1. Глоссарий Орман Пирологиясында Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



жүктеу 0.76 Mb.
бет2/5
Дата13.12.2017
өлшемі0.76 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Бұл өрттің «алмасуы» орман жабындыларының  төменгі өрттерден қызуларынан болады. Жылу жел бағыты бойынша көтеріліп, көп ара қашықтықта өрт фронты алдында ағаштар ұштарын қыздырады.  Өрт шыққан кезде бір ағаштың ұшы болса да түгелімен жанып, ал қалғандары қызып тұрған ағаш ұштарымен «алмаса» береді, бірақ та қызу тоқтаған кезде  өшіп қалады. Келесі учаскеде төменгі өрт фронтқа жеткен кезде жабындардың қызу процесі қайталанып, «өрттердің алмасуы» қайта болады.




3-4-5- дәріс. Тақырыбы: Өртенген,кесілген жерлердің табиғи жанару динамикасы.

  1. Өртенген,кесілген жерлердің табиғи жанару динамикасы.

  2. Кесілген, өртенген жердің топырақ жамылғысы.

  3. Топырақ ылғалдылығы.

  4. Топырақ ауасы.

  1. Өртенген,кесілген жерлердің табиғи жанару динамикасы

Орманды қалыптастыру және жаңарту процесстері, орман құрамы тұқымдастарын ауыстыру уақытында немесе бір ағаш тұқымдасын басқа ағаш тұқымдасымен ауыстырғанда, байқалады. Ағаш тұқымдастарының ауыстырылуы табиғи жолмен өте ұзақ процессте жүзеге асады. Қарағай, емен, қайың және көктерек секілді жарық сүйгіш тұқымдастар шырша, самырсын, жөке және т.б. көлеңке сүйгіш ағаштармен алмасады. Ғасырлар бойы табиғи жолмен алмасатын ағаш тұқымдастары адамның шаруашылық әрекеттері барысында алмасатын ағаштарда өте баяу жүреді. Климаттың біртіндеп өзгеруі бір тұқымдастың пайда болуына алып келсе, екіншісін жоғалтады. Табиғаттың әсерінен болатын тұқымдастардың өзгеруі ауа-райының жағдайына байланысты. Вегетатциялық құрғақ кезеңнің басталуы тұқым шашуды жоғарлатса, көп жағдайда қылқанды ормандарда өрттердің пайда болыына алып келеді. Осының салдарынан жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш қылқанды ормандар қайың және көктеректермен алмасады.

Орман құрамының үлкен ролді орман тұқымдастардың биологиялық және экологиялық: тұқым шашу әдісі, қоректену маңызы, вегетатциялық көбею мүмкіндігі, табиғаттың және қоршаған ортаның қолайсыздығы үлкен ролді атқарады. Қайың мен көктерек жыл сайын көп тұқым шашады. Ал, қарағай мен шыршаның көптеп тұқым шашуы 5 жылда бірақ рет болады. Қылқаны және жапырақты тұқымдастардың тұқымы мен ұрықтары (қарағай, шырша, көктерек, самырсын және т.б.) желдің көмегімен алысқа ұшу үшін кішкентай икемделген қанатшалары болады. Ал,емен, шәмшәт дәндері ауыр болғандықтан ағаш маңында таралады. Сондықтан олардың тұқым шашу қабілеті төмен. Көптеген ағаш тұқымдастары вегетативтік жолмен (қайың, көктерек, жөке, емен, және т.б.) жаңаратын болса, ал басқалары тек тұқыммен (шырша, қарағай, балқарағай) жаңарады.

Қазіргі дәуірде орман құрамының өзгеруіне адамның шаруашылығы үлкен әсерін тигізеді. Үлкен аумақтарда қылқанды ормандарды кесу, жапырақты ормандардың пайда болуына әкеледі. Мал жайылу барысында емен ағашы қанды қара ағашпен, көктерекпен, қайыңмен алмасады. Ағаштар өскен аймақтарды құрғату оның түпкілікті құрамының өзгеруіне алып келеді. Егер құрғату барысында таза қарағайдың орнына қайың, шырша, көктерек пайда болады. Қылқанды орманда кең таралған орман өрттері олардың бірінші кезекте қайың мен көктеректің алмасуына алып келеді. Шыршалы сүректі жаппай кесу немесе өртке орануы бұл аймақта барлық қоршаған орта факторлары өзгеріп, жаңа факторлар кең аланқайларда пайда болады. Топырақтың бетіне көп көлемде жарық, ылғал түседі. Осының салдарынан тек тірі жан-жануарлар ғана емес топырақ құрамыда өзгереді. Көлеңке сүйгіш мүктердің, шөптердің, бұталардың орнына жарық сүйгіш шалғындық шөптер пайда болады. Шырша, қайың және көктеректің биологиясы өте әр түрлі. Жапырақты ормандар жыл сайын көп көлемде тұқым берсе, шыршалардың жақсы тұқым беруі 4-5 жылда бір рет келеді. Қайың мен көктерек тұқымдары шыршаның тұқымдарына қарағанда алыс аймақтарға ұшады. Көктерек пен қайың жарық сүйгіш болғандықтан алғашқы жылдары жылдам өссе, ал шырша көлеңке сүйгіш және баяу өседі. Сонымен шыршаның жас өскіндері көктемгі кеш үскіріктерден зардап шексе, ал жапырақты тұқымдастар ауаның төменгі ауытқу температурасына төтеп бере алады.

Биологиялық нұсқау бойынша шырша, көктерек және қайыңның егер кесілген немесе өртенген жерлерінде жапырақты ағаштар тез жетіліп жас көктерек және қайың секілді өскіндері дами түседі, олар шыршаның өсуіне қолайлы жағдай туғызады.



2.1 – сурет. Кесілген немесе өртенген жерлерде қалыптасқан орман
Топырақ жамылғысындағы жерді бекітіп тұрған астық тұқымдастар жоғалып, ал ауаның температурасы көп-көп төмендейді. Осы уақыт аралығында көктерек пен қайыңның тұқым беретін жылдары олардың көлеңкесінде шырша өсе бастайды, өйткені олар күннің көзін сүймейді. Көктерек пен қайың ұзақ өспейтін тұқымдар, сондықтан оларда тез өлуі басталады, ал шырша көп жылдық болған соң, оларда енді ғана өсіп дамуы басталады.

Қарағай көбінесе қайыңмен және көктерекпен сирек ауыстырылады. Бұл ауыстыру көбінесе қарағай ағаштарын кездесуден кейін таза құмды топырақтың бөлінуі кезінде пайда болады. Қарағайдың тұқымы шөбіне аралып, оның өскіні шықпай қалады. Тығыз өскен шөп жамылғысы күшті көлеңкелейді, сондықтан қарағайдың өскіні өспей қалады. Содан кейін қайың өз дәндерін шашып өседі. Емен тұтастай кесуден кейін, жиі көктерекпен, жөке, ақ бүк ағашы және басқа да жұмсақ жапырақты тұқымдастарымен ауыстырылады. Бұның тұқымы ауыр болғандықтан, ағаштың ұшар басының шекарасына ғана түседі, сондықтан мұнда ауыстырылуы болады. Қайың, көктерек және т.б. түрлердың тұқымы ашық жерлерге еркін түсіп, жас өскіндер тез биікке өседі. Еменнің өскіні жарық сүйгіш және көбінесе ол көктерек, қайың, тал, т.б. ағаштардың көлеңкесінде қалып, өліп қалады. Бұған қарамастан, емен балақ шыбық қасиетіне ие, қартайған кезде ол оны кейде бермейді. Бұл жағдайлардың бәрі емен ағашының орнына жұмсақ жапырақтылардың өсуіне әкеп соғады.

Тұқымдардың ауысуын бағалай отырып, келесі жағдайларды айта кеткен жөн. Қылқан жапырақтылардың ауысуы - сапалы өзгеру, бірақта экономикалық және орман қамтамассыздандыру маңызы төмендейді. Бұл бағалы қылқан жапырақты ағаштардың жоғалуын баяндайды және орман өсімдіктер ортасында бұл төмен жақты көрсетеді. Тұқымдардың ауысуын орман шаруашылығын жүргізілуіне байланысты талқылауға болады. Қылған жапырақтылардың ауысуы болатын жерлері көп болып кетсе, онда орман шаруашылығы деңгейі төмендейді. Сонымен қатар тұқымдардың ауысуы оң нәтижелер береді, мысалға шыршаның қайыңмен ауысуында топырақ жақсарады. Кесілген қалдықтардың аурулары күресу. Сондықтан ағаш тұқымдастарының ауысуының экономикалық бағасы орманның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты қарастырылады. Барлық талдаулар орман шаруашылығына бүкіл жағдайлар жасау керегін көрсетеді.
2. Кесілген, өртенген жердің топырақ жамылғысы
Орманды - дала зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона - орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл негізінен ормандар мен ормансыз шалғынды шөп өсетіп алқаптардың топырақтары. Жалпы орманды - дала зонасының көлемі 150 млн гектардай немесе ТМД елдерінін 6,8%-ін қамтиды.

Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған. Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын-шашын молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері азаяды.

Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:

А0 - орман төсеніші 2-4 см, қара қоныр түсті, топырақпен аралас

Л1 - қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп таралған

А2 - қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті аздаған күлгін тартады

В - қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы 90-130 см-ге жетеді.

С- ақшыл қоныр, В горизонтынан (жиегінен) тілім-тілім болып кейбір жолақшалар түседі.

Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.

Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Казакстаннын ен шеткі терістігіндс бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі.

Шалғынды даланың қара топырақтары. Полтава губерниясының егіншілеріне қара топырақ туралы дәріс оқыған В.В. Докучаев "Қара топырақ - Ресейдің негізгі байлығы, ол Ресей халқын өмір бойы асырап келеді және бұдан да былай асырай береді, қара топырақ - топырақ патшасы"- деген.

Қара топырақты зона орманды-даланың оңтүстігін қамтып, батыстағы Молдавиядан, Украина, Ресей мен Қазақстан арқылы Сібірге шейін созылып жатыр. Дегенмен Сібір жақта қара топырақты зона тұтасып біркелкі жатпай таулы алқаптар арасындағы жазықтарда ойдым-ойдым аралдар іспеттес орналасады.

Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа райы да жайлы. Бұл жерлердің жазы жылы, қысы суық. Түсетін ылғалдың мөлшері жылына 350-600 мм, жылдың барлық мерзімдерінде біркелкі түседі. Жалпы топырақтардын ылғалдану коэффициенті - 0,6-1,0, яғни ылғалдану мен жерден булану шамамен тепе-тең.

2.2 – сурет. Қара топырақ пен қызғылт-қоңыр  (каштановые) топырақтың  топырақ кескіні құрылымының схемасы
Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД территориясының 9% жуық.

Қара топырақ негізгі үш қабаттан тұрады: А - қара шіріндісі мол қабат; В - өтпелі қабат; С - топырақтүзуші аналық жыныс.

А - қара шірінді қабаттың қалыңдығы 20-60 см жетеді, түсі қара немесс қара қоңыр, оңтүстік шеттерінде қоңыр түсті.

В - өтпелі қабаттың қалыңдығы 40-80 см-дей, түсі сұр-қоңыр, жоғары қара шірінді қабаттан тілдей болып созылып қара шірінділер мұнда да жылжиды.

С – топырақ түзуші аналық жыныс, әдетте лесс типтес, карбонатты, майда ұнтақ-талған, негізінен шанды жыныстардан тұрады.

Қара топырақтар қара шіріндіге бай. Оның мөлшері 4%-дан 10-12%-ға жетеді. Қара шіріндінің мөлшеріне қарай қара топырақтар үш зонашаға бөлінеді:

а) қара шіріндісі мол немесс терістік қара топырақ;

б) қара шіріндісі орташа немесе кәдімгі ара топырақ;

в) қара шіріндісі аз немесе оңтүстік қара топырағы.

Қара топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мол. Жауын-шашын көп жаумағандыктан және ауа-райының жылылығынан қоректік заттар жуылып-шайылмай топырақ қабаттарына, өсімдік тамырларына жақын жерлерге шоғырланады.



2.3 – сурет. Тыңайтылған жер
Қара топырақ химмялық құрамы жағынан да бай. Сондықтан құнарлылығымен көзге түседі. Бұл зонаның 70-75%-ға жуығы жыртылған жерлер. Мұнда ауыл шаруашылығының барлық дерлік дақылдары: бидай, картоп, жүгері. көкөністср, қант қызылшасы т.б. жақсы өседі.

Бұл топырақтар табиғи жағдайдын өзінде де жақсы өнім береді. Ал қосымша тыңайтқыштар енгізіп, қар тоқтатып, тағы басқа ылғалдандыру, мелиорация шараларын қолданғанда өнім мөлшерін одан да мол арттыруға болады.

Топыраққа және топырақ бетінің қабатына әсер етуі, яғни механикалық, химиялық және биологиялық мүмкіншілігі жаңа орман туғызады. Жер қыртысын сындыру, төсеніштерді топыраққа орналастыру, оның қопсытылуы және жыртуы орман жұмыстарында тұқымдардың жылдам өсуіне әкеледі. Топыраққа гербицид және арборицидтерді енгізу топырақ бетіндегі тіршіліктің өсуін тоқтатады және салған тұқымның көктеп өсуіне мүмкіншілік туғызады.

2.4 – сурет. Жер қыртысының жыртылуы
Шаруашылық үшін маңызы бар тұқымдардың жаңа өнімдерін сақтап қалу – шырша, майқарағай т.б. тұқымдарға жүргізіледі. Мал жаю кезінде топырақ қопсытылады. Бірақта тоқтаусыз мал жаюмен, шаруашылыққа маңызы бар түрлерді жойып жіберуге болады. Жаңа жыртылған топыраққа, сұлы, картоп отырғызу және сазды топырақты әктеу, топырақ құрылымын жақсартады және орманды қайта құруға жағдай туғызады. Кесу кезінде құмды және құмдауыт топырақты қопсытады және құмның өсуін жақсартады.

Орманды тұтастай кесу, яғни көбінесе Ресей ормандарында қолданады, оның жақсы және жаман жақтары болады. Мұның жақсы жағы көп түпті алу болып табылады. Орманды кесу қарапайым механизацияланған жұмыспен жүреді және орман учаскілерін кесуге бұру, біржасты ағаштарды қалыптастыру жарық сүйгіш ағаш түрлерінен бір жағдаймен т.б.

Шоғырланып кесуден кең, үлкендерін алады, 100 м дейін кеспе ағаштың жанасу уақыты 1...3 жыл. Сонымен қатар техникалық нәрселерді ағаш үйінділерінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен тамырдан кесу бағыттан ағашты араластыру немесе тасымалдау жұмыстарына дейін барлығы механикаландырылады.

 

3. Топырақ ылғалдылығы


       Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.

        Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.

        Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.

                                                                                                          

2.1–кесте. Ылғал түрлері ( С. А. Монин бойынша )


Топырақ ылғалының түрі

Байланыс мөлшері мен өзгешелігі

1.Сұйық, ылғал немесе су

а)  гравитациялық су                           

б) Топырақ түйірлерінің ішіндегі су            бос сулар

в) жарғақты су                                                 физикалық бос байланысты

 

                                                  2.Бу



г)  Бу                                         1/2               ұшпалы су

д) Гигроскопиялық су                                    физикалық берік байланысты

                                           3.Қатты күйдегі су

е) Мұз                                                             қатты

        ж) Кристалданған су              1/2          химиялық байланыстағы  

                                                                        гидратты сулар

з) Жасушадағы су                                          биологиялық байланысты су


 

Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан бұл суды тек 100° астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.

Топырақтың ауадағы су буының құрамындағы суды өз бойына тарту және сақтау қабілетінің мөлшері гигроскопиялық ылғалдылық деп аталады. Оның көлемі топырақтың құрылымдық және химиялық құрамы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Соңғысы неғұрлым жоғары, ал топырақ майда болса, соғұрлым гигроскопиялық ылғалдылық та жоғары болады. Ылғал топырыққа сіңе отырып, ондағы саңылаулардың бәрін толтырады. Топырақтың бойына сіңіре алатын судың ең көп мөлшері-топырақтың толық ылғал сіңіргіштігін құрайды. өсімдіктер үшін ең қолайлы ылғалдылық топырақтың толық ылғал сіңіргіштігінің 60 % –не тең мөлшері болып табылады.

Топырақтағы су өзінің салмағы әсерінен төмен қарай жылжи бастайды. Су еркін ағып болғаннан кейін топырақ ұстап қалған ылғалдылықтың ең көп мөлшері топырақтың /сіңіргіштігі/ ылғалдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш құрғақ топырақтың салмағына пайыз есебімен шаққанда: құмдақ топырақтар үшін - 12%, күлгін сазды топырақтар үшін -18%-ке, қара топырақтар үшін- 24% тең болады да оның одан әрі төмендеуі судың капиллярлар деп аталатын   саңылауларға орналасуына әкеп соғады. Судың бұл түрі капиллярлық су деп аталып, өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етудің тұрақты көзі болып табылады.

Капиллярлық судың мөлшері азайып, ол топырақ бөлшектері немесе майда түйірлері арасында ғана сақталып қалса, өсімдік қурай бастайды. Демек, топырақтағы судың бәрі де өсімдіктерге жете бермейді. Егер топырақтағы су  мөлшері егістік ылғалдылықтың (сіңіргіштіктің) 2/3 нәтижесінен азайса, өсімдік өсуін баяулата бастайды. Сондықтан егістік ылғалдылығын анықтау арқылы топырақтың сумен қанығу тәртібін реттеуге болады

2.5 – сурет. Өртенген жерде өскен өсімдіктерді гигроскопиялық

сумен суғару


Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді. равитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына қосылады.

Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғаттағы олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың қыс айларында, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да болмайды. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.

Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының  әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстінде жиналады. Жерасты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көа тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар кездеседі.

Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері. өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның құнарлығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам қанымен салыстырған (Г.Н.Высоцкий, 1962).

 

4. Топырақ ауасы
Топырақ қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге, ағаштарға тағы басқа жағдайларға байланысты.

Өртенген жердің өңделген топырақтарында ауаның мөлшері топырақ көлемінің 30-40 пайызына тең. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.

Неғұрлым топырақта су көп болса, соғұрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырып жібереді. Мысалы, күріш егістерінің топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан, онда ауа мөлшері мүлдем жоқ. Керісінше, ылғалы аз, жиі қопсытылып, жиі өңделетін топырақтарда ауа мол болады.

Топырақ – көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, көптеген органикалық заттарды ыдыратып ауаға ұшырады. Осының нәтижесінде топырақ ауасының құрамы, атмосферадағы ауаға қарағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір қышқылының мөлшері 0,15 - 165% шамасында, ал атмосферадағы оның мөлшері небары - 0,03% ғана. Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз.

Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизмдерге көп әсер етеді. Топырақтағы ауаның молдығына, аздығына, оның құрамына қарай мұнда әр түрлі микроорганизмдер өмір сүреді. өсімдіктер тамырының тереңдеп немесе көлденең өсуіне топырақтағы ауа режимінің дұрыс болуының пайдасы зор.

6-7-дәріс. Тақырыбы: Орман өртінің туындау, таралу себебі және тәртібі.


  1. Орман өртінің себептері.

  2. Орман өртінің туындауынын көздері.

  3. Өрттің таралу себептері.


1 Орман өртінің себептері.
Орман өрті - бұл орман қорында өрттің бағынбай, апатты жағдайға жеткізе таралуы. Өрттерді 3 түрге бөлу қалыптасқан: төмендегі, жоғарыдағы және топырақтағы (жер асты, шымтезекті).

Төмендегі өрт. Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойын-ша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақ-тардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады.

Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұраклы болып сипатталады.

Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт -эс -е-се, көктем маусымында. жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсім-діктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ. (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскелерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады.

Төмендегі турақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен . Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскелер-де ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды.

Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді.

Жоғарыдағы өрт. Жоғарыдағы өрт өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастары-ның жануымен сипатталады, үстірт және түрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) ерт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаш-тар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді.

Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы белігін-дегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы ерттердің шығуына елеулі дәре-жеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады.



Топырақтағы өрт. Топырақтағы өрт төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді.

Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді.




  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
    umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
    umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
    umkd -> Ќазаќстан республикасы
    umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
    umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
    umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет