1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



жүктеу 41.95 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі41.95 Kb.


Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мен толтыру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау қағидаларына, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту тәртібін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібіне

1-қосымша



Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру, қайта өңдеудің соңғы өнімдерінде оларды Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптау кезінде тауарларды Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арасында бөлу
Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру кезінде Еуразиялық экономикалық одағы Сыртқы экономикалық қызметiнiң жалпы тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауарлардың сыныптау кодтары мынадай мемлекеттік органдар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар арасында бөлінген:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның І бөлімі – Тірі жануарлар: жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттар (0501 00 000 0 позициясынан басқа);

ЕАЭО СЭҚ ТН -ның ІІ бөлімі – өсімдіктерден алынған өнімдер (1203 00 000 0 позициясынан басқа);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІІІ бөлімі – жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған тоң майлар және майлар, оларды ыдырататын өнiмдер; дайын азық-түлік тоң майлар; жануарлардан немесе өсiмдiктерден алынған балауыздар (1520 00 000 0, 1521, 1522 00 позициялардан басқа);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІV бөлімі – 16, 17, 18, 19, 20, 21-топтың; 22-топтың (– 2201, 2202 позициялары және 23-топтың (2305 00 000 0, 2307 00 позицияларынан басқа) дайын азық-түлік өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы; темекі және оның алмастырғыштары;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VІІІ бөлімі – Өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи үлдір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және оларға ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (VІІІ бөлімнен жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа, 41-тобының 4101, 4102, 4103 – позициялары, 43-тобының 4301 – позициясы);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІХ бөлімі – Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары (50-тобының 5001 00 000 0, 5002 00 000 0, 5003 00 000 0 – позициялары; 51-тобының 5101, 5102, 5103, 5104 00 000 0, 5105 – позициялары; 52-тобының 5201 00, 5202, 5203 00 000 0 – позициялары; 53-тобының 5301, 5302, 5303, 5305 00 000 0 – позициялары);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІV бөлімі – Дайын азық-түлік өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы; темекі және оның алмастырғыштары 22-тобының 2203-2208 – позициялары, көлемі 80 % немесе одан көп спирт концентраттары бар денатурирленбеген этил спиртін қоспағанда, спирт концентратының көлемі 80 % аз денатурирленбеген этил спирті (2207 және 2208 позициялар); 24-тобының 2402 және 2403 – позициялары).

3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі:

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның V бөлімі – Минералды өнімдер (25, 26-топтар);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VI бөлімі – Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VIІ бөлімі – Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VIII бөлімі – Өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа, сондай-ақ 41-тобының 4101, 4102, 4103, және 43-тобының – позициялары);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның IX бөлімі – Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе өруге арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар; себеттік және басқа да өрілген бұйымдар;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның X бөлімі – Сүректен жасалған масса немесе басқа да талшықты целлюлозадан жасалған материалдар;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XI бөлімі – Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары (50-тобының 5001 00 000 0, 5002 00 000 0, 5003 00 000 0 – позициялары); 51-топ (5101, 5102, 5103, 5104 00 000 0 – позицияларынан басқа); 52-топ (5201 00, 5202 позицияларынан басқа); 53-топ (5301, 5302, 5303, 5305 00 000 0 – позицияларынан басқа); 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-топтары (6306, 6307, 6308 00 000 0, 6309 00 000 0, 6310 – позицияларынан басқа);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XIІ бөлімі – Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен қорғайтын шатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, шыбыртқылар, қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар және олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар (66 және 67-топтардан басқа);

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XIІІ бөлімі – Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; керамикалық бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар;

XІV бөлімі ЕАЭО СЭҚ ТН-ның – Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар, қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы металл жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; монеталар;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XV бөлімі – Қымбат бағалы металдар және олардан жасалған бұйымдар;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XVІ бөлімі – Машиналар, жабдықтар және механизмдер; электро техникалық жабдықтар; олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппараттар, телевизиялық бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппараттар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XVІІ бөлімі – жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзетін құралдар және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XVІІІ бөлімі – Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу, медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; музыкалық аспаптар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XІX бөлімі – Қару және оқ-дәрілер; олардың бөлшектері және керек-жарақтары;

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XX бөлімі – Әртүрлі өнеркәсіп тауарлары (94-тобының 9403 20, 9403 30, 9403 40, 9403 50, 9403 60 – позициялары).

4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:

ЕАЭО СЭҚ ТН-ның V бөлімі – «Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар» қоспағанда, минералды өнімдер (27-топ), 2701, 2702, 2703 00 000 0, 2704 00, 2705 00 000 0, 2706 00 000 0, 2707, 2708, 2710 19 710 0 – 2710 19 990 0, 2710 91 000 0, 2710 99 000 0, 2712, 2713, 2714, 2715 00 000 0, 2716 00 000 0 кіші субпозициялары.

_________________________






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет