1. Теориялық бөлім. Жамбыл облысының су ресурстары және олардың химиялық құрамын зерттеу



жүктеу 104.2 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі104.2 Kb.
түріҚұрамы

Мазмұны
Кіріспе
1. Теориялық бөлім. Жамбыл облысының су ресурстары және олардың химиялық құрамын зерттеу.

1.1 СУ МОЛЕКУЛАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАР

1.2 Жер бетіндегі сулардың сандық өзгерістерінің бағамы

1.3 Жер асты сулардың қазіргі жағдайын бағалау

1.4 Табиғи су сапасын бағалау

2. Эксперименттік бөлім

2.1 Талас өзенін

2.2 Судың құрамындағы катиндар мен аниондарды анықтау



КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия­сын­да табиғи-экологиялық және химиялық мониторингін жасау Қазақ­стан­ның әлеуметтік-эко­номикалық жағы­нан жоғары дамы­ған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Елімізде химия өнеркәсібінің басты міндеті табиғи жер, су ресурстарын тиімді пайдаланып, химиялық және басқа өндірістердің жұмыс істеуін бақылау болып табылады.

Дипломдық жұмысымыздың нысанасы ретінде Жамбыл облысы аймағындағы су ресурстарының химиялық сараптамасын жүргізуді көздеп отырып, біз әртүрлі табиғи ағын сулардың құрамындағы химиялық компоненттерін (катиондар, аниондар) анықтау болып табылады. Мұндай сараптаманың негізі себептері: Талас, Шу, және Аса өзендері бойындағы орналасқан бірнеше өндіріс орындары бар, сондықтан олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау өте маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жамбыл ГРЭС-і (Талас өзені), «Казфосфат» зауыттары (Аса өзені), Тоқтоғұл су қоймасы (Шу өзені, Қырғызстан). Осы аталған өндіріс орындарының жұмыс істеу нәтижесінде табиғи, таза болып ағып келетін судың құрамында қосымша түрлі химиялық, суда еритін компоненттер (катиондар мен аниондар) пайда болады. Сондықтан, жұмыстағы жүргізілген химиялық мониторингінің тәжірибелік маңыздылығы мол деп санаймыз.



Жұмыстың мақсаты: Жамбыл облысы аумағындағы су ресурстарын зерттеп, химиялық сараптамасын жасау болып табылады. Сондықтан осы қойылған мақсатқа негізделе отырып, біз мынадай міндеттерді қойып отырмыз:

- Жамбыл облысы өңіріндегі табиғи сулардың қазіргі табиғи-экологиялық жағдайы туралы әдебиеттік шолуын жасау;

- Талас, Шу, Аса өзендері су құрамындағы әртүрлі иондардың (Fe2+, Fe3+, Ca2+, Mg2+, Cl-, ) сапалық және сандық талдауын жасап, химиялық сараптамасын жасау;

- Табиғи сулардың органолептикалық көрсеткіштері (иісі, түсі, мөлдірлігі) анықтау;

- Талас, Шу, Аса өзендерінің кейбір физико-химиялық көрсеткіштері (рН, еріген оттегінің мөлшері) анықтау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, әдебиеттік шолудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі 00 бет, жұмыста 00 кесете, 00 сурет бар.
1 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӨҢІРІНДЕГІ ТАБИҒИ СУЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТАБИҒИ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.1 Жамбыл облыстарының су ресурстарының сапасы
Жер бетіндегі сулардың сандық өзгерістерінің бағамы Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндері Орта Азия және Қазақстанның экономикалық аудандарында орналасқан. Шу өзені Қырғыстандағы Тянь-Шань сілемінен бастау алып, Оңтүстік Қазақстан аумағында жалғасады. Қазақстан территориясындағы ең жоғарғы гидропост – 1971 жылы ашылған. Благовещенское селосы, төменірек Тасөткел, Амангелді, Ұланбел ауылдары орналасқан.

Шу өзенінің ағысы (сыйымдылығы 450 млн. м3) Ортотокой су қоймасы мен Тасөткел (сыйымдылығы 620 млн. м3) су қоймаларымен реттеледі. Шу өзенін республика аралық су бөлігі бойынша Жамбыл облысының еншісіне 2790 млн. м3 су бөлінеді, оның 1540 млн. м3 – вегетациялық кезеңіне сәйкес келеді. Шу аңғарында жерді қоректендіру көзі болып табылатын қарасулар бар. Олар өзен ағысын және суарылған жерлерден қайтқан суларды тазартатын (фильтрлейтін) танаптар есебінен жұмыс істейді.

Талас өзені Қырғыстаннан бастау алып, Мойынқұм құмдарында аяқталады. Талас өзеніндегі ең жоғарғы (гидропост) су орны – «Гродеково» 1970 жылы одан 15 км жоғарырақ Покровка ауылындағы пост ашылған, одан ары өзен ағысы бойынша Жамбыл қаласының гидропосты (су орны) орналасқан және ең төменгі Жейісмбет бөгетінен кейінгі су орны болып табылады.

1974 жылдан бастап ағысы сыйымдылығы 520 млн. м3 Киров су қоймасымен реттеледі. Қазақстан мен Қырғыстан арасындағы Талас өзенін бөлісу ережесіне сай Жамбыл облысына 808 млн. м3 көлемінде жылдық ағыс бөлінген, оның 716 млн. м3 Киров су қоймасынан жіберілсе, 589,8 млн. м3 вегетациялық кезеңінде жіберіледі.

Аса өзеніндегі негізгі су орындары – Маймақ қыстағында (1926 жылғы бақылау бойынша) және Билікөл ауылында (1925 жылғы бақылау бойынша). Күркіреу өзенінің көптеген жылдардағы орташа су ағысы 190 млн. м3 құрайды және 1948-1949 жылыдары бекітілген республика аралық су ағысының бөлінісі бойынша Жамбыл облысы вегетациялық кезеңнің 46 % және қысты ағын сулардың толық көлемін алады.

Теріс өзені ағысы көлемі 158 млн. м3 Теріс-Ащыбұлақ су қоймасымен реттеледі. Талас және Аса өзендері екі каналмен біріккенін есепке алсақ, екі бассейн ары қарай бір су шаруашылық жүйесі болып қаралады.

Шу, Талас, Аса өзендері бассейндерінде қалдық сулардан құралған көптеген көлдер бар. Олардың жағдайы, гидрологиялық, химиялық тәртіптері және бар болу уақытына қарай өзгеріп отырады. Көлдер біресе толығып, біресе кеуіп кетеді, сөтіп құрғақ шалғындар, сортақ жерлер, қалың қамыс қаптаған ойпаттар немесе сапасыз сулы кішкене көлшіктер пайда болады.

1969 жылғы жағдай боыйнша аталған өзендер бассейнінде барлығы 1171 көл есептелініп, оның 993 су айнасы 0,01-0,10 км2 ауданды үлкен емес көлдерді құрайды. Жалпы ауданы 468 км2 көлдері ірі үш көлге бөлгенде 201 км2 келеді, яғни 43% (6-кестеде).

Көлемі жағынан екінші болып саналатын Аса өзенінің төменгі ағысында орналасқан Ақкөл көлі 1969 жылы ең үлкен ауданы 56 км2 болды. оның деңгейлік тәртібі Билікөл көлінің тәртібіне сәйкес келеді. 1974-1976 жылдардағы бірнеше құрғақшылық жылдарында көл толығымен кеуіп қалды. 70 жылдардың соңында ол қайта қалпына келгенімен, 80 жылдардың ортасында қайта жойылуы және 1988 жылы кішкене домбалар түрінде пайда болады.

Аса өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Ащыкөлде (1964 жылы ауданы 35 км2) 1976 жылы толығымен жойылды. 1987-1988 жылдары мол су болғанымен де қайта қалпына келмеді.

Талас өзенінің сағасында орналасқан кіші көлдер тобы – Егізкөл, Қыздаркөл және басқалары, сондай-ақ олармен қатарлас Қазоты жүйесінің көлдері мен көлемі ірі Айдын, Жылқыбай және басқалары соңғы жылдары қайта қалпына келмеді.

Шу өзенінің сағасында көлдер мен көлдер жүйесінің үлкен жүйесі шоғырланған. Олырдың ең ірісі – Кіші және Үлкен Қамқалы, Қарабөгет, Жайлаукөл, Ақжайқын т.б.

Шу өзенінің ластануы туралы қазіргі мәліметтер 1 кестеде көрсетілген.

Көлдер бассейнінің тәртібі сондай-ақ су шаруашылығы интенсивті қызметі мен гидрологиялық тәртіптің ықпалына бейімделген,бірақ олардың әсері елеулі болғанымен, Талас пен Аса өзендерінің бассейіне қарағанда азырақ.

Талас, Аса, Шу өзендерінің сағаларының үстіңгі ағыстарының түсу динамикасы 4-суретте көрсетілген.

Тасөткел су қоймасын іске қосқандаға дейін Тасөткел және Амангелді ауылдарындағы су орындарының гидрогеологиялық тәртібі негізінен ауа-райының жағдайымен анықталады, ал сулылығы орташа 2000-2100 млн. м3 құрайды.

Тасөткел су қоймасын іске қосқаннан кейін (1973 жылы) Тасөткел ауылынан өтетін өзен сулылығы тұрақтанып, жылына 1700-1200 млн. м3 құрады. Осы уақытта Амангелді ауылынан өтетін су ағысы төмендеуін жалғастырып, суы аз кезең (1983 жылы) соңында 500-600 млн. м3 жетті. Өзен сағасына түсетін су ағысының төмендеуі өзеннің жалпы су шарбағының өсуіне байланысты (4-сурет). Ол су қоймасын іске қосу кезеңінде 1200 млн. м3 құраса, суы мол болған 1980 жылы 2000 млн. м3 жетті және одан ары 1800-1700 млн. м3 жылына деңгейінде орнықты.

Талас өзені бойынша су жинаушылық жиынтығының өсімі 60 жылдардың басында болып, 80 жылдары 700-550 мил. м3 деңгейінде тұрақтанды. Су қоймасы салынғанға дейін кіре беріс жармасындағы өзеннің көп жылғы су ағысының жылдық тербелісі негізінен табиғи метеошарттармен анықталып, суы мол 1958 және 1969 жылдары 1250 млн. м3, суы аз 1958 және 1965 жылдары 600 млн. м3 дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Су сағасында бұл тербелістер 880-270 млн. м3 арлығында болды, яғни салалардағы су ағысының мөлшері кіре беріс жармасында су ағыннан 1,5-2, есе төменірек болады.

Киров су қоймасын 1974 жылы пайдалануға қосқаннан кейін кіре беріс
2.1 Жер асты сулардың қазіргі жағдайын бағалау
Жамбыл облысының жер асты сулары, бүкіл су шаруышылығы жүйесі сияқты, күшейтілген антропогенді әсерінде жатыр – облыс территориясында 70-тен астам ірі және орта кәсіпорындар бар. Талас, Аса, Шу өзендерінің сағаларының кейбір аудандарында суару мелиорациясын қолдану нәтижесінде экологиялық жағдайы нашарлады. Құдықтардағы су деңгейі күрт төмендеп, көптеген көлдер кеуіп қалды, шабындық жерлер азайды. Скважиналардың ведомствалық жүйелер жөніндегі Жамбыл ГГЭ-нен алынған деректер Қаратау – Жамбыл өнеркәсіп тарабы аудандарында жер асты және сайыз сулардың тығыз гидравликалық байланысын дәлелдейді; су жиектерінің сырқы ластанудан қорғаныстың әлсіздігін растайды. Осыған орай, мұнда тазарту құрылыстарының сапасына өнекәсір қалдықтарын сақтау қоймаларына қойылатын талаптар өте жоғары болу керек.

Аудандағы жер асты суларының белгілі уытты компоненті болып фтор табылады. «Горводоканал» тұндырғысына жанасқан жерасты суларындағы оның концентрациясы жекелеген айларда 5-7 мг/л дейін жетеді (бір жыл ішінде орташа – 1-1,5 мг/л). Ұқсас жағдайлар суперфосфат заводының сүзу танаптарында (1,5 мг/л дейін) белгіленеді. ЖПО «Химпром» территориясында жағдай біршама қанағаттанарлық.

Жерсаты суларында фтордың кемуін зерттеу үшін бақылау скважиналарында 200-дей сынақ жұмыстары жүргізіліп, оның 30% жағдайында ПДК (1,2 мг/л ) шектен шығуы белгіленді. Тұндырғыш алаңдарда таралу алаңы 5-6 км дейін, тереңдігі – 30м жоғары. Топырақ суларына бағытталған фтордың жоғары мөлшері Қостөбе ауылының 5 разъезінің, «Ильич», «Бірлесу» учаскелерінің топырақ суларында табылған.

Осылайша, фторлы жерасты суларының негізгі көзі болып өнерпәсіп объектілері, булағыштар, тағы басқа техникалық су қоймалары, екіншіден, фильтрлеу алқаптарына қойылып, жерге сіңіп кететін фенолды ағыстары табылды.

Өзендер мен көл табанындағы лайлардың, сондай-ақ жер асты суларының пестицидтермен ластануы 0,004-0,015 мг/л құрайды. Табан шөгінділері мен тұнбаларындағы олардың мөлшері фосфориторганикалық қосылыстармен есептегенде 0,17-ден (Билікөл солтүстік бөлігі) 0,1 мг/л –ге (Талас-Аса каналы) жетті. Табиғи жағдайда сары фосфор жерсаты суларына ағынды сулармен келіп, лайлы шөгінділерде жиналған қатты фазалармен бірге келіп түсуі мүмкін екендігін зерттеулер дәлелдеді.

«Химпром» ЖПО – сындағы сүзу алқаптарындағы ластану деңгейі 0,002-0,007 (ПДК 0,0001 мг/л болғанда) тұндырғыш тоғандарда – 0,002-0,006 мг/л-ге жетті. Барлық химиялық заводтарындағы техникалық тоғандардың табан шөгінділеріндегі концентрациясының жоғары деңгейі сақталады.

Жерсаты суларындағы фосфор мөлшерінің көптігі объектілерден 2-5 км қашықтықтағы ведомстволық тәртіптік тізбе скважиналарында белгіленеді. Ол жердегі сары фосфордың көлемі 0,002-0,007-ге дейін, жалпы фосфор көлемі 4-26 мг/л (ПДК 3-5 мг/л) құрайды. Шөгінді жыныстардың қалың қабатының ластанған бөлігінің тереңдігі 30 м-ге дейін және жоғары фосфор №7 разъезд учаскесінде (9,5 мг/л), №5 (9,2 мг/л), Аса ауылында (5,5 – 5,6 мг/л), Ильич учаскесінде (4,0 мг/л) кездеседі.
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1 Судың құрамындағы катиондар мен аниондарды анықтау

Дипломдық жұмысымыздың негізгі мақсаты ретінде Жамбыл облысы аймағындағы су ресурстарының химиялық сараптамасын жүргізуді көздеп отырып, біз әртүрлі табиғи ағын сулардың құрамындағы химиялық компоненттерін (катиондар, аниондар) анықтадық. Мұндай сараптаманың негізі бар. Талас, Шу, және Аса өзендері бойындағы орналасқан бірнеше өндіріс орындары бар. Мысалы: Жамбыл ГРЭС-і (Талас өзені), «Казфосфат» зауыттары (Аса өзені), Тоқтоғұл су қоймасы (Шу өзені, Қырғызстан). Осы аталған өндіріс орындарының жұмыс істеу нәтижесінде табиғи, таза болып ағып келетін судың құрамында қосымша түрлі химиялық, суда еритін компоненттер (катиондар мен аниондар) пайда болады. Сондықтан, жұмыстағы жүргізілген химиялық мониторингінің тәжірибелік маңыздылығы мол деп санаймыз.



Кальций катионын анықтау:

Са иондары (NH4)2S2O4 қосылып күшті қышқылда (H2SO4, HCl) еритін, әлсіз қышқылда ерімейтін ақ түсті кристалды тұнба түзеді. СаС2О4. Пробиркаға 1-2 мл СаСl2 қосып, оның үстіне 2-3 мл 10 % (NH4)2S2O4 ерітіндісін қостық. Ақ тұнбаның түзілуін байқадық.

Кальций иондарын анықтау үшін табиғи судың сынамасын мембраналық фильтрден өткіздік. Фильтрден өткізу барысында судың құрамындағы тұрақсыз компоненттерден босатылуға болады. 50 мл сынамасын алып конусты колбаға құйдық, оған 2 мл 2н. NaOH және 10-15 мг құрғақ аралас индикаторды қостық. Сынаманы Трилон Б ерітіндісімен титрледік. Титрлеу аяғын ерітіндінің түсі жасыл-қызғылт-сарыдан қызғылт сарыға айналу сәті бойынша анықтадық. Ca2+ иондарының мөлшерін келесі формулалар бойынша анықтадық:
, мг/л,
мұндағы n – титрлеуге кеткен Трилон Б мөлшері (мл), N – Трилон Б ерітіндісінің нормальдығы, V – алынған сынаманың көлемі, 20,04 – Ca2+ катионының молекулалық массасы.
Кесте 00 – Табиғи сулардың құрамындағы кальций ионын анықтау


Зерттелетін судың көлемі, мл

Титрлеуге жұмсалған трилон-Б ері-ң көлемі, мл

Орт, жұмсалған трилон-Б ері-ң мөлшері, мл

Трилон Б ерітіндісінің нормаль-гі



Шу өзені

50

8,2

8,18


0,05

50

8,15

0,05

50

8,2

0,05

Талас өзені

50

7,1

7,16


0,05

50

7,2

0,05

50

7,1

0,05

Аса өзені

50

8,9

8,8


0,05

50

8,7

0,05

50

8,8

0,05


≈ 163 мг/л (Шу өзені)

≈ 142 мг/л (Талас өзені)

≈ 177 мг/л (Шу өзені)

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыста Жамбыл облысы табиғи су ресурстары зерттеле отырып, олардың химиялық құрамы (катиондар мен аниондардың сапалық және сандық анализі), органолептикалық көрсеткіштері (иісі, түсі, мөлдірлігі), кейбір физико-химиялық көрсеткіштері (рН, еріген оттегінің мөлшері). Сонымен қатар дипломдық жұмыста көрсетілген тақырып бойынша Жамбыл облысы өңіріндегі табиғи сулардың қазіргі табиғи-экологиялық жағдайы туралы әдебиеттік шолу жасалған. Жұмысты орындап қорытындылай мынадай нәтижелерге жеттік:

- Жамбыл облысы өңіріндегі табиғи сулардың қазіргі табиғи-экологиялық жағдайы туралы әдебиеттік шолу жасалды;

- Талас, Шу, Аса өзендері су құрамындағы әртүрлі иондардың (Fe2+, Fe3+, Ca2+, Mg2+, Cl-, ) сапалық және сандық талдауын жасап, химиялық сараптамасын жасадық. Сараптама нәтижесінде иондарының ең көп мөлшері бойынша Аса өзені болып анықталды. Мұндай болуының себебі негізінен Аса өзенінің бойындағы жақын орналасқан бірнеше ірі химиялық өндіріс орындары бар («Химпром», «НДФЗ») деп тұжырымдалды;

- Табиғи сулардың органолептикалық көрсеткіштері (иісі, түсі, мөлдірлігі) анықталды;



- Талас, Шу, Аса өзендерінің кейбір физико-химиялық көрсеткіштері (рН, еріген оттегінің мөлшері) анықталды.

Дипломдық жұмысты қорытындыла келсек бұл ғылыми зерттеудің өзектілігі, тәжірибелік маңыздылығы бойынша өте қызықты әрі ауқымды болып табылады. Сондықтан осы ғылыми тақырыпты әрі қарай зерттеулерді қажет етеді деп санаймыз.
Каталог: data -> docs
docs -> Наредба за оценка на поземлени имоти в горски територии
docs -> Проект! Наредба за защита на горските територии срещу ерозия и порои и строеж на укрепителни съоръжения Глава първа. Общи положения
docs -> Общая экономико-географическая характеристика одной из стран латинской америки
docs -> Реферат Тема: Шарль де Голль и голлисты на пути к власти Студентки: 12 группы Насрттиновой Ирины Леонидовны
docs -> Организация социальной работы в пенитенциарной системе


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет