Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Dalanews және Dala Inside журналистеріне Астана қаласының бұрынғы мәслихат депутаты әрі G-Park құрылыс компаниясының иесі Ғабит Сfтмағамбетовтің қысым көрсеткені туралы шағымына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gpark.kz

Бұған дейін журналистер Аида Балаеваға үндеу жолдаған болатын. Олар экс-депутат Ғабит Сатмағамбетовтің қызметі туралы бірнеше материал жариялағаннан кейін қысым көргенін айтты. 

Dalanews басылымы Сатмағамбетов қазір Дубайда екені туралы жазба жариялады. Кәсіпкер Астанадан кеткен жоқпын деп, журналистерді ақпараттың жалған екенін мәлімдеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін БАҚ өкілдерінен жауап алуға шақырып, мұндай ақпаратты қайдан алғанын айтуды талап еткен. Журналистердің айтуынша, бұрынғы депутаттың қысымы салдарынан редакцияларда тінту жүргізілуі мүмкін, ал кей қызметкерлерді тіпті тұтқындауы да ықтимал. 

Аида Балаева Қазақстанда конституцияға сәйкес цензураға тыйым салынғанын, ал журналистер авторлық пен ақпарат дереккөзін құпия сақтауға құқылы екенін айтты. Оны жария етуді сот қана талап ете алады. 

“Dalanews” ұжымы бұған дейін жарияланған деректерді жоққа шығарып мақала жариялады. Осы арқылы заңнамаға сай БАҚ міндетін орындады. Министрлік жағдайды ерекше бақылауға алды және БАҚ-ты болуы мүмкін қысымнан қорғау үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс атқарып жатыр”, – деп атап өтті Аида Балаева. 

Экс-депутат Сатмағамбетовке тиесілі G-Park компаниясы үлескерлердің ақшасына тұрғызған бірқатар үйді мерзімінде тапсыра алмағаннан кейін атышулы болып кетті. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек компания “мәселенің бәрін жедел шешіп жатыр” деп хабарлады. 

Компанияға проблемалық нысандарды тапсырғанша жаңа жобаларды бастауға тыйым салынды. 2023 жылы жазда G-Park бір уақытта 16 нысанды тұрғызды, олардың кейбіріне қатысты бақылау органдарының сұрағы туындаған еді.
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.