2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік белгілері бар мобильді аударымдар тексеріле бастады. Енді кәсіпкерлер тұтынушылардан банк арқылы ақша аударудың орнына теңгерім толтыруды сұрап жүр. Осыған орай қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов жаңа төлем схемасын ведомство тексере ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vse-novosti.net

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер кәсіпкерлер ұялы телефон теңгерімін толтыруды сұраған жағдайда тексеру қалай жүргізілетінін сұрады. 

  • 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар қанша мобильді аударымды тегін жасай алатыны айтылды
  • “Туыстар арасында ешқандай шектеу жоқ”: Қаржы министрлігі мобильді аударымдарды тексеруге қатысты түсіндірді

"Мобильді аударымды ұялы телефонға баланс арқылы қабылдау кейбір жеке кәсіпкерлердің ойлап тапқаны болуы керек. Әр клиент оның ұялы телефон нөмірін теруі керек, бұл өте ыңғайсыз. Клиент өзіне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Өзім клиент ретінде баланс түрінде аударым жасамаймын. Банк картасы немесе QR арқылы төлеймін. Оның үстіне банк картасы немесе QR арқылы жасалған төлемге кешбэк беріледі", – деп түсіндірді вице-министр.

Біржанов егер жаңа схема пайда болса, оны қаржы министрлігі тексеретінін айтты.

"Егер бұл әдіс ұялы байланыс операторлары арқылы кеңінен таралса, біз мұндай бақылауды жүзеге асыра аламыз", – деді Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың мобильді аударымдары тексерілетіні туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.