1 – зертханалыќ жўмыс



жүктеу 88.59 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі88.59 Kb.

Әдістемелік нұсқаулық ПМУ ҰС 7.18.2/05

Қазақстан республиканың білім және ғылым министірлігі

С. Торойғыров атыңдағы Павлодар мемлекеттік уневерситеті
Биология және экология кафедрасы

Зертханалық жұмыстарға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Өсімдік, жануар, микроағзалар алуантүрлілігі» пәні бойынша
050608-Экология мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар
Әдістемелік нұсқаулық ПМУ ҰС 7.18.1/05

бекіту парағы

Бекітемін

Химиялық технологиялар

факультетінің деканы

...................Ахметов Қ.Қ.


«.......» .................200 ж

Құрастырушы: б.ғ.д., професор. Қаманұлы Ұлықпан _________________


Биология және экология кафедрасы.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Зертханалық жұмытарға арналған
«Өсімдік, жануар, микроағзалар алуантүрлілігі» пәні бойынша
050608 - Экология мамандығының студенттеріне арналған.

Кафедра мәжілісінде ұсынылған

2009ж. «19» 08 №1 хаттама
Кафедра менгерушісі.....................................Исимбеков Ж.М.
ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінен құпталған
2009ж. «25» 08 №1 хаттама
ОӘК төрайымы..................................... Ұ.Д. Бүркітбевна


1 – зертханалық жұмыс.

Тақырыбы : Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының морфологиялық айырмашылығы.

Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлі жасушаларын салыстырып микроскоппен қарау арқылы олардың әрбіреуінің ерекшелігін жеке айырмашылығын анықтау, себебін түсіндіру.

Құрал жабдық, материалдар: Микроскоп, препараттық әйнек, жабын әйнек, сарымсақ, пияз, элодея жапырағы, бақаның тері қабықшасы, препарат инесі, инфузория, кесте суреттер, оқу құралдары.

Жұмысты атқару ролі: сарымсақ, пияз, элодея және бақаның эпителидік жасушаларын микроскоппен қарап, дәптерге сызып алу.Инфузорияны қозғалыссыз қалыпқа келтіріп сызу. Өсімдіктің жасушасы мен жануарлардың жасушаларында қандай айырмашылықтар барына мұқият назар аудару.айырмашылығын салыстырып, белгілеп жазу.

Жұмысты өткізу түрі: Микроскопқа препарат дайындап, қарау, сызу, талдау әдістерін үйрену. Бақылау арқылы байқаған морфологиялық ерекшеліктерді қорытындылап жазу.

Әдебиеттер:

-Гофман – Кодашников П.Б., Петров Д.Ф. «Биология с общей генетикой» М., 1966.

-Вилли К. «Биология» М., 1966

-Хауслан К7 «Протозоология» М., 1988.

-Васильев А. Е. «Ботаника» (анатомия, морфология растений). М., 1978.

2 – зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Әртүрлі сатыдағы өсімдіктердің морфологиялық құрылымы.

Жұмыстың мақсаты: а) Эволюциялық даму деңгейі және дене құрылысының күрделілігі әртүрлі сатыдағы өсімдіктердің дене мүшелерін салыстырып айырмашылықтарын анықтау.

б) Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай өсімдіктерді тип, класстарға бөлудің негізін білу.

в) Балдырлар, саңырауқұлақ, қына, мүк, шаңжапырақтар және жалаңаш тұқамдағы, жабық тұқымды өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктерімен танысып, оларды айыра білу.

Құрал жабдық, материалдар: Микроскоп, препараттық әйнек, жабын әйнек, 10х лупа, бритва, препарат инесі скльпель, спирт, мақта, оқу құралы, балдыр, саңырау құлақ, мүк, қына, шаңжапырақтың және тұқымды (Жалаңаш, жабық ) өсімдіктердің алдын ала дайындаған коллекциясы.

Жұмысты атқару реттері: а) Бір жасушуалы көп жасушала жасыл балдырлар, күрең балдырлар, төменгі және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ, қына, мүк, шаңжапырақтардың құрылысын микроскоппен, лупамен үлкейтіп және көзбен бақылап көріп салыстыру арқылы зерттеңіздер.

б) Бритва, препаратының иненің көмегімен аталмыш өсімдіктерден уақытша препарат жасап әрбіреуінің ішкі құрылысына зер сала зерттеп айырмашылықтарын анықтаңыздар.

в) Оларда тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым т.б. мүшелер бар немесе жоқтығына көз жеткізіңіздер

г) Талланды өсімдіктің айырмашылығын еске ала отырып әрбірейін сызып, белгілеу жасап алыңыздар.

д) Тұқымды өсімдіктің ерекшелігін берілген кестені пайдаланып сызып

алыңыздар. Жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктерді қарағай және алма , қауынды кестедегі сурет арқылы салыстырып алыңыздар.



Жұмысты өткізу түрі:

-Әртүрлі даму сатысындағы өсімдіктердің ішкі, сыртқы құрылысын лупамен, микроскоппен, қарапайым көзбен қарап сызу.

-Әрбір өсімдіктің балдырлар, саңырауқұлақ, қына, мүк, шаңжапырақтар және жалаңаш тұқамдағы, жабық тұқымды өсімдіктер құрылысын сипаттап жазу.

-Суреттерге сипаттама беру.

-Жұмыстың орындалуын бақылап, тексеру арқылы оқытушы бағалайды.

Әдебиеттер:

Абдурахманов О. «Төменгі стыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары: Саңырау құлақтар мен қыналар. Алматы; 2004.

Абдурахманов О. «Практические работы по систематике низших растений: Лабораторный практикум по бактериям и водорослям. Алматы, 2000.

Әметов Ә. Ә., Мырзақұлов П.М. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» Алматы6 2000.

Солдатенкова Ю.П. «Малый практикум по батанике. Лишайники М., 1977.

Дорхина Л.Н «Руководство к лаборторным занятиям по батанике с основами экологии растений» М., 1986.




3 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жануарлардың систематикалық және биологиялық алуантүрлілігі

Мақсаты: а) Жануарлардың негізгі патшалықтары туралы білу.

б) Жануарлардың негізгі типтерін және олардың морфо – физиологиялық ерекшеліктерімен танысу

в) Жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін: Жыныстық емес, жыныстық және партеногенездік жолмен көбейетін, суда, топырақта, өсімдіктің денесінде, жануарлардың ішінде тіршілік ететін жануарлардың тобы; шөп қоректі, шірінді қоректі, ет қоректі жануарлар және олардың бейімдеу ерекшеліктерін айыра білу.

Құрал жабдық материалдар: Лупа, скальпиль, препарат инесі, бауыр сорғыш құрт, жауын құрты, жәндіктер мен өрмекшілердің әртүрлі коллекциялары.

Жұмысты атқару реттері: а) Жануарлардың негізгі систематикалық типтерін кестеден тауып олардың ерекшеліктерін белгілеп алу.

б)Қарапайым денелілер мен көпжасушалылардың патшалығының айырмашылығын тауып жазып сызып алу.

В) Құрттардың негізгі систематикалық топтары (жалпақ, жұмыр, бунақ) олардың биолгиялық топтары. Геогельминттер мен биогельминттердің тіршілігіндегі айырмашылықтар.

Жұмысты өткізу түрі:

-Аталмыш жануарларды табиғаттан іздеп табу, өлтіріп сақтау, тірідей жинап, лабораторияда өсіріп жемдеу;

-Жануарлардың морфологиялық ерекшелігін айыра білу;

-Биологиялық топтарға жіктеу әдісін игеру;

-Шарттарын орындаған жұмыс қабылданады;

Әдебиеттер:

Степанян Е.Н. и Ф. «Лабораторные занятия по зоологии с основами экологии животных» М., 2001

Зеликаман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных» М., 1971

Лебедева М. В. И др. «Биологическое разнообразие» Учебное пособие для студентов вузов. Владос., 2004



4 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жануарлардың морфо – физиологиялық құрылымы.

Жұмыстың мақсаты: Гидробионт, эдафобионт, аэробионт, хортобионт, герпстобий жануарлардың топикалық және трофикалық құрылымымен танысу.

Құрал жабдық, материал: Математикалық систематикалықөндеуден өткізіп қорытынды жасауға арналған теңдеулер, формула мен индекс, коэфиценттер, калькулятор, биометриялық, биостатистикалық оқу құралдары.

Жұмысты атқару реті: Гидробионттардың: планктон, нейстон, бентос топтары;

Эдафобионттардың: геобий, геофиль, геобионт топтары;

Аэробионттар, хортобионттардың: фитофаг, зоофаг, сапрофаг, қоректік топтарының сандық және массалық мөлшерін есеп жасау тәсілдерін қолданып жұмысты орындау.

Тундра, қылқанды орман, жапырақты орман, орманды дала, дала және шөлдің әрбіреуінде қандай қоректік топтар басым болатының есептеп, себебін түсіндіру.



Жұмысты өткізу түрі: Берілген жеке жұмыстың атқарылуын тексеру, сұрақтарға жауап алу, график, диаграмалар жасату.

Әдебиеттер:

Патапов И.В. «Зоология с основами экологии» М., 2001.

Лебедева Н.В. «Биологическое разнообразие» учебн. Пособие для вузов. Владос, 2004.

Степанян Е.Н. и Ф. «Лабораторные занятия по зоологии с основами экологии животных» М., 2001



5 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жануарлар әлемінің тектік және туыстық байланысы.

Мақсаты: Жануарлардың шығу тегі бір болуына байланысты олардың дене құрылысында, көбею, қоректену, тіршілік ету сипаттарында ұқсастық болатының түсіну.

Құрал жабдық материалдар: Микроскоп, препараттық әйнек, қарапайымдылардың өсірген аквакультура, бақа, пипетка, жануарлардың плакаты.

Жұмысты атқару реттері: Қарапайымдылардың (амеба, эвглена, споралылар, инфузория және опалина) дене құрылысын салыстыру.Олардың кейбіреуін микроскоппен қарап қозғалыс органеллдерінің, ядроның, вакуольдарының ұқсастығына көз жеткізу.

-Амеба мен эвгленаның тіршілік ету құбылысындағы ұқсастықтарды салыстыру.

-Инфузория мен опалинаның ұқсастығы.

-Бақа мен балықтың уылдырықтан дамып ересею сатысы кезіндегі ұқсастығы.

-Құстар мен бауырымен жорғалауыштардың ұқсастығын салыстыру.

-Ұқсастығы мен айырмашылығын кестені толтыру арқылы белгілеу.



Жұмысты өткізу түрі: Сызба суреттер жасау, кестелерді толтыру, белгілеп жазғандарын оқытушыға көрсетіп жұмысты қорғау арқылы өткізеді.
Әдебиеттер:

-Степанян Е.Н. и Ф. «Лабораторные занятия по зоологии с основами экологии животных» М., 2001

-Зеликаман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных» М., 1971

-Вилли К. «Биология». М.,1966.

-Бацылев Е.Г., Благосклонов. «Зоология». М., 1977.

-Хаусман К. Протозоология (перевод с нем.). М., 1988



6 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Микроорганизмдердің таксономиялық және биологиялық алуан түрлілігі.

Мақсаты: Вирустар, бактериофагтар, риккетсилер және бактериялардың систематикалық, функционалдық және құрылымдық (структуралық) алуан түрлілігімен танысу.

Құрал жабдық, материалдар: Вирус, бактериялардың құрылымын көрсеткен сурет, плакат, таблицалар, оқулық, оқу құралдар.

Жұмысты атқару реттері: Оқулық, оқу құралын пайдаланып вирус, бактериофаг, риккетси, бактериялардың құрылымы, химиялық құрылымы, атқаратын функциясымен толық танысу.

Жасушасыз, қарапайым жасушалы (прокариот) және нағыз немесе күрделі жасушалы ағзалар олардың табиғатқа және адамның денсаулығы мен шаруашылығына манызы туралы мағлұмат деректерден хабардар болу.

Вирус, бактериялардың суретін сызып алу.

Жұмысты өткізу түрі: Студенттер тақырыпқа байланысты жасаған сурет, схема, белгілеу қорытындыларын жазып тексерту, сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты өткізеді.

Әдебиеттер:

Вилли К. Биология (перевод с английского) М.,1966

Громов Б.В., Павленко Г.В. Экология бактерии. Л.,1989

Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Систематика бактерии. Алматы. 2003г.

Яценко- Хмелевский А.А. Основы микробиологий. Л.,1985

7 - зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Микроағзалардың пішіні мен құрылымының алуантүрлілігі.

Мақсаты: Микроағзалардың пішіні мен құрылымының алуан түрлілігіне танысудың нәтижесінде оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Құрал жабдық, материалдар: Микроағзалардың пішіні мен құрылымын сызбалап көрсеткен сурет, плакаттар.

Жұмысты атқару реттері: Оқулық, оқу құралдарында микроағзалардың пішінін, сипаттап жазған бөліммен танысып, қажетті бөлігіне қысқаша белгілеу жасау;

Вирустың сызбасын оқу құралы плакат, суреттен қарап сызу;

Бактериялардың жеке және тізбекті колониялық, шоғырлы колониялық түрлерін;

Таяқша (бакилл), доналық (кокк), бүраң (спирохет) тәрізді түрлерін айырып, суретін сызу.



Жұмысты өткізу түрі: Белгілеп жасаған материалдарды және сурет, схемаларды оқытушыға тексертеді.

Сұрауларға жауап беру арқылы жұмысты қарап бағалатады.



Әдебиеттер:

Вилли К. Биология (перевод с английского) М.,1966

Громов Б.В., Павленко Г.В. Экология бактерии. Л.,1989

Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Систематика бактерии. Алматы. 2003г.



Яценко- Хмелевский А.А. Основы микробиологий. Л.,1985
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет