Солтүстік Қазақстан мектептерінде көптеген буллинг фактілері анықталды. Сонымен қатар облыстық прокуратура ұрлық, бопсалау мен бұзақылық деректері бар екенін айтты. Бір жыл ішінде балалар арасындағы тәртіп бұзушылық 72% өскен. Ол мектеп қабырғасында ғана емес, сабақтан тыс кезде де істелген. Ал мұғалімдер біле тұра тәртіп бұзушылыққа көз жұмып қараған дейді бақылау органы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Adobe Stock

Прокуратурада кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау бойынша құрылған мобильдік топтар мектеп әкімшілігі жасырып қалған 8 буллинг фактісін анықтаған, тексеру жүріп жатыр.

“Сыныптастар арасында дене жарақатын салу жүйелі болып тұрған деп ойлаймыз, себебі бұл кенет бола қоятын жағдай емес. Сонымен қатар оқушылардың информатика кабинеттерінде зорлықты насихаттап, есірткі мен қару жасауға үйрететін тыйым салынған сайттарға кіру мүмкіндігі болған ”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда. 

Прокурорлардың сөзінше, мұндай жағдайда оқу орындары тәртіптік қана емес, әкімшілік жауапқа да тартылады.

“Сонымен қатар, бірқатар аудандағы информатика кабинеттерінде балаларда заңсыз әрекеттер мен қылмыс жасауға итермелейтін материалдары бар тыйым салынған сайттарға кіру мүмкіндігі болған. Күш көрсету әрекеттерін насихаттайтын, оның ішінде есірткі, қару жасауды үйрететін сайттар анықталды. Жүргізілген тексерістен кейін біз бұл сайттарды өшіріп тастадық”, – деп атап өтті прокурордың көмекшісі. 

Бұған дейін Атырауда мектептердің бірінде жасөспірімдердің дәлізде бір-біріне әлімжеттік көрсетіп, ұрып-соққан видеосы тараған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.