Экс-әнші Айдана Меденова үшінші сәбиін қолына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Өнер иесі бір ұл, бір қыздың анасы. 

“Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары жарыса сәбиге ақжарма тілегін жаудырып жатыр. “Жаным кішкентай балапаныңның бауы берік, дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын. Көз қуаныштарың болсын!”, “Ерекше есім екен” деп құттықтап жатқан жанның қарасы көп. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.