1. Тақырыптық карталар және олардың жіктелуі



жүктеу 94.56 Kb.
Дата22.10.2017
өлшемі94.56 Kb.


Мазмұны

I. Кіріспе ……………………………………………………………………..................... 3

II. Негізгі бөлім ……………………………………………………….…......................... 4

1.Тақырыптық карталар және олардың жіктелуі .......................................................... 4

2. Гидрогеологиялық Карта ............................................................................................. 5

3. Геохимиялық карта ...................................................................................................... 5

4. Тектоникалық карта ..................................................................................................... 6

5. Географиялық карталар ............................................................................................... 7


III. Қорытынды…………………………………………………………………................. 8

IV. .Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………….................... 9



КІРІСПЕ
Карталар табиғат пен қоғам құбылысының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын жəне олардың мезгілге қарай өзгеруін, картографиялық кескіндеумен бейнеленеу арқылы береді. Карталар белгілі бір тақырыптағы карталарды құрастыру, жасау, өңдеу жəне басып шығару тəсілдерін жəне олардың мазмұндық мəселелерін зерттеумен айналысады. Карта жасауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға көрсетеді.

Карта қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтуға болады. Карталар қолдану аясына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, геологиялық, геофизикалық, жер беті және дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологияқ және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен географиялық аудандастыру т.б.[1] Осының ішінен менің қарастырайын деп отырған тақырыптық картаның бірі-геоморфологиялық карта. Себебі, физикалық-географиялық немесе басқа да көптеген карталардың негізі ол жер бедері болып келеді. Ал, сол жер бедерін зерттейтін ғылымның бірі-геоморфология ғылымы.



Жұмыстың мақсаты: Тақырыптық және геоморфологиялық карталардың негізгі бағыты мен оларға қойылатын талаптардың маңыздылығын зерттеу.

Жұмыстың өзектілігі: Геоморфологиялық карталардың қазіргі заманауи технологиясын қолдана отырып,құрастыруды көрсету. Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешеміз:

-Тақырыптық картаның жіктелуі;

-Геоморфологиялық картаның құрастырылуы және тарихы;

-Геоморфологиялық картадағы қазіргі заманауи технологияны қолдану әдістерін көрсету;



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тақырыптық карталар және олардың жіктелуі
Карта – белгілі бір математикалық заңдылықтарға сүйене отырып (масштаб, проекция) жасалынатын жер шарының кішірейтіліп, жердің қисықтығын ескере отырып, əртүрлі шартты белгілермен белгіленіп қағаз бетіне түсірілуі. Қолдану мақсатына қарай карталар əскери шаралар, халық шаруашылығы, мелиорациялау, тау – кен өндірісі, туристерге қажетті, бағдар алу, экономикалық – географиялық мақсатта, географиялық білімді тереңдету үшін қажетті құрал.

Карталар мазмұнына қарай:

1) Жалпы географиялық карталар - жергілікті жердің басты нысандары түгел, дəл көрсетіліп, яғни ел қоныстарын, суларын, өнеркəсібін, жер бедерін жəне т.б.[2] бірдей дəрежеде бейнеленуін айтамыз.Мысалы, физикалық - географиялық карталар.

2)Тақырыптық карталар– карта тақырыбына байланысты, тек сол тақырыптарына ерекше көңіл аударылып бейнеленетін карта. Мысалы, дүниежүзілік мұхиттар картасы, климаттық карталар. Тақырыптық карталарды 3 топқа бөліп қарастырады. Олар келесідей:

1) Физикалық географиялық карталар.

2) Әлеуметтік экономикалық карталар.

3) Арнайы карталар.(1-кесте) Тақырыптық карталардың жіктелуі

(1-кесте)




Тақырыптық карталар белгілі бір тақырыпты ашады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өсімдіктердің таралуы, табиғат зоналары мен жауын шашын,т.б.,тақырыптық карталарды екі топқа бөліп қарастыруға болады: қоғамдық және табиғи құбылыстар картасы.

Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтуға болады. Қоғамдық тақырыптық карталарға геологиялық, геофизикалық, жер беті және дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физикалық географиялық ландшафтану мен географиялық аудандастыру карталары жатады.[2]



Гидрогеологиялық Карта
Белгілі бір аудандағы жер асты суының таралу жағдайын, сапасын, т.б. ерекшеліктерін бейнелейтін карта. Ол дала жағдайындағы гидрогеология түсірімдер кезінде жиналған деректерге сүйеніп, дайын геол. карта негізінде жасалады. Г. к-да жер астындағы сулы қабаттардың геология құрылымы мен судың таралу ерекшеліктері, судың өнімділігі, тереңдігі, арын күші, минералд., химия құрамы көрсетіледі. Арнаулы Г. к-да бұған қоса судың қорына, оның пайда болу жолдарына, гидрогеология табиғи аудандарына, минералды және ыстық сулардың таралуына, гидрогеология және мелиоративтік гидрогеология жағдайларына анықтама беріледі. Г. к-лар ұсақ (1:1000000 немесе одан ұсақ), орта (1:500000, 1:200000) және ірі масштабты (1:100 000 немесе одан ірі) болып бөлінеді. Қазақстандағы артезиан алаптарындағы жер асты суының болжам картасы, Қазақстанның Г. к-сы, негізгі су қабаттарының картасы, мал жайылымдарындағы жер асты суының картасы, гидрохимия карта, арнаулы ұсақ және орта масштабты карталар жасалды; [6]

Геохимиялық карта

Геохимиялық карта — тау жыныстарында хим. элементтердің таралу ерекшеліктері мен заңдылықтарын көрсететін арнаулы карталар. Геол. немесе тектоник. негізде жасалады. Геохимиялық картада түрлі геол. құрылымдарды құрайтын магма тектес шөгінді жыныстар мен метаморфтық жыныстардағы хим. элементтердің шоғырланған және қалыпты шамадан (кларктен) жоғары мөлшерде жиналған аумақтары көрсетіледі. Геохимиялық картаның екі түрі бар: жалпы және дербес Геохимиялық карта Жалпы Геохимиялық картада спектрлік анализбен анықталған элементтер үлкендігі мен формалары әр түрлі хим. белгілер түрінде мүмкіндігінше түгел көрсетіледі, не олардың мөлш. белгіленеді. Дербес Геохимиялық карта аймақтың металлогендік және өнеркәсіптік бағытын анықтайтын элементтер (мыс., Cu, Pb, Zn, Nі, U, т.б.) немесе іздеу жұмыстары кезінде үлкен мәні бар негізгі кендерге серіктес — индикаторлық элементтер (мыс., S, As, Sd, F, Cl, т.б.) бойынша жасалады. Аймақтың белгілі бір аумағындағы тау жыныстарындағы әрбір элементтің абсолюттік не салыстырмалы (кларкпен салыстырғандағы) мөлшерінің өзгеруі түрлі бояулармен не изосызықтармен кескінделеді. Шөгінді және жанартаутекті шөгінді жыныстардан құралған аймақтарда литологиялық-геохим. карта жасаған тиімді, ал қазба байлықтарына, интрузиялар мен геол. құрылымдарға байланысты аудандардың Геохимиялық картасында интрузив жыныстар мен тектоник. элементтер баса көрсетіледі. Геохимиялық картаға қоса геохим. қималар, әр түрлі диаграммалар, спектрлік, хим. және минерал. анализдердің кестелері жасалады. Бұл деректер геохим. аномалиялардың пайда болу себептерін ашуға, зерттелген аудандағы кен байлықтарына баға беруге, кен іздеуді дұрыс бағыттап отыруға көмектеседі. Ірі аймақтар шегінде белгілі элементтердің шамадан тыс немесе мүлде аз таралған аумақтарын белгілеудің медицина мен а.ш. үшін де зор мәні бар. [6]

Тектоникалық карта

Тектоникалық карта – жер қыртысының немесе оның жекелеген аудандарының құрылымдық ерекшеліктері мен белгілі геологиялық уақыт шамасындағы даму жолдарын сипаттайтын арнаулы карта. Тектоникалық карта тектоникалық процестердің табиғатын, туындау және көрініс беру ерекшеліктерін танып, білуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда алғашқы тектоникалық карта 1976 жылы жасалған. Тектоникалық картаны жасау үшін геологиялық картадағы шөгінділердің формациялық құрамы, құрылымдар пішіндерінің ерекшеліктері, геологиялық қималардың сипаты, геофизикалық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстарының деректері ескеріледі. Тектоникалық карталар ірі үш топқа: сұлбалық, байырғы және арнаулы болып жіктеледі. Әр топ қамтыған ауданына қарай аймақтық және жалпы, мазмұнына қарай құрылымдық және тектоникалық болып ажыратылады. Сұлбалық Тектоникалық карта – қатпар осьтерінің басты бағыттары мен ірі жарылымдардың созылу бағыттарын кескіндейді. Байырғы Тектоникалық карта – мұндағы құрылымдық пішіндер стратиграфикалық қиманың абсолюттік белгілері анықталған нақтылы деңгейлік сызықтары немесе статиграфикалық кешендер табанының жер бетіне шығу сызықтары, т.б. маңызды рөл атқаратын әр түрлі изосызықтарды графикті тұрғыдан кескіндеу негізінде жасалады. Мұндай тектоникалық карталар кез келген тектоникалық құрылымды тиімді зерттеудің негізі болып саналатын тектоникалық аудандастыру шараларын орындауға мүмкіндік

береді. Арнаулы Тектоникалық карта тектоника ғылымының жекеленген мәселелерін шешуге көмектеседі. Оған геологиялық формациялар картасы, қатпарлану дәуірлері мен фазаларының картасы, қатпарлық типтер картасы, т.б. жатады. Тектоникалық карталардың масштабтары: құрлықтар мен ірі мемлекеттер үшін – 1:1000000 – 1:2500000, жеке аймақтар үшін – 1:2500000 – 1:500000 болып келеді. [6]



Географиялық карталар

Географиялық карталар - жазықтықтағы жер бетінің кішірейтілген, математикалық тұрғыда анықталған жалпылама бейнелік-белғілік бейнеленулері; Жердің географиялық қабығының нақты карталардың арналу мақсатына сәйкес іріктеліп сипатталатын әр түрлі табиғи және қоғамдық құбылыстарының орналасуын, жай-күйін және өзара байланыстарын көрсетеді. Қазіргі гылымда географиялық карталар Жердің географиялық қабығындагы құбылыстардың ерекше кеңістіктік үлгісі ретінде қаралады. Географиялық карталарды аумақты қамтуы (дүниежүзілік, материктер, жеке елдер, тағы да басқалары), мазмұны (жалпы географиялық карталар, тақырыптық карталар). арналу мақсаты (арнаулы карталар - оқу карталары, туристік карталар, навигациялық карталар, тағы да басқалары), масштабы және тағы да басқалары сипаттары бойынша бөледі. [6]

Қорытынды

Тақырыптық карталардың қолдану аясы кең. Тақырыптық карталар белгілі бір арнайы тақырыпта құрылып, сонысымен ерекшелінеді. Тақырыптық карталардың түрі өте көп. Мен соның ішінде геоморфологиялық карталардың ерекшелігіне тоқталып өтемін.Ол жер бедерінің пішіні мен оның сипаттамасын негізге ала отырып жасалынады. Яғни, жеке көрсеткіштердің жиынтығы ретінде бедердің жалпы сипаттамасын, оның ішіндегі негізгілері болып табылатын – морфологиясын, морфометриясын, қалыптасу тегін және бедердің жасын бейнелеп береді. Геоморфологиялық карталар геологиялық карталармен салыстырғанда шартты белгілермен жер бедері пішінін бейнелеу арқылы ерекшелінеді.

Геоморфологиялық карталардың басты ерекшеліктерінің бірі – бедер элементтерінің морфологиясын жасын және қалыптасу тарихын бейнелеу. Геоморфологиялық карта – геоморфологиялық зерттеулердің қажетті және маңызды нәтижесі, бедер туралы графикалық түрде жиналып алынған толық мәліметтер мен практикалық қолданудың негізі.

Қорытындылай келе, мен келесі негізгі түйінге келдім.



  1. Геоморфологиялық картаны құрастырмастан бұрын оның тарихын жете зерттеп,әр түрлі дәстүрлі әдістердің негізін таңдап,өзімізге оңтайлысын қолданып көрсету.

  2. Қазіргі заманауи технологиялар мен дәстүрлі әдістерді үйлестіре отырып,геоморфологиялық картаның нәтижесін алудың әдіс-тәсілдерін анықтап шығару.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кошкарев, А.В. Геоинформатика / А.В. Кошкарев , В.С. Тикунов. – М.: Картоцентр-Геоиздат. – 1993ж(64,67бет)

  2. С.А. Құсайынов «Жалпы геоморфология» Алматы: ҚазҰУ-2006, (208-214 бет)

  3. Шлихт, Г.Ю. Цифровая обработка цветных изображений / Г.Ю. Шлихт. – М.: Издательство ЭКОМ, 1997ж(23,27бет)

  4. Геоинформационное картографирование. Пространственные данные, цифровые и электронные карты. Общие требования. ГОСТ Р 50828-95. М.: Изд-во стандартов, 1996ж(48,52 бет)

  5. Н. Керімбай «Геоинформатика негіздері»Алматы: ҚазҰУ-2007, (106-108,145-147,119бет)

  6. http://kz.wikipedia.org/




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет