1. Аппараттың тағайындалуы Жалпы мәлімет



жүктеу 1.08 Mb.
бет1/7
Дата13.12.2017
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

МАЗМҰНЫ
1. Аппараттың тағайындалуы

1.1. Жалпы мәлімет

1.2. Пайдалануға көрсеткіш

1.3. Пайдалануға кері әсер

2. Техникалық сипаттама

3. Жиынтықтығы

4. Орнату және жұмыс қағидаты

4.1. Адам ағзасына жүгірмелі импульсті магнит өрісінің әсер етуінің физиологиялық механизмі

4.2. Аппараттың құрылым

4.3. Таңбалау

5. Қауіпсіздік шаралары

6. Дайындау бөлімі



7. Емдеу әдістемесі

Қозғалыс-тірек аппараты

- Остеохондроз

-Өзгермелі остеоартроз

әртүрлі буындардағы артирт және артроз:

- иық-жауырын периартозы

- Артрит

- Эпикондилит

- Тұз байлану

- Бурсит

- Миозит

- Паратеноит

Тірек-қозғалыс аппаратының жарақаты

- Сүйектің сынуы

- Буындардың ішкі жарақаты

- Жарақат, жұмсақ танінің соққысы, гематома, жарақаттан кейінгі ісік

-Сіңір және бұлшықеттің зақымдануы

- Операциядан кейінгі жара

- Келоидті тыртық

- Енжар жазылатын ірінді жарадар, флегмон, күйіктер

Перифериялық жүйке жүйесінің ауруға шалдығуы

Невриттар

- Бет жүйкесінің невриті

- Сәуле жүйкесінің невриті

- Шынтақ жүйкесінің невриті

- Орталық жүйкенің невриті

- Құйымшақ жүйкесінің невриті (ишиас)

-Ккіші сан жілік жүйкесінің невриті

- Плексит

- Невралгиялар

- Үшем жүйкесінің невралгиясы

- Желке жүйкесінің невралгиясы

- Қабырға арасының невралгиясы

Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы

- Омыртқа жотасы және арқа миының зақымдануы

- Арқа миындағы қан айналымның бұзылуы

Бас миының тамыр ауруы

- Ишемиялық ми инсульты

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруы

-І-ІІ сатыдағы гипертониялық ауру

- Бүйрек гипертониясы

-Гипертониялық түрі бойынша вегетта-тамырлы дистония

- Зорлықтың тұрақты стенокардиясымен жүректің ишемиялық дерті

- аяқ, бармақ бастарындағы тамырдағы атеросклероз (эндартериит)

Қант диабетінің асқынуы

- Диабеттік ангиопатия

- Диабеттік полинейропатия

Дерматологиялық аурулар

-Қышыма дерматоздар

- Терінің пластикалық операциядан кейінгі жағдайы

- Өкпенің ерекшеленбейтін созбалы дерті

- Созылмалы бронхит

Созылмалы пневмония

- Бронхиалды астма

Шек-қарын жолының ауруы

- Дерттің созылмалы және шамалы әлсіреген кезіндегі панкреатит

- Өт шығару жолдарының дискинезиясы

- Созылмалы гастрит

- Онекі елі ішек және асқазанның арам безінің дерті

- Әйелдің жыныс органдарының ауруы

- Қатты процестің шамалаған кезіндегі жатыр және үстеме өсіндісінің талаурау дерті

- Аналық без гипофункциясымен негізделген ауру

- Жарып алғаннан кейінгі жағдай

Аяқ-қол, саусақ, бармақ бастарындағы тамыр жүйесінің ауруы

- Сирақтағы терең тамырларда қан ұю

- Трофикті бұзылу сатысындағы созылмалы тромбофлебит

- Варикозды дерт

8. Техникалық қызмет көрсету

9. Сақтау және тасымалдау

10. Қабылдау туралы куәлік

11. Әзірлеушінің кепілдемесі


ҚҰРМЕТТІ, САТЫП АЛУШЫ!
Сіз АЛМАГ® тауарлық белгісімен тіркелген (одан әрі мәтін бойынша АЛМАГ), кең таралған ауруларды емдеуге және сақтандыруға арналған «Жүгірмелі импульсті өріспен магниттік терапиялық аппарат, шағын ауқымды АЛМАГ-01» сатып алдыңыз. АЛМАГ медициналық техника бұйымдарына жатады және медициналық тәжірибеде пайдалануға рұсқат етілген физиотерапиялық аппараттардың тізіміне енгізілген. Бұл бұйым Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің Жаңа медициналық техника бойынша Комитетімен ұсынылады (1999ж.9.08. №7 хаттама). Тіркеу нөмірі № ФС 022а0409/1024-04 2004ж. 14 желтоқсанынан.

Назар аударыңыз! АЛМАГпен жұмыс атқару үшін, алдымен пайдалану бойынша басшылықпен танысу қажет. Қондырғының жұмыс қызметімен танысу, оның қауіпсіз және дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. АЛМАГты үшінші тұлғаларға тапсырған жағдайда, оған қоса пайдалану бойынша басшылықты да беру қажет.

АЛМАГ кеңінен таралған дерттерді, физиотерапиялық бөлімдер, емдеу-сақтандыру мекемелер жағдайында және, сонымен қатар емделушінің өзімен дәрігердің нұсқауы бойынша үй жағдайында жүгірмелі импульсті магнит өрісімен емдеу үшін және осы дерттен алдын-алу үшін сақтандыруға падалануға тағайындалған.

Емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша процедураларды өткізген жағдайда, олмен ұсынылған емдеу әдістемесін сақтау қажет.

Пайдалану бойынша басшылық, өндіруші-кәсіпорынмен кепіл берілген АЛМАГтың негізгі параметрлерін және техникалық сипаттамасын, пайдалануға көрсеткіш және олмен емдеу әдістемелерін дәлелдейтін негізгі құжат.

Аппаратты сатып алып кезде, кепілдік талондарында сатушының қолы, сатушы ұйымның мөртабаны және аппараттың сатылған мерзімі бар екендігіне көз жеткізіңіз.


1. АППАРАТТЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ

1.1. Жалпы мәлімет

1.1.1. Аппарат физиотерапиялық бөлімдер, емдеу-сақтандыру мекемелер жағдайында және, сонымен қатар емделушінің өзімен дәрігердің нұсқауы бойынша үй жағдайында адам ағзасына жүгірмелі импульсті магнит өрісімен терапиялық әсер беру үшін арналған.

1.1.2. Аппарат көтерме немесе бөлшек сауда желілері арқылы сатуға жатады.

1.1.3. Аппарат МЕСТ 15150-69 сәйкес 4.2. санатындағы УХЛ атқару бұйымдары үшін орташа климаттық жағдайда пайдалануға арналған: ауа температурасы плюс 10°С дан 35°С-ға дейін, атмосфералық қысым 86,6-106,7 кПа (650-800 мм рт. ст.).

1.1.4. Электр қауіпсіздігі бойынша қондырғы МЕСТ 50267.0-92 (МЭК 601-1-2-93) талаптарына сәйкес ІІ классқа жатады, жұмыс бөлігінің типі B.

1.1.5. Сезінетін механикалық әсеріне байланысты, аппарат МЕСТ Р 50444-92 бойынша 2-ші топқа жатады.

1.1.6. Істен шығу салдары бойынша аппарат РД 50-707-91 бойынша В классына жатады.

1.2. Қолдануға көрсеткіштері:



Тірек-қимыл аппаратының ауруы:

- рефлекторлы түпкі синдромымен омыртқа жотасының остеохондрозы:

- мойын,

- көкірек,

- бел бөлігі;

өзгермелі остеоартроз;

әр түрлі буындардың артриты және артрозы:

Иық-жауырын;

периартроз, артрит, эпикондилит, подагра;

бурсит;

миозит;

паратеноит.



Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы және оның салдары:

сүйектің сынуы;

буынның ішкі зақымдануы;

 Жарақат, жұмсақ танінің соққысы, гематома, жарақаттан кейінгі ісік;

сіңір және бұлшықеттің зақымдануы;

операциядан кейінгі жара;

келоидты тыртық;

 енжар жазылатын ірінді жарадар, флегмон, күйіктер.



Неврологиялық аурулар:

перифериялық жүйке жүйесінің ауруы;

невриттер:

- бет жүйкесінің невриті,

- сәуле жүйкесінің невриті,

- шынтақ жүйкесінің невриті,

- орталық жүйке невриті,

- құйымшақ жүйкесінің невриті (ишиас),

- кіші сан жілік жүйкесінің невриті,

- плексит;

невралгиялар:

- үшем жүйкесінің невралгиясы,

- желке жүйкесінің невралгиясы,

- қабырға арасының невралгиясы;

жүйке жүйесінің зақымдануы:

- омыртқа жота және арқа миының зақымдануы;

бас миының тамырларының ауруы (мидағы қан айналымның ауыспалы бұзылуын созылмалы ишеимялық жүрек ауруымен қосарланған кезде):

арқа миындағы қан айналымның бұзылуы,

ишемиялық инсульт.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы:

І-ІІ сатыдағы гипертониялық дерт;

бүйрек гипертониясы;

 гипертониялық түрі бойынша вегетта-тамырлы дистония;

 Зорлықтың тұрақты стенокардиясымен жүректің ишемиялық дерті (емдеуші дәрігер бақылауымен);

 аяқ, бармақ бастарындағы тамырдағы атеросклероз (эндартериит).

Қант диабетінің асқынуы:

диабеттік ангиопатия;

диабеттік полинейропатия.

Дерматологиялық аурулар:

қышыма дерматозы;

теріге пластикалық операция жасалғаннан кейінгі жағдай.

Өкпенің ерекшеленбейтін созылмалы ауруы:

созылмалы бронхит;

созылмалы пневмония;

бронхиалды астма.



Асқазан-ішек жолдарының ауруы:

дерттің шамалы басылған және созылмалы кезіндегі панкреатит;

өт шығару жолдарының дискинезиясы;

созылмалы гастрит;

асқазанның және онекі елі ішектің ойық жара дерті.

Әйелдің жыныс органдарының дерті:

Қатты процестің шамлылыған кезіндегі жатырдың және қосымша өсіндінің талаурау дерті;

аналық бездің гипофункциясына негізделген ауру;

операциялық босанғаннан кейінгі жағдай (іштен жарып алу).



Аяқ-қол, бармақ, саусақ бас жүйелеріндегі тамырдың ауруы:

сирақтағы терең тамырларда қан ұю;

трофикалық бұзылу кезіндегі созылмалы тромбофлебит;

варикозная болезнь.

1.3. Пайдалануға кері әсер

- қатты кезеңіндегі талаурау дерттері;

- қансырау және оған бейімділік;

- нақты көрінген гипотония;

- хирургиялық емдеуге дейін ірің процесі;

- жүректің ишемиялық дертінің ауыр жүруі;

- ертелі инфарктан кейінгі кезең;

- мидағы қанайналымның бұзылуының қатты кезеңі;

- аяқ ауырлық;

- қан ауруының жүйесі;

- онкологиялық ауру;

- тиреотоксикоз;

- диэнцефальді синдром;

- әсер беру зонасында имплантациялық кардиоынталандырғыш.



Сүйек тканьінда шамалы көлемді металл қосылыстарының болуы, терапиялық мөлшерде апаратты тағайындауға кері әсер болып табылмайды.

2. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

2.1. Аппараттың электрмен қоректенуі, кернеуі~220В (-10%, +10%) немесе ~230В (-10%, +6%), жиілігі 50Гц айнымалы ток желісінен жүзеге асырылады.

2.2. Аппараттың желіден қоРектенетін қуаты 15 ВА жоғары емес.

2.3. Аппараттың салмағы 0,62 кг көп емес.

2.4. Аппараттың ауқымдылық мөлшері:

- электр блогы – 137х60х45 мм;

- әсер беру торабының кутушкаларының біреуі – 15х90 мм.

Ескертпе: шекті ауытқу ±3%.

2.5.Индуктор-катушкаларының мөлшері – 4.

2.6. Аппараттың әсер беру торабының (екі жазық жақтар) индуктор-катушканың жұмыс үстіндегі магнит индукциясының амплитудалық мәні (20±6) мТл құрайды.

2.7.Импульстің ұзақтығы 1,5-2,5 мс құрайды.

Катушканың әр қайсысында магнит өрісі импльсінің бірінен кейін бірінің жүру жиілігі - 6 Гц.

2.8. Аппаратты желіге қосқан кезде жарық сигнализациясы қосылады.

2.9.Аппарат 6 сағат ішінде қысқа уақытты-қайталау тәртібінде жұмысты қамтамасыз етеді : жұмыс уақыты (22±1) минут, үзіліс 10 минут.

2.10. Аппарат автоматты түрде желіден (22±1) кейін сөндіріледі.

2.11. Пайдаланған кезде аппарат УХЛ 4.2. санатты бұйымдарды атқару үшін МЕСТ 15150-69 және МЕСТ Р 50444-92 бойынша климаттық факторлардың әсеріне тұрақты.

2.12.Тасымалдаған кезде аппарат 5 жағдай тобы үшін МЕСТ 15150-69 бойынша климаттық факторлардың әсеріне тұрақты, 2 жағдай тобы үшін – сақтау кезінде.

2.13.Аппараттың үстінге беті МЕСТ 42-21-2-85 бойынша химиялық залалсыздандыруға тұрақты: «Лотос» типті жуғыш заттың 0,5% қосылған 3% сутегі тотығы немесе 1% хлорамин ертіндісі.

2.14. Істен шығуға орташа жұмысты өтеу – 1000 сағаттан кем болмайды. Істен шығудың критериясы ретінде 1.1.4., 2.6. талаптарына аппараттың сәйкес болмауы болып табылады.

2.15. Орташа қызмет ету мерзімі – бе жыл. Аппараттың шекті жағдайының критериясы ретінде, ағымдағы жөндеу кезінде оның жағдайын 1.1.4. тармағының талаптарына сәйкес келетіндей етіп қалпына келтіре алмау немесе оны одан әрі пайдаланудың техникалық-экономикалық қолайсыздығы.

2.16. Аппаратты құрастырған кезде қолданылған материалдар МЕСТ Р 50444-92 бойынша қызарудың және аллергиялық әрекеттің болмауын қамтамасыз етеді.

2.17.2.9. тармағы бойынша бір жұмыс циклынан кейін аппарат корпусының максималдық температурасы 45 °С артық емес, әсер беру торабының максималдық температурасы 41 °С жоғары емес.

2.18. Пайдаланудың әлеуетті тәуекеліне байланысты классы - 2а.



3. ЖИЫНТЫҚТЫҒЫ
Аппараттың жиынына кіреді:

- АЛМАГ-01 аппараты;

- магнит өрісінің индикаторы;

- медициналық икемді бинт;

- пайдалану бойынша басшылық.

4. ОРНАТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ҚАҒИДАТЫ



4.1. Адам ағзасына жүгірінді импульсті магнит өрісінің әсер беруінің физиологиялық механизмі.

Жиналған ғылыми материал, магнит өрісінің емдік әрекетінің негізінде зарядталған бөлшектердің қозғалысын басқару қабілеті және олардың қозғалысына байланыссыз магнитталған дененеге әрекет ету жатқанын дәлелдейді, бұл жасуша ішіндегі және жасуша аралық алмасудың күшеюіне әкеледі және «биологиялық ынталандырғыш» рөлін атқарады. Бұл эффект тұрақты және айнымалы магнит өрісітерімен салыстырғанда АЛМАГтың жүгірмек импульсті магнит өрісінде айқынырақ көрсетілген, бұндағы импульстың жиілігі, адам ағзасының әртүрлі биологиялық белсендік ритмі бар ретінде американдық биолог У.Р. Эйди ашқан 4 тен 16 Гц дейінгі биологиялық белсенді аралыққа түседі. АЛМАгтың ерекше индуктор-катушкаларының құрылымы ЖИМӨ емделушінің тканьдеріне 8 см тереңбікке дейін кіруге мүмкіндік береді, бұл терең орналасқан органдарды емдеу кезінде кеңінен қолданылады.

Ауру органға және тканьға қатал реттелген ЖИМӨнің әсері кезінде, әртүрлі ауру кезінде өзгеріске ұшырайтын жасушалардың электрмагниттік параметрлері қалпына келеді, ұалпына-келтіру-тотығу процесіне қатысатын химиялық элементтер арасындағы өзара әрекетті күшейтеді, бұл нақты нәтиже кеізнде бұзылған функцияның қалпына келуіне мүмкіндік туғызады.

Магнит өрісінің астында әсер берілген жерде қанның ағуы жақсарады, яғни оның қоюлығы төмендеп, нәтижесінде қан ұюының пайда болу тәуекелі азайады. Тамырлардың ашықтығы күшейеді, қосымша каппелярлар ашылады, олардың өткізгіштік қасиеті жақсарады. Осының барлығы әсер беру зонасында қанмен қамтамасыз етуді маңызды жақсартады, сонымен қатар жасушаларды оттегімен қамтамасыз ету процесі, иммуноглобулиндә және құрылыс ақуыздарымен, талаурауды көтеретін өнімдерді шығару процесін әлдеқайда жақсартады. Зат алмасудың белсенділігін арттыру дерттің дамуына кедергі болады, қайта қалпына келу, регенерация және жасушалардың жаңару процесінің күшеюіне әкеледі.

Адам ағзасының органдары ЖИМӨ-нің әсеріне әртүрлі сезінеді. Бұл әсерге ең сезімтал органдардың бірі жүйке жүйесі. Содан кейін, сезімталдықтың төмендеуіне байланысты, эндокринді, жүрек-қан тамыр, ас қорыту, тыныс алу және сүйек-бұлшық ет жүйелері болады.

ЖИМӨ-нің әсерін болған кезде жүйке жүйесінде тежейтін процестердің ынталануы байқалады, бұл тыныштандыру эффектінің (седативті) дамуына себеп болады. Магнит өрісі адамның ұйқысына жағымды әсер береді, бұл АЛМАГты ұйқысыздықтың кейбір жағдайында қолдануға мүмкіндік береді.

Бас ми құрылымындағы эндокринді органдардың функциясына әсерін тигізетін гормондардың қанға шығуы және өңделуі қалыпты жағдайға келеді. ЖИМӨ-нің осы қасиетіне байланысты АЛМАШты қолдану кейбір гормональді бұзылуларды қалпына келтіру үшін және күйзелуге қарсы эффекті құрастыру үшін қолдануға әбден мүмкін.

Жүгірмелі импульсті магнит өрісінің әсері астында перияериылқ жүйке рецепторларының сезімталдығы азайады, бұл аурудың шамалауына және мүлде жоғалуына әкеледі. Осы фактор АЛМАГты әртүрлі пайда болған ауру синдромдарын емдеуге мүмкіндік береді.

АЛМАГтың ЖИМӨ-і бастағы ми тамырларының тонусының төмендеуіне әкеледі және олардың сәулеленуін жақсартады, бұл бас миын қанмен қамтамасыз етуді жақсарта отырып, зат алмасудың белсендігін арттыруға әкеледі.

АЛМАГтың әсеріне жүрек-қан тамыр жүйесі жүректің қысқару жиілігінің қалпына келумен, тарымлардың кеңеюімен, сонымен қатар каппилярлардың кеңеюімен әсерін көрсетеді. Қан ағысы жақсарады, тамырлар қабырғаларының тонусы қалпына келеді, олардың серпімділік-икемдік қасиеті жақсарады. Магнит өрісінің осы эффектері гипертониялық дерттерді емдеген кезде қолданылады.

Жүгірмелі импулсьіт магнит өрісіне ауруды басу, талаурауға қарсы, ісікке қарсы әрекет сияқты қасиеттер тән, сонымен бірге алмасу процесін ынталандырады. ЖИМӨ-нің әсеріне иммуноқұрамды органдар ерекше сезімтал (аша тәрізді без, талақ, лимфалық түйіндер және т.б.), осының бәрін емдеу курсы кезінде қандағы лекоциттердің мөлшерінің көбеюі дәлелдейді.

Кез-келген дертті емдеу процесінде импульсті магнит өрісі, сонымен бірге дененің барлық бөліктерінде шашыраған биологиялық белсенді нүктелерге де әсер береді, нәтижесінде олармен бірге байланысқан бұлшықет және ішкі органдардың рефлекторлы реакциясы туындайды.

АОМАГпен емдеу курсын жүргізу кезінде, оның емдік эффектерінің әртүрлілігіне байланысты емделушінің бейімделу деңгейін біртіндеп көтереді, ол өз орнына «ескі тарихы» бар созылмалы дерттерді және қатты дерттерді де емдеу кезінде көкейтесті деп айтуға болады. Адамның бейімделу деңгейі «Айналадағы ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның төтеп беруі, сонымен бірге өзіндік қалпына келу қасиеті» ретінде саналады.
4.2. Аппаратты орнату

АЛМАГ электронды блоктан (импульсті ток генераторы), бір-бірімен өзара байланысқан төрт индуктор-катушкадан тұратын, дененің зақымданған бөлек жерлеріне әсер беру үшін қолданылатын әсер беру торабынан, ұзындығы (2,1±0,1) м әсер беру торабының кабельі және ұзындығы (1,2±0,1) м желілік пілтеден тұрады.

Жеке тораптардың барлық байланыстары икемді және ажыратылмайтын.

Ескертпе:Бірінші индуктор-катушка деп электронды блоктың пілтесі келетіні саналады.

Электронды блоктың корпусы соққыға тұрақты полистиролдан тұрады.

Корпуста екі жарықтық индикаторлар орналасқан. Жасылы электрқорек желіәсіне аппаратты қосқан кезде жанады.

Жасыл индикатормен бірге сары индикаторда жанады, ол аппараттың іске қосылғанын дәлелдейді. Ол таймермен байланысты және аппаратты желіге қосқаннан кейін 22 минут өткен соң сөнеді. Осы кезде аппараттың әсер беруі тоқтайды.



Ескертпе: Аппаратпен жұмысты одан әрі жалғастыру үшін, аппаратты электрқорек желісінен сөндіру қажет және оны қаута қосу керек (аппаратты қайта қоосуды тек 10 минуттай уақыт өткеннен кейін жүзеге асыру қажет).

Магнит өрісінің болуы және АЛМАГтың жұмысқа қабілеттігі, төрт индуктор-катушканың әрқайсысының ортасында орналасқан көк түсті индикатордың жыпылықтауымен дәлелденеді. Бұйым жұмыс атқарып жатқанда индикаторлар тең жиілікте жыпылықтауы тиіс. АЛМАГтың қосымша жұмысқа қабілеттігін магнит өрісі индикаторының көмегімен тексеруге болады, ол үшін желіге қосылған аппараттың индуктор-катушкаларына оларды кезектеп салу қажет. Импульсті магнит өрісінің бар екендігін индикатордың ортасындағы жасыл лампочканың жылыпықтағаны дәлелдейді немесе магнит өрісі индикаторының вибрациясы дәлел болады (индикатордың түріне байланысты).

Индуктор-катушкалардың екі жағы да жұмысқа қабілетті болып табылады, сондықтан өзіңізге ыңғайлы жағымен емдеуді жүргізуге болады. Емдеуді, зақымданған жерге, оның айналасындағы тканьарға және рефлекторлы зонаға әсер беру арқылы, аппараттың индукторын тураға теріге қойып жүзеге асырады. Аппараттың магниті өрісінің жоғарғы өткізгіштік қабілетінің арқасында емдеуді киім арқылы жүзеге асыруға болады, немесе ылғал және құрғақ марлілі таңба, жуандығы 1см гипсті таңба арқылы да емдеуді жүргізу әбден мүмкін.

Көңіл аударыңыз! Индуктор-катушкалардың жұмыс кеңістігінде орналасқан магнит индукциясының мәні әртүрлі±6 мТл (2-ші бөлімді қараңыщ) болғанға байланысты, аппараттың жұмысқа қабілеттігін магнит өрісінің индикаторымен тексерген кезде,индикатордың ортасында орналасқан жасыл лампочканың жыпылықтауы (жануы) индуктор-катушканың әр кеңістігінде әртүрлі болуы мүмкін. Бұл магнит өрісінің индикаторын индуктор-катушкалардың үстінен алып тастағанда көрінуі мүмкін.
4.3. Таңбалау

Аппаратта келесі белгілер салынған:



“ІІ классты бұйым”.

Бұл белгі, қондырғының МЕСТ Р 50267.0-92 (МЭК 601-1-88) бойынша электр қауіпсіздігі бойынша аппарат ІІ классқа жататынын көрсетеді;



“ Көңіл аударыңыз, пайдалану бойынша құжаттарға қараңыз ”;

“ Жұмыс бөлімі В типті ”.

Бұл белгі, токқа шалдығудан қорғану дәрежесі бойынша аппараттың жұмыс бөлігі электр МЕСТ Р 50267.0-92 (МЭК 601-1-88) ВF типі бойынша атқарылғанын көрсетеді.


5. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

5.1. Пайдалану бойынша басшылықпен танысқаннан кейін ғана аппаратты қолданыңыз.

5.2. Процедуралардыжүргізу алдында аппараттың сыртына тексеру жүргізіңіз. Корпусы, Индуктор-катушкалары немесе кабельдері бұзылған аппаратты пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

5.3. Желілік ашаның және әсер беру торабының (индуктор-катушкалар) тартылуы болдырмайтын, электрқорек желісінің розеткаға желілік ашаның қосу үшін ыңғайлы жерлерде қондырғыны орналастырыңыз. Кері жағдайда өнеркәсіптік өндірістік желілік ұзыртқыштарды пайдаланыңыз.

5.4. АЛМАГты тек жұмыс істейтін розеткаға қосуға рұқсат етіледі, оның жұмыс кернеуі желіде 220 В (-10%, +10%) немесе 230В (-10%, +10%), және жиілігі 50 Гц.

5.5. Электронды блок және индуктор-катушкалардың үстін залалсыздандырғыш қоспалармен өңдеген кезде олардың ішіне ылғалдың түсуіне жол бермеңіз. Қондырғыны ылғалдан, соққыдан, шайқалудан сақтаңыз.

5.6. Емдік әсер берген кезде сақтандыру шаралары:

- бірінші процедураның өткізудің жиынтық ұзақтығы 20 минуттан аспауы қажет;

- екі зонаның емдеу кезінде процедураның жалпы уақыты 30 минуттан аспауы қажет;

- омыртқа жотасының мойын-төс бөлігіне әсер беру кезінде, алғашқы үш процедураның ұзақтығы 10 минуттан артық болмауы тиіс;

- жүрек облысына және бас миына тура әсер беру жүргізілмейді.

Ескертпе: Корпустың жұмыс кеңістігінде материалдардың төгілген ізі болады, олар корпустың бұзылғандығына жатпайды және қондырғының жұмысқа қабілеттігіне әсерін тигізбейді.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

- қондырғыны желілік пілтеден көтеру немесе орнын ауыстыру;

- желіге қосылған аппаратты ақпаратты магниттік тасымалдаушы, аудио, видеоқондырғылар және басқамагнитке сезімтал аспаптардың қасында орналастыруға.


6. ДАЙЫНДАУ БӨЛІГІ
Егер қондырғы +10 ºC салқын жерде сақталса немесе ол төмен температурада тасымалданған болса, онда аппаратты осар алдында оны температурасы плюс 10 °С дан плюс 35 °С дейін жайда төрт сағаттан кем болмайтын уақытта ұстау қажет.

Электронды блок және индуктор-катушкаларының үстін 0,5 % «Лотос» жуғыш құралы қосылған 3% сутегі тотығына малынған немесе 1% хлорамин ертіндісіне малынған тампонмен, электронды блок және индуктор-катушканың ішінде ылғалдың баруына жол бермеу арқылы сыртқы жақтарын сүртіңіз.

Аппаратты пайдалану алдында онда магнит өрісінің бар екендігіне көз жеткізуге болады, ол үшін жұмыс атқарып жатқан аппараттың индуктор-катушкаларының жұмыс кеңістігіне магнит өрісінің индикаторын қойыңыз.

Катушканың әр қайсысының жұмыс кеңістігі ретінде олардың кез-келген кеңістігі саналады. Жалпы жұмыс кеңістігі, ол өзара 180° -қа бұралмаған төрт катушканың жұмыс кеңістігі.

Процедураны бастау алдында, процедура аяқталғанға дейін емделуші жата алатын ыңғайлы күйге жатқызады.

КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Жүгірмелі импульсті өріспен магниттік терапиялық аппарат, шағын ауқымды АЛМАГ-01 медициналық икемді бинтпен жиналған.

Тірек-қиыл аппараты зақымданған кезде АЛМАГ-01 зақымданған жердің терісінің үстіне салынады, сонымен бірге емдеуді жеңіл киім арқылы, марлілі және гипсті таңбалар арқылы жүргізуге болады.

Әйелдің жыныс органдарының дерті кезінде іштің төменгі жағына немесе арасына аппаратты орналастырады.

Процедураларды біркелкі аралық уақытта өткізуге нұсқау беріледі (әдетте олар 10-20 курс), жақсырағы тамаққа дейін өткізу.

Процедура аяқталғаннан кейін тамақ ішуге болмайды, ең аз дегенде бір сағат бойы. Алғашқы бірнеше сеанстарды ең төменгі процедураның ұзақтығы -10 минут, күн сайын өткізген дұрыс, кейін біртіндеп 2-3 күн ішінде оны максималдық ұзақтыққа жеткізеді. Дәрігердің ерекше нұсқауысыз процедураның ұзақытығы 10-20 минут құрайды. Сенанстарды күніне 2 рет жүргізген дұрыс. Емдеу курсы кезінде тек бір дертті емдеу қажет. Қайталау курстарын қажеттігіне қарай 30-40 күннен кейін атқарады, кейін 3-4 айдан кейін, яғни бір жыл ішінде бір жерге 3-4 емдеу курсын жүргізуге болады. Үзіліс кезінде басқа облысты немес басқа органды емдеуге болады.

Жағымсыз реакция пайда болған жағдайда (ауру сезімі күшейеді, бас айналу пайда болады және т.б.) процедура күнара сол ұзақтықта жүргізіледі. Егер жағымсыз реакциялар сақталып қалса, онда емдеуді тоқтатады. Магниттік терапияны балаларға 1,5-2 жастан бастап өткізуге болады.

АЛМАГ аппаратымен әсер берген кезде әлсіреген адамдардың, қарт жастағы аурулардың, қосымша жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан адамдардың жақсы көтеруі анықталған, бұл осы аппаратты басқа физикалық факторлар тыйым салынған кезде, көптеген жағдайларда қолдануға болатынын көрсетеді.

Емдеу кезінде, әсер беру зонасында индуктор-катушкалардан жағымды жылу әсері сезіледі.

Созылмалы ауруларды емдеген кезде, алғашқы үш күнде ауру сезімінің асқынуымен жүреді, бұл сезім бірнеше сеанстардан кейін жойылады.

Ауыр және созылмалы ауру түрлері, емдеу курсын қайталауды талап етеді, өйткені бір емдеу курсы ішінде ұзақ уақытқа дейін организм бейімделе алмайды. Осындай аурулар кезінде қайта емдеу курсы, бірінші емдеу курсы аяқталғаннан кейін 30-40 күн өте қайталанады. Одан әрі өткізілген емдеу курсының әсерін одан әрі сақтау үшін 3 айда бір рет курс өткізіледі.

Ағзаға магниттік терапия әрекетінің салдарлы сипатына байланысты, өткізілген емнен кейінгі күтілген нәтиже 15-20 күннен кейін пайда болады.

Алкогольдік ішімдікті қабылдау кезінде магниттік терапия сеансн өткізуге тыйым салынады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет