1. Жалпы ережелер Өзінің қызметінде бөлім басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»



жүктеу 36.96 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі36.96 Kb.


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығының

лауазымдық нұсқаулығы

Е-3 санаты (№1-09-01 )

1. Жалпы ережелер
1.1. Өзінің қызметінде бөлім басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, маслихаттың, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің, аудан әкімінің актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.

1.2. Бөлім басшысына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері бағынады.

1.3. Бөлім басшысы еңбек, әлеуметтік демалысында белгілі себептерге байланысты жұмыста болмаған жағдайда, бөлім басшысының ұсынысы бойынша оның міндетін аудан әкімінің белгіленген тәртібімен тағайындалған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Е-4 санатындағы бас маман атқарады, оған жүктелген міндеттердің тиісінше орындалмауына жауап береді.
2. Бөлім басшысының құқықтары
2.1. Орындаушылардан, бөлімдер мен ауданға қарасыты мекемелерден осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттемелерді орындау үшін қажетті ақпараттар, мәліметтер мен құжаттарды сұрауға.

2.2. Семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер және спорттық іс-шаралар қатысу.

2.3. Қазақстан Республикасының лауазымдық тұлғалар туралы заңнамасына сәйкес бағыттаушы қызметтер мен мекемелердің, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, азаматтар мен басқа да ұйымдардан келіп түскен хаттар, арыздар мен шағымдарды қарастыру барысында белгіленген ережелерді орындамаған қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізуге.

2.4. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ресімдеу мен ұйымдастыруға қатысуға.



2.5. Басшылыққа бөлімнің жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасауға.
3. Бөлім басшысының міндеттері
3.1. Бөлімнің айлық, тоқсандық, жылдық жұмыс - жоспарларының орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуге.

3.2. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуге.

3.3. Аппараттың басқа бөлімдерімен, құрылымдық бөлімшелері мен аудандық қызметтерімен бөлімнің жедел түрде тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету.

3.4. Бөлімнің құжат айналымын, жұмысын жоспарлау және қадағалау, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге.

3.5. Бөлім қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау барысында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы заңнамалық жүйенің орындауын қамтамасыз ету:

1) «ҚР Тіл туралы» заңын

2) ҚР «Жарнама туралы» заңын

3) ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңын

4) «ҚР Мерекелер туралы» заңын

3.6. Мәдениет, спорт, туризм мекемелерінің жұмысына жетекшілік ету.

3.7. Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша қала және аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, аудан әкімі аппаратының басқа да мүдделі бөлімдері мен қызметтік мекемелеріне, кәсіпорындар мен ұйымдарға уақытылы жеткізілуін жүзеге асыруға.

3.8. Бөлімнің жұмыс тәсілін жетілдіруге.

3.9. Бөлімнің іс номенклатурасын құрастыруға және рәсімдеуге.

3.10. Ауданда мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге.

3.11. Қала әкімдігімен өткізілетін барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға.

3.12. Өнер ұжымдары, «Тіл» орталығы мен этномәдени орталықтармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етуге.

3.13. «ҚазақстанРеспубликасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» негізге ала отырып мемлекеттік тілді дамытуды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын қатысу.

3.14. Тілдерді дамыту, спорт, жарнама, ономастика, мәдени мұра, туризм салаларына байланысты дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, кездесулер, жиналыстар ұйымдастырып өткізуге.


4. Бөлім басшысының жауапкершілігі
4.1. Бөлім басшысы лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін, лауазымдық өкілеттігінің шегінен шығатын болса, мемлекеттік және еңбек тәртібін, «мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін» бұзса, сол сияқты мемлекеттік қызметтегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген тәртіпті ұстанбағаны үшін заңға сәйкес жауапқа тартылады.

4.2. Мемлекетік қызметкер өзінің жұмысын жүзеге асыру кезінде заң бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қылмыс, әкімшілік және материалдық жауапқа тартылады.



4.3. Бөлім басшысы спорттық разрядттарды және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты.
Таныстым:
_____________________________________________________________

(Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің аты, тегі, әкесінің аты, қолы, күні)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет