1 орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері



жүктеу 0.65 Mb.
бет2/3
Дата25.04.2019
өлшемі0.65 Mb.
түріСабақ
1   2   3

«Орныңды тап»

«Жаһандану білім беру жүйесіне оң ықпал етеді» деген пікір ұсынылады. Оқушылардың «келістім», «келіспедім» немесе «қалыс қалдым» деген топтарда орын алуға ұсыныс жасалады. Орын алу үшін уақыт беріледі, ал содан соң оқушылар өз ойын дәлелдеп айтуы тиіс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу қабілетін, өзгенің пікіріне талдау жасау қабілетін дамытады.



Дискуссия. Оқушыларға «Сөз арқылы аудиторияға қалай әсер етуге болады?» деген тақырыпта дискуссия жүргізу ұсынылады.

  1. Жүргізуші оқушы дискуссия тақырыбын баяндайды, негізгі қатысушыларды шақырады, дискуссия өткізілуінің шартын айтады (сөз сөйлеу ұзақтығын және т.б.)

  2. Жүргізуші дискуссияның қатысушыларын келесідей орналастыруы керек, негізгі әрекет етуші тұлғалар отыратын үстелдің айналасына «көрермендерді» отырғызады (яғни «көрермендер» үстелдері «П» әрпі бойынша қойылуы керек).

  3. Алдымен негізгі қатысушылар баяндама жасайды және осы баяндаманың ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс. Содан кейін жүргізуші қалған қатысушыларды талқылауға қатысуға шақырады. Керек жағдайда жүргізуші қатысушыларға күн тәртібі жөнінде, регламент және айтыс уақытындағы этикалық нормаларды сақтау жөнінде айтады.

  4. Дискуссия аяқталуы кезінде жүргізуші негізгі қатысушылардың сөз сөйлеуінің қысқаша талдауын береді, нәтижеcін шығарады.

«Бір бірін оқыту»

Әр оқушыға датамен, фактілермен, ұғыммен қандай да бір ақпарат беріледі. Біз «Педагогика» сабағында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің «Сыныптық-сабақтық жүйесі» тақырыбын таңдадық. Оқушылар осы ақпаратпен танысуды бастайды. Осыдан кейін білім алушы өз карточкасын әр студентке береді және де басқа оқушылардың ақпаратын тыңдайды, яғни бір бірін оқытады. Бұл жұмыстан кейін педагог оқушыларға кім ақпаратты көп еске сақтағаны туралы баяндайды.



«Миға шабуыл». Талқылау үшін «Мұғалім, оның қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбы таңдалды. Оқушылар өз ойларын айтады. Айтылған ойлар бағаланбайды және мінге салынбайды. Осы жұмыс сапасына емес, санына қарай бағытталған. Ойдың көп болғаны жақсы. Сабақ барысында қатардан тыс ұшқыр ойлар да қабылданды. Барлық ойлар кілттік сөздер немесе фразалар белгілеп алу арқылы жазылады. Сосын талдау жүргізілді және оның арқасында аса құнды ойлар таңдап алынды. Кез-келген ойды дамытуға және кеңейтуге тырысуға болады.

«Робин раунды» Оқушылар екі топқа бөлінеді. Оқушыларға «Педагогикалық менеджмент» тақырыбы бойынша тапсырма беріледі. Әр топ тапсырманы талқылайды. Барлық ой біткенше әр топ өз ойларын бірнен-соң бірі баяндайды.

Содан соң студенттер жаңа тапсырма алады және ой тізімін құрайды. Барлық топтар және барлық студенттер сұралғанша әр білім алушы өз кезегі келгенде тізімнен бір ойды ұсынады.



«Қар кесек». Оқушылар кезек бойынша даталарды атайды. (ҚР «Білім туралы» Заңының қабылданған жылы, Болон декларациясына қол қойылған жыл, А.С.Макаренконың туған жылы, ҚР тәуелсіздік алған жылы т.б.) Әр келесі білім алушы алғашқы білім алушы айтқан датаны қайталайды. Содан кейін өз сөзін айтады. Соңғысы барлық алғашқы даталарды атау керек.

«Ой генерациясы» («не?», «қайда?», «қашан?»)

Педагог тақырып бойынша проблемді сұрақтарды алдын ала дайындайды.



  1. Педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары /категориялары/. Педагогика ғылымының салалары.

  2. Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.

  3. Жеке адамды қалыптастырушы, дамытушы факторлар. Тәрбие - тұлғаның қалыптасуы мен дамуының жетекші факторы.

  4. Тұлғаны әлеуметтендіру туралы түсінік. Тұлғаны әлеуметтендірудегі тәрбиенің ролі.

  5. Педагогикалық процесс - мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Тұтас педагогикалық процестің компоненттеріне сипаттама.

  6. Педагогикалық процестің функциялары.

  7. Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы күштері.

  8. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторларға сипаттама.

  9. Педагогикалық процестің заңдылықтары және оған сипаттама.

  10. Тәрбие әдістері туралы түсінік.Тәрбие әдістерін таңдау.

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр команда екі-үш сұрақ алады, сұрақтың екеуі негіз қалаушы, ал біреуі – проблемді болады. Команда спикері ойының әр қатысушысының жұмысын белгілеп отырады. Кез-келген команда ойыншысы басқа топқа арналған проблемді сұрақтың шешімімен баяндама жасай алады. Дайын болған кезде командалар баяндама жасайды. Жүргізуші жауаптардың тақтаға жазады, әр команда жауабын кесте арқылы бағалайды. Команда ішінде проблемді сұрақты талқылау үшін бес минут беріледі. Команданың жауабы үшін берілетін уақыт та шектеулі болуы тиіс.

«Бейнелі ақыл ес» . Педагог пен жүргізушінің қазылар болуына мүмкіндігі бар. Оқушыларға педагогикалық жағдаяттар беріледі. Оқушылар топтарға бөлінеді. Педагог жағдаятты қойылым ретінде бейнелеуді үсынады. Жағдаят жөнінде жазбалары бар қағаз беттерін қолдануға болады және қолдарынан ұстап жағдаяттарды байланыстыруға рұқсат беріледі. Өз версиясын алдымен бір топ, содан кейін келесісі бейнелейді. Кез-келген реквизитті қолдану арқылы қойылымды құруға бес минут беріледі. Әр топтың тапқырлығы және білімі бағаланады.

Жағдаяттардың кейбір үлгілері төмендегіше.

1 Жағдаят. Сабақ басталып, оқушылар тынышталғанда, сыныптағы оқушы қатты күлді. Сіз оған қарап үлгергенше, ол: «Мен сізге қарасам, күлкім келеді, сіз сабақ бастағанда мен күле беремін». – деді. Сіз оған не деп жауап бересіз? Төмендегілердің біреуін таңдаңыз.

1. «Мәссаған!»

2. «Неге күлкілі?»

3. «Мейлі күле бер!»

4. «Жындымысың?»

5. «Маған көңілді адамдар ұнайды».

6. «Жақсы көңіл күйге кінәлі екеніме қуаныштымын».

2. Жағдаят. Сабақ басында немесе сабақ соңында сізге оқушы: «Сіз мұғалім ретінде бізге бір нәрсеге үйретеді деп ойламаймын» - деді. Сіздің жауабыңыз:

1. «Маған ақыл айтпай, сабағыңды оқы».

2. «Сен сияқтыларға әрине мен еш нәрсе үйретпеймін».

3. «Мүмкін сен басқа сыныпқа ауысарсың?»

4. «Сен сабақты оқығың келмейді».

5. «Сен неге олай ойлайсың?».

6. «Екеуміз сөйлесейік. Мүмкін менің мінез-құлқымда сені осындай ойға әкелген жақтары бар шығар?».

73. Жағдаят. Ұстаз оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмей, «Мұны жасағым келмейді» - дейді. Ұстаздың жауабы қандай болады.

1. «Жасағың келмесе - жасатамын!»

2. «Сабаққа неге келдің?»

3. «Өзіңе қастандық жасап отырсың, топас болып қала бер. Сенің тәртібің өзінің мұрнын кескен адамға ұқсайды».

4. «Мұның немен бітетінін білесің бе?»

5. «Неге екенін түсіндірші?»

6. «Екеуміз ақылдасайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».

«Тіреуші сигналдар». Оқушылар мәтін оқиды, оны түсінуге тырысады, конспектілейді. Конспектілерде сөздер немесе сөйлемдер болмау керек, тек қана суреттер немесе символдар болуы керек. Содан соң әр білім алушы өз конспектісін көрсетеді. Жұмыс бағаланып ең үйлесімдісі таңдалады.

«Айнала бойынша мазмұн айту». Педагог мәтін оқуды ұсынады (қоңырау). Оқушылар айнала отырады.


  1. Ортада тұрған жүргізуші көзін жауып орнында айналады да, кез-келген ойыншыны таңдайды. Содан кейін сол ойыншы мәтін мазмұнын айта бастайды. Ары қарай сағат тілінің жүру бағыты бойынша әр қайсысы мәтін бойынша бір фраза айтады. Сөйтіп аяғына дейін жалғасады.

  2. Қайтадан оқу. Жауаптарда кеткен қателерді жөндеу, толықтыру, мазмұнын қайта айту. Қайталау (сағат тілінің жүру бағыты бойынша). Ең белсенді білім алушы ны анықтау. Женімпазды құттықтау.

«Мені түсін». Оқушылар оқулық бөлімін оқиды да, дәптерді кілттік сөздерді жазып алады (қоңырау). Педагог Оқушыларға кітаптарды жауып, бір бет қағаз бен қарындаш алып, мәтіннің негізі мазмұнынбілдіретін он сөзді жазуды ұсынады. Содан кейін педагог беттерді жинап алып, өзіннің (алдын ала дайындап қойған) кілттік сөздерімен салыстырады. Сөздері түпнұсқамен көбірек сәйкес келгені жеңеді.

«Тұлғаны тану». Педагог оқушыларға көрнекті адамдар портреттері бар беттерді таратады. Оқушылар топта (5-6 адам) осы тұлғаның фамилиясын, тарихтағы рөлін, қызмет ету уақытын, оның атымен байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды еске алуы керек. Талқылау -5 минут. Қорғау - 1 адам. Сонымен қатар анықтаушы экспериментте берілген Штур әдістемесі негізінде сұрақтар пеагогика ғылым саласында даярланып, оқушыларға тапсырма ретінде ұсынылды. Бұл әдістер студенттердің интеллектік белсенділігін дамытуға айтарлықтай үлесін тигізді деп толық қорытынды жасай аламыз. Төменде студенттердің интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Эксперимент тобы диаграмма түрінде ұсынылады.

25% - төмен:

30% - орташа:

45% - жоғары.
1 диаграмма - Оқушыларға интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Эксперимент тобы)





43% - төмен:

26% - орташа:

31% - жоғары.
2 - диаграмма - Оқушылардың интеллектік белсенділігінің даму деңгейлері (Бақылау тобы)

Қалыптастырушы эксперимент барысында мынадай мәселелер шешілді:



  • оқушылардың интеллектік белсенділігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны мен құрылымы дәйектілігін көрсетті;

  • оқушылардың интеллектік белсенділігінің қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі дәлелденді;

  • оқушылардың интеллектік белсенділігін қалыптастыру үрдісін сипаттау, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңіндегі ілгерілеу динамикасы жүйелілігі мен негізділігін көрсетті.

Әр кезеңнің мақсаты ретінде оқушылардың интеллектік белсенділігінің қалыптасуындағы өзгерістерге сай сыртқы және ішкі әрекетіндегі сандық және сапалық өзгерістер қарастырылды. Біз ұсынған модельге негізделген эксперименттік жұмыстың нәтижесі аталған сапаның эксперименттік топ оқушыларының бойында жеткілікті және жоғары деңгейде қалыптасқандығын көрсетті.

Сонымен, зерттеу нәтижесі эксперименттік-тәжірибелік жұмыс барысында жүзеге асырылған біз ұсынған шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін көрсетті.

2 ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялар



Дәстүрлі технология білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі, ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту – бекіту – қадағалау – бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады. Осыған орай оқу-оқтудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әректтері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау, реттеу және түзету.

Оқу технологиясы бірқатар маңызды да да ұнамды тараптармен еленген. Олар – үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс-тәсідерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.

Отандық ДӘСТҮРЛІ педагогика тәжірибесінде оқыту ӘДІСТЕРІ үш топқа бөлінеді:


  • Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері

  • Оқу-танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері

  • Оқу-танымдық қызметті ынталандыру әдістері

Дәстүрлі оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Оң жақтары

Теріс жақтары

Оқытудың жүйелі сипаты

- Үлгі бойынша құру, бірыңғай

- Мазмұнның технократизмі



Оқу материалын ретпен, логикалық дұрыс беру

- Сабақ уақытын оңтайлы емес бөлу

- Оқушыларды мақсат қою, жоспарлау, бағалау функциясынан айыру

- Сабақта тек материалға алғашқы бағдар жасау ғана жүзеге асырылады, ал жоғары нәтижелерге жету үй тапсырмаларына қалдырылады


Ұйымдастырудың нақтылығы

- Оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасаудан оқшауланады

- Оқушылар өз бетінше болып, таңдау жасай алмайды



Мұғалім тұлғасының үнемі эмоционалды ықпалы

- Оқушылардың пассивтілігі немесе белсенділіктің нашар байқалуы

- Сөйлеу іс-әрекеті нашар (оқушының орташа сөйлеу уақыты бір күнде екі минут)

- Кері байланыс нашар. Орташа тәсіл


Жаппай оқыту кезіндегі оңтайлы шығындар

- Орташаландырылған тәсіл, ол бәріне жарамайды

- Жекелендірілген оқыту жоқ

- Жасына қарай бөлектеу (сегрегация)

- Дәстүрлі оқытуда тәрбиеге мүлде орын жоқ

- Бағалау әдістерінің негативизмі


Дәстүрлі және инновациялық технологияларды салыстыру

Негізгі сипаттамалары

Білім берудің дәстүрлі үлгісі

Білім берудің инновациялық үлгісі

Білімдерді қолдану

Типтік білімдер арасында

Шынайы шарттарда білімдерді жетілік қолдану

Білім берудегі басым стандарты

Фронтальдық (дәріс) және жеке (семинар сабақтары және бақылау)

Білім беру саласында топтық және ұжымдық жұмыстар стандарттарын қолдану

Дәстүрлі және инновациялық технологияларды салыстыру

Білім берудің инновациялық үлгілері

Негізгі ерекшеліктер

Дәстүрлі үлгісінің дамытуға арналған параметрлері

Білім материалдарды толық игеру

Студенттердің дәріс материалдарын толық игеруге арналған жаңа нұсқаларды жасау (білім беру жағдайларының параметрлерін өзгерту арқылы)

білім берудің нәтижелерінде тіркелім

Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялар

  • бейтарап - оқушы "объект " ретінде (тындайды және қарайды);

  • белсенді- оқушы "субъект " ретінде (өзіндік жұмыс, шығармашылық тапсырма);

  • интерактивтік – әрекеттестік (қарым-қатынас)

Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы.
Оқу-танымдық қызметі бойынша




Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы

Қатысушы саны бойынша

ұйымдастырылған жері бойынша



компьютерді қолдану принципі бойынша

Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы. – қатысушылардың іс-әрекеттерінің үлгілері бойынша

2.2 Информатиканы қосымша оқытудың түрлері.

Мектепте компьютерлік пайда болу оқулықтарының сабақтан тыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушының жеке қабілетін дамытуға арналған. Бұл өзінің алдына келесі міндеттерді қолданады:


  • Информатиканы тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын туғызып дамыту;

  • Ғылыми зерттеу сипатындағы дағдыны қалыптастыру;

  • Информатика мен компьютерді қолдану саласында мектеп оқушыларын еңбекке, мамандық дайындығына қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру.

Сабақтан тыс жұмыстар, үйірме, факультатив, экскурсия, олимпиада, түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жұмыстардың ерекше түрі болуы мүмкін:

    1. компьютерлік клубтар;

    2. жаз бағдарламалаушылардың күнделікті және сырттай мектептері;

    3. мектептен тыс арқылы жұмыстары.


Сабақтан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.

Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы рөл педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізетін жұмыс мысал бола алады.



Оқудан тыс жұмыс – бұл негізінен оқушылар ұжымдарына мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруды, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар.

Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының жеке дара аясы болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс іс-шаралардың кейбір түрлерін қарастырайық.



Факультатив

Факультативтік сабақта барынша өз бетінше оқушының танымдық іс әрекеті өзі басқару және оқушылардың саны аз болуы керек. Компьютердегі практикалық жұмыс істеу уақыты барлық уақыттың 75 % құру керек. Факультатив сабақтардың тақырыптық үлгісі екі бағыттан тұрады:



  • компьютер – құрал ретінде

  • компьютер және программалық қамтылу – оқу объектісі ретінде.

Факультативтік сабақтардың басты мақсаты білімді тереңдету мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын дамыту, олардың қабілеттерін дамыту, оқушылардың бойында қызығушылықты қалыптастыру, олардың шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар өткізудің қазіргі уақыттағы басты түрлері берілген факультативтік курстың түйіндік сұрақтарын мұғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, әңгімелесулер (пікірталастар), есептер шығару, оқушылардың рефераттары (теориялық сұрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да) оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады.

Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады. Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және рекше қиын немесе қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерінен жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен тәсілдеріне ойдағыдай өтуге септігін тигізеді.



Олимпиада

Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі. Информатикадан олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешенінің (дәрістер, кештер, үйірме жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі юолғанда көп пайда келтіреді. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша ындаландырмасы. Олимпиада – оқушыларды білім жағынан өсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты, табандылықты тәрбиелейтін жарыс.

Оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканын базалық курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі – сабақты олимпиада түрінде өткізу. Стандартты емес есептерді шешу үшін мәліметтерді ұйымдастыру мен программалаудың қазіргі әдістерін білу керек. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі мұғалімнің жетістіктерінің белгісі.

Олимпиадалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі: мектепішілік, аудандық, қалалық, т.с.с..

Сонымен бірге олимпиадалар информатиканы оқытудың жалпы деңгейіне де жақсы әсер етеді, оқушылардың білім сапаларын анықтауға мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай отыра қандай да бір дәрежеде мұғалімге бағыт береді. Бірақ олимпиадалар оқушылар үшін жаңа, оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып табылмайтындығына, сондықтан тереңдетіп дайындаудың негізгі түрі бола алмайтындығына назар аудару керек.

Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың информатиканың өмірімен, олардың болашақ мамандықтарымен тікелей байланысы көрнекі түрде көрсетілетін үйірмелерге қатысуы сабақтарға белсенді қатысудың алғышарттарын анықтайды, ал кейбіреулердің бойында ізденушілік іс-әрекетке ұмтылысты туындатады.

Үйірме – сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі жатыр. Әдетте үйірмелік жұмыстар үлгерімі жақсы оқушылар үшін ұйымдастырылады. Бірақ кейде үлгерімі нашар оқушылар да үйірмеге қатысуға тілек білдіреді. Ең бастысы мұндай оқушыларға ерекше көңіл бөліп, олардың бойындағы информатикаға қызығушылықты бекітіп, үйірмедегі жұмыстың олар үшін орындай алмайтындай болмағанын қадағалап отыру керек. Әрине, үйірме мүшелерінің арасында үлгерімі төмен оқушылардың болуы мұғалімнің жұмысын күрделендіреді, бірақ, үйірме жетекшілері беретін тапсырмаларды дарландыру жолымен бұл қиындықтарды жеңілдете алады. Ең бастысы – үйірме сабақтарына барлық тілек білдірушілердің қатысуы салдарынан пайда болатын информатикадан үйірме сабақтарының бұқаралығын сақтап қалу.

Үйірме - сыныптан тыс жұмыстардың ең көп тараған түрінің бірі. ЕТ кабинеттерінің бар болуы үйірме жұмысын ұйымдастырудың негізгі шарттары. Өйткені, үйірме жұмысын ұйымдастырушы компьютерлер болу керек. Үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында жоғарғы оқу орындарының кафедраларында ұйымдастыруға болады. Үйірмені компьютермен жұмыс істегендей қызықты ойын ретінде өткізуге болады. Үйірме жұмыстарын балалардың компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы негізінде ұйымдастырмау кезегін есте сақтау керек. Информатика мұғалімінің арқасында үйірме программасын дайындау оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмаларды, программалық қамтуды дайындау жатады.

Үйірмені ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушыларды қызықтырып, оларға үйірмедегі жұмыс сынып сабақтарын қайталамайтындығын көрсетіп, алдағы жұмыстың мақсаттары мен ашық сипатын айқын тұжырымдау керек. Үйірме сабақтарын әрбір сабаққа бір сағаттан бөліп, аптасына бір рет өткізген жөн.

Үйірмені жұмысын ұйымдастыруға оқушылардың өздерін тартқан дұрыс (оларға оқылатын тақырып бойынша шағын баяндамалар дайындауды, нақты бір тақырып бойынша есептер мен жаттығулар іріктеуді, тарихи сипаттағы анықтамаларды дайындауды, сабаққа бағдарламалық құралдарды дайындауды, т.б. тапсыру). Үйірме сабақтарында мұғалім пікірлер алмасу мен белсенді пікірталас атмосферасын құруы керек. Информатикадан үйірме сабақтарының тақырыптарында осы заманғы мектепте әр қилы. Үйірме жұмыстарының тақырыптарында информатиканың тарихымен, программалық жабдықтың әртүрлі түрлерімен, информатиканың математикалық негіздерімен байланысты мәселелер орын табады.



Каталог: uploads -> doc -> 1087
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1087 -> Тақырыбы: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ!» Мақсаты
1087 -> Сабақтың тақырыбы
1087 -> Тема: Тамыр hәм кушымча


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет