Жетісу облысы полиция департаменті құмар ойынның салдарынан өзіне қол жұмсаған 19 жастағы ер адамның өлімін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bsmpgrodno.by

Өзіне қол жұмсаған азамат туралы ақпаратты талдықорғандық белсенді Қайрат Абдрахман жеткізді. Оның айтуынша, 19 жасар жігіт оның досының әріптесі болған.

"Ол бала лудоман болған, яғни құмар ойынға салынып кеткен. Бірнеше жағымсыз әңгімелерді де естігенмін. Біздің депутаттар осы букмекерлерге қарсы заңды қашан қабылдайды? Жылдар бойы осы саланы ешкім ретке келтіре алмай жүр. Бұл недеген сұмдық?" – дейді жергілікті белсенді.

  • Ақшаны құмар ойынға салған: Ақтөбеде 400 млн жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

  • "Ойынға тәуелділіктен бір көзім көрмей қалды": Құмар ойынның құрбаны болған қазақстандықтар өмір мен денсаулықтың қадірі жайлы айтты

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, өзіне қол жұмсау фактісі 4 наурызда Талдықорған қаласының пәтерлерінің бірінде тіркелген. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

"Талдықорған полициясы 4 наурызда болған жігіттің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іске қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтері өзіне қол жұмсады. Деректерге сәйкес маманға жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Аудандағы полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицид жасау) фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Өзін суицидке дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жаздық.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.