1 сәуір күлкі күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы ШҚо зайсан аудандық филиалының кубогіне арналған аудандық «Жайдарман 2017» ойыны өтті



жүктеу 81.64 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі81.64 Kb.

1 сәуір күлкі күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы ШҚО Зайсан аудандық филиалының кубогіне арналған аудандық «Жайдарман 2017» ойыны өтті.





Зайсан аудандық мәдениет үйінде 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне орай «Жырлайды жүрек» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 4 жұп қатысты. Айнабұлақ ауылдық округінен Аяулым Қияқова, Ерасыл Слямбеков, Дәуленов мектеп-интернатынан Бекзат Елжасов, Ризабек Есбол, Айнабұлақ ауылынан Құсман Гүлнұр, Қуанбеков Айдынбек, аудандық мәдениет үйінен Аяужан Марқабаев, Айзат Нүкешов өз өнерлерін ортаға салды. Әділ қазылардың шешімі бойынша бас жүлдені Бекзат Елжасов, Ризабек Есбол жеңіп алды.





Аудандық «Той халықтың қазынасы» атты асабалар сайысы

Зайсан аудандық мәдениет үйінде «Той халықтың қазынасы» атты асабалар сайысы ұйымдастырылды. Асабалар сайысына 6 асаба қатысты. Зайсан ауданынан Зағыпаров Еркебұлан,Тасбастау ауылынан Баяахметов Ернар, Қаратал ауылынан Зарылқай Бекболат, Қарабұлақ ауылынан Рысбеков Ақжол, Біржан ауылынан Төлепберген Бақытбек қатысып бақтарын сынады. Бас жүлдені Еркебұлан Зағыпаров жеңіп алды.



1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сайхан» стадионында «Ұлтар достығы» салтанатты шеруі ұйымдастырылды. Шеруді аудандық мәдениет үйі бастап шықты. Аудандық мүмкіндігі шектеулі мүгедектер қоғам және аудан ардагерлері кеңесі, «Ақ әже» халықтық ән-би ансамбілі, ҮЕҰ-дар, этномәдени орталықтарының өкілдері, ауыл округтері Қарабұлақ ауылы қазақ ұлты, Шілікті ауылдық округі қырғыз ұлты, Біржан ауылдық округі өзбек ұлтты, Сартерек ауылдық округі, Дайыр ауылдық округі татар ұлты,Қаратал ауылдық округі грузин ұлты, Айнабұлақ ауылдық округі Әзірбайжан, Кеңсай ауылдық округі украин ұлтын дәріптеп шықты. Салтанатты шеру мерекелік концерпен ұласты.







Зайсан аудандық мәдениет үйінде 5 мамыр күні 7 мамыр Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтантты жиында аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов сөз сөйлеп марапаттаулар тапсырды. 2017 әскери бөлімінің орынбасары Майор Қуанышбаев Ербол, Айнабұлақ орта мектебінің алғашқы әскери даяарлық сыныбы жетекшісі Манарбек Нұрашұлы Токпаевқа құттықтау сөз сөйледі. Салтантты жиын мерекелік концерпен ұласты. «Мәңгілік ел», «Жаным қазақ», «Әлия», «Цвети земли», «Қазақстаным алға» әндері орындалып және «Томирис» бишілер тобы өз өнерлерін ортаға салды. 2017 әскери бөлімінің «Шекара» ырғақтары ансамбілінің әншілері өнер көрсетті.





Зайсан қаласы «Сайхан» стадионында 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Мәңгілік сапта» салтанатты жиын, мерекелік шеру ұйымдастырылды. Аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов сөз сөйлеп аудан халқын құттықтады. 2017 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ерік Ержүнісұлы Тұрғанбаев, аудан қорғаныс істері бөлімінің басшысының орынбасары Қазбек Есболатұлы Ахметов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Зайсан ауданының құрметті азаматы Қаман Аманшалов құттықтау сөз сөйледі. Шеруді «Мәңгілік өлмейтін полк » тақырыбында Ұлы Отан соғысында қаза болған ардагерлердің бейнелерін шөберелері алып шығып сап түзеді. 2017 әскери бөлімінің «Жаяу әскері», «Жеңіс күні» көрнісімен жүріп өтті. Ауыл окург мектептері шеруді ары қарай жалғастырды. 2017 әскери бөлімінің іздеу итінің аға нұсқаушысы сержант Асхат Ыдырышов «Каста» іздеу итімен көрніс көрсетті. Зайсан балалар спорт мектебінің қазақ күресі, еркін күрес, бокс, футбол, волейбол бөлімінің жас спортшылары және «Сайхан » спорт клубының дзю-до күресінің жас спортшыларының Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай көрініс көрсетілді. Ары қарай мерекелік концертпен жалғасты.





Аудандық «Жігіт сұлтаны -2017» байқауы

26 мамыр күні Зайсан ауданының әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жас Отан» Жастар Қанаты және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық «Жігіт сұлтаны - 2017» атты байқау өтті.  Байқауға бағын сынау үшін ауданымыздың 8 сері жіттеріміз қатысты. Байқау 2 бөлімнен тұрды. Байқаудық бірінші бөлімінде жігіттер қазақ күресі, қол тірес, гір көтеру, АК 74 автоматын толык емес бөлшектеу және толық емес жинақтау бойынша күш сынасса, екінші бөлімде «Мен Алаштың ұлымын», «Өнерге әркімнің – ақ бар таласы», «Білімді мыңды жығар, «Таң қалдыру» бөлімдері бойынша бойындағы бар өнерлерін көрсетіп, көрермендер қошеметтеріне бөленді. Байқауға қатысушылардың өнеріне, ақыл-парасатына объективті  баға беруші әділ-қазылар алқасының мүшелері болып  Зайсан аудандық орталық мешітінің бас имамы Елеуов Тимур Қайдарұлы , Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы Қаламов Әділ, Аягөз ауданының «Жастар ресурстық орталығы» маманы Мансуров Жандос Мансурович, «Зайсан Жастары» мүгедек жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мұстабекова Жансая, гір көтеруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қыдырпатша Қуаныш сайланды. Сайыскерлеріміз барлық бөлімдерден сүрінбей өтіп, жақсы өнер көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша «Нар жігіт» номинациясы бойынша Айнабұлақ ауылдық округінен Жақыпұлы Алмас, «Тапқыр жігіт» номинациясы бойынша Біржан ауылдық округінен Сағатов Ерболат, «Өнерлі жігіт» номинациясы бойынша Тасбастау ауылдық округінен Саханов Рауан, «Білекті жігіт» номинациясы бойынша Ризабекұлы Есбол Зайсан қаласы, «Сымбатты жігіт» номинациясымен Мұхият Шариғат Қарабұлақ ауылдық округі, «Сері жігіт» номинациясымен Қайролданов Сымбат Қаратал ауылдық округі, «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясымен Сіләмбеков Ерасыл Айнабұлақ ауылдық округі және «Шебер жігіт» номинациясы бойынша Нукешов Айзат Зайсан қаласынан  марапатталып, құнды сыйлықтармен ардақталды. «Жігіт сұлтаны - 2017» аталымына Тасбастау ауылдық округінен келген Саханов Рауан ие болып, аудан әкімінің дипломы және ноутбукпен белдік тарту етілді.



19 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Зайсанды ән-күймен әлдилеген» атты кітаптың тұсауы кесілді. Көкенай Камалиев-КСРО Мәдениет министрлігінің «Ерен еңбегі» медалінің иегері. Бүкілодақтық және Республикалық Көркемөнерпаздар байқауының лауреаты, әнші режиссер қазақ радиосының ардагері Зайсан ауданының «Құрметті азаматы», Құмарбек Сыдықов –ҚР «Ерен еңбегі» медалінің иегері. Зайсан ауданының «Құрметті азаматы»Ильхам,Ниғмеджанов Төкен Ағзамов-Бүкіоодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты. Жұмақан Мұхамеджанов –еңбек ардагері, ақын, тарихшы, шежіреші. Зайсан ауданының мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші. Заманбек Әбдышев,Әбетхан Тоқтағанов –ақын. Дәлел Уәшев –әнші ҚР еңбегі енген қайраткер.Жәмила Қайрақбаева –Балаева –Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты. Кітапхана қызметінің озығы, аудан мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.Төлеген Ожаев –бірінші Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы әншілер сайысының лауреаты. Әнші ,сазгер, Зайсан ауданының мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.Болатбек Мұғапұлы Солтанов, Бауыржан Құмарбеков –дәстүрлі әнші, Жәнібек Кәрменовтің шәкірті. Шығысқа әйгілі ақын –әнші Құмарбек Көпенұлының немересі. «Зайсанды ән-күймен әлдилеген» кітабының құрастырушысы.





19-20 мамыр күндері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ораз Кәкеевтің 80 жылдығына арналған аймақтық театрлар фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальға Семей қаласынан «Ес аймақ» студенттер театры «Адасқанның айыбы жок», Ақсуат халық театры Қ. Жұмабеков «Адасқандар қойылымы», Халықтық «Поэзия» жастар театры М. Шахановтың «Сенім патшалығы», Зайсан халық театрының Думан Рамазановтың «Кенесары-Күнімжан» қойылымы қойылды. Фестиваль қортындысы бойынша бас жүлдені Зайсан халық театры, 1-ші орынды Ақсуат халық театры Қ. Жұмабековтың «Адасқандар қойылымы». 2-ші орынды Жастар поэзия театры М. Шахановтың «Сенім патшалығы», Ақжар халық театры Ө. Боранбаевтың «Әнгүдік» комедиясы. 3-ші орынды Аягөз ауданы «Қозы-Көрпеш » халық театры А. Ноғайбайұлы «Тәубаға келу» қойылымы, Семей қаласы «Ес аймақ» студенттері «Адасқанның айыбы жок» қойылымы иеленді.



Ақжар халық театры Ө. Боранбаевтың «Әнгүдік» комедиясы.





Ақжар халық театры Ө. Боранбаевтың «Әнгүдік» комедиясы.



Ақсуат халық театры Қ. Жұмабеков «Адасқандар қойылымы»



Аягөз ауданы «Қозы-Көрпеш » халық театры А. Ноғайбайұлы «Тәубаға келу» қойылымы



Халықтық «Зайсан халық» театрының Д. Рамазановтың «Кеңесары-Күнімжан» спектакілі





Халықтық «Поэзия» жастар театры



М. Шахановтың «Сенім патшалығы»



Семей қаласы «Ес аймақ» студенттер театры



31 маусым «Қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күніне орай салтантты жиын ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Марат Уали Қалиасқарұлы, аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры Қанағат Қалелұлы Салахов, саяси-қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы жазықсыз жапа шекен Кәрім Құндақбайұлының немере келіні Құндақбаева Бижамал апай сөз сөйледі. «Поэзия» жастар театры «Қайран ата-бабам -ай» атты қойылымы көрсетті. Орталық ктапхана «Тарихи тағылым» атты библиографиялық шолу жасады. «Қуғын-сүргін құрбандарын» бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.



Зайсан қаласында Орталық алаңда «Қазақстан –біз сенің балаларыңбыз!» атты 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.



Жангельдин көшесінен орталық алаңға дейін балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі жүріп өтті.

Аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов мерекемен құтықтады. Зайсан ауданының Құрметті азаматы, «Алтын алқа» иегері Шакенова Күлпаш әжей, «Сырласу» клубының мүшесі ардагер ұстаз Гүлнұр Мияфиянова балаларды мерекелерімен құттықтады. «Ұшқын» балабақшасы, «Еңілік» балабақшасы, «Ер төстік» балабақшасы, «Айналайын» балабақшасы, «Балдәурен» балабақшасы, «Балбөбек» балабақшаларының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. «Бақытты балалық шақ» - атты асфальтқа сурет салу сайысы, спорттық ойындардан түрлі сайыс ұйымдастырылды.



Зайсан қаласы, Орталық алаңда 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына арналған мерекелік салтанатты жиын ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдық мерейтойына тарту ретінде Ту ұстаушы аттылар және автокөліктер шеруі орталық алаңды жүріп өтті. Салтантты жиын мерекелік концертпен ұласты.









Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды

Орталық алаңда 16 маусым күні «Экспо-2017- Қазақстан болашағы» көрмесі аясында ұлттық дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Алтыбақан» ойын-сауық кеші,«Қайырымдылық»акциясы

Мерекелік іс-шараға Дайыр ауылдық округі, Сартерек ауылдық округі, Қаратал ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Шілікті ауылдық округі, Айнабұлақ ауылы, Біржан ауылдық округтері қатысты. Ауыл округтерінің мәдениет қызметкерлері өнер көрсетті. Сонымен қатар Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық акциясы өткізілді.Алтыбақан жанында әуелеген әнмен ары қарай қазақтың ұлттық ойындары ақ сүйек, арқан тартыс тағы да басқа ойындар ойнатылып түрлі сыйлықтар таратылды. Кеш ары қарай жастар би кешімен жалғасты.





Орталық алаңда «Көңілді кеш» Сартерек ауылының мәдениет қызметкерлерімен Қаратал ауылдық клуб үйінің мәдениет қызметкерлерінің біріккен концерті және жастар би кешімен жалғасты.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет