5 қаңтарда Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі жұлынып кеткен. Ұшақ Портленд әуежайына оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Oregonian порталына сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда жолаушылар креслоларының жанында ұшақтың бүйіріндегі Саңылау көрінеді.

Фюзеляждың есігі бар бөлігі ұшып шыққан соң шамамен 20 минуттан кейін жұлынып кетті, дейді жолаушылардың бірі басылымға. Есікке жақын жерде ешкім болған жоқ. Көрші орында жасөспірім отырды. Ауа ағыны салдарынан оның көйлегі жыртылып кеткен. Сонымен қатар декомпрессия салдарынан жарақат алған. 

 

Alaska Airlines Forced to Make an Emergency Landing After Large Aircraft Window Blows Out Mid-Air.

The situation was so bad a child’s shirt was ripped off. pic.twitter.com/y4yMA12Iq0

— DramaAlert (@DramaAlert) January 6, 2024

Жолаушылардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Барлығы 170-тен астам жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды.

Апаттың себептері әлі белгісіз. 

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі болған оқиғаны зерттеп жатқанын және жаңартылған ақпаратты қол жетімді болған кезде жариялайтынын хабарлады.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.