1-жүргізуші. Армысыздар ағайын! 2-жүргізуші



жүктеу 79.98 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі79.98 Kb.

Жаңа жыл.

(Мерекелік кеш.)

Залдың іші Жаңа жылдық ертеңгілігіне орай арнайы безендірілген. Балалар көңілді музыкамен қол ұстасып екі жаққа бөлініп кіреді. Залдың ішіндегі жарық шамдар сөндіріліп, шыршаның шамдары жанады. Сол кезде шыршаның жанына жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші. Армысыздар ағайын!

2-жүргізуші. Қош келіңіздер ата-аналар! Ұстаздар! Қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші. Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,

Жаңа жылмен құтықтаймын деген үн,

Қанаттына кең алқапқа тарайды.



2-жүргізуші. Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күткен сағынған.

( Мерекелік музыкалық номер-балалардың орындауында «Жаңа жыл» әні.)

Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көрінер.

2-жүргізуші: Қала нұр, дала нұр. Құтты болсын Жаңа жыл!

1-оқушы: (4 сынып Гүлдананың орындауында.)

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қырлы

Қызық-қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бір шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Сонымен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер,

Шын бағасын беріңдер.

2-оқушы: (4 сынып Шапағаттың орындауыңда.)

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды.

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан,

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

( Мерекелік музыкалық номер- «Шырша әні».)

Шыршаның артынан секіріп қояан шығады.

(Секіріп билеп жүрген қоянның алдынын аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.)



Қоян: Амансыз ба, аю паң! ( Нұрым)

Аю: Жаңа жылдың алдын да (Қарлығаш)

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық.

Би билеп, әң салайық.

Қоян: Жаңа жылдың тойында ( Нұрым)

«Жан салайық» ойынға!

(Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутындап түлкі келеді.)

Түлкі: Қоянжанға бір сәлем! ( Бұлақ)

Аю паңға мың сәлем!



Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мында! ( Нұрым) (Қарлығаш)

Түлкі: Достарым, жыл келеді! ( Бұлақ)

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түсіп,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан ( Нұрым) (Қарлығаш)

Жүрген жерің күлкілі ән, болсын!

Аю, қоян, түлкі бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына кірпі келеді.

Кірпі: Сәлем, достар, аман ба? (Ыриза)

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.



Қоян: Келші биге басайық! ( Нұрым)

( Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.

Тиін: Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй! (Ақнұр)

Өнершіл аңдар-ай

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салындар

Бәріңізге бір сәлем.



Бәрі. Сәлем, тиін!

Жақсы- ақ биің!

Бәрі қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық. (Ердана)

( Мерекелік музыкалық номер- «Қаражорға» биі..)



Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!

I-Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіндер ме?

Балалар: Иә.

Жұмбақ.

Ақсақалды шал жылына

Бірақ-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді.

(Аяз ата)

II-жүргізуші. Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық.Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата!- деп айғайлап шақырады.

Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.



Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай!

Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.) (Дидар Бейсенгалиевна)



Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Біз « Жаңа жыл » мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейд: Туу! Маңдайдағы терін сүртіп тұрып. ) мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда. Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын?

Мыстан кемпір кітіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.



1-жүргізуші. Балалар, кәне тойды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!

( Мерекелік музыкалық номер «Аяз ата» әні. )

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяз ата ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

(11 cынып оқушысы Толғанай.)

Аяз ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі? (11 cынып оқушысы Жасұлан.)

Ақшақар: Жоқ, жоқ Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге кетемін. (11 cынып оқушысы Толғанай.)

Аяз ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы, біз тойға келдік! Қәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларын

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарын сендерге

Шаршап келді алыстан.



/ Балалармен амандасады /

Аяз ата: Рахмет, рахмет балаларым!

(11 cынып оқушысы Жасұлан.)

Қәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. /ақшақар басын көтермей тұрады./



Аяз ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

/Сол кезде ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғымен жағамын-дейді.

Ақшақар: Қойыныз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

I-жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

II-жүргізуші: Жаңа мұнда мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алады, сол емес пе екен? Қәне. Аңдар, іздеп көріндерші, сол затты мүмкін тауып бересіндер.

/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады./

Аяз ата: Жарайсың, балапаным! /Деп бетінен сүйеді/

/тиін Аяз атамен бірге , сиқырлы таяғымен шыршаны жағады./

I-жүргізуші: Қәне ,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.

( Мерекелік музыкалық номер- «Аяз ата» әні..)

Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршамын жаққызады.


Ақшақар:

О, жарандар, қараңдар

Қызықтаңдар, санаңдар.

Келді бізге қонаққа

Ормандағы бар аңдар!

Қандай тату өздері,

Күлімдейді көздері

Қәне, қәне келіңдер

Тақпақ айтып, беріңдер.

/ортаға аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі шығады./


3сынып, 4сынып, ¾ сыныптың тақпақтары.

«Кім тез пиманы киеді?»-деген ойын ойналады.
Аяз ата: Ой! Бәрекелді, жараайсындар балалар! Аталарынды бір қуантып, тастадындар.

I-жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? /Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды./

II-жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз?

Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?



Аяз ата: Иә, сол кілт шығар?

I-жүргізуші: Аяз ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.

Аяз ата: Қап, әттеген-ай! Қәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.

/осы кезде залға Мыстан кіреді./

Мыстан: ойбай-тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын.

Аяз ата: «Қәне, тайағым мына Мыстанды қатырып таста» /Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады./

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір!

Ой, не істесем екен.



Аяз ата: Бересің ба сандықтың кілтін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз ата: А-А-ах, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.

Мыстан: Жоқ, Аяз ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін,

/осы кезде мыстан кемпір жұмбақ жасырады./

Балаларға жұмбақ жасырады.
Жұмбақтар.

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тонады.

(Қар.)
Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау.)
Тікен, тікен тік пісте.

Қысы жазы бір түсте.

(Шырша.)


Мыстан: Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Аяз ата:

Жарайсындар балаларым! /мынау сендерге сыйлықтарым./ мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көнілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болдыңдар ма? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!/қолдарын бұлғап шығып кетеді/


Балалар: Сау болыңыздар!
II-жүргізуші: Сырғыған сынаптай сусып өтіп жатқан алтын уақыттың қадірін ұстаздардан арттық түсінер жан жоқ десек, артық айттқандық болмас сірә! Өзінің бар ғұмырын шәкірттеріне арнап, әр минутын кестеге салып, есептеп жүрген аяулы жандар үшін мектепте өткен әрбір күн ерекше қымбат екені дауыссыз. Міне, осындай қуанышы мен қызығын ортаға салуға мектеп директоры Нұрғалиев Райым Жолдасбекұлына және оқу ісінің меңгерушілері Ақылдина Дария Құрмашевнаға және Аяпбергенова Биғайша Орлабековнаға, тәрбие ісінің меңгерушісі Нурмуханбетова Сәуле Советханқызына сөз берейік.
К.Шәкенов атындағы орта мектеп.





3-4 сыныптар арасындағы мерекелік кеш.



2017 оқу жылы.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет