Түркістан облысы Кентауда 11 жасар қызды зорламақ болған ер адамға үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Немолчи

Былтыр сәуірде жәбірленуші өз үйінің ауласында ойнап жүрген кезде оған ер адам зорлық-зомбылық көрсетпек болған. Қарсылық көрсетпек болған оқушы қызды қаскөй аяусыз ұрып-соғып, буындырған көрінеді.

"Прокурор сотталушыны қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы сотталушының жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу тағайындалуын талап етті", – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Күдікті 2018 жылы алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен адам өлтіру және тонау қаупін төндіретін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталған.

Тергеу мәліметтері бойынша, колониядан шыққаннан кейін 9 күн өткен соң қылмысты қайталаған.

Сотта айыпталушы қызды зорлағысы келмегенін, бірақ сөйлесу үшін оған жақындағанын айтып, өз кінәсін ішінара мойындады. Сонымен қатар ол мектеп оқушысын ата-анасына оқиғаны айтып бермесін деген қорқынышпен ұрып-соққанын айтты.

"Сот шешімімен сотталушы "Кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу" бойынша кінәлі деп танылып, қылмысты қайталағанын ескеріп, 15 жарым мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтейді", – деді Әсет Серікбаев.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ер адам бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымдануды жоспарлап отыр. Апелляция 19 наурызда өтеді.

Тәртіп сақшылары алғашында "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады. "НеМолчи" қоры шу шығарғаннан кейін іс "Зорлау әрекеті" санатына ауыстырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында ер адам 11 жасар қызды зорламақ болып, соққыға жыққаны айтылды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.