1 Лабораториялық жұмыс: Топографиялық карталар бойынша есеп шығару



жүктеу 57.25 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі57.25 Kb.

Кіріспе
Қала, өндірістік кәсіпорындар жоспарын және құрылысын жобалау кезінде топографиялық карта және план бойынша бірқатар әр түрлі жағдайларды шешуге тура келеді: нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаталарын, ұзындығын, дирекциондық бұрышын, нақты және магниттік азимут сызығын, нүкте белгісін, еңістігін анықтау, картада берілген бағыт бойынша профиль тұрғызуды, берілген еңіс бойынша сызықтың жобалануын және басқа да инженерлік есептерді шешу қажет болады.

Топографиялық карталар арқылы есептерді шығарып үйрену үшін арнайы әдістемелік нұсқау қарастырылған.

Тәжірибе кезінде толық және саналы жеке тапсырманы орындау – инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде және көптеген арнайы есептерді шығарған кезде топонегізі ретінде топографиялық пландар мен карталарды дұрыс қолдану үшін қажетті шарт.

Карта мен план арасындағы ерекшеліктерге, «масштабтың дәлділігі» деген ұғымға, масштабты және масштабтан тыс шартты белгілерге, горизонтальдар арқылы рельефтің көрсетілу әдістеріне, соңымен қатар топографиялық пландар мен карталар бойынша шығарылатын есептер тұрлеріне және оларды шығару әдістеріне ерекше назар аудару қажет.




1 Лабораториялық жұмыс: Топографиялық карталар бойынша есеп шығару

Жұмыстың мақсаты: топографиялық карталардың шартты белгілерімен танысу, масштаб дәлділігін анықтай білу, жер бедерін горизонтальдармен көрсету тәсілін меңгеру, инженерлік есептеулерді шығарып үйрену және инженерлік құрылыстарды жобалауда топопланды және картаны топонегізі ретінде қолдану.

Тапсырма

1 Масштаб. Топографиялық картаның шартты белгілері

1.1 Картаның масштабын көрсету және оның дәлділігін тексеру




Масштаб

1 см планда

(картада), м



Масштабтың

дәлділігі,



1: 10 000







1: 25 000







1: 50 000







1: 100 000








2 Топографиялық карталар бойынша есеп шығару

2.1 Берілген нүктелердің географиялық координаталарын табу





Нүктелер

Орналасуы

Географиялық координаталар

(ендік)


(бойлық)























2.2 Берілген нүктелердің тікбұрышты координаталарын және белгілерін анықтау:




Нүктелер

Орналасуы

Тікбұрышты

координаталар



Белгілер









































=




Бақылау: арақашықтығын есептеу




    1. А-В сызығының бағыттын бағдарлау




Дирекциондық бұрыш,






Меридиандардың

жақындасуы,






Магниттік бұрылу,






Нақты азимут,






Магниттік азимут,








Жұмысты орындаудағы нұсқаулар

Берілген лабораториялық жұмысты орындау үшін: оқу топографиялық карталардың комплектісі, шартты белгілердің кестесі, үшбұрыш, сызғыш, өлшеуіш-циркуль, геодезиялық транспортир, қарындаш.

Шартты белгілер мен масштабтарды меңгеру оқытушымен берілген 1: 25 000 масштабты картада орындалады квадрат бойынша.

Есептерді есептеу үшін 1: 10 000 масштабты бетінде А-В сызығымен өз нұсқаң бар картаны пайдалану керек.

Перпендикулярлары 10 тең бөлікке бөлінетін (m=10) және 10 тең бөлікке бөлінетін (n=10) 2 см-ге тең негізгі бар көлдеңен масштабы нормаль жүздік масштаб деп аталады.

Мұндай көлдеңен масштабтар металл пластиналарында гравиреуленеді және карталар мен пландарды құрастырған кезде қолданылады.

Вертикаль масштабты горизонталь масштабтан 10 есе ірірек алып профильді миллиметрлік қағазда қарындашпен құруымыз керек.

Өздік жұмыс кезінде дәріс конспектілерімен, сонымен қатар ұқсас есептерді шығарудың мысалдары берілген М 1: 50 000 карта беті бар оқу топографиялық карталар комплекттерін пайдалану қажет.


Тексеруге арналған сұрақтар

1 План және карта дегеніміз не? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

2 Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілер түсінігін түсіндір.

3 Масштаб дәлділігі деп нені айтады және ол қалай анықталады?

4 Масштабтың үш түрін ата.

5 Жер бетінің рельефы дегеніміз не?

6 Горизонталь салу және қима биіктігі дегеніміз не?

7 Картада нүктелердің географиялық координаталарын қалай анықтауға болады.

8 Карта немесе план бойынша нүктелердің тікбұрышты координаталарды қалай анықтауға болады.

9 Топоплан немесе карта бойынша нүкте белгісін және еңістің ылди қылдилығын қалай анықтау керек.

10 Профиль дегеніміз не? Жеке картада берілген бағыт бойынша оны қалай тұрғызуға болады.

11 Сызықтың жер бетіндегі бағыттын бағдарлау дегеніміз не?

12 Сызықтың азимуты дегеніміз не?

13 Сызықтың дирекциондық бұрышы дегеніміз не? Және қандай шектерде ол өзгереді?

14 Румб дегеніміз не? Қай шектерде ол өзгереді?

15 Меридиандардың жақындауы және магниттік бұрылу дегеніміз не?

16 Сызықтың кері дирекциондық бұрышын қалай табуға болады?

17 Дирекциондық бұрыштар мен румбалардің арасында қандай байланыс бар?

18 Топокартаның атау жүйесі дегеніміз не?

19 Топокартаның бағанаға бөлінуі дегеніміз не?

20 1: 1 000 000 масштабты картаның параметрлері ендік пен бойлық бойынша неге тең?

Ұсынылатын әдебиет:

1 Пентаев Т.П, Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия. Оқулық. Алматы: «ЭВЕРО» баспаханасы, 2005 – 184 б.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет