1. Комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемелері «хіі астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы»



жүктеу 19.16 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі19.16 Kb.
түріҚұрамы


«XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасына негіздеме-анықтама

1. Комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемелері

«ХІІ Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың тапсырмасын (2018 жылғы ________ №___ хаттама) іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевта 2018 жылғы 29 тамызда өткен 2019 жылы ХІІ Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу мәселелері бойынша «ой-талқы» форматында өткен кеңес барысында берілген тапсырманы орындау мақсатында әзірленген.


2. Комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер

XII Астана экономикалық форумын жоғары халықаралық деңгейде дайындау және өткізуді ұйымдастыруды, оның ішінде XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Жалпы, Ұйымдастыру комитеті XII Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерді жедел шешу мақсатында құрылады.
3. Комиссияны/жұмыс тобын басқаратын лауазымды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де адамдардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына берілетін адам кандидатуралары бойынша ұсыныстары

Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру үшін Министрлік Ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттік органдардың, шетелдік консалтингтік ұйымдардың және қазақстандық ұлттық компаниялардың өкілдерін қосты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевта
2018 жылғы 29 тамызда өткен 2019 жылы ХІІ Астана экономикалық форумын дайындау және өткізу мәселелері бойынша «ой-талқы» форматында өткен кеңес барысында берілген тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А.Досаев Ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып белгіленді.
4. Қажет болған жағдайда - комиссияның/жұмыс тобының қызметін қаржыландыру көздері

Талап етілмейді.



5. Комиссия/жұмыс тобы қызметінің мерзімі

2019 жылдың ішінде


6. Комиссияны/жұмыс тобын құру қажеттігіне байланысты өзге де жағдайлар

Жоқ.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
2018 жылғы «___» ___________





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет