләпке (дүкен), нырок (үйрек), крыса (атжалман), черепаха (тасбақа), жашмен (арпа), снопа (бау), агрек (шала), атғот (шөпшар), көпкен (шөмеле), борона (жырма), салом (сабан), мекен (топан), поветель (шырмауық).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет