Эверест тауынан бірнеше есе үлкен 12P/Pons-Brooks алып құйрықты жұлдызы 71 жылда алғаш рет Жерге жақындайды. Сәуір айында аспан денесі планетаға жақын ұшады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: dzen.ru

12P/Pons-Brooks кометасы — диаметрі 20 шақырым болатын алып мұзды дене. Ол қызған сайын ішіндегі қысым артып, кометадан шаң, газ және мұз бөлінеді. 2023 жылы 12P/Ponsa-Brooks-тың көрінісі тұяқ пен мүйізге ұқсайтын тұманға оранды. Осы оқиғадан кейін кейбірі оны "шайтан кометасы" деп атай бастады. Тіпті оны "Жұлдызар соғысындағы" Мыңжылдық сұңқар атты ғарыш кемесімен салыстыра бастады.

  • Ғалымдар Жерге қауіпті астероидтан тіршілік белгілерін тапты
  • Жерге бес астероид жақындап келеді

21 сәуірде құйрықты жұлдыз Күнге жақындайды және одан 116,8 миллион шақырым қашықтықта болады. Ол бірнеше айдан кейін, яғни 2 маусымда 232 миллион километр қашықтықта Жердің жанынан өтеді.

Солтүстік жарты шардың тұрғындары кометаны Ай жарығында тамашалай алады.

Корольдік обсерватория Гринвич астрономы Джессика Ли наурыз айының соңы Солтүстік жарты шардағы адамдар үшін құйрықты жұлдызды көруге ыңғайлы уақыт болады дейді. Дегенмен, мамандар комета қандай пішінде және қаншалықты жарқырайтынын нақты айта алмады. 

Айта кетейік, бұған дейін Көлемі зәулім үймен бірдей астероид жерден 1,7 миль қашықта өтетіні туралы жазған едік. NASA сарапшылары бұл астероид 2032 жылы Жердің жанынан қайтадан ұшып өтетінін айтты. Келесі жолы ол біздің планетамызға әлдеқайда жақын өтеді дейді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.