1 Көлденең қимасының ауданы



жүктеу 40.05 Kb.
Дата16.04.2019
өлшемі40.05 Kb.

4нұсқа

1) Көлденең қимасының ауданы S=1 мм2 мыс (ρ=0,017·10-6 Ом·м) сымнан жасалған сақинаға U=0,15 В кернеу түсіргенде одан I=10 А ток жүреді. Сақинаның центріндегі магнит өрісінің индукциясын табу керек.

A) 11,6 мкТл B) 25,9 мкТл C) 44,7 мкТл D) 4,47 мкТл E) 56,3 мкТл

2) Магнит өрісінің кернеулігі H=79,6 кА/м. Осы өрістің вакуумдағы магнит индукциясы В қандай?

A) 0,1 Тл B) 0,2 Тл C) 0,3 Тл D) 0,4 Тл E) 0,5 Тл

3) Ұзын соленоид бойымен I = 0,4 А ток жүріп жатыр. Оның өсінің бойындағы магнит өрісінің кернеулігі H=1000 А/м. Соленоидтың N=500 орамы болса, онда оның ұзындығы қандай?

A) 0,2 м B) 0,5 м C) 0,7 м D) 0,9 м E)1,2 м

4) Болат брусоктың магнит индукциясы 12,5 Тл тең. Осы брусокта ток күші тудырған магнит өрiсінің кернеулiгi 120 А/м тең . Болаттың салыстырмалы магнит өтiмдiлiгi қандай?

A)8300 B)1,04 C)83000 D)1000 E) 100

5) Бір-бірінен 20 см қашықтықта орналасқан шексіз ұзын түзу екі өткізгіштерден бір бағытта I1=40А және I2=80А ток өтіп жатыр. Бірінші өткізгіштен 20см, екінші өткізгіштен 16 см қашықтықта жатқан нүктенің магнит өрісінің индукциясы қандай?

A)120 мкТл B) 320 мкТл C) 132 мкТл D) 30 мкТл E) 84 мкТл

6) Магнит индукциясы В=1Тл біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына 300 бұрыш жасап орналасқан түзу өткізгіштен I=1 А ток өтеді. Өткізгіштің l=1м ұзындығына магнит өрісі тарапынан қандай күш әсер етеді?

A) 0,1 Н/м B) 0,5 Н/м C) 0,8 Н/м D) 1,5 Н/м E) 3,5 Н/м

7) Индукциясы 4 Тл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан 1,5 А тоғы бар өткізгішке 10 Н күш әсер етеді. Ол магнит индукциясының сызықтарына 450 бұрышпен орналасқан. Өткізгіштің активті бөлігінің ұзындығы неге тең:

(sin 450 = )

A )0,42 м B) 10,7 м C) 4,67 м D) 5,34 м E) 2,36 м

8) Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің траекториясын қандай күш қисайтады:

A) Кулон күші B) ядролық күші C) гравитациялық күші



  1. Лоренц күші E)Ампер күші

9) Протон магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр 106 м/с жылдамдықпен қозғалады. Магнит индукциясы B=1 Тл. (mp=1,67.10-27 кг, e=1,6.10-19 Kл ) Протон қозғалатын шеңбердің радиусы:

A) 5,4 мм B) 7,4 мм C) 8,4 мм D) 10,4 мм E) 14,4 мм

10) Біртекті магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің айналу периодының оның массасына тәуелділігі:

A) тура пропорционал B) кері пропорционал C)массаға тәуелді емес



  1. массаның квадратына пропорционал E)бөлшек зарядына тәуелді

11) Орам саны N=200 соленоидтағы индукциялық ЭҚК 120 В. Соленоидтағы магнит ағынының өзгеру жылдамдығын табыңдар.

A) 600 мВб/с B)–400 мВб/с C)–300 мВб/с D)–200 мВб/с E)–100 мВб/с

12) Индуктивтілігі 2 Гн болатын орауыштан 4 А ток өтеді. Орауыштың ішіндегі магнит ағыны неге тең:

A) 150 Вб B) 60 Вб C) 8 Вб D) 6 Вб E) 32 Вб

13) Диаметрi 10см тең орам, индукциясы 0,6 Тл тең бiртектi магнит өрiсіне перпендикуляр орналасқан. Орамды 0,15 с уақыт iшiнде өрiстен шығарған кезде пайда болған индукцияның ЭҚК-iнiң шамасы:

A) 31,4 мВ B) 125,6 мВ C) 3,14 мВ D)1,26 мВ E) 2,5 мВ

14) Индуктивтілігі 5 Гн тең электр магниті ЭҚК-і 220 В тең ток көзіне қосылған. Тізбектің тұйықталу кезінде ток 4 А/с жылдамдықпен артады. Тұйықталу кезіндегі жалпы ЭҚК-і неге тең?

A) 220 В B) 20 В C) 240 В D)200 В E)40 В

15) Контурдағы өзіндік индукция ЭҚК –нің шамасы неге байланысты?

A)Өткізгіштің пішініне B)Контур кедергісіне C) Өткізгіштің материалына



  1. Контурдағы токтың өзгеру жылдамдығына E) Контурдағы ток күшіне

16) Шексiз ұзын соленоидтың индуктивтiлiгiн анықтайтын формула:














17) Қабырғалары 5 және 4 см тең тік бұрышты катушка, индукциясы 0,5 Тл тең біртекті магнит өрісіне орналасқан. Катушкадағы ток күші 2 А тең. Катушкаға әсер етуші максимал айландыру моменті неге тең?

A) 2 Н·м B)2·10-3 Н·м C)20 Н·м D)1 Н·м E)3·10-3 Н·м

18) Ток күші тұрақты контурдағы магнит өрісінің энергиясы 2 есеге кемуі үшін , оның индуктивтілігін қалай өзгерту керек?

A) 16 есеге кеміту керек

B) 2 есеге арттыру керек


  1. 2 есеге кеміту керек

  2. 16 есеге арттыру керек

  3. 4 есеге кеміту керек

19) Диаметрі d= 10 см дөңгелек контурдың магнит моменті рm= 0,2 А×м2. Контурдағы ток күші:

A)5 А B)15,5 А C)25,5 А D)30 А E)45,5 А

20) Ферромагнетиктің магниттелуі нөлге айналған кездегі сыртқы магнит өрісінің кернеулігі не деп аталады?

A)қанығу индукциясы B)коэрцитивтік күші C)қалдық индукция



  1. шекті кернеулік E)гистерезис

Каталог: files -> DistanceEducation -> Work


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет