1. «Мемлекеттік органдарды функционалдық талдаумен қамту» нысаналы индикаторы



жүктеу 229.58 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі229.58 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесіне қосымша


1. «Мемлекеттік органдарды функционалдық талдаумен қамту» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

1) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына;

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына;

3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына;

4) «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің деректері.



3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісін сипаттау (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын көрсеткіштерді алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Gур = (Gф / Gцмио) * 100%
Gур – функционалдық талдаумен қамтылған мемлекеттік органдар үлесі

Gф – функционалдық талдаумен қамтылған мемлекеттік органдар саны

Gцмио – мемлекеттік органдардың жалпы саны


4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz).

2. «Бюджеттік инвестициялық жобалардың әзірленген немесе түзетілген техникалық-экономикалық негіздемелерінің, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамаларының, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілген қызметтер саны» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Нысаналы индикатор мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен бекітілетін тізбелерде қамтылған, олар бойынша есепті кезеңнің алдындағы соңғы 3 жылда бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге, МЖӘ жобаларын консультативтік сүйемелдеуге қаражат бөлінген бюджеттік инвестициялық жобалардың және МЖӘ жобаларының санынан және жоспарланған кезеңде қаржыландыруды талап ететін ауыспалы бюджеттік инвестициялық жобалар мен МЖӘ жобаларының санынан қалыптастырылады.

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Нысаналы индикаторды есептеу үшін мына формула пайдаланылады:

С = ((В1 + В2 + В3)/3) + К, мұнда:

С – нысаналы индикатордың жоспарланған кезеңдегі көрсеткіші;

В1 – есепті кезеңнің алдындағы 1-ші жылы бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ, қажетті сараптамаларын жүргізуге және МЖӘ жобаларын консультативтік сүйемелдеуге қаражат бөлінген бюджеттік инвестициялық жобалардың және МЖӘ жобаларының саны;

В2 – есепті кезеңнің алдындағы 2-ші жылы бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ, қажетті сараптамаларын жүргізуге және МЖӘ жобаларын консультативтік сүйемелдеуге қаражат бөлінген бюджеттік инвестициялық жобалардың және МЖӘ жобаларының саны;

В3 – есепті кезеңнің алдындағы 3-ші жылы бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ, қажетті сараптамаларын жүргізуге және МЖӘ жобаларын консультативтік сүйемелдеуге қаражат бөлінген бюджеттік инвестициялық жобалардың және МЖӘ жобаларының саны;

К – жоспарланған кезеңде қаржыландыруды қажет ететін, есепті кезеңнен ауысатын бюджеттік инвестициялық жобаларының және МЖӘ жобаларының саны.


4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

3. «Мемлекеттік статистикалық ақпаратқа қанағаттанушылық деңгейі» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жылына бір рет, есепті жылдың 10 желтоқсаны

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Нысаналы индикаторды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 13 тамыздағы № 191 бұйрығымен бекітілген «Пайдаланушылардың пікіртерімі» (индексі Q-002) жалпымемлекеттік статистикалық бақылаудың статистикалық нысанының деректері негізінде қалыптастырады.

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Нысаналы индикаторды есептеу үшін орташа өлшемді мәнді айқындау формуласы пайдаланылады:

Өңір бойынша орташа есеппен = (гр.1*1,0 + гр. 2*0,88 + гр. 3*0,62 + гр.4*0,25 + гр.5*0)/Σгр.1-5

Есептеу кезінде салмақ ретінде интервал ортасы пайдаланылады

Көрсетілген есептеулер Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары 2014 жылғы 21 шілдеде бекіткен Q-002 нысанына қойылатын міндеттерде көрсетілген.



Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылар респонденттер болып табылады.

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми интернет - ресурсы (www.stat.gov.kz)

4. «Жалпы ішкі өнімге қатысты мемлекеттік бюджет тапшылығы» нысаналы индикаторы

1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын: ЖІӨ бойынша бағалауға – есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанының соңына қарай; ЖІӨ бойынша есептік деректерге – тамыз-қыркүйек

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 125-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептерінен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бюджеттік процестің мониторингі» интеграцияланған ақпараттық жүйесінен, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми статистикалық ақпаратынан (Жалпы ішкі өнім) деректер.

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Жалпы ішкі өнімге қатысты мемлекеттік бюджет тапшылығы = мемлекеттік бюджет тапшылығы /жалпы ішкі өнім * 100%

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

5. «Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығын төмендету (шикі мұнайға кедендік әкету бажын санамағанда)»

нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын: ЖІӨ бойынша бағалауға – есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанының соңына қарай; ЖІӨ бойынша есептік деректерге – тамыз-қыркүйек

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 125-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептерінен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бюджеттік процестің мониторингі» интеграцияланған ақпараттық жүйесінен, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми статистикалық ақпаратынан (Жалпы ішкі өнім) деректер.

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Жалпы ішкі өнімге қатысты мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығы = (мемлекеттік бюджеттің тапшылығы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттердің түсімі – шикі мұнайға кедендік әкету бажы) /жалпы ішкі өнім * 100%

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджеттік саясатының тұжырымдамасы,

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

6. «Үкіметтік борыш» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1-тоқсанының соңына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (есепті кезеңдегі мемлекеттік борыш жағдайы туралы) деректері, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (Жалпы ішкі өнім) деректері

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Жалпы ішкі өнімге қатысты үкіметтік борыш:

Үб/ЖІӨ * 100 = Жалпы ішкі өнімге қатысты үкіметтік борыш үлесінің көрсеткіші,

мұнда:

Үб - есепті кезеңдегі үкіметтік борыш;



ЖІӨ - есепті кезеңдегі жалпы ішкі өнім (Жалпы ішкі өнімнің бекітілген деректері болмаған жағдайда Жалпы ішкі өнімнің болжамды деректері пайдаланылады);

* Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының болжамды деректері пайдаланылады



4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

7. «Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша өңірлер арасындағы айырмашылықтарды азайту» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырына қарай (алдын ала деректер).

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне қарай (түпкілікті деректер).



2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің («Жалпы өңірлік өнім» бөлімі) деректері

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Есепті кезеңдегі жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша өңірлер арасындағы айырмашылық = Есепті кезеңдегі жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең жоғары көлемі/ Есепті кезеңдегі жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең төменгі көлемі.

Нысаналы индикатор «есемен» өлшенеді.



4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

8. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру мен өткізудің Республикалық бюджетте жоспарланған қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейі» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына нысаналы ақша аудару жүргізіледі

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Адеңг = (Аб/Аж)*100%

Адеңг – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің Республикалық бюджетте жоспарланған қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейі

Аб – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін Республикалық бюджеттен бөлінген сома

Аж – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін Республикалық бюджетте жоспарланған сома



4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

9. «Тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік шаралармен қамтылған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешен мамандарының үлесі» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының деректері

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

G1 = (G2 / G3) * 100%

G1 – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілу үлесі

G2 – тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджет қаражаты жоспарланған мамандар саны

G3 – тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджет қаражатын көздеу жоспарланған мамандардың жалпы саны



4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)


10. «Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер (және өзге де халықаралық құжаттар) жасасу бойынша келіссөздер жүргізуді ескере отырып, сауда географиясын кеңейту» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сәйкес


3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Есептеу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың есепті кезеңге арналған ағымдағы жоспарында көзделген сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер (және өзге де халықаралық құжаттар) жобаларын арифметикалық қосу арқылы жүзеге асырылады

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

11. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) құқықтық құралдарына қосылу» нысаналы индикаторы





1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

«Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес ЭЫДҰ-ның 29 құқықтық құралына қосылу жүзеге асырылады. ЭЫДҰ хаттары да ақпарат көздері болып табылады


3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Нысаналы индикаторды есептеу Қазақстанның ЭЫДҰ Бас хатшысы қол қойған құқықтық құралдарға қосылу туралы ниетін жазбаша растаулар санын арифметикалық қосу арқылы жүргізіледі

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

12. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) комитеттеріне қатысу деңгейін арттыру» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

«Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес ЭЫДҰ комитеттеріне қатысу мәртебесін арттыру жүзеге асырылады. ЭЫДҰ хаттары да ақпарат көздері болып табылады

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Нысаналы индикаторды есептеу ЭЫДҰ құрылымдарының жұмысына қатысу мәселелері жөніндегі кеңестің Қарарына сәйкес Қазақстан Республикасы қосылатын ЭЫДҰ комитеттерінің санын арифметикалық қосу арқылы жүргізіледі

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

13. «Табиғи монополиялар субъектілері мен нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің инфляцияға жиынтық үлесін орындау (Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын дәліз шеңберінде)» нысаналы индикаторы


1.пНысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімі

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2.пАқпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және Статистика комитеттерінің өзара іс-қимылы туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 49 бұйрығы негізінде жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасы өсімінің инфляцияға үлесі жөніндегі ресми статистикалық ақпарат, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін жыл сайынғы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің хаттамасы

3.пНысаналы индикаторды қалыптастыру (есебінің) әдісін сипаттау (есептеулер болған жағдайда осы есептеулерге қатысатын көрсеткіштердің мерзімдері, кезеңділігі және олардың шығу көздері көрсетіледі)

Бұл нысаналы индикатор:

Vа= (Та1 х γуа х γр1) + … + (Та16 х γуа х γр16),

Vв= (Тв1 х γув х γр1) + … + (Тв16 х γув х γр16),

Vc = (Тс1 х γус х γр1) + … + (Тс16 х γус х γр16), мұнда:

Та1, Тв1, Тс1, … Та16, Тв16, Тс16 – көрсетілетін қызметтердің әрбір тиісті түрі бойынша тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) өсімі;

γуа, γув, γус – көрсетілетін қызметтердің әрбір түрінің салмақтық мәні;

γр1 …γр16 – Республиканың әрбір өңірінің салмақтық мәні.

Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық (ортақ) субъектілерінің көрсетілетін қызметтері тарифтерінің (бағаларының, алым мөлшерлемелерінің) өзгеруінің жол берілетін үлесі мына формула бойынша айқындалады:

V = Vа + Vв + Vс, мұнда:

V – жол берілетін үлес.

Өлшем бірлігі – пайыз.


4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Ақпараттың орналасатын орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

14. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қысқарту» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Салалық мемлекеттік органдардың табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бәсекелес ортаға беру бойынша ұсыныстары, табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатқызу тұрғысынан талдаудың қорытындылары

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Есептеу ағымдағы жылы Мемлекеттік тіркелімнен шығарылған табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) арифметикалық қосу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тізбесін қысқарту рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатқызу тұрғысынан талдау (кемінде 3 жылда 1 рет), талдау Табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға (Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 288-НҚ бұйрығымен бекітілген) сәйкес жүргізіледі.

2. Талдау қорытындысы бойынша ТМРБҚК қорытынды шығарады, оның негізінде табиғи монополиялар субъектілері ТМРБҚК төрағасының бұйрығымен ТМС тіркелімінен шығарылады, Мемлекеттік тіркелімнен шығару тәртібі Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге қосу және одан шығару қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығы) айқындалады.



4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

15. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейі» нысаналы индикаторы


1. Нысаналы индикаторды қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері

Жылына бір рет, есепті кезеңнің 10 желтоқсанында

2. Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Осы нысаналы индикаторды есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жыл сайын жүргізілетін тұтынушылардың құқықтары мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері негізге алынды. Әлеуметтанушылық зерттеу жылына 1 (бір) рет жүргізіледі.

3. Нысаналы индикаторды қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы (есептеулер болған кезде осы есептеулерге қатысатын нысаналы индикаторларды алудың мерзімдері, кезеңділігі және шығу көздері көрсетіледі)

Деректерді қалыптастыру әдісі, техникалық тапсырмаға сәйкес – Қазақстан Республикасы халқының 2500 адамы (14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қала – Астана қ. мен Алматы қ.) және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылардан 100 адам. Іріктеу элементтерінің саны Қазақстан Республикасы халқының жылдың басындағы саны бойынша ресми жарияланған деректердің негізінде айқындалды.
Х=В/А ∙ 100%, мұнда:

А – сұралғандардың жалпы саны;



В - тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жағдайының жақсаруын бағалайтын адамдардың жалпы саны.

4. Нысаналы индикатордың белгілі бір бағдарламалық құжатқа (стратегиялық жоспар, мемлекеттік бағдарлама және тағы басқа) тиесілі болуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Шығыс ақпаратты орналастыру орны

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.economy.gov.kz)

_______________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет