1 Еске түсір анықтамаларды



жүктеу 351.78 Kb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі351.78 Kb.
түріСабақ
  1   2   3


Сайыстың тақырыбы: «Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік пән мұғалімі»

Номинациясы: «Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік бастауыш сынып мұғалімі»

Оқу пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Мәдени-тарихи мұралар-адам ақыл-ойы мен сезім талғамының жемісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ақыл-ой мен сезім талғамының арқасында адамның саналы жан иесі ретінде басқа тірі табиғаттан ерекшеленетінін тереңдете отырып,өз еліміздегі және әлемдік деңгейдегі мәдени-тарихи мұралармен таныстыру

Дамытушылық: Әлемнің жеті кереметі туралы толық мәліметтер алу,оларды неліктен «керемет» атау себебі,әр елдің жеті кереметі бар екенін білу,оқу,көру,адам ақыл-ойының арқасында керемет нәрселерді жасай алатынына көз жеткізу,тарихқа көз салу,жаңа білімді өздерінің меңгеруіне жағдай туғызу,өзін-өзі бағалай алу,ақпараттық технологияны тиімді қолдана алу біліктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың мақтаныш,таңдану,әсемдік сезімін,талғамын тәрбиелеу,қоғамдағы тарихи мұраларды қорғауға,сақтауға жауаптылықпен қарауға үйрету

Сыныбы: 4 «В»

Білім беретін мекеменің толық атауы: «№ 24 «А» бастауыш қазақ мектебі» ММ

Жоба авторының аты-жөні: Ергалиева Ментай Амановна

Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі

1-7 беттер.Әлемнің 7 кереметі.

Осы 1-ден 7 бетке дейінгі флипчарттармен жұмыс жасау үшін «бейнеролик» белгісіне шерткенде,сол бейнероликті көруге болады,ал бейнеролик туралы толық мәліметті «ворд» парағынан көруге болады.

ФЛИПЧАРТ№1. 1-бет.Александрия манары

2-бет Родос алыбы

3-бет. Галикарнас кесенесі

4-бет. Мысыр пирамидалары

5-бет. Зевс мүсіні


6-бет. Артемида ғибадатханасы

7-бет. Семирамиданың аспалы бағы

8-бет,9-бет,10-бет. Қазақстанның 7 кереметі.

Осы беттегі флипчарттармен жұмыс жасау үшін оюларды «сиқырлы сиямен»сүрту керек.Сол оюларға жасырынған суреттерден Қазақстанның 7 кереметін таба отырып,артық суретті атаулары керек.Ал қалған 7 керемет туралы мәліметті суреттердің үстіне меңзерді баса отырып,алуға болады.

ФЛИПЧАРТ №1. 11-бет.КУБИК-ТЕСТ.Осы тапсырманы орындау үшін «құралдар»панеліне кіріп, «математикалық құралдар» сосын («метатель кости») кубикті лақтырған кезде ондағы нүктелерге сай тапсырмаларды сергіту ойын ретінде ауызша орындайды.

ФЛИПЧАРТ №2.«Жұмыртқа тест» Әр бала тест жұмысын қарай отырып,дұрыс жауапты жұмыртқаны баса отырып,көрсетеді.
Аты-жөні: Ергалиева Ментай Амановна

Қызмет орны:Қостанай қаласындағы

24 «А» бастауыш қазақ мектебі



Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі

Педагогикалық стажы: 17 жыл.

Біліктілік санаты: жоғары деңгейдегі ІІ- санат.

Сабақ беретін сыныбы: 4 сынып.

Қолданылған технология: «Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы».

«Шекарасыз оқу»заманауи білім беру орталығы

(Монреаль,Канада)


Осы жобамен жұмыс жасап жатқанымызға биыл үшінші жыл.Осы үш жыл ішінде қашықтан меңгеру сабағын мүмкіндігінше күнделікті қолдануға тырысамын.

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар оқушылардың білімді өздерінің меңгеруіне мүмкіндік береді.Сондықтан сайысқа осы сабақтың түрін алып отырмын.Сабақта құзыретті тұлға қалыптастыру,деңгейлік жұмысты көрсету мақсатында морфологиялық карта,сабақ жоспары,классификатор,бағалау парағы беріліп отыр.
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы.

Құрастырушы: Рудик Г.А.,профессор,педагогика ғылымдарының докторы,техника ғылымдарының кандидаты. 2010 жыл

2. Қазақстанның жеті кереметі.Самашев З. Алматы – 2006 жыл.

3. М.К.Естұрсынова,Ш.С.Набидоллина. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі. Астана – 2007 жыл.

4. Интернеттегі қажеттті басылымдар

5. Дүниетану оқыту әдістемесі. К.Ж.Жүнісова,Ә.Б.Бірмағамбетов,Қ.А.Аймағамбетова,

И.Н.Нұғыманов,Қ.М.Жүкешев. Алматы «Атамұра» - 2011.
Қолданылған әдістер: ақпаратты сызба-бейнелер түрінде көрсету,конспектілеу және конспектінің құрылымы,монокластер.

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ КАРТАСЫ

Оқулықта берілген сабаққа мазмұндалған ақпарат



Сабақтың тақырыбы

1.1.Өмірде қажетті ақпарат

1.1.1 Басқа пәндерде кездесетін ақпарат

1.1.1.1 берілген пәнді әріқарай оқу үшін қажетті ақпарат

1.1.1.1.1 Жалпы ой-өріс үшін қажетті ақпарат

Ескерту

1

Мәдени тарихи мұралар – адам ақыл-ойы мен сезім-талғамының жемісі

1.1. Қазақстанның жеті кереметі
1.2. Әлемнің жеті кереметі
1.3. Мәдени-тарихи мұраларды қорғау

1. Мәдени-тарихи

мұраларды қорғау жолдары

2. Әр елдің жеті кереметі бар екенін білу

3. «Жеті кереметке» неліктен таңдалып алынған дәлелдеу


1. бейнероликті қолдану
2. оқулықтағы мәлімет
3.қосымша интернеттен мәліметтер жинағы



1. Қазақстанның жеті кереметіне нені жатқыза алатының туралы

көргеніңді,

оқығаныңды,

білгеніңді еске түсір.
2. берілген суреттерді зерделе
3. Мәдени-тарихи мұралар туралы мағлұматтар






САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТИТУЛ БЕТІ

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР КАТАЛОГЫ

ТАҚЫРЫП:


1

Базалық құзыреттілік:

Мәдени тарихи мұралар – адам ақыл-ойы мен сезім-талғамының жемісі

Оқуға үйрету

Пән:

1.1

Құрамды құзыреттілік:

Дүниетану

Ақпаратты кесте, әр түрлі образ арқылы көрсету.

Сынып:

4«В»

1.1.1
ІІ.1.

Әдіс, амал, операция, құралдар / цикл

Оқытушы:

Өрмекші сызбасы арқылы мәліметті жоспарлау

Конспектілеу және конспектінің құрылымы

Ергалиева М.А.

Дидактикалық деңгей/категория:

1

Мақсатты әлеуметтендіру

Оқу орны:

Қостанай,№ 24 «А» бастауыш қазақ мектебі

Базалық оқулық:

1



«Табиғат»

К.Жүнісқызы,Ә.Бірмағамбетов,Қ.Аймағамбетова,И.Нұғыманов,Қ.Жүкешев

4- сыныпқа арналған

Мәдени-тарихи мұраларды сақтау,қорғауға ат салысу

Сабақ мазмұны:

2


«Қоғам»

Әлемнің жеті кереметі туралы толық мәліметтер,оларды неліктен алу себебі,әр елдің жеті кереметі бар екенін білу,оқу,көру,адам ақыл-ойының арқасында керемет нәрселерді жасай алатынына көз жеткізу,әр елді таныту жолдары,тарихқа көз салу,тарихи-мәдени мұраларды қорғау жолдары.

Мәдени-тарихи мұраларды білу,тану жолдары,қоғамға пайдасы

3

«Мен»

1.Мәдени-тарихи мұралар туралы білгенімді бәріне айтамын

2.Әлемнің және Қазақстанның жеті кереметін сақтау,қорғау жоллдарын білемін,олардың қоғамға пайдасын,дамыту жолдарын өмірде қолдана аламын.


Блум бойынша сабақтың тапсырмалар

МАТРИЦАСЫ

Пән: Дүниетану

Мамандық: Бастауыш сынып мұғалімі

4 «В» сыныбы

Оқытушы: Ергалиева М.А.

Бірінші деңгей – БІЛІМДЕР


Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бірінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

1.00 Білім


1.10 Нақты мәліметтерді білу

1.11 Терминологияны білу

Анықтау, меңгеру, айыра алу, еске түсіру, танып білу

Сөздік, түсініктер, терминология, мән, анықтамалар, байланыстар, элементтер

Еске түсір түсініктерді: а).Саналы ойлаудың арқасында адам неге қол жеткізді?(жұппен жұмыс)

1.20 Мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін құралдарды білу

1.21 Практикалық білімдер

Еске түсіру, идентификациялау, түстеу, іздеп табу

Форма, ушарттар, пайдалану, ереже, модальдылықтар, құралдар, символдар, ұғымдар, стиль(дер), формат (тар).

1.1.Еске түсір: а).Саналы ойлаудың арқасында адам неге қол жеткізді?(жұппен жұмыс)

«Өрмекші» аяғының сызбасын толтыр. Қажет болған жағдайда «өрмекшінің аяқшаларын» жалғастыр.


















1.2.Өз жұбыңмен байланыстарды анықта.



Екінші деңгей - ТҮСІНУ

Таксономия – екінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

2.00 Түсіну


2.10 Сөйлем

Айналдыру, көшіру, өз сөзімен білдіру, иллюстрациялау, дайындау, оқу, ұсыну, өзгерту, басқа түрде жазу, қайта құру

Маңыздылық, үлгі, анықтамалар, абстракциялау, ұсыну, сөздер, фразалар.

Тақырыбы: Мәдени-тарихи мұралар – адам ақыл-ойы мен сезім- талғамының жемісі.

2.1.Мәтінді оқы.Ойыңды жинақта. Дүниетану оқулығы (15 –16-17 беттер).



Негізгі жазба





Жіберілген сөздер мен толықтыруға арналған орын







Қорыту мен түйіндеуге арналған орын

2.2.. а) «Қазақ елі» монументі туралы ақпаратты сызбаға толтыруды ұсын.

Өрмекші аяқшаларының сызбасын толтыр.

Оқулықтағы,интерактив тақтадағы сурет-мәліметті жетекшілікке ал.Қағидаларға байланыс орнат: (бейнероликті мұқият қара)ФЛИПЧАРТ№1. 1-ден 7-ші бетке дейін көрсетіледі.





Үшінші деңгей – ҚОЛДАНУ

Оқу тапсырмаларының таксономиясы – үшінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

3. Қолдану

қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу, қайта өзгерту, топтастыру

Қағидалар, заңдар, қорытындылар, эффекттер, әдістер, теориялар, абстракциялар, жағдайлар, жалпылау, үрдістер, феномендер, тәсілдер




3- тапсырма

3.1.«Хеопс пирамидасы», «Үлкен сфинкс»,»Александрия манары» туралы сені таң қалдырған мәліметтерді мына жолдарға толықтырып жаз:


Хеопс пирамидасы....................................................................................................................................................................................
Үлкен сфинкс............................................................................................................................................................................................
Александрия

манары

...................................................................................................................................................................................................






Төртінші деңгей - ТАЛДАУ


Оқу тапсырмаларының таксономиясы – төртінші деңгей

Етістік

Немен әрекеттеседі

Талдау


4.10 Элементтерді белгілеу

Дәлелдеу, идентификациялау, топтастыру, айыра алу, шығару, категориялау

Элементтер, гипотезалар, қорытындылар, фактілерді белгілеу, дәлелдер, қасиеттер

4- тапсырма Сергіту ойыны.ФЛИПЧАРТ №1. 11 бет.Кубик тапсырмаларына ауызша жауап беріп көр.

4.1.«Семирамиданың аспалы бағы» туралы аңызды өз сөзіңмен қысқаша баяндап көр:


....................................................................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................................................




Родос алыбы

Мүсінші Харес салған мүсін – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі.Родос аралына жау шауып,родостықтарды жеңе алмайды.Аралды күшті жаудан қорғаған қаһарман ерлердің құрметіне Родос алыбы ескерткіші орнатылған.Мүсін қоладан жасалған,биіктігі 36 метр.



Зевс мүсіні

Зевс мүсіні Олимпия қаласындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Оның беті мен кеудесі,қолы піл сүйегінен,көзі асыл тастардан жасалған.

Зевстің шашы мен сақалы,басындағы гүлдесте таза алтыннан жасалған.Оң қолында жеңіс құдайфы әйелдің мүсіне және самұрық басты асатаяқ.Оның аяқ киімі де алтыннан жасалған.




Галикарнас кесенесі

Қазіргі Түркияның Бодрум қаласында орналасқан.Кесенені 4 ғасырда патшайым Артемиссия салдырған.Биіктігі 60 метр.Бұл үш қабатты құрылыс кірпіштен тұрғызылып,ақ мәрмәрмен қапталған.патша табыты 1-қабатта орналасқан,2-қабат мәрмәр бағаналар тізбегімен көмкерілген,3-қабат баспалдақты пирамидаға ұқсас жасалған.Оның ұшар басында 4 ат жеккен күймеде отырған Мавсол патша мен Артемиссия патшайым мүсіндері бейнеленген.




Каталог: uploads -> doc -> 0539
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0539 -> Јдебиеттік оќу 2-сынып
0539 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы. Сабақтың мақсаты : Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет