«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 103.85 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі103.85 Kb.


Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы «14» сәуірден

№281 бұйрығына

6-қосымша

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес, 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы теріс қорытынды беру осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрде.



Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделеді, басып шығарылады көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының енбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

техникалық шарттардың көшірмесі;

пайдаланушыны қосу схемасы;

жүйелік оператордың қорытындысы

энергия беруші ұйымның қорытындысы ( 110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).


  1. порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

техникалық шарттардың көшірмесі;

пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі;

жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі;

энергия беруші ұйымның қорытындысы ( 110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;

портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.


  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Министрліктің, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың тиісті жергілікті атқарушы органының лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшының, Министрліктің атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор к-сі., 8-үй.

      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

           Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты пошталық мекенжайы көрсетіледі;

  2. заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.


  1. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқылы.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде портал, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы «жеке кабинеттің» көмегімен алуға құқылы.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 92 19 Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары

объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын)

электр беру желілері мен қосалқы станцияларды

салудың техникалық орындылығы туралы

қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымша

Жергілікті атқарушы орган



Нөмір: (Нөмір) Күні: (Берілген күні) ж.

Қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

(ЗТ толық атауы) берілді, БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы (ЗТ мекенжайы).

Объектінің орналасқан жері (Объектінің орналасқан жері)

Негіздеме: (Қорытындыны негіздеу)


(Қол қоюшының лауазымы) (Қол қоюшының аты-жөні)

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары

объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын)

электр беру желілері мен қосалқы станцияларды

салудың техникалық орындылығы туралы

қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 2-қосымша
УО атауы мемлекеттік тілде УО атауы орыс тілінде
УО деректемелері мемлекеттік тілде УО деректемелері орыс тілінде

Нөмірі: (Нөмірі) Күні: (Берілген күні) ж.

Қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы

ТЕРІС ҚОРЫТЫНДЫ

(ЗТ толық атауы) берілді, БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы (ЗТ мекенжайы).

Объектінің орналасқан жері (Объектінің орналасқан жері)

Негіздеме: (Теріс қорытындыны негіздеу)


(Қол қоюшының лауазымы) (Қол қоюшының аты-жөні)

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары

объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын)

электр беру желілері мен қосалқы станцияларды

салудың техникалық орындылығы туралы

қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 3-қосымша

________________қаласының/ауданының

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының басшысы _____________________

___________________________________________ден

(тегі, аты, болса әкесінің аты (бұдан әрі – ТАӘ),

не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
Нысаны

Өтініш

__________________________________________________________________ (заңды тұлғаның Т.А.Ә. не толық атауы)


__________________________________________________________________ (жеке тұлғаның орналасқан жері, заңды мекенжайы не тұрғылықты жері)
БСН ______________________

СИК______________________


«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды

салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруді сұрайды

_________________________________________________________________

(орналасқан жері, қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты).

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Заңды тұлғаның басшысы



________________ _____________________________________________

(қолы) (тегі, аты-жөні)

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет