2022 жылы Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан балалары мен жақын туыстарын ақтауды, құқықтық әділдікті талап етіп, президенттің Астанадағы резиденциясы –Ақорда алдына барған он шақты адамды полиция алып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: www.azattyq.org

Әуелі әкімдік өкілі келіп, жиналғандарға "рұқсат берілмеген жиын өткізуге болмайтынын" ескертті.

Алматы, Тараз және Шымкент қалаларынан бұған дейін де Ақорда алдына бірнеше рет келген ата-аналар резиденция маңына жақындағанда полиция тоқтатып, көлікке күшпен мінгізген еді. Оның ішінде "Тоқаев Қаңтар кезінде атуға неге бұйрық берді" деп ашынып, айғай салған әйел де бар.
Ата-аналардың айтуынша, Қаңтар оқиғасының құрбандарын жергілікті билік лайық атап өтпеген. Олардың сөзінше, 5 қаңтар республика бойынша аза тұту күні болуға тиіс.

Ақордаға баруға ұмтылғандар бұған дейін жергілікті құқық қорғау органдары мен өзге де өкілетті орындардан мардымды жауап ала алмағанын айтты. Олар Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан балаларын "балаларымыз кінәлі емес, сот шешімі әділетсіз" деп санайды.

Ұсталғандардың ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшқан Думан Қанабектің әкесі Әкімбек Қалыбековтің сөзінше, "өзі бұған дейін әділет сұрап, Астанаға 11 рет келген". Ұсталғандарға Ақорда ресми жауап берген жоқ.
 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.