1 ДӘріс «Пестицидтердің зиянды жәндіктерге улылығы және оларды анықтаушы факторлар»



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/4
Дата17.02.2018
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4

1 ДӘРІС «Пестицидтердің зиянды жәндіктерге улылығы



және оларды анықтаушы факторлар»

Өсімдікті қорғаудың химиялық құралдарына қойылатын негізгі талаптар – олардың зиянды ағзалар үшін улылық әсерінің жоғары болуы. Ол заттың химиялық құрылымының ерекшеліктеріне тәуелді. Кейде молекула құрылымындағы айтарлықтай емес өзгерістердің өзі толығымен улылықтың жойылуына немесе әсер спектрінің өзгерісіне әкеледі.


гербицидтер физиологиялық белсенді емес заттар


Мысалы, триазин сақинасында екінші орында тұрған Cl атомын хлор-туынды симм-триазиндегі гидроксилге ауыстыру, гербицидтің белсенділігінің толығымен жоғалуына әкеледі: гербицидтер физиологиялық белсенді емес заттар.

Пестицидтер химиясы аумағында жетістіктердің аздығына қарамастан, берілген қасиеттерімен пестицидтің бағытталған синтезін жүргізуге мүмкіндік беретін қосылыстардың жекекластары үшін белгілі заңдылықтар орнатылғанымен, пестицид қасиеттерінің заттың химиялық құрылымына тәуелді жалпы теориясы әлі жасалмады. Осы заңдылықтардың кейбіреулері пестицидтердің сәйкесінше кластары қасиеттерін мазмұнда-ғанда қарастырылатын болады.

Әртүрлі химиялық қосылыстардың улылығы олардың құрылымына токсофорлы топтарды - заттың улылығын жоға-рылататын химиялық радикалдар мен атомдарды енгізгеннен бірден өседі. Токсофорлы топтарға галлоидтарды (Cl, Br, I, F), нитротоптарды, ауыр металдардың атомдарын (Hg, Sn, Cu), родан тобын және т.б. жатқызуға болады.

Мысалы, галлоидтуынды көмірсутектер, сәйкесінше көмір-сутектерге қарағанда жәндіктерге, микроорганизмдер мен өсімдіктерге айтарлықтай улы. Бромды метил – өте тиімді фумигант және метанның улылық қасиеті жеткіліксіз көрсетіл-генде қатты әсер ететін улы заттарға жатады. Фенол молеку-ласына нитротопты енгізгенде инсектицидтік активтілік бірден жоғарылайды. Егер фенолдың ӨК50 бұршақ биті үшін 0,3% болса, онда 4-нитрофенолдың ӨК50-0,007, ал 2,4-динитро-фенолдікі – бар жоғы 0,001 %.

Заттың улылығы молекулаға химиялық инертті метиленжәне метил топтарын енгізгенде жоғарылайды. Осылайша диэтилфосфаттар сәйкесінше диметилфосфатқа қарағанда айтарлықтай улы, ал бұның себебі соңғыларының биологиялық ортада өте тез байланысуы мен ыдырауынан болуы мүмкін. 2,4-динитро-6-метилфенолдың инсектицидтік белсенділігі 2,4-динитрофенолға қарағанда шамамен 2 есеге жоғары (ӨК50 бұршақ биті үшін 0,0005 %).

Химиялық қосылыстардың улылығы заттың құрамына емес, оның молекуласының құрылымына тәуелді. Бір заттың әртүрлі изомерлері түрлі белсенділікке ие болады.

Тиофосфор қышқылының тиолтуындылары тионға қара-ғанда сүтқоректілер үшін бірнеше есеге улы. Гексахлорци-клогексанның (ГХЦГ) барлық изомерлерінің бір-бірінен айыр-машылығы хлор мен сутек атомдарының кеңістікте орнала-суында ғана. Бірақ инсектицидтік қасиетке тек γ-изомер ие.

Органикалық қосылыстар улылығының өздерінің құрылы-мына тәуелділігінің заңдылығын білу жаңа жоғары тиімді пестицидтер синтезі үшін алғышарт туғызады.

Көрсетілгендей, уытты заттың улылығы айтарлықтай дәрежеде оның дозасымен анықталады. Уыт әсеріне ұшыраған ағзаның биологиялық реакциясы (жануарлардың, жәндіктердің, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың және т.б.), әдетте практи-када қолданылатын жалпы дозаның тек аз бөлігімен ғана жүреді. Уыттың бұл аз мөлшері алғашында ағзаның қандай-да бір өмірлік маңызды функциясын шектейді, содан кейін барлық ағзаның өліміне әкелуі мүмкін, уланудың екіншілік белгілері дамиды. Бұл өмірге “әсер ету орны” (нысан, рецептор) ұғымын әкелді. Қазіргі уақыттағы уыттың әсер ету механизмі туралыкөзқарасқа сәйкес, оны ерекше тері немесе мүше ретінде, жасушалардың белгілі типі немесе жасушаішілік құрылым ретінде, ал соңында молекулалық рецептор ретінде көрсетуге болады, мысалы ферменттің немесе реакцияның ерекше аумағы. Заттың улылығы уыттың қаншалықты жылдам және қандай мөлшерде осы әсер ететін орынға өтетіндігіне және онымен реакцияға түсуіне тәуелді. Сондықтан да, оның рецептормен бірге әрекеттесу процестеріне әсер етуші кез келген фактор улылықтың өзгеруін тудырады.
2 ДӘРІС «Пестицидтің улылығына әсер етуші факторлары»

Пестицидтің улылығы, сондай-ақ факторларға да тәуелді, оларсыз дұрыс баға беру және препараттарда қолдану мүмкін емес. Бұл факторларды үш топқа бөлуге болады: пестицидтің зиянды ағзалармен байланысқа түсу ұзақтығына әсер ететіндер; пестицидтің ағзаға түсуіне әсер ететіндер; улы заттың ағзадағы бет алысымен байланыстылар.

Пестицидтің улылығына әсер етуші факторлардың бірі – экспозиция (уыттың зиянкес ағзалармен байланысқа түсу ұзақтығы). Ағзаға уыттың көп мөлшері түсетіндіктен экспо-зицияның жоғарылауымен заттың улылық әсерінің өсетіні белгілі. Өсімдік пен топырақты өңдеу кезінде, экспозиция пестицидтің өсімдік пен топырақта сақталу ұзақтығынан тікелей тәуелділікте болады. Сонымен қатар пестицидтің физикалық-химиялық қасиеттері мен қоршаған орта жағдайларыныңмаңызы өте зор.

Химиялық тұрақты және ұшқыштығы төмен заттар өсімдіктер мен топырақта ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан да, өсімдікті қорғауға басқа жағымсыз қасиеттері жоқ, зиянкес ағзаларға химиялық тұрақты, жоғары улылықты пестицидтер тиімді. Препарат құрамына ұшқыштығы жоғары заттардың ұзақ сақталуы үшін арнайы заттар – анти ұшқыштарды қосады.

Ұшқыштығы жоғары заттарды (эптам, трефлан, карбатион) топыраққа енгізгенде оларды мұқият бітейді немесе жабын-дайды, ал бұл өз кезегінде препараттың улылық әсерін күшейтіп, олардың топырақта сақталуын жоғарылатады.

Өңделген бетте уыттың ұсталынып қалуын жоғарылататын және заттың зиянкес ағзамен байланысқа түсуін жақсартатын пестицидтің жабысқақтық және суланғыш қасиеттерінің өзіндік мәні зор. Осы қасиеттерді жақсарту үшін препаратқа көмекші заттарды – жабыстырғыштар мен сулағыштарды қосады.

Қоршаған орта жағдайларымен пестицидтердің улылығына температура өте қатты әсер етеді. Оның әсерінен заттың активтілігімен қоса, ағзаның реакциясы да өзгеруі мүмкін. Температураның өсуімен өңделген беттен пестицидтің жоғалуы жоғарылайды, бірақ біруақытта оның улылығы өсуі мүмкін, мысалы улылырақ заттардың түзілуі нәтижесінде (тиофосфат-тың тион изомерінің тиолға ауысуы). Бұл уақытта керекті температура жағдайында ағза уытқа сезімдірек болып келеді, себебі зат алмасу процестері күшейетіндіктен. Температураның өсуімен улылығы жоғарлайтын пестицидтер оң температуралы коэффициентті заттарға, ал улылығы температураның өсуімен төмендейтіндер - теріс температуралық коэффициентті пести-цидтерге жатады. Қазіргі кездегі препараттардың көбісі бірінші топқа жатады. Тек аздаған препараттарға ғана теріс температу-ралық коэффициенттік тән, бірақ олардың өсімдік қорғаудың химиялық құралдарының ассортиментінде болуы ерте көктемде зиякестермен күресудің құралы ретінде маңызы зор.

Улылықты сақтаудың ұзақтығы ауа ылғалдығының, күн радиациясының, жел мен жаңбыр әсерінен бірден төмендеп кетеді. Бұл факторлар уытты заттың улылығын төмендетеді.

Бірақ, кейбір жағдайларда ол ылғалдылықтың жоғарылауымен - кальций цианамидінің улылырақ бос цианамидке дейін гидро-лизі кезінде немесе күн радиациясы әсерінен тионофосфат-тардың тиолофосфаттарға дейін изомерленуі нәтижесінде өсуі мүмкін.

3 ДӘРІС

Уытты заттар зиянкес организмдермен байланысқа түскен-де тез және жеткілікті мөлшерде (өлімге әкелетін доза) оның ішіне кіруі керек. Бұл әртүрлі жолдармен (тыныс алу жолдары, тері жамылғысы және жануарлар ағзасына асқорыту жолдары арқылы, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жамылғы терілері арқылы, жер асты ағзаларының саңылау және кути-кулалар мен өсімдіктердің тамыры арқылы) жүзеге асуы мүмкін және бұл процеске факторлар кешені әсер етеді.

Кейбір пестицидтердің жағымсыз дәмі мен иісі уланған тамақты жақсылап жеуге немесе өңделген бетпен ұзақ уақыт байланысқа түсуге кедергі келтіреді, сондықтан да жәндіктер немесе жануарлар уытты өлімге әкелетін дозада қабылдамайды. Мысалы, кеміргіштің ағзасына егеуқұйрықты өлтіретін удың аз мөлшерімен әсер еткенде, препараттың ащы дәміне байла-нысты, олар уланған жемді жақсы жемейді. Сұр қызылша бiз тұмсық үшін полихлортерпендердің улылығының төмендігі осы инсектицидтің репелленттік қасиетімен түсіндіріледі. Зиянкестер өңделген өсімдіктерден қашады. Сондықтан, пестицидті препараттар өндірісінде еліктіргіш заттарды – аттрактанттарды қосудың болашағы зор. Осындай препараттар ретінде таза сілекей үшін жақсы коретік аттрактант - кебек қосылған ұнтақталған метальдегидті айтуға болады. Ішекке әсер ететін фумиганттардың, родентицидтердің және инсектицидтердің улылығы көп жағдайда заттың тітіркендіргіштік қасиетіне тәуелді. Асқорыту трактісі мен тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшасының қатты тітіркенуі құсу актісі мен тыныс алудың қиындауына әкеледі. Нәтижесінде уыт тағам қалдықтарымен ағзадан шығарылады немесе ағзаға уытты заттың жаңа үлесінің түсуін толығымен шектейді. Соңында, ағзаға қажетті улылық әсер етпейтін пестицидтің аз мөлшері өтеді.

Зат жапыраққа тигенде сол жерді күйдіреді, сөйтіп өсім-дікке тағы да уыттың түсуіне кедергі келтіреді, нәтижесінде өсімдіктер үшін гербицидтердің улылығы төмендеуі мүмкін.

Көптеген ағзалардың жамылғы терілері мен қабықшалары сулы ерітінділер мен басқа да полярлы заттар үшін нашар өткізгіш болса, липидтерде еритін қосылыстар сыртқы жамыл-ғы арқылы жақсы өтеді. Сонымен бірге пестицидтердің улылығы, сондай-ақ уыттың липидтерде еруі мен липидтер – су жүйесінде таралу коэффициентіне де тәуелді. Органикалық заттардың жәндіктердің кутикулярлық қабаты мен сүтқорек-тілердің терісі арқылы липидтер – су жүйесінің таралу коэффи-циентіне пропорционал мөлшерде сіңетіндігі орнатылған. Сондықтан да зиянкес ағзалар үшін пестицидтердің улылығы, олардың майларда ерігіштігінің жоғарлауынан өседі. Осылай-ша, талшықтарда ерігіштігі жоғары гексахлороциклогексан-ның γ-изомері басқа изомерлерге қарағанда жәндіктердің ағзасына жақсы өтеді және улылырақ болып келеді.

Бірақ пестицидтердің липидтерде ерігіштігі үнемі улылық-пен нақты түзіледі. Осы тәуелділікті бұзатын факторлардың бірі – уыттардың жамылғы терілердің липидтерінде еру процесі болып табылады, бұл процестің соңында жазықтықты диффузия болады және ұшып кеткендіктен жоғалады, бұзылады. Көптеген хлорорганикалық инсектицидтер жәндік кутикула-сының талшықтарында жақсы ериді және жамылғы терілердің беттік қабаттарында айтарлықтай мөлшерде кідіреді. Сонымен қатар, пестицидтердің бір бөлігі кутикуланың соңына дейін жылжып, ұшады және улы емес өнімдерге дейін ыдырайды. Осылайша, ағзаға түсетін уыттың мөлшері азаяды және улылық әсерге жету үшін препараттың дозасын көбейту керек.

Уытты заттардың енуі, көбінесе ағзаның анатомиялық-морфологиялық ерекшелігіне тәуелді. Пестицидтердің талшық-тық қабатпен жабылған ағза ішіне түсуі айтарлықтай азаяды. Талшықтық қалқанмен қорғалған қалқандардың үлкен түрлері ішкі инъекция кезінде улы фосфорорганикалық инсектицид-тердің эмульсиясымен немесе сулы суспензиямен өңделгеннен кейін өліп қалмайды. Бұл сулы ерітінділердің көрсетілген жәндіктер қалқандарының астына мүлдем өтпейтіндігімен түсіндіріледі.

Өздерінің қорғаныс қабықшаларының төмен өткізгіштігі арқасында жәндіктердің жұмыртқалары, саңырауқұлақ тұқым-дарының көбею мүшесі, нематодтар цистерінің пестицидтерге төзімділігі жоғары.

Көптеген зиянкес ағзалардың улы заттардың ағзаға түсуіне кедергі келтіретін ерекше қорғаныс реакциялары болады. Мұндай реакцияларға: ішектің улануы кезінде – құсу және іш өту арқылы ішекті уланған тағамнан босату; фумиганттармен улану кезінде – жәндіктердің тыныс алу жолын жабу арқылы тыныс алу мүшесін оқшаулау; ал байланысқа түсетін уыттың әсері кезінде – кейбір жәндіктерден жалаң шырыш қабатының, аутотомия (шектіліктердің бөлімшесі) айналасында өзіндік қап түзетін уыттың бір бөлігі жабысатын сілекейдің бөлінуі. Сонымен қатар ағзаға түсетін уыттың мөлшері бірден азаяды.

Уытты заттың улылығына ағзаның ішінде өтетін процес-тердің де әсері зор.

Берілген ағза үшін уыттың улылығы, сондай-ақ әртүрлі терілер арқылы заттардың пассивті немесе активті диффузия-ларының жылдамдығына тәуелді. Ену жылдамдығы неғұрлым өскен сайын, соғұрлым қосылыстың уыттылығы жоғары бола-ды, өйткені оның сақталуы мен детоксикациясы азаяды. Көптеген ағзалардың өмірлік маңызы бар орталықтарға уытты заттардың енуіне кедергі келтіретін ішкі құрылымдық тосқауылдары болады. Мысалы, иондалған фосфорорганика-лық қосылыстардың жәндіктер үшін улылығы төмен, өйткені жүйке жүйесі діңгегінің қабықшасы арқылы нашар өтеді. Сүтқоректілер ағзасында гематоэнцефалдық тосқауыл (мидың қан тамырларының капиллярларын төсейтін мембрана) миға әртүрлі уытты заттардың енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан да пестицидтердің улылығы олардың осыған ұқсас тосқауыл-дарды игеру қабілетіне тәуелді.

Уытты зат ағза ішіне түскенде өмірлік маңызы бар ферменттермен ғана емес, сондай-ақ басқа да энзимдермен де әрекеттеседі. Осыған байланысты осындай заттың улылығы ұқсас ферменттердің бәсекелес қасиеттерімен де анықталады.

Осылайша, дененің майлы қабатының алиэстеразалары мен жәндіктер ішегінің эпителиялары фосфорорганикалық инсекти-цидтермен белсенді әрекеттесіп, оларды улы емес заттарға дейін ыдыратады. Нәтижесінде аталған топтың инсектицидінің улылығы алиэстеразаның белсенділігін ингибирлейтін затты қосқанда жоғарылайды. Заттың ферменттік тосқауылды жеңуі жаңа препараттардың синтезі кезінде ескеріледі.

Әсер ететін жерге енген уыттың улылығы уыт молекуласы рецептордың молекуласымен ұқсастық дәрежесіне тәуелді. Көптеген пестицидтердің әсер ететін орындары нақты анық-талмағанымен, бірақ молекулалардың осындай ұқсастығының қажеттілігі көптеген заттардың улылығының молекуланың құрылымы мен атомдардың кеңістіктік орналасуына тәуелділігімен расталады. Сондай-ақ гексахлорциклогексанның бар-лық изомерлерінен жәндіктер үшін жоғары улылықты – ол γ-изомері екендігі айтылған.

Фосфорорганикалық инсектицидтердің әсер ету механизмі көбірек зерттелген, сондықтан да бұлардың мысалына уыт пен рецептор молекулалары ұқсастығының қажеттілігін көрсетуге болады. Барлық фосфорорганикалық қосылыстар ацетилхолин-нің эфирлік бөлігін дәл келтіріп және холинэстеразаның анионды орталықтарында сорбцияланатын құрамында функци-оналды топтары болуы керек. Олай болмаған жағдайда олардың жәндіктерге деген улылығы жоғары болмайды.

Пестицидтердің әртүрлі жәндіктерге, жануарларға және өсімдіктерге таңдамалы улылығы таңдау коэффициентімен бағаланады:

СД50 бір түр үшін

Ктаңдау = -----------------------------

СД50 басқа түр үшін

Жоғары таңдамалы улы заттардың коэффициенті 1-ден асады. Пестицидтер пайдалы өсімдіктерге, жәндіктерге, саңы-рауқұлақтарға, жануарларға және адамға улылығы төмен болуы тиіс. Көптеген жағдайларда зиянды және пайдалы ағзалардағы физиологиялық-биохимиялық процестердің табиғаты ұқсасты-ғына байланысты болады.

Таңдамалы улы қасиеттері бар заттар негізгі үш бағытта әсер етеді.

4 ДӘРІС «Зиянкес организмдерінің пестицидтерге тұрақтылығы»

Ағзалардың пестицидтерге төзімділігі - бұл оның уланды-ратын әсеріне қарсы биологиялық қасиет. Төзімді ағзалар уыт бар ортада қалыпты жұмыс істейді, дамиды және көбейеді. Төзімділік және оған қарама-қарсы сезімталдық уыттың, әсіресе таңдамалы уыттың улылығымен тығыз байланыста, себебі улылықтың барлық факторлары ағзаның төзімділігіне де, немесе сезімталдығына да әсер етеді.

Төзімділіктің екі түрін ажыратады: ағзалардың биология-лық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген табиғи төзімділік және уытпен әсер еткен кезде ғана пайда болатын жасанды төзімділік.

Табиғи төзімділік түрлілік, жыныстық, фазалық (сатылық), жастық, мезгілдік және уақытша болып бөлінеді. Төзімділіктің бұл түрі өсімдіктерді химиялық қорғауға тәуелсіз пайда болған және өмір сүріп келеді.

Түрлілік төзімділік зиянды ағзалардың белгілі бір түрле-рінің (жәндіктердің, жыртқыштардың, кененің) биологиялық ерекшеліктерімен шартталған. Одан арылу үшін таңдамалы улылықты арнайы препараттар қолданылады және синтезделеді (жәндіктерге қарсы инсектицидтер, саңырауқұлақтың ауруын қоздыратын фунгицидтер). Өсімдікті қорғаудың химиялық құралдары арасында тек зиянкес ағзалардың бір түріне немесе бір тектің бірнеше түріне ғана әсер ететін (қара күйеге қарсы пиримор, қара сұлыға қарсы карбин) шағын таңдамалылықты пестицидтер кездеседі, сондай-ақ кең спектрлі әсер ететіндері де бар (жәндіктер мен кенелерге қарсы фозалон, қыстайтын сатылардағы жәндіктер, саңырауқұлақтар мен бактериялар).

Осылайша, сәйкесінше препаратты таңдап алып, түрлілік төзімділікпен күресуге болады.

Ағзалардың төзімділігі бір түрдің аумағында қатты тербеледі, сондықтан да пестицидтерді қолданғанда мұны да ескеру керек.

Уытты заттарға жәндіктер мен жануарлардың ұрғашы түрлері төзімдірек болып келеді. Мұндай (жыныстық) төзім-ділік сәйкесінше мөлшерді таңдаумен анықталады.

Зиянкес ағзалардың төзімділіктерінің өзгеруі онтогенезде де даму фазасына тәуелділігі ескеріледі. Дамудың бір фазасы шегінде зиянкес ағзалардың уыттарға төзімділігі жасына, тәулік уақытына және жыл мезгіліне тәуелді өзгереді. Жәндіктердің дернәсілдері алғаш кезінде инсектицидтерге сезімталдылық, ал түлеу уақытында олардың төзімділігі жоғарылайды. Жасы үлкейген сайын өсімдіктер мен жыртқыштардың төзімділігі де жоғарылайды. Имаго және құрт фазасында қыстайтын жән-діктер үшін мезгілдік тұрақтылық тән. Жаздың соңы немесе күзде бұл түрлер пестицидтерге төзімдірек болады, себебі оларда майдың айтарлықтай мөлшері жиналады және бұл кезде аз қоректенеді. Көктемде ағзалар ұзақ уақыт қыстағандықтан, әлсіреп, олар уытқа сезімтал болады. Мезгілдік, уақыттық және жастық төзімділікпен күресудің негізгі әдісі - дұрыс таңдап алу және ауылшаруашылық объектілерді пестицидтермен өңдеудің оптималды мерзімдерін қатаң қадағалау.

Жасанды төзімділік (резистенттілік) - бұрын ағзалардың дамуын әлсіреткен химиялық заттардың қатысында зиянкес ағзалардың өмір сүруі мен көбею қабілеттілігі. 1915-1916 жылдары химиялық препараттарға төзімді нәсіл зиянкесі пайда болған, ол кезде Колифорнияда синильді қышқылға төзімді ащы сымыр біте қызыл нәсілі табылған. Кейінірек басқа да жәндіктердің бейорганикалық қосылыстарға - қорғасын арсе-натына, күкіртке және өсімдіктің шығу тегіне пиретрумға жасанды төзімділіктер пайда болған. Осы жүз жылдықтың 40-жылдарына дейін бұл құбылысқа көп мән берілмеді, себебі уыттарға резистенттілік баяу дамыды және онымен оңай күресті. Жаңа ерекше пестицидтердің пайда болуымен жәндік-тердің жасанды төзімділіктері тез дами бастады және қазіргіуақытта жәндіктердің 200 түрінде байқалады. Сонымен қатар төзімділік зиянкес ағзаның әр 5-10 ұрпақ сайын пайда болып, кейбір аудандарда жеке пестицидтерді қолдану мүмкін болмай-тындай дәрежеде дами бастаған. Аудандар қатарында метил-меркаптофосқа өрмекші торы кенесінің резистенттілігі 100-500 есеге жоғарлаған, оңтүстік аудандарда фосфорорганикалық акарацидтерге алмадағы долана кенесі 30-40 есе төзімдірек болған. Бір фунгицидті жүйелік қолдану, мысалы беномилді, саңырауқұлақ спораларының төзімділігі 3-12 есеге дейін жоға-рылауы мүмкін. Гербицидтерді ұзақ қолдану нәтижесінде арам шөптердің резистенттік популяцияларының пайда болу мүм-кіндігі дәлелденді (мысалы, атразинге тары тәрізді арам шөптер). Қанның антикоагулянтына төзімді егеуқұйрықтардың популяциялары да белгілі.


5-6 ДӘРІС

Жасанды төзімділік құбылысы негізіне түрдің жоғары төзімділік қабілеті бар генетикалық гетерогенді популяциясын жинау жатады. Мұндағы пестицид жинап алынатын фактор болып табылады. Мұндай жинаудың тиімді әсері бастапқы материалға (жәндіктерден, кенелерден және т.б.), өңдеу санына, пестицид дозасына және генетикалық гетерогендікке тәуелді болады. Неғұрлым зиянкес ағза мезгіліне көп ұрпақ берген сайын, неғұрлым гетерогендік жоғары және препарат дозасы төмен болған сайын, соғұрлым тезірек ерекше төзімділік пайда болады. Бірақ, зиянкестің жинап алынған нәсілі көп жағдайда өмір сүру жағдайына баяу бейімделген және химиялық өңдеуді тоқтатқаннан кейін, біраз уақыт өткен соң популяция бастапқы күйіне келеді. Бірақ сол препаратпен өңдеуді жаңартқанда төзімділік тез пайда болады.

Жасанды төзімділік жекеше, топтық және айқас болуы мүмкін.

Жекеше төзімділік (тек бір пестицидке ғана) сирек кездеседі және улы затты бұзатын аз қамтылған ферменттердің белсенділіктерімен ескертіледі. Мысалы, жәндіктердің карбофосқа төзімділігі осы пестицидтің төзімді жәндіктердің ағзала-рында малатионоксидаза ферментімен тез бұзылатындығымен түсіндіріледі.

Топтық төзімділік - бұл осы топтың препаратын қолдан-ғаннан кейін пайда болатын, бір топқа жататын, құрылымы және әсер ету механизмі бойынша ұқсас, екі немесе бірнеше пестицидтерге тән төзімділік. Мысалы, жәндіктерді ГХЦГ препаратымен өңдегеннен кейін барлық хлорорганикалық инсектицидтерге төзімді зиянкестердің нәсілдері пайда болады. Жәндіктердің немесе кенелердің топтық тұрақтылықтары келесі себептермен шартталған:

-ағзаға уыттың баяуырақ енуі меноның тезірек шығарылуы. Тұрақты түрлер сезімталдарға қарағанда 2-3 есе көп у бөледі;

-ферменттердің жоғары активтілігі салдарынан уытты заттардың тез детоксикациялануы немесе ерекше энзимдердің пайда болуы. Фосфорорганикалық қосылыстарға төзімді нәсіл жәндіктерінің алиэстераза мен фосфатазасының активтілігі сезімталдарға қарағанда жоғары. Нәтижесінде инсектицид тез бұзылады. Жәндіктердің кейбір түрлері инсектицидтерді бел-сенді ыдырататын ерекше ферменттер жиынтығына ие (карбо-фосқа төзімді - малотионоксидаза);

Жүйке жүйе қабықшаларының әртүрлі өткізгіштігі. Төзімді жәндіктердің ағзаларында инсектицид жүйке жүйесі жасушала-рына нашар енеді (полихлорциклодинедер үшін);

Төзімді түрлер денесінде липидтердің көп мөлшерде болуы. Бұл липидтерді ерітетін уыттардың майлы қабатта айтарлықтай мөлшерде ұсталынып тұратындығына әкеледі және әсер ететін ауқымда шығарылады.

Әртүрлі төзімділік - бұл бір препаратты қолданғаннан кейін пайда болатын, химиялық құрылымы және әсер ету механизмі бойынша әртүрлі топтарға жататын екі немесе бірнеше пести-цидтерге тән төзімділік. Мұндай төзімділік сирек кездеседі және аз зерттелген. Бұған ұқсас құбылыстар бұрын қолданыл-ған инсектицид майлы дененің эндоплазматикалық жүйесінің ерекше спецификалық емес ферметтерінің активтілігін жоға-рылатумен түсіндіріледі. Сондықтан да, жаңа препарат улы емес өнімдерге дейін тез ыдырайды.

Зиянкес ағзалардың төзімді нәсілмен күресуі үшін және пестицидтерге төзімділікті тудыруы үшін препараттардың шығын нормасын және оларды қолданудың жарамдылық мерзімін ұқыпты бақылау керек. Жасанды төзімділікпен күресудің негізгісі болып мезгіл бойы, сондай-ақ жыл бойынша әсер ету механизмі әртүрлі пестицидтердің кезектесуі болып табылады. Осылайша, бақтарда алма көбелегіне қарсы бірінші өңдеуге фозалон, ал келесілеріне - севинді қолдану ұсынылады. Кенелермен күресу кезінде акрексті қолдануды пликтранмен өңдеу арқылы кезектеседі.

Жасанды төзімділікті пестицидтерге препараттардың әсерін күшейтетін зат - синергистерді қосуға болады. Ерекше төзім-ділікпен күресуде өсмдіктерді қорғаудың интегралды әдісі тиімді, бұл әдіс пестицидтерге зиянкес ағзалардың төзімділі-гінің тууын болдырмайды, энтомофагтардың бүлінуінің қауіпін төмендетіп және сыртқы ортаның пестицидтердің улы қалдық-тарымен ластануын азайтады.

Өсімдіктерді қорғауға қолданылатын пестицидтер-бұлар биологиялық белсенді заттар.Олар өсімдіктерді қорғауға қолданылғанымен,қоршаған ортамен адам өміріне қауіпті.Пестицидтерді қолданғаннан кейін қоршаған ортаның нысандарында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Кейбір химиялық препараттар сыртқы ортадан қоректік заттар арқылы жануарлар мен адам өміріне ,яғни экожүйеге,биоценозға,ландшафтарға үлкен қасірет алып келуі мүмкін.Елімізде ауылшаруашылық дақылдарының бәрі осы пестицидтермен өңделеді.Олардың қалдық мөлшерлері ауада,суда,топырақта және өсімдіктер мен жануарла организмдерінен табылады.Сондықтан,ауылшаруашылығында қолданылатын осы химиялық заттарды қолдану үшін,олардың гигиеналық нормативтерін сақтаған жөн.

Пестицидтердің қолдану гигиенасының басты мақсаты-препараттың тиімді мөлшерін қолдану және сыртқы орта әсіресе,атмосфералық ауаның,тамақ өнімдерінің,су көздері мен топырақ құрамындағы химикаттардың мөлшері адам өміріне зиянды болмауы керек.

Пестицидтердің сыртқы ортаға таралу себептері мен мөлшерлерін анықтай отырып, гигиенашылар препараттардың қауіпті екенін болжап,улануды болдырмайтын әдістер жасауда.Қазіргі таңда пестицидтерді қолдану гигиенасы бойынша көптеген ғылыми-зерттеу институттары мен санитарлық-эпидемиологиялық стансалар да зерттеулер жүргізеді. Сондықтан,ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтердің бірде-біреуі терең зерттелмейінше қолданылмауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет