1 жеміс шаруашылыѓЫ



жүктеу 196.57 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі196.57 Kb.
түріБағдарламасы



6М080900 – Жеміс-көкөніс щаруашылығы мамандығына магистранттарға қабылдауға арналған емтихан сұрақтарының
БАҒДАРЛАМАСЫ





ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жеміс шаруашылығының биологиялық негіздері

Жеміс дақылдарының жіктелуі мен сипаттамасы. Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік-биологиялық топтарға бөлу. Жеміс өсімдіктерінің пайда болу және шығу орталықтары. Негізгі жеміс дақылдарының қысқаша өндірістік сипаттамалары, өсірілетін аймақтары және дақылдың Қазақстандағы болашағы. Жеміс өсімдіктерінің морфологиясы. Жер үсті бөлігі діңгек ағаш бөріабасы (крона). Қаңқалық, жартылай қаңқалық және түкше бұтақтар, бұтақтану реті мен типтері. Өркеннің құрылысы, жіктелуі. Жапырақ, олардың орналасу заңдылықтары. Бүршік, олардың жіктелуі, биологиялық қасиеттері, ерте өнгіштігі. Өркен пайда болу және өркенді қайта қалпына келтіру қасиетері. Гүлдер, гүл шоғырлары, жемістер, олардың құрылысы және типтері. Тамыр жүйесі, тамыр мойыншасы (нағыз, шартты). Тамыр жүйелерінің типтері және олардың жіктелуі: шығу тегіне қарай (ұрықтық және қосалқы тамырлар), топырақта орналасуына қарай (көлденең, тік), өлшеміне қарай қаңқалық, жартылай қаңқалық, шашақты) анатомиялық құрылысына және орындайтын қызметіне қарай (өскіш, сорғыш, ауыспалы, өткізгіш). Микориза және оның маңызы.



Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары.

Ұрықтық, ұластырылған және тамыры өзіндік өсімдіктер онтогенезіндегі ерекшеліктер. Гетерозиготалық және мутациялық өзгергіштік. Сорт және клон туралы түсінік. Қазақстан Республикасында аудандастырылған дақылдар мен сорттар. Ағаш, бұтатектес және шөптектес жеміс және жидек өсімдіктеріндегі жас шамасына қарай болатын өзгерушіліктер. Н.П. Кренко бойынша өсімдіктің қартайуы және жасаруы. П.Г Шитт бойынша өсу және жеміс салудың өмір кезеңдері, олардың агротехникалық маңызы. Өсіп-өнудің жылдық циклы, вегетация және тыныштық кезеңдері. Жеміс өсімдіктерінің гүлдеу, тозаңдану және ұрықтану ерекшеліктері. Өзін-өзі жемістеу, жемістенбеу, партенокарпиялық ұрықсыз жеміс байлау, ремонтанттылық күзге дейін бірнеше жеміс беруі. Дақылға, сортқа, телітушіге, топырақ жағдайларына және агротехникаға байланысты тамырлардың өсу заңдылықтары: қарама-қарсылық (полярность) және тепе-теңдік (корреляция), қабаттылық, морфологиялық паралеллизм, қаңқалық, жартылай қаңқалық және түкше бұтақтардың циклдық алмасуы, қайта қалпына келтіру қасиеті (регенерация). Жеміс салу заңдылықтары. Жеміс өсімдіктерінің жеміс сала бастауы, оның биологиялық және өндірістік-экономикалық маңыздылығы. Жемісті қалыптастыру: гүлдер мен гүл түйіндерінің түсуі, жемістің өсуі және пісіп жетілуі. Жеміс дақылдарының өнімділігі. Жеміс салу кезеңділігінің негізгі себептері, кезеңділік индексі, Қазақстанда аудандастырылған негізгі дақылдар мен сорттар тобының жеміс салу типтері. Жыл сайын және жоғары өнім алудың биологиялық негіздері.



Жеміс өсімдіктері өміріндегі экологиялық факторлар.

Сыртқы орта және жеміс өсімдіктерінің негізгі өмір факторларымен байланысы.

Жарық. Жеміс өсімдіктерінің жарық қарқындылығына реакциясы. Жарықтық режим, фотосинтездің қарқындылығы және өнімділігі. Фотосинтетикалық белсенді радиацияның (ФБР) сіңірілуі және пайдалану коэффиценті. Әртүрлі дақылдардың жарыққа қатынасы. Жарықтық режимді реттеудің биологиялық негіздері. Бақтарда күн радиациясын пайдалануды күшейту.

Температура. Жеміс өсімдіктері өміріндегі температуралық режим. Қысқа, суыққа, ыстыққа төзімділік. Кейбір жекелеген дақылдар мен сорттар тобының өсіп-өнудегі температуралық шекаралары. Жеміс ағашы жеке мүшелерінің жоғары және төменгі темперетуралармен зақымдануы, оны анықтау әдістері.

Су. Жеміс өсімдіктерінің өсу жағдайларына, жасы мен вегетация фазаларына байланысты суды қажет ету, қатерлі кезеңдер. Әртүрлі дақылдар және сорттар мен телітушілер ұласымдарының топырақ пен ауа ылғалдылығына қатынасы. Жеміс өсімдіктерінің құрғақшылыққа төзімділігі. Бақтардағы су режимін реттеу.

Ауа. Атмосфера мен топырақтағы ауа. Жеміс өсімдіктерінің оттегімен және көмір қышқыл газымен қамтамассыз етілуі. Ауа айналымы мен іркілуі. Бақтардағы ауа режимін реттеу.

Топырақ. Жеміс өсімдіктерінің топырақ жағдайларына реакциясы. Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, оны реттеу. Топырақ құнарлығын арттыру және оны эрозиядан сақтау.

Жер бедері. Табиғат факторларын қайта таратудағы жер бедерлерінің маңызы. Жеміс өсімдіктерінің өсуі мен жеміс салуына жер бедерінің әсері. Жеміс өсімдіктеріне сыртқы ортаның біріккен факторларының әсер ету сипаты.

Жеміс дақылдары мен сорттарын аудандастырудағы топырақтық климаттық факторлар. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы табиғи-экономикалық аймақтары және олардың сипаттамасы.

Жеміс өсімдіктерін көбейтудің биологиялық және практикалық негіздері. Жеміс өсімдіктерін көбейтудің биологиялық негіздері. Ұрықтық және вегетативті көбейту. Регенерация - вегетативті көбеюудің биологиялық негізі. Жеміс шаруашылығында вегетативті көбею тәсілдері. Жеміс дақылдарының телітушілері және оларды өсіру.

Көшеттік территориясын ұйымдастыру, құрамы мен мақсаты.



Бақ орналастыру технологиясы мен жеміс өндірісі. Жеміс бағын құру.Бақтарды отырғызудағы шешілетін міндеттер. Жеміс бақтарын отырғызуды табиғи және ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайларға байланысты жобалау. Қазақстанның әртүрлі топырақтық-климаттық аймақтарында бақ отырғызатын учаскелерді таңдау және бағалау.Өзара тозаңдануы ескерілген жеміс дақылдары үшін бақ типтері мен конструкциялары. Бақты отырғызу мерзімдері, технологиясы және механикаландыру. Отырғызар алдындағы күтім. Бақ топырағын өңдеу және күту жүйелері.

Жеміс бағының ылғалды-қоректік режимі мен тыңайтылуы

Жеміс өсімдіктерінің минералдық қоректену және суару ерекшеліктері. Жеміс өсімдіктерінің тыңайтқыштары қажет етуі және оны болжау әдістері. Тыңайтқыштардың түрлері, пішіні, мөлшері, енгізу мерзімдері және әдістері. Бақтағы тыңайтқыштар тиімділігін арттыру жолдары. Суару әдістері мен техникасы, топырақ астымен суару, олардың артықшылығы мен кемшілігі. Әр түрлі бақ құрылымдарында суару режимдері. Терең ылғалдап және вегетациялық суару түрлері. Ылғалдандыру және суару мөлшері. Суару мезгілдері. Бақ суару режимін реттеудің агротехникалық тәсілдері. Топырақты су эрозиясынан сақтау шаралары.



Жеміс ағаштарын шырпу.

Шырпудың мақсаты мен міндеттері. Шырпу түрлері: қалыптастырып, мөлшерлеп және жасартып шырпу. Шырпу тәсілдері: сиретіп, қысқартып, аударып шырпу. Ағаштардың өсуі мен жеміс салуын реттейтін басқа да тәсілдер: бұтақтың шығу бұрышы мен бағытын өзгерту, бұтақтарды сақиналау, шытынату, керту, өркендерді сындыру және ұштарын жұлу. Ағаш бөрікбасының ыңғайлы пішінін таңдап алу. Шырпу мерзімдері мен техникасы: мақсаты, міндеті мен принциптері.



Жеміс бақтарын күтіп-баптау және бақта орындалатын тағы да басқа жұмыстар.

Жеміс ағаштарының қысқы зақымданулары және оның алдын алу. Ағаштарды кеміргіш зиянкестерден қорғау. Жарақаттанған ағаштарды күтіп-баптау. Жеміс ағаштарын көктемгі үсіктерден қорғау: түтіндету, суару, тұмандату, жылыту, өсімдіктерді жабу т.б. Жеміс салуын және жемістердің пісуін реттеу үшін араларды қолдану.



Өнім жинау.

Өнімді болжау және анықтау. Өнім жинауға дайындық. Жемістерді теру мезгілін анықтау. Жинау тәсілдері, жұмысты ұйымдастыру. Жемісті қолмен және механикалық жинау. Жемісті жинау және тасымалдау технологиясы.



Қазақстан республикасының жекелеген аймақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы, суарылмайтын аймақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері. Жаңа бақша өсімдіктері және Республика жағдайындағы болашағы.



КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Көкөніс шаруашылығының биологиялық негіздері. Көкөніс дақылдарының топтарға жіктеліп бөлінуі және сипаттамалары. Көкөніс дақылдарының жер бетіне пайда болған отандары және әртүрлі топтарға бөлінуі. Көкөніс дақылдарының ботаникалық және өндірістік топтарға бөлінуі, жіктелуі. Көкөніс дақылдарының морфологиялық ерекшеліктері. Дақылдардың өніп-өсіп және дамуы. Тамыр жүйесінің, сабақтарының, жапырақтарының және өнімдерінің қалыптасуының заңдылықтары. Көкөніс дақылдарының өсіп-өну фазаларының кезеңдері, өмір тіршілігіндегі ұзақтығы.

Көкөніс дақылдарының өмір тіршілігіндегі экологиялық факторларға қатынасы.

Көкөніс дақылдарының жылуға қатынасы. Жылуға қоятын талаптары және олардың онтогенездегі өзгерулері. Жылудың кезеңдері және оларды тәжірибелерде пайдалану. Жылу режимдерінің қолайлы тәсілдері. Көкөніс дақылдарының жарыққа қатынастары. Күндізгі жарық кезеңдері және оның көкөніс шаруашылығының тәжірибесіндегі маңызы. Ашық танапта және қорғалған топырақтарда қолайлы жағдай режимдерінің әдістері.Көкөніс дақылдарының ауа мен газ режимдеріне қатынастары. Ауадағы және топырақтардың қабатындағы оттегінің, көміртегі қышқыл газының мөлшері, осылардың дақылдардың өсіп өніп дамуына және тағамдық мүшелерінің өнімділігіне тигізетін әсерлері. Ауадағы және топырақтағы көмір қышқыл газдарын жаңартып арттырудың әдістері. Көкөніс дақылдарының ауадағы және топырақтағы ылғалға қатынасы, әртүрлі кезеңдегі көкөнісдақылдарының өсіп дамуындағы ерешеліктеріне байланысты бағыныштылығы. Көкөніс дақылдарының қоректік заттарға және тыңайтқыштардың ерекшеліктеріне қатынастары. Көкөніс дақылдарының тыңайтқыштар мөлшері деңгейіне қоятын талаптары және тамыр жүйелерінің құрылыстарының бағыныштылығы.



Көкөніс дақылдарын өсіріп-өндіру технологиялық тәсілдері. Топырақтарды өңдеуге қолданылатын машиналардың жүйелері.

Топырақты өңдеудің жалпы тәсілдері. Көкөніс дақылдарының топырақты өңдеу сапасына қоятын талаптары. Әртүрлі ауа райының және топырақтың ерешеліктеріне қарай өңделгеннен кейінгі беткі қабат тегістігінің пайдалық әсерінің тиімділігі. Көкөніс дақылдарын баптап күтуге және өнімдерін жинап алуға қолданылатын машиналар.



Көкөніс дақылдарын көбейтудің тәсілдері және өсіруге арнайы қолданылатын тәсілдер.

Көкөніс дақылдарын көбейту. Тұқымдар және егу. Егердің алдындағы тұқымдарды дайындаудың тәсілдері. Тұқымды егудің мөлшерін анықтау және ұтымды пайдалану.Көшеттік әдістер: көкөніс дақылдарын көшеттері арқылы өсіріп ерте өнімдерін алу және солтүстік аймақтарға жеткізу. Көкөніс дақылдарын арнайы қолданылатын әдістермен өсіріп-өндіру, тездетіп жетілдіру, пісіріп жетілумен көшетердің өсуін уақытша тоқтату т.б. Әртүрлі көкөніс дақылдарына қолайлы орналастыру үлгілерімен қоректену алаңдарын таңдау. Қайта-қайта және тығыздап егу. Көкөніс дақылдарын жаппай баптап күтудің тәсілдері: сирету, арамшөптерді отау, гербицидтер мен пестицидтерді, әр түрлі жабынғыларды қолдану. Ашық танаптағы дақылдардың ауыспалы айналымы және орналастырудың ерешеліктері.



Қорғалған топырақтардағы көкөніс шаруашылығы. Жылдың барлық мерзімдерінде көкөніс дақылдарының өнімдерімен қамтамассыздандырудағы суықтан қорғалған топырақтардың маңызы. Қорғалған топырақтардың түрлері, құрылыстарын жыл бойына пайдалану – жылытылған топырақтар, бужайлар, көшеттіктер, жылыжайлар. Қорғалған топырақтарды жылытудың тәсілдері және оларға агроүнемдік бағалау. Дақылдарды кезектестіріп ауыстыру. Қорғалған құрылыстардағы топырақты дайындаудың ерекшеліктері.

Ашық алаңға арналып өсірілетін көшеттердің технологиясы.

Көшеттерді өсірудің тәсілдері. Көшетерді өсіргендегі ықшам климатты бақылаудың ерекшеліктері. Ашық танапта өсірілетін көшеттерді күтіп баптаудағы жағдайлар. Көшеттерге берілетін қоректік тыңайтқыштардың мөлшері. Көшетерді өсіруге пайдаланатын топырақтардың көлемдері және оны есептеп шығару.



Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығының ерекшеліктері.

Көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығының тарихының дамуы. Көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығының жағдайларын ұйымдастыру. Көкөніс дақылдарының тұқымдарының биологиялық негіздері. Тұқым шаруашылығындағы агротехника. Көкөніс дақылдарының тұқымдарын сақтау.


ЖЕМІС, КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жемістер мен көкөністердің химиялық құрамы, сапасы.

Жемістер мен көкөністердің химиялық құрамы және сақтау кезінде өтетін биохимиялық үрдістер. Жеміс-көкөніс өнімінің тағамдық, диетикалық, емдік маңызы. Жеміс және көкөністерді тағамға пайдалану нормалары. Жемістер мен көкөністердің құрамына кіретін химиялық қоспалар. Осы қоспалардың зат алмасу үрдістеріне, өнім сапасына, дәміне, сақталуына әсері және олардың антисептикалық қасиеттері.



Жеміс-көкөністердің тауарлық сапасы. Жеміс, көкөніс өнімдерінің тауарлық сапасы, сапа көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері. Дегустациялық бағалау. Жеміс, көкөністердің химиялық құрамын анықтау. Химиялық анализдерге арналған аналитикалық алым және сапасын анықтау үшін үлгі алу. Жеміс-көкөністердің және олардың өңделген өнімдерінің зиянсыздық көрсеткіштерін анықтау (нитраттар, ауыр металдар, патулин).

Жеміс, көкөністерді өсіру жағдайларының өнім сапасына және сақталуына тигізетін әсері. Жеміс-көкөністерді сақтау және өңдеу үшін сорттың маңызы. Жеміс, көкөністердің пісу дәрежесінің ауа райына, өсу аймағына байланысы. Климаттық факторлардың сорттық ерекшеліктерге тигізетін әсері. Сақтау және әртүрлі өңдеу тәсілдеріне арналған өнімнің жинау мерзімі мен пісу дәрежесі. Рельеф пен топыраққа байланысты жеміс және жүзім сапасы.Өсу мерзімінің ауа райы. Жеміс-көкөніс өнімдерінің сапасына вегетациялық кезеңдегі ауа райының әсері.Тыңайтқыштар және суару. Жеміс-көкөністердің сапасын және сақталғыштығын қалыптастырудағы тыңайту жүйесінің әсері.Жеміс, көкөністердің сапасы мен сақталғыштығына басқа агротехникалық тәсілдердің әсері.

Жеміс, көкөністерді жинау, тауарлы өңдеу, ыдысқа салу, тасымалдау.

Сақтауға арналған жеміс, көкөністерді жинау жұмыстарын ұйымдастыру. Жинау кезінде өнім шығынын және механикалық зақымдалуын азайту жолдары. Жинау жұмыстарын механикаландыру. Жеміс, көкөністерге қолданылатын ыдыстардың түрлері, өнімді буып-түю әдістері. Жиналған өнімді тауарлы өңдеудің әдістері мен техникасы, сол үшін қолданылатын машина мен механизмдер. Сорттау, іріктеу және қаптау жұмыстарын ұйымдастыру. Жеміс-көкөністерді сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және сатуға дайындаудың басқа әдістері. Тасымалдау жағдайлары, әдістері, көлік түрлері. Рефрижераторлық көлік пайдалану.



Жемістер мен көкөністерді сақтау

Жеміс, көкөністерді сақтау объектісі ретінде жіктеу. Сақталғыштық және төзімдік. Сақтау кезінде жеміс, көкөністер ішінде өтетін негізгі тіршілік үрдістер. Тыныс алу үрдісі. Көкөністердің тыныштық кезеңі. Сақтаудың негізгі факторлары. Жеміс, көкөністердің сақталғыштығына, тыныс алу интенсивтілігіне, микроорганизмдердің дамуына сақтау температурасының тигізетін әсері. Дақылға, сортқа өнімнің физиологиялық жағдайына қарай сақтау температурасын таңдау. Қойманың ішіндегі ауа ылғалдылығы, оның өнімнен су булану жылдамдығына тигізетін әсері. Өнімнің солуы және суланып тершуі.

Ауаның газды құрамы. Көмір қышқыл газы мен оттегі мөлшерінің жеміс, көкөністердегі зат алмасу үрдісінің интенсивтілгіне және микроорганиздер даму жылдамдығына тигізетін әсері. Сақтау үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ауа алмасуының маңызы. Сақтаудың қосымша факторлары.

Жемістер мен көкөністерді сақтау әдістері.

Сақтау әдістерінің жалпы жіктелуі. Әртүрлі сақтау әдістерінің кемшіліктері мен артықшылықтары. Жеміс, көкөністерді әртүрлі қоймаларда орналастыру тәсілдері. Далада сақтау тәсілдері: бурттар мен траншеялар. Стационарлы қоймалар. Олардың жіктелуі, түрлері, құрылыс ерекшеліктері, ауа алмастыру жүйелері. Әртүрлі қоймаларда қолданылатын өнім сақтау әдістері мен режимдері. Қойма жұмыстарын механикаландыру жолдары. Тоңазтқыштардың жұмыс істеу принциптері. Реттелетін газды ортасы бар қоймаларды салу, пайдалану ерекшеліктері. Қойма бөлмелерінде ауаның газды құрамын қалыптастыру жолдары және сол үшін қолданылатын жабдықтар. Жеміс, көкөністер сорттарын сақтауға арналған газды режимдер. Қоймаларды өнімді қабылдап, сақтауға дайындау. Қоймалардағы сақтау жағдайларын, сақтауға қойылған өнімнің сапасын бақылау.



Картоп пен көкөністерді сақтау технологиясы.

Картоптың сақтау объектісі ретіндегі биологиялық негіздері. Картоп сақтау мерзімдері, қолайлы режимдері. Картоп сақтауға арналған қойма түрлері. Өнімді әртүрлі қоймаларда орналастыру әдістері. Тұқымдық картоптың сақтау ерекшеліктері. Сақтау кезінде болатын аурулар және олармен күресу жолдары. Тамыржемістілерді сақтау ерекшеліктері. Тұқымдық және азықтық тамыржемістілерді сақтау жағдайлары. Тамыржемістілерді жинау, сақтауға дайындау, қоймада орналастыру және сақтау әдістері. Сақтау кезіндегі өнім шығындарын азайту. Капустаны сақтау ерекшеліктері. Тұқымдық және азықтық капустаны сақтау жағдайлары. Капустаны жинау, сақтауға дайындау, қоймада орналастыру және сақтау әдістері. Сақтау кезіндегі өнім шығындарын азайту жолдары. Пияз бен сарымсақтың сақтауға объектісі ретіндегі биологиялық қасиеттері. Тұқымдық және азықтық өнімді сақтау жағдайлары. Сақтаудың жылы, суық, аралас тәсілдері. ҚызанақтыҢ пісу дәрежесіне байланысты сақтау режимдері. Қияр, асқабақ, қауын, қарбыз сақтау технологиялары.



Жемістерді сақтау технологиясы.

Шекілдеуікті жемістердің сақтау объектісі ретіндегі биологиялық қасиеттері. Жемістерді жинау және ұзақ уақыт сақтауға дайындау. Сақтау технологиясы, режимі, тәсілдері. Реттелетін газды ортада сақтау. Әртүрлі сорттарды сақтау ерекшеліктері. Сақтау кезінде болатын микробиологиялық және физиологиялық аурулар. Жүзімнің сақтау объектісі ретіндегі ерекшеліктері. Жинау, ыдысқа салу, тасымалдау, сақтау жағдайлары. Сүйекті жемістер мен жидектердің сақтау технологиясы, режимі. Мәңгі жасыл дақылдарды, жаңғақтарды сақтау ерекшеліктері.



Көкөніс, жеміс және жүзімді өңдеу.

Консервілеудің теориялық негіздері. Консервілеу әдістерінің түрлері: физикалық, микробиологиялық, химиялық әдістер. Сақтау, тасымалдау, қабылдап алу кездерінде шикізатқа қойылатын талаптар. Консервілеуге арналған ыдыстар және оларды белгілеу. Консервіленген өнімнің мөлшерін есептеу тәртібі.

Стерилдеу, жолымен консервілеу.

Стерилдеу мен пастерлеу. Стерилдеу кезінде өтетін жалпы үрдістер. Шикізат дайындау, сорттау, сұрыптау, жуу, тазалау, майдалау, бланширлеу. Осы жұмыстар үшін пайдаланатын машиналар. Кәдімгі көкөніс консервілері. Технология ерекшеліктері. Ассортименті, рецептурасы. Тістемелі көкөніс консервілері. Технология ерекшеліктері. Ассортименті мен рецептурасы. Қызанақ өнімдері. Қызанақ шырынын, қызанақ пастасын, қызанақ езбесін, қызанақ соусын өндіретін технология. Жеміс-жидек шырындары, нәрсулар, езбе тәріздес өнімдер. Өнімге, шикізатқа қояр талаптар. Технологиялық операциялар, қолданылатын құралдар, дайын өнімнің сапасы, ассортименті. Жеміс, көкөніс маринадтары, шикізат дайындау ерекшеліктері, рецептурасы, ассортименті.



Қантпен консервілеу.

Қайнатпа. Әртүрлі тәсілдер технологиясы мен ерекшеліктері. Қайнатпаны жай ауа қысымымен және ваккум аппаратта бір рет және бірнеше рет қайнату. Джем, повидло, мармелад, тоңба. Шикізатқа қояр талаптар, дайындау тәртібі.



Жеміс, көкөністерді кептіру

Жеміс-көкөністерді кептіру кезінде жүретін үрдістер. Шикізат сапасына қойылатын талаптар және оны дайындау тәсілдері. Жеміс және көкөністерді кептіру тәсілдері. Жемістерді күнге кептіру. Жеміс және көкөністерді кептіргіш қондырғыларда кептіру. Кептіргіштердің түрлері: конвейерлі, тоннелді, бүркігіш, вальцалы. Сублимациялық кептіру технологиясы және оның жабдықтары. Кептірген өнімді қаптау және сақтау жағдайлары.



Тезмұздатып консервілеу

Тезмұздату ережелері. Шикізатқа қойылатын талаптар және оны дайындау. Тезмұздатудың технологиясы. Тезмұздатылған жеміс-көкөністерді қаптау және сақтау.



Консервілеудің микробиологиялық әдістері

Ашытылған және тұздалған жемістер мен көкөністер. Консервілеу әдістерінің теориялық негіздері. Өнім түрлері, оның сапасына қояр талаптар, өңдеу кезінде өтетін микробиологиялық үрдістер. Ашытылғын капустаны, тұздалған қияр, қызанақ, ашытылған алма, қарбыз дайындаудың ерекшеліктері. Дайын өнім шығымын есептеу.



Химиялық консерванттарды пайдалану

Сульфиттеу. Өнім құрамындағы күкірт ангидридінің мөлшерін нормалау және оның өнім сапасына тигізетін әсері. Сульфиттеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі. Консервілеуде бензой қышқылын және натрий бензоатын, сорбин қышқылын және оның тұздарын қолдану.



Астық және ұн сақтау негіздері.

Астық қоймалары мен элеватор түрлері. Сақтау режимі, оны қалыптастыру және бақылау әдістері. Ұнның түрлері және ұн сапасының көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері. Ұн дайындау технологиясы.



ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Жүзім өсімдігінің биологиялық негіздері.

Жүзім өсімдігінің биологиясы және жіктелуі. Жүзімдік (Vіtaceae) тұқымдасына жалпы сипаттама. Бұл тұқымдасқа жататын тектер мен түрлерге қысқаша сипаттама. Vіtіs тегі, онық билогиялық ерекшеліктері, маңызы, таралуы және жіктелуі. Осы текке жататын еқ маңызды, өндірісте қолданылатын мәдени түрлерге сипаттама. Еуропа-азиялық жүзім. Жүзімнің эколого-географиялық топтарына жататын еуроазиялық жүзім сорттарын, олардың биологиялық және шаруашылық-технологиялық сипаттамасы. Жүзім сабақтары мен жапырақтарының морфологиялық және анатомиялық құрылымы, физиологиясы, олардың ампелографиялық маңызы. Жүзім бүршіктерінің және көзшелерінің құрылымы. Қолтық бүршіктердің қалыптасу және түрлену үрдістері. Біржылдық өркендер бойындағы бүршіктер сапасының әртүрлі болуы, оның себептері және практикалық маңызы. Жүзімнің жеміс салуының негізгі көрсеткіштері. Жүзім гүлінің, гүл және жеміс шоғырының, жидегінің, дәнінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Гүлдің, гүл шоғырының және жидектің физиологиясы.Жүзім онтогенезі және әр өсу кезеңіндегі ерекшеліктері. Жүзім өсімдігінің өсу дәуірінде кездесетін үлкен және кіші тіршілік циклдары. Біржылдық кіші циклдағы вегетация және тыныштық кезеңдері, оларға қысқаша сипаттама. Бұл кезеңдерде жүретін физиологиялық үрдістер және қолданылатын агротехникалық шаралар. Қыстауша көзшенің бүршіктерінің тынығу кезеңдері. Жүзімнің жылдық тіршілік кезеңіндегі кездесетін қауіпті мезгілдер және генеративті мүшелерінің қалыптасуы.

Жүзім өсімдігінің экологиясы. Экологиялық әсерлердің (абиотикалық, биотикалық және антропогендік) жүзім өсімдігінің өсуіне, дамуына, жеміс салуына өнімділігіне және оның сапасына әсері. Жүзім өсімдігіне вегетация және тыныштық кезеңінде өте жоғары немесе өте төмен температуралардың кері әсері, одан қорғау шаралары. Жүзім өсімдігі үшін биологиялық температуралар қосындысы бойынша аймақтардың жылумен қамтамасыз етілгендігі жайлы сипаттама. Ауа және топырақ ылғалдылығының қолайлы жағдайлары. Жүзім дақылына жарықтың, құрғақшылықтың және шектен тыс ылғалдылықтың кері әсері. Жүзімге басқа да экологиялық факторлардың (жел, ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газы) әсері. Жүзімге фито және микроклиматтың әсері

Өсіру және отырғызу материалдарын көбейту.

Жүзімнің көбею тәсілдері. Жүзімнің ұрықтық және вегетативтік көбеюі. Жүзімді вегетативті тәсіл арқылы көбейтудің теориялық негізі және оның өндірістік маңызы. Қалемше арқылы көбейту – тамыры өзіндік өсірілетін жүзімнің негізгі көбею тәсілі.

Аналықтар. Өндірістік жүзімдіктер категориялары, аудандастырылған сорттар аналығы. Интенсивті аналық түрі. Телінушілер аналығына қойылатын талаптар. Телінуші және телітуші сабақтарын дайындау ерекшеліктері.Өнім беретін кезеңдегі аналықта орындалатын агротехникалық шаралар кешені: шырпу, артық өркендерді сындыру, өгей бұтақтарды бірнеше қайтара жұлу, өркендерді тұқырту, байлау, топырақты күту, тыңайту және т.б.

Жеттіктіргіш. Жүзім жеттіктіргіші және оған орын таңдау. Ұсынылатын ауыспалы егістіктер. Топырақты қалемше отырғызуға дайындау. Қалемшелерді отырғызу үшін дайындау тәсілдері, тікпе көшеттерді жеттіктіргіште күтіп-баптау. Апробация жүргізу. Көшеттерді қазып алу және сұрыптау. Жүзімнің тамыры өзіндік көшеттеріне сапасы бойынша қойылатын талаптар.

Жүзімдіктерді құру технологиясы және жүзім өндірсі.

Жерді дайындау, отырғызу және күтіп-баптау Жүзімдік өсірілетін жерді таңдауда, жер бедеріне, топыраққа, жер асты суларының деңгейіне, учаске пішіні мен көлеміне қойылатын талаптар. Топырақты терең жырту алдындағы дайындық жұмыстары. Терең жыртудың тәсілдері, мерзімдері және тереңдіктері. Жүзімдік территориясын ұйымдастыру. Жүзімдік отырғызылатын орынды кварталдар мен клеткаларға бөлу, негізгі және клеткааралық жолдарды белгілеу. Түптердің қоректену алаңы мен отырғызу жүйесін анықтау. Отырғызу үшін клетканы бөлу әдістері. Квартал ішіне сорттарды орналастыру принциптері. Көшеттерді алдын ала отырғызуға дайындау, отырғызу тәсілдері мен мерзімдері. Ұластырылған көшеттерді отырғызу ерекшеліктері. Жас жүзімдікті күтіп-баптау жұмыстары: катаровка, жөндеу және басқа жұмыстар. Жүзім түбін өсіру жүйелері және оларды таңдау принциптері. Жүзім түптерін қалыптастыру жүйелері: жайылмалы, бұта тәріздес, ағаштарға, қазықтарға байлап өсіру. Аспаларда өсіру жүйелері: тік қалыптастырылған бір-, екі-, төртқырлы, көлденең, аралас. Тіреулердің конструкциясы және оларды орналастыру. Жүзімдіктерді жөндеу және қайта құру.

Шырпу. Жүзім түптерін шырпудың теориялық негіздері. Жүзім бұтасында қарама-қарсылық заңдылықтарының байқалуы және оны реттеу принциптері. Шырпудың өсу және генеративті процесстерге, жүзімнің өнімділігіне және сапасына тигізетін әсері. Әртүрлі онтогенез кезеңіндегі шырпудың мақсаты. Шырпу ұзындығы, түптерінің көзшелермен, сабақтармен, өніммен жүктелуі. Оларды анықтау әдістері және олардың сортқа, түптің өсу күшіне, өсіру жағдайларына байланысты өзгеруі. Жүктеуді анықтау әдістері. Шырпу мерзімдері және техникасы. Тысқы суықтан, көктемгі үсіктен және бұршақтан зақымданған түптерді шырпу. Жүзім түбін шырпуды механикаландыру. Жүзім бұтасының жасыл мүшелерімен істелетін жұмыстар.

Топырақты өңдеу. Топырақ өңдеу жүйелері. Негізгі қолданылатын қара сүдігер тәсілі, оның мақсаты мен құрам бөліктері. Күзгі терең аударып жырту және көктемгі-жазғы көп рет қолданылатын қатараралық қопсытулардың орындалу технологиясы. Жаңарту үшін терең, аударусыз жырту. Жүзім түбі көмілетін және таулы аймақтарда, топырақты сүдігерлеп өңдеу ерекшеліктері. Гербицидтерді қолдану.

Жүзімдіктердің ылғалды-қоректік режимі мен тыңайттылуы. Жүзім дақылының тыңайтқыштарға мұқтаждығын анықтау тәсілі. Тыңайтқыштардың түрлері мен пішіндері. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу мерзімдері, мөлшері және техникасы. Микротыңайтқыштар. Топырақ асты және топырақ үсті үстемелеп қоректенді-ретін тыңайтқыштар. Су түзімінің жүзім өсімдігінің өсіп-дамуына және өнім сапасына әсері. Топырақтың физикалық қасиеттеріне байланысты онық ең қолайлы ылғалдану шектері. Жүзім өсімдігінің суды ең көп қажет ететін сәттері. Жүзімнің өніп, өсуіне, өнімнің сапасына мезгілінде суарудың әсері. Терең ылғалдау және вегетациялық суаруды қолдану арқылы топырақтағы қажетті ылғалдықты ұстау. Суару тәсілдері.

Жүзім өнімін анықтау және жинау. Жүзім өнімін жинауды ұйымдастыру жөніндегі шаралардық маңызы. Жүзім өнімін алдын ала анықтау тәсілдері және мерзімдері. Шараптық және асханалық жүзім сорттарының пісу дәрежесі мен жинау мерзімін анықтау. Жүзім өнімін жинау жоспарын құру. Жүзім жидектерінің физиологиялық және техникалық пісуі. Жүзімнің техникалық сорттарын жинауды толығымен механикаландыру келешегі. Жүзім өнімдерін жинайтын жүзім жинағыш машиналар және комбайндар түрлері. Жүзімнің асханалық сорттарын жинау, оларды іріктеп және жаппай жинау техникасы. Жеміс шоқтарын кесу техникасы жәшіктерге сұрыптап салу. Ұзақ мерзімге сақталатын өнімді жинау және дайындау ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Аяпов К.Ж. Қазақстан жеміс шаруашылығы. – Алматы: Қайнар, 1993

2. Джангалиев А.Д., Коцейко А.Н., Левина М.П. Сорта плодовых и ягодных культур Казахстана. – Алматы: Кайнар, 1968

3. Драгавцев А.П., Трусевич Г.В. Южное плодоводство. – М.: Колос, 1970

4. Колесников В.А. (ред.). Частное плодоводство. – М.: Колос, 1979

5. Лучков П.Г., Раузин Е.Г., Жидебаев К.Ж. Сады гор и предгорий. – Алматы, Кайнар, 1996

6. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Ж. Плодовые и ягодные культуры. – Алматы: Кайнар, 1997

7. Справочник садовода. – Алматы: Кайнар, 1980

8. Тарасов В.М. (ред.) и др. Практикум по плодоводству. – М.: Колос, 1981

9. Шитт П.Г. Избранные труды. – М.: Колос, 1972

10. Марков В.М. Овощеводство. – М.: Колос, 1974.

11. Балашев Н.Н., Земан Г.О. Овощеводство. – Ташкент: Укитувчи, 1981.

12. Зуев В.И., Абдуллаев Ф.Г. Овощеводство защищенного грунта. – Ташкент: Укитувчи, 13. Матвеев В.П., Рубцов М.И. Овощеводство. – М.: Колос, 1985.

14. Юсупов М.З., Петров Е.П. Овощеводство. – Алма-Ата, 1989.

15. Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С. Овощеводство Казахстана. – Алматы, 2000.

16. Справочник овощевода Казахстана (под ред. Г.Т. Каплиной). – Алма-Ата: Кайнар, 1964.

17. Справочник по овощеводству (под ред. В.А. Брызгалова). – Л.: Колос, 1982.

18. Бобров Л.Г. Хранение картофеля и овощей в условиях Казахстана. -Алма-Ата, 1982.

19.Варламов Г.П., Четвертаков А.В. Механизация уборки и товарной обработки фруктов. -М.: Колос, 1984.

20.Гудковский В.А. Длительное хранение плодов. -Алма-Ата, 1978.

21.Наместников А.Ф. Консервирование плодов и овощей в колхозах и совхозах. -М.: 1988.

22.Широков Е.П. Технология хранения и переработки плодов и овощей с осно­вами стандартизации. - М.: 1988

23. Широков Е.П. Практикум по технологии хранения и переработке плодов и овощей. -М: 1985

24. Широков Е.П., Полегаев В.И. Хранение и переработка продукции растение­водства с основами стандартизации и сертификации. -М.: Колос, 1999

25. Флауменбаум Б.Л. Основы консервирования пищевых продуктов. -М: 1982.

26. Флауменбаум Б.Л. и др. Технология консервирования плодов, овощей, мяса и рыбы. -М.: Колос, 1993.

27. Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С. Жүзім шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы, 2000.

28. Маденов Э.Д., Размножение винограда. - Алма-Ата: Кайнар, 1976.

29. Маденов Э.Д., Ажигоев В.П., Структура насаждений, обрезка и формирование кустов винограда - Алма-Ата, Кайнар, 1989.

30. Морозова Г. С. Виноградарство с основами ампелографии (практический курс). - М.: Агропромиздат, 1987.

31. Пономарчук В.П., Технеряднова Р.Т., Богданова В.С., Бачевский Я.Т., Маденов Э.Д. - Виноград Казахстана, Алма-Ата: Кайнар, 1976.

32. Рыбаков А.А., Остроухова С.А. Виноградарство, Ташкент, - Мехнат, 1988.



33. Смирнов В. К. Виноградарство. - М.: Колос, 1987.

34. Смирнов К.В., Малтабар Л.М., Раджабов А.К., Матузок Н.В. Виноградарство, - Москва, МСХА, 1998.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет