11а сынып №26 сабаќ



жүктеу 26.01 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі26.01 Kb.
түріСабақ

11 а, б сынып № 100 сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: №2 Зертханалық жұмыс.

«Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау. бақылау.»



Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын бақылау және алған нәтижені түсіндіру; оқушылардың теориялық білімдерін нығайту және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: зертханалық,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап, дифракциялық тор, жарық көзі.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.



ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)

    1. Дифракциялық тор дегеніміз не?

    2. Тордың периоды деген не?

    3. Тор мен экранның арақашықтығы дифракциялық спектрдің ретіне қалай әсер етеді?

  2. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.

  3. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.

Жұмыс барысы:

  1. Дифракциялық торды аспаптың рамкасына қойып, оны көтерілгіш үстельдің қысқышына бекітіңдер.

  2. Жылжымалы экранды дифракциялық тордан 50 см қашықтыққа қойыңдар.

  3. Дифракциялық тор арқылы қарап, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңінде бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектрлер көлбеу тұрса, торды олар вертикаль болатындай етіп, бұрып қойыңдар.

  4. Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен қатар спектрдің жасыл сызығының орнын да байқаңдар.

  5. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

    Спектрдің реттілігі

    Тордың периоды (м)

    Тордан экранға (шкалаға) дейінгі қашықтық, а

    Спектрдің шкалалары және белгілері, м

    Толқын ұзындығы, м










    қызыл

    жасыл

    күлгін

    қызыл

    жасыл

    күлгін




























  6. Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар.

  7. Есептеу формуласы бойынша қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшінтолқын ұзындығын анықтаңдар.

  8. Қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін анықтаңдар.

  9. Өлшеу қателігін табыңдар.

  1. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.

VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: қайталау
Каталог: uploads -> doc -> 06fe
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
06fe -> Сабақтың мақсаты: а білімділік; «Төрт түліктің төресі түйе»
06fe -> Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру жолдары
06fe -> Сабақтың мақсаты: а Білімділігі: «Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет