Украина қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов Кремльдің Крокус Сити Холлдағы терактіні ұйымдастырған лаңкестердің жоспары туралы білгенін және қайғылы жағдайдың алдын алмағынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “24 канал” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/chiefdi_ukraine

Кирилл Буданов Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі Үшінші халықаралық форумда сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ресей лаңкестік әрекетке дайындық туралы кем дегенде 15 ақпаннан бері хабардар болған.

“Кремль терактінің болатыны туралы ақпаратты Сириядағы барлау тобынан алған. Оның үстіне Путин содырлардың Ресей аумағына қай екі ел арқылы өткенін білген”, – дейді Бас барлау басқармасының басшысы. 

Будановтың айтуынша, биліктегілердің Мәскеудегі лаңкестік әрекеттің алдын алмауының бірқатар нұсқасы бар. 

“Біріншіден,  бұл бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктердің қызметінен босату үшін Ресей үкіметіндегі ішкі қайшылықтардың салдары болуы мүмкін. Екіншіден, Кремль терактінің ауқымын жете бағаламады және болған жағдайға Украинаны кінәлағысы келді”, – дейді Кирилл Буданов.

Бас барлау басқармасының басшысы халықты Путиннің айналасына топтастыру үшін Ресей қоғам арасында хаос жасауды жоспарлаған болуы мүмкін екенін айтады. Алайда іс насырға шауып, жағдай арнайы қызметтің бақылауынан шығып кеткен.

Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Шабуылдаушылар "Крокус" залына бірнеше бөтелке лақтырған. Күні кеше Мәскеудегі теракттан зардап шеккендер саны 360-қа жеткен еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.