1. Көп нүктенің орнына қай дауысты дыбысты қойғанда бір буынды сөз шығатынын белгіле. Б…р



жүктеу 45.96 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі45.96 Kb.

Тест сұрақтары

1.Көп нүктенің орнына қай дауысты дыбысты қойғанда бір буынды сөз шығатынын белгіле. Б…р.

А) і В) ы С) ү Д) е Е) о

2. Зат есім жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 6 Е)5

3. Негізгі сын есімді көрсет.

А) білгіш В) биік С) шаруақор

Д) табыскер Е) тұсаулы

4. Реттік сан есімді анықтаңыз.

А) жүздеген В) жетеу С) бесінші

Д) елудей Е) он төрт

5. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті тап.

А) тұсаулы ат В) кешкі мезгіл

С) аспалы шам Д) өз үйі Е) тастақ жер

6. Антонимдік жұпты тап.

А) өмір-өлім В) еркек-адам С) құда-күйеу

Д) оқиды-тоқиды Е) қарға-көкек

7. Ұяңнан басталып ұяңға аяқталған сөзді көрсет.

А) төрт В) бір С) тоғыз

Д) сегіз Е) жүз

8. Етістік болмайтын сөзді тап.

А) билеткізу В) билете С) билеп-төстеу

Д) билеме Е) билікті

9. Есімді сөз тіркесін тап.

А) торы ала ат В) келе бер С) айтып сал

Д) жоғары шық Е) ала кел

10. Жалаң сөйлемді көрсет.

А) Рахмет күлді, қуанды.

В) Мен елдің елшісімін.

С) Қазақтың осынысы ұнайды.

Д) Біздің замандасымыз қандай екен?

Е) Талай сырды ақтардық.

11. Салалас құрмалас сөйлемді тап.

А) Құланиек таңды, жарқыраған күнді көрсетпеді.

В) Ажар көргенін айтса, ел білгенін айтады.

С) мұнда алма ағаштары, шие ағаштары өседі.

Д) Балықты өзі де аулапты, әкесі де аулапты.

Е) Жолдастарын: Едіге мен Ерденді ол қадірлейді.

12. Сөйлем мүшесі болмайтын одағай сөздің мағынасын тап. Жүрегім, ойбай, соқпа енді…

А) қуану В) шаттану С) таңдану

Д) шақыру Е) қапалану

13. Қысқартылған түрінде қандай тыныс белгісі жетпей тұр. «Қазақ әдебиеті». «Қ Ә».

А) қос нүкте В) нүктелі үтір С) үтір

Д) көп нүкте Е) нүкте

14. Үтірдің қойылу себебін белгіле.

Тыңдашы, балам, нағашыңды!

А) қыстырма В) бірыңғай мүше

С) оқшау сөз Д) одағай Е) қаратпа

15. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды көрсет.

А) Маралбек В) Майбалық С) Тоқымқағар

Д) Көпжасар Е) Қаптесер

16. Жалғаулы сөзді тап.

А) малшы, дәрігер В) арбакеш, емхана

С) айтқан, келген Д) егін, сауын

Е) Сендерсіңдер, әнім!

17. Себеп-салдар үстеуін тап.

А) амалсыздан В) орасан зор

С) күні-түні Д) ала жаздай Е) қасақана

18. Тұрақты тіркесті көрсет.

А) ала жіпті әкел В) ала жібін аттамау

С) ала жіпті тап Д) ала жіптің бауы

Е) ала жіппен байла

19. Бірыңғай мүшені анықта. Биылғы қыстың басы адамға да, малға да асажайлы боп тұр.

А) анықтауыш В) бастауыш

С) пысықтауыш Д) толықтауыш

Е) баяндауыш

20. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді тап.

А) Қоңырау соғылды.

В) Құлыншақ бірде қол кісі, бірде шал кісі.

С) Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.

Д) Асқар онша әнші болмағанымен, музыкалық

сауаттылығы жоғары еді.

Е) Түйе екеш түйе де керек: әрі көлік, әрі асыл

Жүні бар.

21. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсет.

А) Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер.

В) Қап, мынаның баласы!

С) Өркенің өссін, балам!

Д) Бәрекелді, ұлы сөз!

Е) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз.

22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді тап.

А) –Бұл үйдің жаны нешеу? деді: Итбай.

В) –Бұл үйдің жаны нешеу?, деді Итбай.

С) –Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.

Д) «Бұл үйдің жаны нешеу»: деді Итбай.

Е) –Бұл үйдің жаны нешеу?: деді Итбай.

23. Тырнақша қойылмайтын жерді көрсет.

А) «Алтын алқа» белгісі

В) «Арман» кинотеатры

С) «Қазақстан әйелдері» журналы

Д) «Мемлекеттік опера және балет театры»

Е) «Абай» романы.

24. «Стиль» терминінің қазақша ұғымын белгілеңіз.

А) ойлау В) жазу құралы С) байқау

Д) оқу Е) тыңдау

25. Синонимдік қатарды көрсет.

А) надан, ықылас В) егжей-тегжей

С) көп, ұшан-теңіз Д) ақыл, асыл

Е) жайлау, көкпар

26. «Атыз» сөзінің қай қатарға жататынын анықта.

А) көп мағыналы сөз В) диалект

С) омоним Д) кәсіби сөз Е) ауыспалы сөз

27. Бірге жазылатын сөзді тап.

А) өнер тапқыш, жүрек жарды хабар

В) күй табақ, жаны Ашу

С) халық аралық, мұра жай

Д) қыз қуу, тұсац кесер

Е) көк жиек, ашық хат

28. Жұрнақ жалғанаған сөзді тап.

А) ауылға институтқа, досыма

В) аялдама, айтыс, күрек

С) адаммын, қонақсың, келіңдер

Д) әндер, күйлер, сенсің

Е) дәрінің, тонның қаланың

29. «Сөйтіп» - қандай сөз екенін көрсет.

А) қысқарған сөз В) біріккен сөз

С) қосарланған сөз Д) түбір сөз

Е) қайталама сөз

30. Көмекші етістікпен келген еліктеуішті ажыратыңыз.

А) саңқ етті В) шаң-шұң ұрысты

С) борт-борт желеді Д) қарш-қарш шайнайды



Е) гүрс-гүрс құлады.

Жауаптары

Вариант 230208

1 - а

2 - а

3 - в

4 - с

5 - д

6 - а

7 - е

8 - е

9 - а

10 - а

11 - д

12 - е

13 - е

14 - е

15 - д

16 - е

17 - а

18 - в

19 - д

20 - д

21 - с

22 - с

23 - д

24 - в

25 - с

26 - в

27 - с

28 - в

29 - а

30 - а

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет