№10 Өндіріс сайлау округінен кандидат



жүктеу 12.07 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі12.07 Kb.
түріБағдарламасы

ТАЙЖАНОВ Қуаныш Өмірбекұлының

сайлауалды бағдарламасы

Егер мен аудандық мәслихатқа депутат болып сайланған жағдайда Игілік ауылдық округіне қарасты Игілік, Өндіріс, Талас елді мекендерімен, Саудакент ауылының Сейфуллин көшелері сайлаушыларының әлеуметтік мәселелеріне, жеке мұқтаждарына баса назар аударамын.

Мені қолдап дауыс берген сайлаушыларымның аудан көлеміндегі шешімін таппай жүрген мәселелеріне көңіл аударамын. Ауылдағы тұрғындардың экономикасын көтеру жолдарына аудандық басқарушы органдармен бірлесіп шешуді басты назарда ұстаймын.

Құрметті сайлаушылар жеке менің қолымнан келетін төмендегі мәселелерге бар күш жігерімді саламын.



  1. Ауылдардың күн көріс көзі ауылшаруашылығы малдарының басын көбейтіп, әр тұрғынның жеке шаруашылығындағы төрт түлік малдардың басын көбейту үшін, мемлекеттен берілетін несиелерді алу жолдарын іздестіремін.

  2. Суармалы егістік бойынша егіншіліктерді тамшылатып суғару жолдарын қолдану әдістерін енгізуді қолға аламын.

  3. Игілік, Өндіріс елді мекендернінде жылы жайлар салу жолдарын қарастырып, салу үшін шағын несие алып беруге ықпал етемін.

  4. Жалпы менің бағдарламамда аудан әкімдігі және сыртта жүрген үлкен кәсіпкерлермен бірге әлеуметтік мәселелерге баса көңіл аударамын.

  5. Ауылдың көркейіп экономикасының өсуіне өз тарапымнан барлық жағдай жасаймын.

  6. Игілік, Өндіріс ауылында халыққа қызмет жасайтын шағын кәсіпорындарды ашу жолдарын іздестіріп, жұмыссыз жүрген жастарды «Еврохим» және «Қазақ сода» кәсіпорындарына орналастыруға ат салысамын.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет