1 орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері



жүктеу 0.65 Mb.
бет3/3
Дата25.04.2019
өлшемі0.65 Mb.
түріСабақ
1   2   3

Экскурсия - бұл қарастырылып отырған сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп теориялық біліммен, оның практикалық қолданушының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай – ақ, кәсіптік бағдары мен олитехникалық оқытуды қамтитын пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастырудың бір түрі болады. Экскурсия өткізу мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап тетеді. Мұғалім алдымен, оның мазмұны мен міндеттерін анықтап, есептеу ортасын дайындап, пайда бола алатын қиындықтарды болжап, олармен күресу жолдарын қарастырады. Экскурсияға дайындық : оқушылар алдын –ала тапсырма алып, олардың әрқайсысы қандай бақылаулар жүргізіп, қандай сұрақтарға өз бетінше жауап беруі, материалды қандай түрде жинақтауы және экскурсия жайлы есепті қай мезгілде дайындау қажетін білу керек. Экскурсияның қорытынды кезеңдері – экскурсия кезінде алған білімдерін тұжырымдайтын қорытындыны, әңгімені қамтиды. Экскурсия материалдарын көрме ұйымдастыруда, арнайы сабақтар өткізуде тарату материал ретінде пайдалануға болады.

Пәндік апталар, онкүндіктер, айлықтар пәнге қызықтыру мен пәнаралық байланыстарды орнату үшін өте маңызды. Оларды бір пән бойынша да бір немесе бір- біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер (математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар жаңа материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге қосымша әдебиет пен интернет компьютерлік желісін пайдаланып зерттеу жұмысын жүргізу, ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс орындау мүмкіндігін алады. Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы топтарын қамтиды және оған әркім қатыса алады. Мүмкін тақырыптар : «Информатика және техникалық прогресс», «Информатика және менің мамандығым», «Информатика әскери техникада» және т.б. Таңдалынған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Онкүндік (апта, айлық) аясында жоғары оқу орындарының ғалымдарымен, программистермен кездесу, орын алғандарды марапаттау конференциясымен аяқталатын викторниналар, әңгімелесулер, ең үздік информатик сайысы, т.б. өткізіледі.

Информатика кеші- бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы жұмысының қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл күй көтерудің түрлерін мұқият ойластырады, кешке арналған материалдардың іріктейді: қалжың есептер, тарихи мағлұматтар, сөзжұмбақтар, викторина сұрақтары; қажет модельдерді, плакаттарды, ұрандарды дайындайды, сыныпты безендіреді. Іс-шараның маңызды тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының намысы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында жеңіске жетудегі табандылықты, сабырлықты қалыптастырады.

Информатика пәні бойынша викторина – бұл өзіндік ойын түрі. Викторинаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытта). Викторинаға арналған тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарда шешілетін типтік есептер викторина үшін қызықсыз. Есептерден басқа викторинаға информатика бойынша әр түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаның қалжың есептерді қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір тақырыпқа арнауға болады, бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді.

Сөз жұмбақтар. Практика мұғалім мен оқушылардың әріптестіктері мен шығармашылық бірлестіктері, өз бетімен білім алу мен өзін-өзі бақылау идеяларын жүзеге асыру оқушылардың танымдық белсенділігін оятып, нәтижелі оқытуға жетелейтіндігін көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыстың да, сабақта білімді тексерудің де қалыптан тыс түрлерінің бірі – сөз жұмбақтар құрастыру және оларды шешу. Сөз жұмбақтарды пайдалану, оларды құру мен шешу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, өз ойларын нақты, қисынды және қысқа түрде білдіруге үйретеді. Сөз жұмбақтар құру жұмысы оқушыларды жақсы дамытады, себебі, онда көп нәрсені еске түсіру, анықтамалықтарды, оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек болады. Жұмысты жеке дара, жұптар, топтар бойынша ұйымдастыруға болады. Егер оны жұмыс тұрғысында ұйымдастырса, онда ол ешкімді енжар қалдырмайды.

Сөз жұмбақтарды ғылыми терминологияны пайдалануды жаттықтыруға арналған тестік тапсырмалар нұсқасы ретнде қолданған тиімді. Оқушыларға «кері» сөз жұмбақтар өте ұнайды. Алдын ала толтырылған сөз жұмбаққа оқушылар сұрақтар ойластырады, өз сұрақтарын қорғау кезінде талдауды, салыстыруды үйренеді. Мұндай тәсіл көп ақпарат алуға мүмкіндік береді, себебі мұғалім оны не ауызша, не бейнефильм кадрларын, көркем суреттердің көшірмелерін, газеттегі үзінділерді тарта отырып толықтырады.



Сайыс – мақсаты оқушылардың ғылымның, өнердің спорттың қандай да бір облысына қызығушылықтарын арттырып, үздіктерін анықтау болып табылатын ұжымаралық немесе жеке дара біріншілік жарыс. Бұл жарыс жеке үлгі түрінде немесе мектеп мейрамының, кештің, үйірме жұмысының құрамдас бөлігі, тақырыптық және есеп берушілік түрінде бола алады. Сайыстарға орай оқушылардың компьютерлік шығармашылығы көрмелерін ұйымдастыруға болады (суреттер, анимациялар, бағдарламалар, т.б.).

Белгілі адамдармен кездесулер өсіп келе жатқан буынды қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік, жеке дара сипатта немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрлерінің құрамында бола алады. Кездесулерді «компьютерлік» мамандық өкілдерімен, компьютерлерді пайдаланатын басқа да мамандық өкілдерімен, сәйкес мамандықтарды таңдап алған мектеп түлектерімен ұйымдастыруға болады. Кіріспе сөзде мұғалім оқушыларға қонақтардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелеуі, олардың өтіп жатқан шараға қызығушылықтарын оятуы, ал қорытынды сөзде барлық айтылғандарды жалпылап, қатысушыларға алғыс білдіруі керек.



Клубтық іс-әрекет барлық жастағы оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке тартуға, пәндік білім мен білікті дамытуға, мәдени құндылықтарды игеруге бағытталған. Клубтың негізгі қызметі, әдетте, жетекшінің кәсіби, ғылыми немесе жеке бас қызығушылықтарымен байланысты әр түрлі жобалар бойынша жұмысты ұйымдастыруға бағытталады. Мысалы, компьютерлік клуб баспалық немесе электрондық түрдегі сынып (мектеп) газетін шығарумен, интернеттегі мектеп сайтына қызмет көрсетумен, информатика бойынша желілік жобаларға, сайыстар мен олимпиадаларға қатысумен айналыса алады.

Іскерлік ойындар – оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның ролінде нақты іс -әрекетті мүмкіндігінше толық сезінуді туындату үшін нақты зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал-жабдықтық есептерді шешуге бағытталған: нақты іс-әркет тұрғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинары түрінде өткізуге де болады.

Информатика пәні бойынша диспут – бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең маңыздысы – бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралағындағы материалды, анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалды дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кейін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.

3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Оқытуда Блум таксономиясын қолдану.
Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды  білім мөлшерімен жабдықтау емес,  білімді өз бетімен  алу үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай,  әдебиет пәнінің оқытылу сапасын  жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін  маңызды мәселеге айналуда. Әдебиеттен білім беру көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді. Осыған орай, тілдік қатынастың дамуына  алғышарт тудырудың басты факторы оқушыға  тілдік орта  жасау болса, сол тілдік орта оқу мәтіндерінің  коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық, зерттеушілік сипаттарымен айқындалуы  оқу тапсырмаларында  жан-жақты қарастырылуы қажет. Тұлғаның рухани-адамгершілік  тәрбиеленуі бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.  Оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі ана тілі және туған әдебиетіміздің рухани байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек.  Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің шыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын  әзірлеу қажеттігі  туындайды.  Осыған орай, заманауи талаптарға сай Еуропалық біліктілік жүйесіндегі «Ана тілінде сөйлесе алу»  құзыреттілігіне негізделген  оқу  тапсырмаларын әзірлеудің әдіс-амалдарын  қарастыру көзделеді.  Әдебиетті оқытуда көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді [ 2, б.5].

Бүгінде көркем мәтінді табиғатына сай талдаудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, Блум таксономиясына негізделіп құрылған тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын дайындаудың теориялық амал-тәсілдері мен практикалық бөлімдегі оқу тапсырмалары арқылы оқыту әдістемесіне білім сапасын арттыратын инновациялық өнімді әдістер енгізу өзекті болуда.

Оқушының өздік жұмысын тиімді  ұйымдастыруда ұсынылатын Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің алдына қоятын мақсаты да жоғарыдағы мәселелерге байланысты құрылған. Құзыреттілік педагогикаға негізделген Б. Блумның мақсат қою технологиясын тиімді пайдаланған оқушының «Мен шығармашыл тұлғамын» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға көзқарасы қалыптасқан, алған білімін өмірде пайдалана алатын әлеуметтенген құзыретті тұлға даярланады. Деңгейлік тапсырмалар негізінде тұлғаның өз ісіне мақсат қоя отырып, оны іске асыру үшін әр түрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтап, жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алу біліктілігі және эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық зерттеу мәселелерін шеше алу қабілеттілігі дамиды, тұлғаралық әлеуметтенуі негізінде коммуникативтік құзыреттілігі артады.







Төмен

Орташа

Жоғары - талдау




Жоғары - жинақтау

Білім

Есте сақтау (бұрын оқылған ақпаратты дұрыс жаңғырту).

Терминология; өзіндік фактілер; тәсілдері және сипаттамалық ерекшеліктермен жұмыс істеу құралдары (шартты белгілер, тенденциялар және жүйелілік, жіктеу және санаттар, критерийлер, әдістеме); әртүрлі салалардағы абстракциялар және әмбебаптар (принциптер және жалпылау, теориялар және құрылымдар): нақты және бұрын оқылған ақпарат.



Ақпарат мәнінің түсінігін түсіну.


Қолдану
Бұрын оқылған ақпараттарды жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қолдану.


Талдау

Материалды құрауыштары бойынша бөлу, қарастыру (және оның ұйымдастыру құрылымын түсінуге ұмтылу)

түрткі болған немесе себептерді теңдестіру жолымен қорытынды құруға арналған ақпарат, қорытынды құру және /немесе жалпылау негіздемесі үшін келтірілген дәлелдер.


Бағалау

Өзіндік пікірге негізделген материалдың маңыздылығын бағалау, дұрыс немесе қате жауаптарысыз белгілі бір мақсатта соңғы өнімнің нәтижесі алу.





Жасау

Немесе жаңа тұтастықты жаңғырту үшін бұрын алынған білімді және шеберлікті қолдану




Нақты

(терминдерді білу)

Тұжырымдамалық

Принциптерді, теорияларды, үлгілерді және құрылымды жіктеу



Анықтайды; сипаттайды; тізбектейді; теңдестіреді; білдіреді; нөмірлейді; атайды; жазады; айтады; жаңғыртады; таңдайды; атап өтеді; қарастырады; жазады.

Жіктейді; цитата келтіреді; түрін өзгертеді; сипаттайды; ой жүгіртеді; бағалайды; түсіндіреді; жалпылайды; мысалдар келтіреді; суреттейді; пайымдайды; астарлайды; өз сөзімен баяндайды; белгілерді көрсетеді; түсінеді; қысқаша айтады.

орындайды; көмектеседі; қолданады; айқын тұжырымдайды; бағалайды; схемалайды; жинайды; санайды; атап өтеді; салады; бақылайды; көрсетеді; анықтайды; дамытады; ашады; орнатады; кеңейтеді; енгізеді; қосады; мәлімдейді; нұсқайды;

белсендіреді; қатысады; болжайды; дайындайды; сақтайды; өндіреді; жобалайды; қамтамасыз етеді; байланыстырады; хабарлайды; көрсетеді; шешеді; оқытады; береді; қолданады.

Талдайды; тізбектейді; бөледі; салыстырады; қарама-қарсы қояды; ара қатысын белгілеу; диаграммаларды құрады; саралайды; дискриминациялайды; айырады; назар салады; суреттейді; қорытынды жасайды; шектейді; белгілейді; бөледі; басымдылықтарды қояды; таниды; бөледі; бөлшектейді.

Мысалдарды, бөліктерді ұйымдастыруды көреді Жасырын мағынаны көреді

Құрауыштарды теңдестіреді

Баға береді; салыстырады және атап өтеді; қорытынды жасайды; сынайды; шешеді; қорғайды; түсіндіреді; талқылайды, ой салады; шек қояды; қолдайды.

Қолданады; болжайды; ынтымақтасады; құрастырады; хабарланады; құрастырады; шығарады; жасайды; жоспарлайды; дамытады; ойлап табады; өрнектейді; жеңілдетеді; тұжырымдайды; жалпылайды; гипотеза құрайды; біріктіреді; анықтайды; алдын алады; ықпалдайды; сөз сөйлейді; ойлап табады; үлгілейді; түрін өзгертеді, талқылайды, жоспарлайды; өркендейді; қайта ұйымдастырады; қайта құрастырады; күшейтеді; түрлендіреді; қайталайды; құрады; алмастыру; бекітеді.

Әдістемелік

Шеберлік және алгоритмдер

Пәннің өзіндік әдістері

Оларды қолдану уақытын анықтауға арналған критерийлер



Көрсету

Жазу


Сипаттау

Көшіру және қайталау


Дәлелдермен идеяларды қолданудағы мәліметтерді ұйымдастыру,

нұсқауларымен жүру қажет


Әдістерді қолдану, дәлдікті дамыту

Деректерді кестеге енгізу



Құрамдастыру және интеграциялау

Себеп және салдар Деректердің өзектілігі

Өзіндік деректерді талдау

Ақпаратты беру Қорытындыларды түсіндіру


Болжау


Қорытынды жасау

Белгісіздік

Сәйкес келмейтін нәтижелер

Қорытынды жазу



Тәжірибелік дағдыларды білу

Басынан бастап жоспарлау

Жақсартуды ұсыну


Метакогнитивті
1. Стратегиялар:

Қайталау:

жаттау

Мнемониканы әзірлеу,



астарлау, түсініктерді және байланыстарды орнату

2. Мақсаттарды жоспарлау, кері бағытта жұмыс істейтін эвристика проблемаларын шешу, дедуктивті және индуктивті талқылаулар, қорытындыны қалыптастыру

3. Өзіңді білу, білмейтініңді білу








Не, қалай, қайда және неге










Тарихтар




















ТАКСОНОМИЯ КЕСТЕСІ

1-тақырып: білім беру мақсаттарының жүйелілігі: жалпы нұсқаулық




Төмен

Орта

Жоғары талдау




Жоғары синтез

Білім

Еске сақтау


Түсіну


Қолдану


Талдау


Баға


Шығармашылықты құру


Нақтылығы







.







.


Тұжырымдамалық




















Үдерістік













Метакогнитивтік

Зерттеуді оқыту





















Сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың түрлі топтары үшін жоғары және төмен ойлау деңгейін талап ететін нәтижелердің қатынасын талдаңыз.


    1. Ассоциаграмма әдісінің информатика пәнін оқытудағы маңыздылығы.

Ассоциограмма әдісі (диаграммалық байланыстар) – графикалық түсініктер мен құрылымдық [зерделік карта, ойлар картасы (ағыл. Mind map) немесе ассоциативтік крата] түрлерге енгізілген білімдерді оңай қабылдауға көмектесетін оқыту тәсілін пайдалантын кешенді әдіс.


Ассоциограмма әдісі мен түсінігін 1970-ші жылдары ағылшын Тони Бузан (Tony Buzan) ұсынды. Оның ойының бастауы: оқушы ең алдымен ойлаушы болғандықтан ол мыйының сол жақ жартысымен «қисынды ойлайды», деген тұжырымда еді.

Сол себепті оқушы мыйының оң және сол жартыларын бірдей дамыту үшін оның образды-шығармашылық түрде және қисындық-аналитикалық жолмен ойлауын дамытуға көмектесетін өзінің ассоциограммалық әдісі арқылы жұмыс істеу мен графика арқылы елестету әдісін ұсынды.

Ассоциограмма әдісі білімдерді иерархиялық және көрнекті түрлерде құру үшін, және де кешенді байланыстарды көз алдында елестету үшін әрқашанда керек.

Сол себепті оны аса жақсы пайдалануға болатын жағдайлар:

• жалпылық қорытымдар жасау,

• кешенді жүйелерді елестету, көрсету,

• мәтіндер мен ұғымдарды жүйелеу,

• жазылымдарды/белгілеулерді немесе оқу материалдарына шолу жасау,

• жобаларды жоспарлау,

• оқу материалдарын нығайту және тереңдету,

• идеяларды жинау және құрылымдау.

Ассоциограмма құру істерінің реті:



1.Тақырып: ең алдымен таңдалған басты тақырыпты үлкен парақтың ортасына жазу немесе сызу керек.

Парақты альбомдық форматта пайдаланған дұрыс, бұл көп орын береді.

2. Басты тармақтар: парақ ортасында орналасқан тақырыптан, оның жеке аймақтарын көрсететін басты сызықтар сызылады оларға бас әріптермен маңызды сөздер жазылады.

3. Сызықтар: басты тармақтардан ойлардың қосымша деңгейлерін көрсететін саны әртүрлі тармақтар сызылады.

4. Түзетулер: онан әрі қажет емес деректер шеңберленуі, сызықтармен түрлендірілуі немес өшіргішпен өшірілуі мүмкін.

Ассоциограмманы өзіңіз жасаған тағы да өзге көрікті және әсерлі суреттермен, таңбалармен және де әртүрлі түстермен безендіруіңізге болады.

Ассоциограмма әп сәтте түсірілген суреттей, жаңа идеялар кез-келген уақытта толықтырылуы және дамытылуы мүмкін. Маңызды сөздерді таңдағанда абстрактылықтан нақтылыққа және жалпыдан арнайы сөздерге өту керек.

Талдау

• Маңызды сөздерді пайдалану арқылы (даярлық пен оқуға) қажетті уақытты және қағаз бетін үнемдеп, ең басты нәрсеге көңіл бөлуге болады.

• Көркем болғандықтан деректер тезірек талданады және есте ұзағырақ сақталады.

Талдау

• Ассоциограмма деректегі ақтаңдақтар мен кемістіктерді көрсетеді: графикалық көрсетілімдер негізінде қандай идеялардың/ойлардың жақсы жетілгендігі, ал қайсыларының нашар дамығандығы айқын көрінеді.

• Ассоциограмма әдісі материалдарды қайталауға өте ыңғайлы; маңызды сөздердің ассоциациялық әсерлері ойда бар білімді қайта құруға және тез арада еске түсіруге көмектеседі.

• Жұмыс топтарына бөлген кездерде коммуникативтік (өзара байланыстық) үдерістер үстемеленеді



Қиындықтары:

• Қатысушылар тарапынан кедергілер жиі болады (бұл жұмыстың принципі олардың үйреншікті ойлау үдерістеріне сәйкес келмейді);

• Көрнекі болмау қаупі (өзара байланыстарды көрсететін сілтемелер немесе берілетін деректер өте көп болған жағдайда туындайды);

• Таңдалған маңызды ұғымдар/таңбалар сирек болғандықтан басқаларға түсініксіз болуы мүмкін.



1.5 Жоба әдісін оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.


Жобалап оқыту технологиясы

Жобалау оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология оқушылардың іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта балалар ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Оқушылардың ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.

Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:

Жоспарлау;

• Талдау кезеңі;

• Ақпаратты жалпылау кезеңі;

• Алынған нәтижені көрсету кезеңі.


  • І кезең. Жоспарлау

Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.

  • ІІ кезең. Талдау.

Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:

1) Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлдей түсу және анықтау;

2) Ақпаратты іздеу және жинақтау. Ақпаратты жинақтау тәсілін оқушы мен мұғалім бірлесіп таңдайды. Оған бақылау, анкеталау, социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады. Оқушы зерттеу әдістерін пайдалануда мұғалім кеңес беріп отырады. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты іздеудің, оны салыстырудың және класификациялаудың, байланыстарды орнатудың және аналогияны жүргізудің, талдау мен синтезді тжүзеге асыру, топта жұмыс істеу дағдысын меңгереді; жеке бақылу мен эксперименттен, басқа адамдармен қарым-қатынастың, әдебиетпен, жұмыстан алған пікірлерді үйлестуре үйренеді.


  • ІІІ кезең. Ақпаратты жалпылау.

Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлікпен дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.

  • ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.

Бұл кезеңде оқушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін ұғынады. Оқушылар ақпаратты алуының және талдануының әдіс-тәсілдерін суреттейді, алған білімі мен іскерліктерді көрсетеді.
Әдебиеттер

1. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – // Қазақстан мектебі, № 4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – // Қазақстан мектебі, № 4, 2008



4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.: Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
Каталог: uploads -> doc -> 1087
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1087 -> Тақырыбы: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ!» Мақсаты
1087 -> Сабақтың тақырыбы
1087 -> Тема: Тамыр hәм кушымча


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет