1 Хаттамасы Күн тәртібінде



жүктеу 28.97 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі28.97 Kb.
түріҚұрамы

№11 балабақшасының аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 1 наурыз күні жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүйелі жұмыстар жүргізу, қамқоршылық кеңес құру мақсатында өткен жиналыстың


1 Хаттамасы
Күн тәртібінде:

1.№11балабақшада әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында қамқоршылық кеңес құру.

2. Қамқоршылық кеңестің ережесін бекіту .

3. Қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау.



Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша балабақшаның ата –аналар комитетінің төрайымы Ш. Қыстаубекова сөз алды.

Жалпы білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 44 – бабаның 9- тармағына сәйкес жалпы білім беру мекемесінің өзін - өзін басқару түрі болып табылады. Қазіргі таңда балабақшада толық емес 2, көп балалы 14 отбасы балалары бар . Толық емес отбасы , көп балалы отбасынан шыққан балалар тек ерекше тәрбие білім беру тәсілдеріне ғана емес , сондай - ақ жүйелі материалдық қолдауға мұқтаж. Осы мақсатта әрбір білім ордасында қамқоршылық кеңес құру керек деп ойлаймын. Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты- жалпы білім беретін мекеменің қызметін тиімді жүргізу үшін жағдай жасау.ҚК мақсаттары мен міндеттерін айқындай келе , ҚК қызметін реттейтін бірқатар ішкі ережелерді әзірледік және оларды сіздерге таныстырмақпыз.Бұл кеңес жұмысы тұлғалардан келіп түсетін қайырымдылық жәрменкелердің жиналуы мен жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу жағынан өзектілігі зор.

Одан әрі аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 02-3/ 914 хатын сәйкес барлық барлық білім беру ұйымдарында жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен және күнкөрісі төмен отбасынан шыққын балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың наурыз айынан бастап қамқоршылық кеңес құру керектігі хабарлады.
Жарыссөзге : Жеке кәсіпкер Берденов Қайрат
Жоғарыда қозғалған жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен күнкөрісі төмен отбасынынан шыққан балаларға жүйелі материалдық көмек көрсету балабақша әкімшілігіне жүктеліп отыр. Бұйрықты басшылыққа ала отырып , балабақшадағы жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тізімі алынып , жоспардағы жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.
Жарыс сөзге : Балабақша әдіскері З. Қошқарова

2018 жылыдың наурыз айынан бастан жоғарыда қозғалған жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен күнкөрісі төмен отбасынынан шыққыан балаларға жүйелі материалдық көмек көрсету балабақша ішілік арнайы шаралар ұйымдастыру , кәсіпкерлерден демеушілер тауып балабақшада түрлі байқаулар мен сайыстар жоспарланатын баяндады. Сондай -ақ қамқоршылық кеңесінің құрамына төмендегі кісілерді ұсынды.



  1. Қыстаубекова Шолпан – ата – ана комиссия төрайымы.

  2. Қошқарова Зада балабақша әдіскері комиссия хатшысы

3. Берденов Қайрат кәсіпкер кеңес мүшесі.

4. Құрақбаева Маржан ата- ана , кеңес мүшесі

5. Байжанова Фариза ата- ана кеңес мүшесі
Осыдан әрі қамқоршылық кеңесінің мүшелері №11 балабақша бұйрығымен, ондағы қамқоршылық кеңесінің ережесімен, негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары , ұйымдастыру мен тәрбие , мақсаттары мен міндеттері жайлы танысып , алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарға тоқтала келе , қамқоршылық кеңесінің құрамына мүшелер бірлесе жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыратынын айтты.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдай келе қаулы етеді :
1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44 бабының 9 – тармағына сәйкес қамқоршылық кеңесі құрылып , оған басшылық жасау балабақшаның әдіскері З. Қошқароваға міндеттелсін.
2.Қамқоршылық кеңесінің ережесі басшылыққа алынып , жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылсын.
3.Қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегі кісілерден сайлансын:



  1. Қыстаубаева Шолпан – ата – ана комиссия төрайымы.

  2. Қошқарова Зада балабақша әдіскері комиссия хатшысы

  3. Берденов Қайрат кәсіпкер кеңес мүшесі.

4. Құрақбаева Маржан ата- ана , кеңес мүшесі

5. Байжанова Фариза ата- ана кеңес мүшесі



Төрайымы төрайымы Ш. Қыстаубекова
Хатшы: З. Қошқарова
Каталог: article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Род Романовых восходит к Андрею Кобыле ум
article -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
article -> Аудит пәнінен курстық ЖҰмыс жазу жөнінде әдістемелік нұСҚаулар, тақырыптар
article -> Капиталдыњ ауыспалы айналымы мен айналысы
article -> Кафедра Правового регулирования экономических отношений
article -> Қазтұтынуодағы
article -> Конспект урока биологии по теме: «Биотические связи в сообществе»
article -> ҚазтұтынуодағЫ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет