10-сынып І нұсқа Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз



жүктеу 36.6 Kb.
Дата16.10.2017
өлшемі36.6 Kb.

Жартыжылдық бақылау жұмысы (орыс сыныбына)

10-сынып

І нұсқа
1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар

Біз отбасы бюджетін жоспарлаймыз

Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол - ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі - еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбіне отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет - белгілі бір уақыт ішіндегі (ай, жыл) барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. Осылайша ата-анам отбасы бюджетінің шығысы мен кірісінің тең болуын қадағалайды. Ол отбасы бюджетінің қалыпты болуына көмектеседі. Бюджетті жоспарлау қаражатты тиімді пайдалануға көмектеседі, отбасының қажетін қанағаттандырады.

Ата-анам шығындарды жоспарлап, міндетті төлемақылардың тізімін жасайды. Одан кейін ең қажетті тұрмыстық заттардың, азық-түліктің тізімін жасайды. Кей кездері кірістен шығыс көп болады. Ата-анаммен бірге мен де өз шығынымды қадағалауға тырысамын.


Атау ата-анаммен

Ілік шығындарды

Барыс табыстан

Табыс біз

Жатыс табысқа

Шығыс еңбекте

Көмектес азық-түліктің


2. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер:

1

Ата-анамнан менің атымды неліктен

қазақ тарихында маңызы бар екенін айтты

2

Олар бұл аттың

Темірлан деп қойғандарын сұрадым

3

Мен өз атымның

қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырған

4

Әмір Темір өте діндар,

тарихи тамырын іздедім

5

Әмір Темір қазақ жеріне мәңгілік өшпес ескерткіш -

білімді, білікті қолбасшы, тегеурінді саясаткер болған.


3. Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама - … … .

  • «Тіл құрал» оқулығын жазған - … … .

  • Қазақфильм киностудиясы ... ... атымен аталады.

  • Қабанбайдың шын аты - … .

  • «Түріктер мекені» - ... қаласы.


4. «Қаржы, ақша, бюджет» тақырыбына 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.

Жартыжылдық бақылау жұмысы (орыс сыныбына)

10-сынып

ІІ нұсқа
1. Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар

Сәбиге ат қою

Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер бар. Көп дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше мен береді. Қазақ халқында «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» деген наным-сенім бар. Ат таңдағанда түрлі ырымдар, тілектер ескеріледі. Ата-аналар бала есімінің мағыналы, көркем әрі әуезді болғанын қалайды. Нәрестеге үш күннен қалдырмай атасы мен әжесі немесе ауылдағы сыйлы адам ат қояды. Ат қоюшы адам нәрестенің құлағына: « Сенің атың ...» деп үш рет қайталайды. Бұлайша ат қоюды «азан шақырып ат қою» деп атайды. Ат қойған адамға арнайы сыйлық беріледі. Нәрестенің құлағына азан шақырып, жақсы ат қою - ата-ананың перзенті алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.



Мәтінді түсініп оқып, төменгі тапсырмаларды орындаңдар:

  • 3 сұраулы сөйлем құрастырыңдар

  • Менің атым тіркесін жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер


2. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер:

1

Қазіргі төлемақы жасау түрлері: банктерге барып касса арқылы төлем жасау, банктік карталар

салымнан комиссиялық пайыз ұсталмайды.

2

Мобильдік байланыс операторлары қазір

бір тиынына дейін ұсталмай сіздің шотыңызға түседі.

3

Карта арқылы төлемақы жасағанда

төлемақыларды бірнеше секундта орындауға мүмкіндік береді.

4

Карта арқылы телефонға төлемақы жасаңыз

арқылы төлемақы жасау, терминалдар арқылы қолма-қол төлемақы жасау.

5

Шұғыл қызмет түрлерінің дамуы мұндай

салымнан комиссиялық пайыз ұсталады.

6

Терминал арқылы телефонға төлемақы жасағанда

адамдардың көбі банктік карталарды пайдаланатынын айтады.


3. Сөйлемдерді аяқтаңдар:

  • Қазақта тұңғыш академик атағын алған - … … .

  • Қазақ әліппесін (төте жазу) жасаған - … … .

  • «Екінші Аристотель» - … .

  • Шоқан Уәлихановтың шын аты - … .

  • «Ақмешіт» бекінісі - ... қаласы.


4. «Қонақ» тақырыбына 2-3 мақал-мәтел жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет